Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, дипломная работа

Описание работы

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретінде мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау» бөлімінде оқушының оқу іс - әрекетіндегі танымдық бағдарының ішінде мінез – құлықтың алатын орны ерекше, күнделікті өмірде көзге қарапайым болып көрінетін мінез – құлықтың ережелері, бітістері, құрылымы қарастырылды. Психология саласында ғалымдардың оқу іс – әрекетінде мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялары мен көз қарастары бар

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері

1.1 Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
1.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24

ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
2.2 Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45

Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.doc

— 177.50 Кб (Скачать)
 

    Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі ата – ана. Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтармен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой – өрісі,  шамалары жетпейтін ата – аналар да кездесіп қалады.

    Мектепке  балалар көбінесе отбасының мінез  – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан  кейінгі оқу – тәрбие ісі оларға ата – анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс - әрекеттердің тиімділігіне байланысты. Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек:

       - баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беруі. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін істе ғана ата – ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

       -баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етіп өсіреді.

       Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы шығармашылық  қабілеті  әр  баланың табиғатында  болуы  мүмкін.  Біздің  міндетіміз – оқушыға  оның  бойында  жасырын  жатқан  мүмкіндіктерін  ашып  көрсету.  Кез  келген    оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  орындаған  шығармашылық  жұмысының  нәтижесінде  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.  Баланың  мінез-құлқындағы қабілеті  мен  талантын  дамытуды   неғұрлым  ертерек  бастасақ,  соғұрлым   оның  қабілеті  толық  ашылуы мүмкін.    Сондықтан мінез-құлық  дамуына түрткі  бола  білу  керек.  Осындай жұмыстарды   жүргізу әр  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  Күнделікті оқу іс-әрекетті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп  құрып,  оқушылардың қызығушылықпен  орындауларын  қадағалау қажет.

ІІ   Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында

мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары

2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын

анықтау эксперименті

       Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады:

  1. Анықтау эксперименті
  2. Қалыптастыру эксперименті

Жалпы зерттеу экспериментіне Тараз қаласындағы  Ж. Жабаев атындағы №5 қазақ орта мектебінің 2 «б» сынып оқушылары қатысты. Олардың барлық саны 20- оқушы.

    Бірінші кезеңде эксперименттің анықтау бөлімі жүргізілді. Оның барысы бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі және сабақтан тыс уақыттағы қарым-қатынас барысында байқатқан іс-әрекеті, мінез бітісінің тепе-теңдігі, тұрақтылығы, жағдайға сәйкес мінез-құлқының өзгерісі сияқты құбылыстарын анықтау бақылау арқылы жүзеге асырылды. Бақылау нәтижесінде зерттеуге қатысқан 20 оқушының әрқайсысына жеке танымдық құрылымдық сипаттама берілді. Олардың мазмұны төменде берілді:

1. Айтбаева Дина – екінші сынып оқушысы. Әрдайым сабырлы, тұйық мінезді қыз бала, сабақ үстінде жиі қолын көтермейді, бірақ сұрақ қойылғанда өте мағыналы дәл, әрі қысқа жауап береді. Дина өзгенің өзіне ғана назар аударатынын талап етпейді, бірақ үзілісте құрбы-құрдастарымен бірге бола біледі, оның күлкісімен сөйлеген дауысы сирек естіледі.

2. Алтынбек Дастан – екінші сынып оқушысы. Жас ерекшелігіне сәйкес байсалды, ұстамды, қимыл әрекеті баяу ұл бала. Сөйлегенде дауысы бір сарынды барлық эмоциялық күйі қалыпты деңгейде. Сабақ үстінде қойылған сұрақтарға жүйелі жауабымен көзге түседі. Үйге берілген тапсырмаларды барынша орындауға тырысады.

3. Әбілхан  Сабина – тұйық, сабақ үстінде  артық қимыл-әрекет жасауымен  көзге түспейді, сұрақ қойылса  үндемей ойланып алып, өз жауабын  береді. Құрбыларының арасында енжар,  тыңдағанды қалайды. Өз бетінше  белсенділік танытып ортақ істі  бастап кетпейді. Нұсқау берілгеннен кейін ғана әрекет етуге тырысады.

4. Амангелдіұлы Ғалым – ұшқалақ, шыдамсыз, тынымсыз. Сабақ үстінде жан-жағына қарап, қимыл әрекет жасауға бейім келеді. Сұрақ қойылғанда басқа оқушылардан бұрын жауап бергісі келіп асығады. Оқу материалдарын тез меңгеріп алады. Қайта жаңғырту процессі де жылдам орындалады.

5. Байтуров  Осман – қимыл-әрекеті баяу, сабырлы,  ұстамды, көп сөйлемейді. Сабақ  үстінде артық қимыл-әрекетімен, сөзімен көзге түспейді. Құрбы-құрдастарымен   қарым-қатынаста енжар, өз бетімен жүргенді ұнатады. Эмоциялық-ерік сферасы бір қалыпты деңгейде көрінеді. Іс-әрекетте бастамашылдық алып, белсене қатысып кете алмайды. Нұсқау берілгеннен кейін ғана әрекетке араласады.

6. Байзауыров Абылайхан – сабырлы әрі ұстамды. Өз ойын жүйелі түрде, ұйымдастыра отырып жеткізуге тырысады. Бастаған ісін аяғына дейін орындайды. Ұқыпты әрі тиянақты әрекет етуге бейім. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы жақсы барлығына бірдей қатынас білдіреді. Берілген тапсырмаларды тиянақты, соңына дейін орындайды.

7. Балтабай  Рауан – тұйық мінезді, көп  сөйлемейтін бала. Іс-әрекетін тиянақты  орындауға тырысады. Сұрақтың жауабын білмесе, артық сөйлеп уқытты алмайды. Түсінбеген жерлері болса, қайта сұрап, нақтылауға ұмтылмайды. Құрбы-құрдастарының арасында енжар, өз бетімен белсенділік танытпайды. Эмоциялық-ерік сферасы айқын түрде және бірден байқалмайды.

8. Беридза Диана – тынымсыз, қимыл-әрекеті жылдам. Берілген тапсырмаларды жылдам әрі нәтижелі орындауға тырысады. Сұрақтарға бірден әрі жылдам жауап береді. Құрбы-құрдастарының ортасында сөз алғанды жақсы көреді, белсенді әрекет етеді. Эмоциялық ортасы реңгке толы, бай екені байқалады.

9. Бекжігітова  Мөлдір – ұстамды, шыдамды,  бірқалыпты. Мінезі бар қыз бала. Құрбы-құрдастарымен достыққа тұрақты,  көңіл-күйінің өзгеруі жиі байқалмайды.  Сөзін нақты жүйелі ұйымдасқан  түрде жеткізе біледі. Қандай  да бір келеңсіз жағдайларға душар болса, көпке дейін өз-өзіне келе алмайды. Берілген тапсырмаларды тиянақты әрі ұқыпты орындауға тырысады. Эмоциялық ортасы бір қалыпты, тұрақты деңгейде екені байқалады.

10. Бигельдиева  Сымбат – эмоциялық ерік сферасы  бір қалыпты, тұйық мінезді, ұстамды, шыдамды қыз бала. Қимыл-әрекеті баяу тапсырманы орындауға ойланып-толғанып барып кіріседі. Тапсырманы орындауға ұзақ уақыт жұмсайды, бірақ нәтижесі қатесіз, дәл әрі дұрыс көрсеткіштер береді. Қарым-қатынаста ұстамды, тұрақты қасиеттер байқалады.

11. Дулатқызы  Аружан – көңіл-күйі тұрақты,  байсалды, ұстамды қыз бала. Сабақ  үстінде тапсырмаларды тиянақты  әрі соңына дейін жеткізіп  орындауға тырысады. Сұраққа жауаптарын  дәл және нақты түрде береді. Құрбыларымен қарым-қатынаста ұстамды,  тұрақты. Ортақ іс-әрекетке белсене араласады, бірақ бастамашылдық танытпайды.

12. Қалметова  Адина – қимыл-әрекеті жылдам, белсенді қыз бала. Ортақ іске  белсене араласады. Құрбы-құрдастарымен  қарым- қатынаста белсенділік  танытып, кейде бастамашылдыққа  да ие болады. Көңіл-күйі өзгермелі, эмоциялық ортасы жоғары деңгейде дамыған. Сабақ үстінде қойылған сұрақтарға белсенді араласып, дұрыс немесе бұрыс болса да жауап беруге тырысады.

13. Қалымбет Айбек – ашық мінезді, тынымсыз ұл бала. Қимыл-әрекеті жылдам, тазалықты сүйеді. Берілген тапсырмаларды жылдам орындайды, сұрақтарға жауаптарды жылдам ойлап табуға тырысады. Қарым-қатынаста белсенді, кейде құрдастарымен түсініспей қалуынан кикілжіндерге ұшырап қалуы да байқалады. Бірақ тез ұмытып кетеді. Эмоциялық сферасындағы өзгерістер бірден байқалады.

14. Қадыралыұлы  Ағаділ – көңіл-күйі тұрақты,  ұстамды, сабырлы ұл бала. Қимыл-  әрекеті баяу, бірақ іс-әрекеті  нәтижелі. Сабақ үстінде аса бұзақылық  әрекеттер жасамайды. Берілген  тапсырмаларды тиянақты орындауға  тырысады. Білмеген сұрақтарына жауап бермейді. Үй тапсырмасын орындауда нәтижелі әрекет танытады. Эмоциялық ортасы тұрақты, өзгерістер аса байқалмайды.

15. Жалқожа  Марат - көңіл-күйі өзгермелі,  шыдамсыз және тынымсыз ұл  бала. Қимыл-әрекеті белсенді, жылдам. Қарым-қатынаста өзгермелі мінез танытады: Құрдастарымен достыққа адал, бірақ кикілжіндерге ұшырауы да жылдам. Сабақ үстінде кейде сабырсыздық танытады. Сұрақтарға жылдам жауап беруге асығады. Эмоциялық ерік сферасы өзгермелі.

16. Нарк  Санжар – ұшқалақ, шыдамсыз, тынымсыз  ер бала. Сабақ үстінде жан-жағына бұрылып, тыныш отырмайды. Қойылған сұрақтарға жауап беруге асығып, кейде қате жауап береді. Берілген тапсырмаларды жылдам, кейде немқұрайлы түрде орындайды. Іс-әрекетке белсенді араласады. көңіл-күйі өзгермелі, эмоциялық ортасы тұрақсыз. Қарым-қатынаста құрбы-құрдастарымен түсініспеушілік жағдайлар болып тұрады. Бірақ тез ұмытып кетеді.

17. Молдабаев  Елдос – қимыл-әрекеті жылдам, ұстамды, шыдамды ұл бала. Сабақ  үстінде жағымсыз қылықтар жасамайды.  Берілген тапсырмаларды кейде  орындап, кейде орындамай келеді. Қойылған сұрақтарға жауабын білмесе жауап бермейді. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста тұрақты, кейде өзгермелі сипатқа ие. Түсініспеушілік болған жағдайда қызба, ашуланшақ мінез танытады.

18. Оралбеков Исабек – қимыл-әрекеті жылдам, шыдамсыз, тынымсыз ер бала. Сабақ үстінде құрдастарына еліктеп жағымсыз қылықтар танытуы мүмкін. Өз қателіктерін біледі. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысады, бірақ шыдамы жетпесе аяқтамай қоя салуға бейім. Үйге берілген тапсырмаларды зейін қойып тыңдамағандықтан, әрдайым орындап келе бермейді. Құрдастарымен қарым-қатынаста өзгермелі мінез танытады. Кикілжіңдер бола қалса, ашуланшақтық және қызба мінез танытады.

19. Оспаналиева  Құралай – ұшқалақ, шыдамсыз  қыз бала. Қимыл-әрекеті жылдам, іс-әрекетті тез орындайды. Сабақ үстінде кейде құрбыларына еліктеп, жағымсыз қылықтар жасауыда байқалады. Үйге берілген тапсырмаларды соңына дейін орындауға тырысады. Көңіл-күйі тұрақсыз. Қарым-қатынаста ортада болғанды ұнатады, бастамашылдық танытады. Кейде түсініспеушіліктен қақтығыстарға да келіп қалуы мүмкін. Бірақ тез ұмытып кетеді. Өзіне назар аударғанды ұнатады. Эмоциялық сферасы өзгермелі, көңіл-күйі эмоциялық ренгк түстеріне толы.

20. Өмірзақова  Әсел – ұстамды, шыдамды қыз  бала. Қимыл-әрекеті жылдам. Іс-әрекеті нәтижелі көрінеді. Сабақ үстінде тапсырмаларды жылдам әрі тиянақты орындауға тырысады. Үй тапсырмасын толық орындап келеді. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста белсенді, кейде бастамашылдық танытады. Ортақ іс-әрекетке белсенді түрде араласады. Эмоциялық-ерік сферасы бірқалыпты, өзгерістер байқалмайды.

    Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде  жүргізілген бақылау нәтижесінде  оқушылардың мінез – құлқындағы жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды. Эксперименттің келесі кезеңінде осы мәліметтердің сәйкестігіне орай жеке қасиеттерді анықтау мақсатында осы сыналушыларға  «Кактус» әдістемесі қолданылды. Бұл әдістеменің мақсаты: Сыналушылардың жеке ерекшеліктерін, жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тануға бағытталады. Зерттеуге қажетті құралдар: таза парақ, жай қалам, түрлі – түсті қаламдаржәне өшіргіш.

    Сынаулышыларға  алдарына таратылған таза параққа өз ойындағы кактустың бейнесін салу туралы нұсқау берілгеннен кейін тапсырманы орындауды бастады.

    Тапсырманы  орындап болғаннан кейін, оқушылардың жұмыстарына нәтижені өңдеу критерийлеріне сәйкес талдау жүргізілді. Нәтижені өңдеу критерийлеріне сәйкес төмендегі көрсеткіштер анықталады:

                                                                                                       2 – кесте. 

Орындау нәтижесі. Мінез – құлық  белгілері.
1. Егер кактус парақтың бетінде – ірі, үлкен  ортада болып салынса - Адам өз - өзіне  доминант, ортада болғанды ұнатады, өз - өзіне бағасы өте жоғары, көсем  болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуды мақсат етеді.
2. Егер кактус парақтың жоғары бөлігінде салынса - Өзін - өзі  жоғары бағалайды, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
3. Егер кактус парақтың төмен жағында кішкентай  болып салынса- Өзін - өзі  төмен бағалайды, өзіне сенімсіз.
4. Кактустың инелерінің көптігі - Агрессияның белгісі.
5. Инелері үшкір, ұзын, жиі болып салынса - Агрессияның басымдылығы.
6. Инелері майда, сирек орналасса - Өз бойындағы  агрессияны қолға ұстай алады, шыдамды.
7. Кактустың контуры  бір үзілмейтін сызықпен салынған болса - Коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған адам, мейірімді, ақ көңіл.
8. Кактустың контуры  жиі үзілген сызықпен, болмаса  штрих ретінде салынса - Ашуланшақ адамның  белгісі.
9. Сызықтары ирек (кактустың ішінде) Интроверт, тұйық, сақ адам.
10. Жалғыз кактус - Экстроверт, көп  көңілді тек өзіне, өз мәселелеріне бөледі.
11. Кактустың айналысындағы  кактустар - Демонстрант, ашық, ұйымшыл, досы көп адам.
12. Ашық түстерді қолданса - Оптимист, өмірде не болса да, жақсылыққа жориды.
13. Қара, қоңыр түстерді қолданса немесе штрихтаса - Үрей мен  қорқыныштың белгісі.
14. Кактусты әшекейлесе, гүл салса -  Нәзік сезімтал.
15. Кактусты ыдысқа салу - Жанұядағы қамқорлыққа  ұмтылу, жақсы үйдегі психологиялық  ахуал.
16. Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус - Жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу, жанұядағы нашар  психологиялық ахуал.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы