Өнімнің қауіпсіздігін сынау және бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 23:38, лабораторная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: физика-механикалық қасиеттерді сынау әдістерімен танысу; тығыздығы мен ылғалсіңіргіштігін анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар:
- тау-кен түрлері мен минералдар үлгілерінің топтамасы.
Жұмыстың орындалу технологиясы

Содержание

Зертханалық жұмыс№ 1 Табиғи тасты материялдардың үлгілерімен танысу. 3
Зертханалық жұмыс№ 2 Керамикалық кірпіштің беріктілігі мен ылғалтартқыштығын сынау 8
Зертханалық жұмыс№ 3 Гипсті және цементті тұтастырғыштардың қасиеттерін сынау 11
Зертханалық жұмыс№ 4 Бетон және бетондық қоспаның қасиеттерін сынау 19
Зертханалық жұмыс№ 5 Болаттың қасиеттерін сынау 21
Зертханалық жұмыс№ 6 Битум маркасын анықтау 26
Зертханалық жұмыс№ 7 Полимер материалдарының қасиеттерін игеру 27
Зертханалық жұмыс№ 8 Ағаштың механикалық беріктілігін сынау 28

Работа содержит 1 файл

ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ.docx

— 620.01 Кб (Скачать)

4.1-сурет. Конус тұңбасын анықтау

1 – конус пішіні; 2 – рейка; 3 – сызғыш;

4 – жаңа дайындалған  бетондық қоспа конусы

 

Бетон беріктігін анықтау әдістемесі

Бетондық қоспаны биіктігі 100 мм-ден кем емес, бүйірі 150 мм болатын кубтық формаға салады. Әрбір қабатты 25 рет найзалайды. КТ < 10 см болса, бетондық қоспаны стандартты тербеліс ауданда (виброплощадка)  қосымша тербеліспен нығыздайды. Нығыздаудан кейін бетондық қоспаның артығын кесіп, бетін тегістейді. Үлгілерді 20+2 ºС ауа температурасында  сулы матамен жауып,1-3 күн аралығында сақтайды. Содан соң оларды формасынан босатады,  20+2 ºС температурада 95%-тен кем емес ауа ылғалдылықта сынауға дейін ұстайды. Сынау барысында үлгілерді тегістелген шегі пресс плиталарына жабыспайтындай етіп орнатады. Бетонның маркасы мен класын анықтауды өндірілгеннен 28 тәулік өткен соң сынайды. Ал өзеннің гидротехникалық бетон үшін 180 тәулік өту қажет. Сығылу кезіндегі беріктікті мына формула бойынша есептейді: 

      (5)

Мұндағы, Р – бұзатын қысым, МН;

S0- үлгінің айырым ауданы, м2;

α – масштаб коэффициенті.

Бетон беріктігін сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық  мәнінен есептейді (4.1-кесте).

4.1-кесте 

Куб-үлгілерін  сығылуын сынаудың нәтижелері

Кубтың жағының өлшемі, см

Көлденең қимасының ауданы, см2

Бұзатын қысым Р, Н

Сығылу кезіндегі беріктік шегі, R7, МПа

       

 

Сығылатын бетон класстары: В3,5; В5; В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В25; В30; В35; В40; В45; В55; В60; В65; В70; В75; В80.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс № 5

БОЛАТТЫҢ  ҚАСИЕТТЕРІН СЫНАУ

Жұмыс мақсаты: болат маркасын анықтауда қасиеттерін сынау әдістемесімен танысу.

Құрал-жабдықтар:

- жарылғыш (разрывная) машина;

-білік пен тілім (стержни и пластины) үлгілері;

-Бринелля прессі;

- маятник  копр.

Көміртекті болаттың салыстырмалы созылуын сынау

Тегіс арматуралық болаттан ұзындығы l=10d0+20 см білік (стержень) үлгілерін дайындайды (5.1-сурет).

5.1-сурет. Үзілу кезіндегі салыстырмалы созылуды анықтау

Δ білік ұзындығы бойынша анықтау үшін әр 5 мм сайын шек (риск) сызамыз. Бастапқы айырым ұзындығы үшін екі мән l10=10d0 және l5=5d0 алады, n10 және n5 аралық санын анықтайды. Сынаудан кейін екі жартысын қосады, n10 және nаралық сандары арқылы үзілу ортасында болуы үшін  l’10 және l’5 айырым учаскілерінің жаңа ұзындықтарын алады. Содан соң мойын диаметрін өлшеп, Rпч, δ5, δ10 және ψ есептейді.

5.1-кесте

Болатты созылуға сынаудың нәтижелері

Көрсеткіштер

Үлгі

№1

№2

№3

№4

Үлгініғ бастапқы диаметрі, d0, мм

       

Созылудан кейінгі минимальды диаметр, dк, мм

       

Бастапқы айырым ұзындығы, мм         l10

                                                                  l5

       
       

Созылудан кейінгі айырым ұзындығы, мм l10

                                                             l5

       
       

Айырым ұзындығындағы аралық саны n10

                                                                    n5

       
       

   Көлденең қиманың бастапқы ауданы S0, мм

       

Созылудан кейінгі минимальды аудан  Sк, мм

       

Сынаудағы ең үлкен Рмах, кгс

       

Созылудағы беріктік Rпч, МПа

       

Созылудан кейінгі салыстырмалы қалдық ұзару      δ10   , %         δ5

       
       

Созылудан кейінгі салыстырмалы қалдық қысқару      , %  ψ=100(Sk-S0)/S0                                           

       

Болат маркасы (5.4-кестесін қара).

       

 

Болаттың қаттылығын анықтау

Бринелл бойынша қаттылықты анықтау үшін шыңдалған болат шарик үлгісінің  тегістелген бетіне басады (вдавливает) (5.2-сурет).

Шариктың  диаметрін D үлгісінің 10;5 немесе 2,5 мм болатын қалыңдығына байланысты таңдайды. Болаттың қаттылығына байланысты шарикке түсіретін қысымды  30D2; 10D2 немесе 2,5D2 деп алады. Қысым түсіру уақыты – 10с. Бринелл бойынша қаттылық саны:

       (6)

Ssf– таңбаның сфералық бетінің ауданы

        (7)

 

5.2-сурет . Бринелл пресі

1 – металл  пластина (үлгі); 2 – шарик;  3 – станина;

4 – рычаг  пен жүктеме; 5 - электродвигатель

 

Бринелл бойынша анықталған қаттылыққа байланысты созылудағы беріктілік шегін анықтауға  болады:

 

      (8)

 

5.2-кесте

Бринелл әдісі  бойынша болаттың қаттылығын анықтауды  сынау нәтижелері

Болаттың мінездемесі

Үлгі қалыңдығы,  мм

Шарик диаметрі

D,мм

Шарикке түсірілген қысым

P, кгс

Таңба диаметрі

 

Бринелл бойынша қаттылық саны

HB кгс/мм2

Созылудағы беріктіліктің айырым шегі

Rр, МПа

             



 

Болаттың соққы тұтқырлығын  сынау 

Болаттың  үлгілерінің соққыға тұтқырлығын  маятник копрінде маятник соққысына  ұшыратып сынайды (5.3-сурет). Соққы алдындағы маятниктің көтерілу бұрышы (α) мен үлгіні қиратқаннан (разрушение) кейінгі маятниктің ауытқуы (β) арқылы бұзуға жұмсалған жұмысты есептейді:

       (9)

Мұндағы, P=6кг – маятник салмағы, l=0,5 м – маятник ұзындығы.

Соққы тұтқырлығы сол жұмыстың тілік орнындағы  көлденең қиманың ауданына қатынасы болып табылады.

5.3-сурет. Маятник копрінің сұлбасы


1- маятник; 2- тіректері; 3- үлгі; 4- шкала; 5 - стрелка


 

 

5.3-сурет

Болаттың  соққы тұтқырлығын анықтау нәтижелері

Болаттың мінездемесі

Жұмыстық қиманың өлшемдері, см

Жұмыстық қиманың ауданы S,см2

Маятниктің көтерілу бұрышы градуспен

Үлгіні бұзуға жұмсалған жұмыс A,Дж

Соққы тұтқырлығы а=A\S Дж\м2

а

в

а

в

               

 

 

5.4-кесте

Болат маркасының техникалық талаптары

Болат маркасы

Беріктілік шегі Rпч, МПа

Үзілуден кейінгі салыстырмалы қалдық ұзару, кем емес

Құрамындағы көміртек, %

Ст 1

310-420

35

0,06-0,12

Ст 2

330-440

33

0,09-0,15

Ст 3

370-500

27

0,14-0,22

Ст 4

410-540

25

0,18-0,27

Ст 5

500-600

20

0,28-0,37

Ст 6

>600

15

0,38-0,49

Ст 0

>310

23

<0,23


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс № 6

Битум маркасын анықтау 

Жұмыс мақсаты: жұмсару температурасы бойынша битум маркасын анықтау.

Жұмсару температурасын «сақина мен шар» аппаратында анықтайды (6.1-сурет). Сынау барысында битуммен толтырылған жез сақиналарын аппараттың үстіңгі пластинкасының тесігіне горизонталды орнатады. Сақинасы мен термометрі бар аппаратты су немесе глицеринмен (t=34 ºC) толтырылған термотұрақты шыны ыдысқа салады. Сақиналар үстіндегі сұйықтық мөлшері 50 мм-ден кем болмауы тиіс. Аппаратты стаканда 15 минут ұстаған соң, әр сақинанын ортасына болат шарик орнатып аппаратты қайтадан стаканға салып, 5 ºС/мин қыздыру жылдамдығын қамтамасыз ететін қыздырғыш құрылғыға(электроплитка)  қояды.   Шарик құрылғының төменгі пластинкасын жанасатын температура жұмсару температурасы болады.

6.1-сурет. «Сақина мен шар» құрылғысындағы жұмсару температурасын сынау

1 – суы бар шыны ыдыс; 2 – үш тесігі бар тіреуіш;

3 – термометр; 4 – битуммен толтырылған сақина; 5 – шарик;

6 – қыздырғыш құрылғы

 

 

 

№ 7 зертханалық жұмыс

ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ

Жұмыс мақсаты:  нормативтік-анықтама әдебиетімен танысу, полимерлі материалдардың қасиеттеріне жауап беретін ГОСТ тармен танысу.

Құрал-жабдықтар

- Internet желісіне қосылған IBM MS Office дербес компьютерлері

- ГОСТ-тардың электронды библиотекасы

Жұмысты жүргізу әдістемесі. Берілген ГОСТ тарды оқып үйрену және ГОСТ тар бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.

ГОСТ 25621-83

Тығыз бекітетін  погонаждық бұйымдардың  классификациясы ?

Мастиканың  өміршеңдігі деген не?

Беті қайтпаған  мастикаларға талап?

ГОСТ 30307-95

Жабысатын мастиканың шартты тұтқырлығын қалай анықтаймыз?

Қабылдап-өткізу және жабысатын мастикалардың периодты сынаулары кезінде қанддай көрсеткіштер анықталады?

ГОСТ 24944

Пленканың анықтамасы. Пленкаға техникалық талап

ГОСТ 11529-86

Сынау кезінде  анықталатын рулонды және плиталық ПХВ-материалдың көрсеткіштері.

ГОСТ 17241-71 (1992)

Полимерлі рулонды материалдардың классификациясы

ГОСТ 19279-73 (1988)

Красканы  сынау кезінде қандай қандай көрсеткіштер анықталады?

ГОСТ 24404-80

Лак бояу жабындыларының ақауларын атаңыз

ГОСТ Р 51691-2000

Пленка жасаушы  зат түрі бойынша краскалардың анықтамасы.

Есепке талаптар. Есеп «сұрақ-жауап» принцпі бойынша тұрғызылады. Әрбір сұраққа жауап сұрақтың мәнін аша білу керек және жарты беттен аспау керек (14-ші шрифт  интервал 1).

 

№ 8 зертханалық жұмыс

Ағашты  механикалық берітілікке сынау 

Жұмыс мақсаты:

- әр түрге жататын ағаш үлгілерімен танысу, олардың макроструктурасын зерттеу;

- ылғалдылықтың ағаштың берітілік қаситтеріне ықпалын тексеру

Құрал және жабдықтар

- кептіргіш шкаф;

- гидравликалық пресс;

- штангенциркуль.

Талшықты бойымен қысқан кездегі  беріктік шегін анықтау 

Призма  түріндегі 2x2x3 см размерлі 12+3 % ылғалдылықты үлгілерді бұзылуына дейін 2500-5000 Н/мин жылдамдықпен жүктеме жіберу арқылы өлшейді, гигроскопиялық шекке тең немесе үлкен ылғалдылықты үлгілер үшін және қайта саналатын коффициент α  0,4 – 0,55 ке тең болып саналады.

Ылғалдылығы 30% кем  үлгілер үшін талшықты сығу кезіндегі беріктілік шегі ылғалдылығы 1%, түзету коэффициенті 0,04 тең стандартты ылғалдылыққа R12 қайта салынады,

Ағаш үлгілерін  сынау кезіндегі нәтижелер

көрсеткіштер

Ағаш түрі

     

1. Тікелей қиылысу размері

     

2. Тікелей қиылысу ауданы S, см²

     

3. Максимальды жүктеме P, H

     

4. Сығу кезіндегі беріктілік шегіRw, МПа (W ылғалдылықты үлгілер үшін)

     

5. Сынау кезіндегі үлгілер ылғалдылығыW. %

     

6. Ылғалдылықты санау коэффициенті α 

     

7. 12 % ылғалдылықты талшықтарды бойымен сығу кезіндегі беріктілік шегі, МПа

                      R12=Rw[1+α(W-12)]

     

Түрлердің орташа беріктілігі, МПа

     

Информация о работе Өнімнің қауіпсіздігін сынау және бақылау