Өтініш
Лекция, 30 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің құрылымы:
- мекеменің толық атауы;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Өтініш – ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасқанда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші бір қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда жазылады.
Работа содержит 1 файл
Документ Microsoft Word.doc
— 43.50 Кб (Скачать)Өтініш
Өтініш
– мекеме басшысының атына
жазылып, белгілі бір тілек-
Өтініштің құрылымы:
- мекеменің толық атауы;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Өтініш – ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасқанда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші бір қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда жазылады.
Ең алдымен,
қағаздың оң жақ бұрышына
Өтінішке
мекеме басшысы бұрыштама қойға
Өтініш үлгілерімен танысыңыз.
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы,
Өтініш
Мені 2009 жылдың 15 ақпанынан бастап лаборант қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.
14.02.2009 ж.
директоры А.Ыдырысқызына
Өтініш
Сізден
осы жылғы 15 наурыздан бастап
отбасы жағдайыма байланысты
кезектен тыс демалыс
14.03.2009 ж. (қолы)_______________
қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
Ж..Исаевадан
Өтініш
Мені
2009 жылғы 15 ақпаннан бастап өз
еркіммен қазақ тілі пәнінің
оқытушысы қызметінен
12.02.2009 ж.
Өтініш
Сізден отбасы жағдайыма байланысты 50 000 (елу мың) теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуіңізді өтінемін.
12.03.2009 ж.
Шығыс филологиясы факультетінің
Өтініш
Сізден денсаулығыма байланысты 2009 жылғы 9 ақпаннан бастап 15 күнге кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.
08.02.2009 ж.
Тапсырмалар топтамасы. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, өтініш үлгілерін жаз.
Кімге Ә.Б.Сағатов мырзаға
А.К.Айдарова ханымға
«Адал» ААҚ-ның басшысы А.
«Айболит» малдәрігерлік
Мектеп директоры Ж.Маратовқа
Кімнен Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан
Мал фельдшері К.Сариевадан
Оқытушы Н.Оспановтан
Лаборант С.Ивановадан
2009 жылдың 12 қаңтарынан бастап
2009 жылғы 12 қаңтардан бастап
- 10 күнге
- 1 айға
- 2 аптаға
- 1 жылға
Отбасы жағдайыма байланысты
Денсаулығыма байланысты
Басқа қызметке ауысуыма байланысты
Оқытушы қызметіне қабылдауыңызды
Кезекті демалыс беруіңізді
Кезектен тыс демалыс беруіңізді
Материалдық көмек көрсетуіңізді
Астана қаласына ауыстыруыңызды
Лаборант қызметінен босатуыңызды
Іссапарға жіберуіңізді
Жалақымды көтеруіңізді
Сұхбатпен танысыңыз.
- Сәлеметсіз бе?
- Қайырлы таң!
- Менің аты-жөнім Сапаров Марат Есенұлы. Мен кеше мал фельдшері қызметіне орналасу үшін өтініш жазғанмын. Менің өтінішім қаралды ма екен?
- Иә, сіздің өтінішіңіз қаралды. Сіз мал фельдшері қызметіне қабылдандыңыз. Жұмысқа ертеңнен бастап кірісіңіз.
- Рахмет.
Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.
1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап, лаборант, 2009 жылдың 5 ақпанынан.
2. 12 наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұраймын, рұқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.
3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, мал фельдшері, жетекші маман, 15 сәуірден, қызметіне, бастап, ретінде.
- Сұраймын, 2009 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімімнің.
Тапсырма. Өтініштің қатесін түзетіңіз.
Физика пәнінің мұғалімі
Өтініш
Сізге отбасы
жағдайыма байланысты осы
12.02.2009
Өтініш иесі /қолы/
Үй тапсырмасы. Сұхбатпен танысып, сол бойынша Ә.Асқарбеков туралы әңгімелеңіз.
- Сәлеметсіз бе?
- Жақсы, кіріңіз, отырыңыз.
- Рахмет.
- Аты-жөніңіз кім?
- Асқарбеков Әнуар Асқарбекұлы.
- Сізді қандай қызмет орны қызықтырады?
- Менің мамандығым –мал фельдшері. Сондықтан мен мал фельдшерінің бос қызмет орнына орналасқым келеді.
- Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмыс өтіліңіз (стаж) бар ма?
- Иә, мен «Айболит» малдәрігерлік дәріханасында 5 жыл лаборант қызметін атқардым.
- Малдәрігерлік дәріханадан неліктен шығып кеттіңіз?
- Мекен-жайымның өзгеруіне байланысты.
- Түсінікті. Жұмыс орныңыздан ұсынысхатыңыз бар ма?
- Иә, міне... Танысуыңызға болады.
- Ұсынысхатыңыз өте жақсы екен. Біздің үміткерлерге қоятын талаптарымызға толық сай келесіз. Сондықтан біз сізді фирмаға қабылдаймыз.
- Мен өте қуаныштымын. Онда маған өтініш жазу керек шығар?
- Иә, қазір фирма меңгерушісінің атына өтініш жазыңыз. Сосын құжаттарыңызды кадрлар бөліміне өткізіңіз. Ал ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.
- Рахмет. Сау болыңыз.
- Сау болыңыз. Сізге сәттілік тілейміз.