Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 20:43, курс лекций

Описание работы

«Кадр» және «персонал» деген ұқсас және мағынасын өзара алмастыратын түсініктердің кейбір еркшеліктері бар. Кадрлар дегеніміз кәсіптік-біліктілік, әлеуметтік-психологиялық, жыныстық, жастық және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.

Работа содержит 1 файл

лекцииУправление персоналом каз.doc

— 1.01 Мб (Скачать)

Аль-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес Жоғары мектебі

 

 

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің

 Ғылыми кеңесінде  бекітілді

Хаттама №____ « ____»________ 2012ж.

Факультет деканы _____________

         э.ғ.к., доцент Ермекбаева Б.Ж..

 

 

 

СИЛЛАБУС

 

 

 

«Ұйым персоналын басқару» пәні бойынша

Смагулов А.М.–  э.ғ.к., «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті

Телефон (жұмыс телефоны, үй телефоны, ұялы телефон)

e-mail:

каб.: 218

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Басқару пәндерінің циклында “Ұйым персоналын басқару” курсы маңызды орын алады. Бұл нарықтың қатынастардың қалыптасуы мен дамуына және бәсекенің күшеюіне қарай персоналды басқару мәселелері менеджменттің барлық жүйесінің тиімділігін жоғарылатуда үлкен роль атқаруына байланысты.

Кез-келген кәсіпорынның тиімді дамуының негізгі болып адам табылады. Жұмыс беруші мен индивид  арасындағы мүдделердің қарама-қайшылығын жою жолдарын іздестіру, персоналды басқару жүйесіне кіретін іс-әрекеттердің барлық түрлерінің мүмкін жүзеге асырылуы фирманың экономикалық стратегиясының жүзеге асырылуын жасаудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бағдарлама тек қана персоналды басқарудың түсінігі мен  мәнін ғана емес, сондай-ақ ұсынылған  тарауларда ұйымның адами ресурстарына қатысты іс-әрекеттер түрлерінің барлық кешенін қарастырады.

Басты назар персоналды басқарудың теориялық аспектілеріне  аударылған, сонымен қатар ҚР-ң  заң актілеріне сәйкес қазіргі отандық  жағдайларда шетелдік тәжірибені қолдану  ерекшеліктеріне назар аударылған.

Бағдарламада қазақстандық кәсіпорындарда персоналды басқару жүйесінің қалыптасуының қолданбалы мәселелері көрініс тапты.

Берілген курсты оқу  персоналды басқару туралы ғылыми түсініктің қалыптасуына, сондай-ақ персоналды басқару  жүйесіне кіретін шаралар кешенін  жүзеге асыру бойынша машықтарды иемденуге мүмкіндік береді.

Берілген пәннің негізгі  мақсаты болашақ мамандардың  теориялық және тәжірибелік материал негізінде қазіргі заманғы ұйым персоналын басқару процесімен танысуы. Курстың міндеттері-персоналды басқару  саласында бітірушілердің білім алуы және басқару әдістерін үйренуі, ұйымның кадрлық құрамының қалыптасу процесін қарастыру, персоналдың дамуы мен білім алуы; персоналды мотивациялау әдістерін зерттеу; үйымның кадрлық саясатының қалыптасуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Персоналды басқару – белгілі әлеуметтік топ құрамында негізгі объект адам болып табылатын басқару іс-әрекетінің ерекше функциясы. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы концепциясы әкімшілік басқару қағидалары мен әдістеріне және адамдық қатынастар теориясына, ынталандыру мен тұлғаның жан-жақты даму қағидаларына негізделген. Персоналды басқару менеджменттің стратегиялық функциясы болып табылады және кадрлық стратегияның жасалуын, ұйым философиясына байланысты персоналды таңдауды, жеке іс-әрекет сапасын есепке алғанда ынталандыруды, жұмыс орындарында жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты құруды білдіреді.

Пәннің мазмұнының негізгі  бөлімі кадрларды басқару қағидалары мен әдістерінің жиынтығын, сондай-ақ персоналды басқару жүйесінің негізгі  элементтерін зерттейді.

Бағдарламаға персоналды басқарудың мағынасы мен мәні ғана емес, ұйымның адами ресурстарына қатысты іс-әрекеттердің түрлерінің барлық кешенін қарастыратын тараулар кіреді.

Басты назар персоналды басқарудың теориялық аспектілеріне  аударылған, сонымен қатар ҚР-ң заң актілеріне сәйкес қазіргі заманғы отандық жағдайларда шетелдік тәжірибені қолдану ерекшелігіне аударылған.

Басғдарламада қазақстандық кәсіпорындарда персоналды басқару  жүйесінің қалыптасуының қолданбалы мәселелері көрініс тапты.

Негізгі бөлім

 

1 тақырып. Персоналды  басқарудың негіздері. Персоналды  басқаруға кіріспе

Ұйымның қызметін басқарудағы персоналды басқару  және оның ролі. Адам қызметін басқарудағы  объективті қажеттілік. Қазақстан Республикасындағы  еңбек ресурсын басқару мәселесін. Еңбек ресурсын басқарудың мәні. Персоналды басқару еңбек ресурсын басқару жүйесін құрастырушы бөлім ретінде. Персоналды басқарудың түсінігі, құрамы, персоналды басқарудың мақсаты. Персоналды басқаруға қатысты қызметтердің негізгі бағыттары. Персоналды басқару процесінің дамуы мен жетілуі. Қысқаша тарихы және статистикалық мәліметтер. Персоналды басқарудың базалық принциптері. Персоналды басқару жүйесіне қойылған талаптар. Персоналды басқару жүйесін құру әдістері. Кәсіпорындағы персоналды басқару әдістері. Персоналды басқару мазмұны. Персоналды басқару саласындағы менеджерлердің құқықтары мен өкілеттілігі, менеджменттегі персоландың басқарудың орны. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайындағы персоналды басқару жүйесі ұйымның ерекшелігі.

 

2 тақырып. Персоналды басқару аспектілері мен әдістері

ПБ мәселелеріне қажетті  диагноз. Кәсіпорын қызметін бағалау  тиімділігінің диагностикалық моделі. Ұйымның ПБ-ның диагностикалық моделі менеджмент диагностикасының құрастырушы  бөлімі ретінде. Диагностикалық модельдің  тұсінігі және оның мәні, модельді талдаудың негізгі объектілері.

ПБ тиімділігіне жер етуші ішкі және сыртқы фактарлар. Олардың классификациясы  мен сипаттамасы. ПБ-дың өзіндік  маңыздылығы. ПБ-дың диагностикалық моделі және индивиді.

ПБ тиімділігін көтеру ұшін жұмысшылардың жекелік, психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігі, индивидтің қабілеттілік классификациясы.

ПБ стратегиясы, маңызы және мәні.

 

3 тақырып. Персоналдың  қызметі және оның қызмет етуіне  қойылатын негізгі талаптар.

Ұйымды басқарудағы персоналдың қызмет орны. Кадр саясатын жүзеге асыру ұшін ұйымның кадрлық қызметін қалыптастыру қажеттілігі. Кадрлық қызметтің негізгі міндеттері.

Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурстармен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі  талаптар. ҚР-да тіркеу-бақылау қызметі бар ұйымдардың персонал қызметінің іс-әрекет кешенді қайта ұйымдастыруға қайта бағдарлау.

Кадрлық қызметті басқарудың ұйымдық құрылымы және оның сипатшамасы. Республика кәсіпорынының  кадр саясатын қалыптастырудағы персоналдық  қызмет функциялары. Кадрлық қызмет әрекеттерінің дамуы мен қалыптасуындағы ұйымның салалық және де басқа спецификалық ерекшеліктерін есепке алу. Персоналдың қызметтерінің функциялары мен олардың классификациясы.

 

4 тақырып. Кәсіпорында  персоналмен жұмыс ітеуді жоспарлау.

Кәсiпорынның жоспарлау  жүйесiнде персоналды жоспарлаудың орны. Әртүрлi нышанмен персоналды жоспарлау түрлерiн классификациялау.

Кадрлық жоспарлаудың негізгі сатылары. Персоналға қажеттiлiктi жоспарлау. Персонал құрамын жоспарлау. Персоналды пайдалану және жоспарлау қажеттілігінің себептері; кадрлық қамтамасыз етулердің шығындарын бақылау қажеттілігі; жоғарғы инвестицияларды тартатын және жұмыс орнының құндылығын арттыратын техникалық дамуы, білімі мен тәжірибесіне байланысты қызметтестерді пайдалану қажеттілігі. Жұмысшыларды жұмысқа келетiн және тiзiмдiк санын есептеу. Жұмыс уақыты бюджетiн құрау. Негiзгi мен көмекшi жұмысшылардың, мамандардың, қызметкерлердiң санын есептеу. Еңбеккерлер санының кәсiпорынның түпкi нәтежиелерiне тигiзетiн әсерi.

 

5 тақырып. Кадрларды жинақтау, іріктеу және қабылдау процесі

Кадрды іріктеу түсінігі және оның мақсаты-іріктеуге әсер ететін қоршаған орта жағдайының факторлары және олардың сипаттамасы. Ішкі жағдай өлшем, күрделілік, технологиялық өзгеріс  және ұйымның өзіндін табиғаты іріктеу әдісінің қаржылық тиімділігін анықтайтын факторы ретінде. Сыртқа жағдай факторлары; жұмыс күші нарығының мәні, жұмыс күшінің, кәсіподақтың талаптары, кәсіпорынның орналасқан жері және т.б.

Іріктеу процесі және оның сипаттамасы. Іріктеу бойынша шешім қабылдау процесінің сатылары.

Менеджерлерді іріктеу  және оның ерекшелігі. Менеджерлерді  іріктеу процесінің спецификалық ерекше сипаттамасы.

Жұмысқа қабылдау процесі  және оның сипаттамасы. Ұйымның персоналын жинау процесіне әсер ететін факторлар  және олардың классификациясы; сыртқа орта факторы: үкіметтік және кәсіподақтық шек; жұмысқа алу кезіндегі дискриминация, заңдар; жұмыс күші нарығынан хабардар болу; жұмыс күшінің құрамы және ұйымның орналасқан жері.

Ішкі орта факторы: ұйымның  қазіргі кезде және болашақта жұмыс күшіне талабы; осымен байланысты шығындар, жұмысқа тұрушының қанағаттану деңгейі; ұйымнан қойылған және керісінше қойылған талаптар; жұмысқа жүрушының өз атынан жұмысқа қатысты қабілеттері.

 

6 тақырып. Персонал  еңбегінің нәтижесін бағалау.

 

Еңбек нәтижелілігін  бағалаудың диагностикалық тәсілдері  және оның мазмұны. Еңбек нәтижелілігін  бағалау жүйелілік процесінің негізін  құрастырушы негізгі сатылар  және олардың сипаттамалары.

Бағаларды өткізу мерзімі. Жұмысшылардың еңбек нәтиж-бағалау  әдісінің классификациясы. ЕНБ әдісінің 2 блоғы және оның сипаттамасы. Бірінші блок: тапсырылған таңдау, бағалаудың сипаттамалық әдісі, мақсат бойынша басқару; жағдайды шешу бойынша бағалау әдісі, мінез-құлықтық қойылымдардың рейтингтер школасы және анкетасы, мінез-құлықты бақылау школасы. Бір жұмысшы еңбегін бағалауға белгіленген әдістер блаының сипаттамасы. Персоналды басқару қызметін бағалаудың әдістері. Кадрлық қызметтер жұмысының шімділігін бағалаудың негізгі критерилері. Кадрлық қызметтер іс-әрекетін бағалау тәсілдерінің классификациясы, олардың сипаттамасы. Жұмысшыларға білім бері және аттестациялау тиімділігін бағалау.

 

7тақырып. Адами ресурстарды дамыту немесе персоналды оқыту процесі

Персоналды  оқыту әдістері мен олардың сипаттамасы. Оқыту процесінің мәні жалпы тізбектілік оқыту процесінің звенолар дәгіектілігі. Білім беру корпоративтік саясатының мазмұны және кадрлардың біліктілігін арттыру. Білім беру корпоративтік саясатының негізгі принциптері және олардың сипаттамасы.

 

 

8 тақырып. Кәсіпорындағы іскерлік мансапты басқару

Жұмыскердің мансаптылық  түсінігі. Персонал басқару жүйесіндегі  мансаптылықтың орны. Мансаптылық түрлері, сипаттамасы. Іскерлік кәсіпті-ішкі ұйымдық, жеке түлғалық мансаптық түсінігі. Мансаптылық модельдері және олардың  жұмыскер үшін мәнділігі. Мансапты басқарудың негiзгi ережелерi.Мансап дамуын басқару.

Мансаптылықтың  негізгі кезеңдері және сипаттамасы. Зейнеткерлік жастағы сатыдағы жұмысшылырды әлеуметтік қорғау әдістері, ҚР-ғы жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік  емес әдістер.

 

9тақырып. Жоғарылатуға резервтерді басқару

Қорларды ұсынуды жоспарлау  және басқару стратегиясы; қажеттілігі, мәні.

Қорларды ұсынуды басқару  стратегиясының негізгі элеметтері. Берілген мәселені шешудің мүмкін болатын  әдістері. Резервті ұсынуға қойылатын талаптар, олардың классификациясы. Резервтерді ұсынуды қалыптастырудың негізгі жағдайлары және олардың сипаттамасы.

Резервті ұсынуды қалыптастыру әдістері. Резерв құрамына кандидаттарды  дайындау процесін басқару. Дайындаудың  базалық формалары. Резервті ұсыннуды дайындау процесін басқарудың негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. Жаңа лауазымға такайындалғаннан кейін резерв құрамындағы кандидаттардың алғашқы бейімделуін басқару. Персоналдар қызметі жакынан көмек көрсету.

 

10 тақырып. Персоналды ынталандыру механизмдері

Персоналды ыңталандырудың мәні және қажеттілігі компанияның  және жұмысшылар мүддесінің артықшылықтары. Көтермелеу формасы және көтермелеу бағдарламасы, олардың мәнділігі  мен мазмұны. Ынталандыру тәртібінің алгоритмі, қадамдардың дәгіектілігі және олардың сипаттамасы әртүрлі категориядағы жұмысшылардың еңбек төлемінің арақатынасы.

 

11 тақырып.  Қызметкерлер еңбегінің өтемақы  жүйесі. 

ҚР еңбек  ақын реттеушi ретiнде еңбек рыногының  ерекшелiктерi.Еңбек ақын төлеудi ұйымдастыруда  мемлекет рөлi. Жалдамалы еңбеккерлердiң еңбек ақысын төлеуде мемлекеттiк мөлшер мен кепiлдерi.

Жалақы туралы түсiнiк және оның мәнi. Жалақы жүйесiнiң  формалары. Кесiмдi және уакыттық еңбек  ақы төлеу формаларының қолдану  шарттары. Еңбек ақы төлеу жүйесiнiң  құрама бөлiктерi: базалық ставкалар, сыйлық төлемдер, әлеуметтiк бағдарламалар. Ынталандырудың дәстүрден тыс әдiстерi. Еңбеккерлердiң пайда, акционерлiк капиталға қатысу жүйесi. Бонустар, жеңiлдiктер және өтемдердiң еңбек нәтежиесiне байланыссыз төленуi.

12 тақырып. Персоналды жаңалық еңгізуге дайындау.

 

13 тақырып. Персонал маркетингі

 

Персонал маркетингi туралы түсiнiк. Персонал маркетингiне әртүрлi көзқарас. Персонал маркетингiнiң  мiндеттерi. Персонал маркетингiнiң бағыттарын белгiлейтiн сыртқы және iшкi факторлар. Персонал маркетингiнiң бағыттары.

 

14 тақырып.  Қауіпсіздікті басқару

15 тақырып.  Адами ресурстарын басқарудағы  шетелдік тәжірибе

 

Семинар сабақтарының тақырыптар тізімі

 

  1. Пресоналдар басқаруға кіріспе
  2. Персоналдын басқарудың диагностикалық тәсілдері
  3. Персоналдық қызметі және оның қызметіне қойылатын негізгі талаптар
  4. Жұмыс орнын қалыптастыру және талдау
  5. Персоналды жоспарлау
  6. Кадрларды жинау және қабылдау
  7. Кадрларды іріктеу процесі және олардың сипаттамасы
  8. Жұмысшылардың еңбек нәтижелілігн бағалау
  9. Персоналдық басқару қызметінің жұмысын бакалау
  10. Жұмысшылар үшін тренинг және бағдар беру
  11. Адами ресурстардың дамуы немесе персоналға білім беру процесі
  12. Кәсіпорындағы іскерлік мансаптылықты басқару
  13. Резервті ұсынуды басқару
  14. Персоналды ынталандыру механизмі
  15. Жұмысшылардың еңбек өтемділік жүйесі

Информация о работе Персоналды басқару