Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:20, доклад

Описание работы

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 29.33 Кб (Скачать)

 Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал еттi. 

 Дала ойындары  ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды, жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды. 

 Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық түрлерi дәлел болмақ. Наурыз — күн мен түн теңелген, “ұлыстың ұлы күнi”, шығыстағы көптеген көне халықтардың дәстүрiнде жаңа жыл күнi. Наурыз — наурыз ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер саласындағы ашық жарысы. Жарыста күштiлердiң күштiсi, жүйрiктердiң жүйрiгi “жүгiрiп озады, қуып жетедi”, бiлектесiп жеңедi, сол өнерiмен ел құрметiне бөленедi. 

 Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады. Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа, бiрлiкке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызыру, оны тамашалау көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген сауық түрi. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшеедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады. Бұдан ашық мiнездiң, жарқын жүздiлiктiң лебi естiп, ән-күйдiң тоғысыжаңарып жатады. Ойыншылар — көптiң көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн көтермелейтiн өнегелiлер. Ойын  үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар — елдiң  көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты. 

 Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген. 

 Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге айналдырған. Сол рәсiм — қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан басталған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ, зергерлiк бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен әшекейлеп тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн әсемдiкке, әдемiлiкке, әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен қасиет. Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-сауыққа үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары, еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгi мен сезiмталдығы мен ықшамдылығы еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады. Әйелдер өз байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен сүйiктi болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен сүйiспеншiлiктi ортадан, жақын жандардан да күттi. Әдемiлiктi әнмен, шешендiкпен жеткiздi. Отбасындағы тұрмыс та, көңiл-күй базары да, негiзiнен, әйелдiң еңбегiне байланысты. Сырт қонақтар бiрауыздан: “Қазақ әйелдерiнiң бет әлпеттерiнен ақылдың белгiсiн жиi көруге болады” — деп шындыққа оралып жатты. 

 Ойын-сауық — тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi

Информация о работе Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі