Б.Момышұлының психологиялық көзқарасы
Реферат, 17 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Психология ғылымының шет елдерде кең өріс алған салаларының бірі - әскери психология. Қазақстанда осы саланың іргесін қалаушы Б.Момышұлы болды. Өкінішке орай, осы кезге дейін Бауыржантанушылар қазақ қолбасшысының бай ғылыми мұрасына жөнді көңіл бөлмей келеді. Сондықтан да біз осы кітапта біршама кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Шын мәнінде ол ірі әскери теоретик, қазақтаннан шыққан алғашқы әскери ғалым.
Работа содержит 1 файл
момышұлы псих көзқарасы.docx
— 25.05 Кб (Скачать)
Психология ғылымының шет
Қазақ халқының жауынгерлік психологиясы,
жау жүрек батырлығы мен
Ол өзін сұрапыл шайқастарда
творчестволық тұрғыдан терең ойлай
білетін, солдат жанын терең түсінетін
психолог командир ретінде таныта алды.
Момышұлы өзінің еңбектерінде, ең алдымен,
ұрыс кезіндегі солдат психологиясына
жан-жақты талдау жасай келіп, ұрыс
дегеніміз дұшпанға ұйымдасқан түрде
техникамен, қару-жарақ күшімен, психикамен,
ақылмен әсер ету деп түйеді. Ол
солдатқа ықпал ету құралдары
түрлерінің ішінен ақыл-айламен әсер
етуге ерекше мән берді. Оның пікірінше,
ұрыс тек соғыс құралдарының шайқасы
емес, ол сондай-ақ бір-бірімен жауласқан
екі жақтың ақыл-парасатының, жауынгер
рухының, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат,
сезім дүниесінің де шайқасы. Кімде
рухани күш басым болса, көбіне жеңіс
тізгіні де соның қолына көшеді.
Дұшпанға атыс құралдарымен ықпал етуден
ақылмен ықпал ету кем
Ұрыс ауқымы өте кең ұғым. Оған кісінің ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері, ұлттық мақтаныш, намыс, адамгершілік сезімдері, ерік-жігер, қажыр-қайрат, батырлық секілді жан-дүниесінің компоненттері енеді. Осы айтылғандардың бәрі бірде-бір әскер түрінде дәл жаяу әскер бойындағындай айқын көрініс тапқан емес... Момышұлының жаяу әскер жауынгерлерінің психологиялық ерекшеліктерін ұлттық мінез-құлықпен, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлермен ұштастыра талдап ашуының танымдық мәні терең, һәм өміршең. Жаяу әскердің психологиялық бет-бейнесі мен рухы қандай болу керек? дейтін сауалға ол былай жауап берді: солдаттың жаны нәзік, рухы граниттей берік те мығым. Дұшпанға ең қауіпті қару бұл – солдаттың рухы. «Жаяу әскердің бейнесін лайықты сомдап шығара алған адамды нағыз бақытты, бағы бар жазушы дер едім», деп бүкіл жан дүниесімен құлай ақтарыла сөйлеуінде үлкен тағылым болатын. Қазақ халқының жауынгерлік тарихында қолбасшыларымыздың әскер басқару әдістері мен ұрыс жүргізу тактикасының мол болғанын Шапырашты Қазыбек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабынан да айқын байқаймыз. Осы еңбегінде Тауасарұлы жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс салудың оннан аса әдістерін баяндайды. Олар: «үлкәр жәрік», «түтіс дода», «құйрық жеу», «айқорланды», «ошақ соғысы», «қаша ұрыс салу», «жүре соғыс», «жекпе-жек соғыс», «қоян-қолтық соғыс», «екі аша соғысы», «аламан соғысы», «үш тоғыс соғысы», «хилар соғысы» және т.б. Халқымыздың мұндай жауынгерлік дәстүрлері із-түзсіз кетпегені белгілі. Бұл кешегі Ұлы Отан соғысында Б.Момышұлы секілді біртуар дара тұлғалардың бойынан, ұрыс жағдайына сәйкес, жаңаша жағдайда қолданған тактикалық әдістерінен де көрініс тапқандай. Қазақ қолбасшысының соғыс тәсілдеріне, соғыс психологиясына жасаған пайымдауларына ерекше зер салып, Куба Әскери академиясында оқытылуы, тіпті Фидель Кастроның бұған айрықша мән беріп, оқып-зерттеуі көп нәрсені аңғартса керек.
Б.Момышұлының өз еңбектерінде қатардағы
жауынгер мен оның ұстазы болып есептелетін
командирдің психологиялық
Өзінің «Жауынгерлік тәрбие туралы» жазбаларында ол ерлік, ұят, масқара болушылық сияқты жауынгер бойындағы сезімдерге, батылдық, айлакерлік, ептілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге айрықша назар аудара келіп, мына төмендегі ұғымдарға талдау жасайды: 1) ерік дегеніміз не? 2) парасат дегеніміз не? 3) сезім дегеніміз не? 4) шеберлік дегеніміз не? 5) ұят дегеніміз не? 6) абырой дегеніміз не? т.б.
Қорғаныс жағдайында талай-талай ұрыс жүргізуді батальон командирі ретінде өз басынан өткізген Момышұлы жауынгер сезімін екі топқа жіктеп қарастыруы оның сезімтал байқағыштығын, ірі тұжырымдар жасай алатындығын жақсы аңғартады. Солдат сезімін Момышұлы былайша топтастырады:
- Жоғарғы сезімдер (высшие чувства): парыз (долг), ержүректілік (мужества), адамгершілік (благородства), ерлік (отвага), батырлық (храбрость), қаһармандық (героизм).
- Төменгі сезімдер (низшие чувства): опасыздық (измена), ұждансыздық (низость), үрей (боязнь), қорқыныш (страх), шошу (ужас) және т.б.
Ол жоғарғы сезімдерге жауынгер бойындағы ең жақсы сезімдерді жатқызса, төменгі сезімдерге адам бойындағы ең бір жаман, ұнамсыз сезім-эмоцияларды жинақтайды. Солдаттың жан-дүниесіндегі ішкі күрес те осы сезімдердің арпалысынан туады.
Ұлы Абай үш-ақ нәрсе адамның қасиеті дегенде ол нұрлы ақыл, қайрат, жылы жүрек деп осы үшеуін айтыс-таласқа түсіретіні бар. Ақын осы үшеуінің билік қайсысына тиісті болу керек дегенде ақыл да, күш-қуат та екі жақты, олардың пайдалы да, зиянды жақтары бар деп, билік жылы жүрекке тиесілі дейді. Ол жүрекке айрықша орын беріп, гуманизмнің, инабаттылық пен имандылықтың бәрі жүректен таралатынына ден қойған болатын. Бір кезде ұлы ойшыл түйіндеген ақыл, жүрек, қайрат – осы үш ұғым Момышұлының психологиялық ойларында жаңа қырынан, яғни ұрыс жағдайындағы жауынгер психологиясымен сабақтастырыла қарастырылады. Сөйтіп, Момышұлы Ақыл, Сезім, Ерік сияқты солдат бойындағы қасиетке арнайы тоқталып, бұл жөнінде өзінің мәні терең ой қорытындысын ұсынады.
Командир, офицер солдаттың жәй
тәрбиешісі ғана емес, ол ең алдымен
ұрысты ұйымдастырушы басты тұлға,
әскердің миы. Ол қарамағындағыларды ортақ
мақсатқа жұмылдырып, олардың бойында
ұжымдық сезім, жауынгерлік игі
дәстүрлерді дарыта білуі қажет.
«Солдаттың сезіміне, - деп жазды
Момышұлы, - бөлімшенің әлсіздігі –
оның әлсіздігі, бөлімшенің масқара
болуы – оның масқара болуы, бөлімшенің
даңқы – оның даңқы, бөлімшенің намысы
– оның намысы, бөлімшенің сәтсіздігі
– оның сәтсіздігі, табыс – оның
табысы екендігіне жеткізу қажет».
Ол жауынгер мен командирдің ара-қатынасын,
жауынгерлік семьяның байланысын, міндеті
мен парызын терең
Осы жерде командир мен солдаттың
орнына оқытушы мен оқушы немесе
студентті қойсақ та болатын секілді.
Себебі: оқытушы сабақ берерде
ең алдымен өзінің ішкі қорқынышын
жеңіп, толқуын басып алмай сабақ
беруге болмайды. Өзі табандылық көрсете
алмай тұрған оқытушы білім алушыларын
білім алуға шақыра алмайды. Оқытушы
сәтсіздіктен қорқып, тайсақтамауы керек,
ол қатал әрі білім алушыларға
әділ болуға тиіс. Міне сонда ғана білім
алушылар оқытушының яғни, ұстазының
жігерлігіне, білімділігіне бас
иіп, сыйлайтын болады. Ол үнемі білім
алушыларды тынымсыз бақылап, олардың
жай-күйін қадағалап отыруға
Әскери психологиялық ой-
Қорқыныш адам бойындағы жақсы да жаман сезімдердің бірі дегім келеді. Қорқыныш болған кезде кейбір адамдар берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл әсіресе мектеп оқушыларында кездеседі. Оқушылар нашар баға алып қалмас үшін, мұғалімдерінен қорыққандықтан тапсырмаларды орындайды. Ал батыр оқушыларға барлығы немқұрайлы. Олар мұғалімінен де, нашар баға алудан да қорықпайды. Осы жерде қорқыныш сезімі керек секілді.
Қорқыныш сезімінің жаман
Жауынгер тәрбиесінде ол ұлттық
салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердің, яғни
этнопсихологиялық
Әскери тәрбиедегі басты әдіске
жауынгерлердің көзін жеткізе білуді
жатқызып, оны мәжбүр етуге қосалқы
құрал ретінде қарайтынын, өйткені
солдатты еріксіз мәжбүр етіп, өз ықтиярына
көндіргеннен гөрі көз жеткізудің пәрменділігіне,
ал көзі жеткен адам өз міндеті мен
борышын саналы түрде ғана емес,
зор шабыт, творчестволықпен орындайтынына
асқан білімділікпен назар
Б.Момышұлы жалпы Шығыс халықтарына
ежелден тән намысқойлық, үлкенді
сыйлау, ар-ұят, парыз, имандылық, Отанға,
ата-мекенге деген
Бауыржан Момышұлының