Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Италия өкілдері ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің көңілін Қорытынды ұсыныстарда қолдау тапқан, мемлекеттер арасында және азаматтар арасында кең көлемдегі орнап жатқан қатынастардың барысындағы әртүрлі мемлекеттердің азаматтары арасындағы некеге отырудың маңыздылығына аударудың қажет екендігін білдірді.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 16-бабына сәйкес, нәсілдік шектеуліктер мен ұлттық, немесе діни нанымына қарай ерлер мен әйелдер ешқандай айырмасыз жанұя құруға және некеге түсуге құқылы екендігін ескере отырып, осы бапта көрсетілген мақсатқа жетуге қатысты көзқарастарын кеңес барысында басқа да елдердің өкілдері білдірсе деген ұсынысты итальяндықтар басып айтты /24/. Сәйкесінше Кеңестің екінші кезеңіндегі Комитет жұмысындағы алдын-ала кеңестерде Қорытынды ұсыныстарды нақтылы дайындауда жеңілдік береді деген мақсаттан туған еді.

Осы мәжілісте Италия өкілдері оқып білу тәсілдері жөніндегі тәжірибемен және оқу құралдарымен алмасу қажеттігіне байланысты ұсыныс жасаған болатын. Олардың ойынша, тәжірибе алмасу өз кезегінде болып жатқан дүниеге әділдік көзқарастармен қарауға ықпал етеді. Сонымен бірге тәжірибе алмасу астар арасындағы түсінушілікті жақсартып, сенбеушілік пен теріс түсініктегі көзқарастардың өзгеруіне әсерін тигізуі ықтимал.

Италяндық өкілдер осы мақсаттарға қарсы маңызды қадам ретінде тарих пәні оқулықтарындағы фактілер мен оқиғаларды салыстыру үшін сарапшылар тобы мен мамандардың бас қосуын қажет деп санайды /20/. Итальяндық өкілдердің ұсыныстарына талдау жасасақ, шынында да көптеген себептерге байланысты бейбітшілік пен соғыстың жағдайын анықтайтын - адамдар емес, келісімшарттар. Сондықтан да, адамдардың екін алмасуы, әсіресе өсіп келе жатқан мәдени ынтымақтастықтар, кең көлемдегі ақпаратпен алмасу, ой-пікірлерді айқын да нақтылы салыстыру шешуші маңызға ие.

Егер адамдардың кездесуіне ерік берсе, онда сенім мен қауіпсіздік тек нығая түседі. Қорытынды акт құжаттарының ІІІ-тобына байланысты Австрия мемлекеті мынандай ұсыныстар жасаған болатын: қатысушы-мемлекеттер халықтары арасындағы өзара түсіністік пен бейбітшілікті олардың нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне және саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйесіне қарамай-ақ нығайтуға қолдау көрсету мақсатында Комиссия мен комиссия бөлімшелеріне ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерін қарастырып, адамдар арасындағы қатынасты жақсартуға жағдай жасауды көздеу тапсыру қажет. Соның қатарында мәдени саладағы қатынасты кеңейту және ақпараттық алмасудың кең көлемдс жүзеге асуын шешу де көзделген. Әлбетте тек бұған дейінгі ынтымақтастықтың түрлерін ғана пайдаланып қоймай, мақсатқа байланысты жаңа түрлерін де қарастыру қажеттігі алға қойылды. Осыған сәйкес ұсыныстарды өзінің қорытынды құжат құрамына кіргізуі тиіс /25/.

БҰҰ-ның Жарғысының 55-бабында, ұлттар арасындағы достық және бейбітшілік қатынастарына қажетті тұрақтылық пен сәттілік жағдайын құру мақсаты қаралған. Осыған жету үшін БҰҰ-ның барлық мүшелері жалпының адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қадағалауы мен құрметтеуін қолдау үшін Ұйыммен өз ретінде ынтымақтасатынына міндеттеме алады.

Осы жоғарыда көрсетілгсн мақсат - ЕҚЫК-нің басты мақсаттарының бірі, сол себепті қатысушы-мемлекеттер адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеуге және қадағалауға қолдау көрсетуде елеулі өз үлестерін қосу болып табылады. Әлбетте, олар ЕҚЫК-де осыны іске асыруда өз шешімдерін білдіруге тиіс. Осыған орай, кеңеске қатысушы мемлекеттердің бірі Ұлыбритания Қорытынды актінің "адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін, атап айтқанда ой-пікір, ар-ождан, наным және діни еркіндіктерін құрметтеу" жөніндегі ҮП парқына байланысты өз ұсыныстарын білдірген.

Жалпы алғанда адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері, оның ішіндс ой-пікір, ар-ождан, діни және наным-сенім еркіндіктері БҰҰ-ның Жарғысының парықтарына сәйкес сақталуға тиіс және сонымен бірге олар қатысушы-мемлекеттерді байланыстырған немесе бірлесе жеткен ортақ бекітілген өлшемдер сияқты басқа да халықаралық конвенциялар мен құжаттар ережелеріне сай болуы керек.

ЕҚЫҮ-ның Қорытынды Актісін қабылдау - еуропалық құрылықтағы мемлекеттер арасындағы қатынастың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға болды.

Қорытынды Акт - бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған мемлекеттер арасындағы қатынастар парықтарын қалыптастыратын ғана емес, сонымен бірге мемлекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын бірыңғай құжат деуге де болады.

Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттерінің арасындағы жаңа келісімдер мен келісімшарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпыеуропалық мәжілістердегі қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды ескереді.

Қорытынды Акт - бұл қарапайым халықтың еркі мен мүддесін білдіретін құжат. Актінің әрбір ережесі Еуропа халықтарының бейбіт даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сайып келгенде, Қорытынды Акт - бұл оған қатысушы барлық мемлекеттер жағынан орындалуға тиісті заңды құжат. Осы орайда барлық мемлекеттердің онда белгіленген міндеттемелерін жүзеге асырудағы келісімге келген нәтижесі ретінде жалпы танылған парықтарының халықаралық қатынастағы рөлінің өсуін арнайы атап өту керек.

Мұның өзі Қорытынды Актінің барлық ережелері мүше мемлекеттер үшін міндетті және олар орындалуға тиіс екендігін көрсетеді. Қорытынды Актінің міндеттілік күші :

біріншіден, Қорытынды Акті ережелері - барлық мүше-мемлекеттердің келісімінің нәтижесі, яғни, мүше-мемлекеттер Актінің әр ережесімен ерікті түрде келісті.

екіншіден, Қорытынды Актіні құптап, қол қойған 35 мемлекет басшылары ретінде халықаралық құжаттарды қабылдауда өздерінің мемлекеттері атынан іс-әрекет жасауда конституциялық өкілдікке ие. Сайып келгенде, кеңесте мемлекет басшылары қол қойған келісімдер міндетті түрде орындалуға тиісті.

1985 жылғы жаздағы Хельсинки Қорытынды Актісінің онжылдығына байланысты болған кездесуге Кеңес Одағы жағынан қатысқан Сыртқы істер министрі Э.Шеварднадзе шиеленістерді тоқтатып, қайшылықтарды жою мақсатында ЕҚЫК-нің қалыптасқан жүйесін пайдалану қажеттігін білдірді.

Бұл келесі 1986 жылғы Берн қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесін талқылауға өз ықпалын тигізді. Алғаш рет кеңестік өкілдср жеке азаматтардың еркін қозғалысына, шетелге шығу және кіру саласын талқылау барысында келісімге келу мақсатында үкімст жағынан икемді нұсқау алды. Сонымсн қатар кездесу барысында кеңестік өкілдер өз жағынан көптеген қолайлы ұсыныстар жасады.

Кеңестік өкілдердің ұсыныстарын қамтыған Қорытынды құжат АҚШ-тан басқа 34 мемлекет жағынан қолдау тапқан болатын.

Сөйтіп, Кеңестің Хельсинкиде қабылданған Қорытынды Актісінде жеке мәтіндер пайда болды: бірінші, ең қысқасы- "Ой-пікір, ар-ождан, дін және сенім еркіндігін қосқанда адам құқықтары мен негізгі еркіндігін сыйлау" қатысушы мемлекеттер өзара қатынастарда басшылыққа алатын қағидалар декларациясының VII қағидасы және "гуманитарлық жеке басқа   салаларындағы ынтымақтастыққа" қатысты барынша кеңірек мәтін /26/.

Мұнда Батыс елдері үшін аса қымбат ой-пікір, ар-ождан, дін, сенім бостандығы салаларындағы классикалық жеке құқықтарға көңіл бөлінді. Бұл мәтіннің зор мәні ретінде халықаралық қатынастардың адамдық өлшемдеріне салмақ салуын мойындаған жөн. Онда адам құқын сыйлау кеңеске қатысушы мемлекеттер арасында және жалпы алғанда халықаралық қатынста "достық қатынастар мен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қажетті бейбітшіліктің, әділдік пен игіліктің елеулі факторы" болып табылатыны атап көрсетілді.

Сөйтіп, осыған орай екі жақты өзара байланыстылық жасалды: бір жағынан, адам құқын сыйлау мен мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру арасында; екінші жағынан-мемлекеттер қауіпсіздігі мен жеке адамдар қауіпсіздігі арасында. Басқаша айтқанда Еуропада адам құқын бұзудың кез келген елеулі көрінісі өз-өзінен құрылықтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің Хсльсинкі процесін бұзады деп мәлім етілді.

Адам құқы жөніндегі шын мәніндегі диалог қайта құру сәтінен, дәлірек айтқанда жалпыеуропалық кеңестен кейінгі одан арғы қадамдар бойынша Вена кездесулерінен басталды. Шығыс мемлекеттері өз аттарына айтылған сынға тікелей жауап бере, өз кезегінде Батыс елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік саладағы қол жеткендерді сынай отырып, ойын ережесін қабылдады.

Екінші жағынан, жалпыеуропалық кеңес Шығыс пен Батыс қатынастары тиісті құқықтар мен еркіндіктердің болуға тиісті минимумын анықтады. Бұл атап айтқанда, адамдардың адам құқықтары саласындағы өз құқықтары мен міндеттерін білуі және соларға сай әрекет етуі, жеке адамның "өз ар-ожданының қалауы бойынша әрекет етіп, жеке немесе өзгелермен бірге дінді немесе сенімді ұстануы", аз ұлттарға жататын адамдардың құқын,-кәсіподақтар еркіндігін қорғау еді. Бұл жерде әңгіме әлде бір бұлжымас ереже жайында емес, идеологиялық қағидалар негізінде Батыс елдері алдын-ала жасаған құқықтар жиынтығы жайлы болып отыр.

Адамдар арасындағы қатынастар бойынша сарапшылардың Берндегі кездесуінде /15 сәуір-26 мамыр 1986 ж. максималистік құжат қабылдауды талап еткен американдықтар әрекетіне орай келісімге қол жетпеді. Тек 1989 жылы ЕҚЫҰ шеңберіндегі алдағы қадамдар туралы Вена кездесуінің қорытынды құжаты қабылданған соң ғана алға басу болды.

Жалпы адам құқығын және атап айтқанда жалпыеуропалық кеңесте қабьлданған міндеттемелерді нығайту мақсатында жеке және ұжымдық қызметті жария ету қарастырылды. Осындай міндеттемелердің сақталуына "бақылау жасау топтары" мұны қуана қарсы алды.

Осылармсн қатар Хельсинки процесіне қатысушы мемлекеттер территориясында өмір сүретін барлық адамдардың және солардың зандық құқығына жататын, яғни шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың /апатрид/ адам құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту көзделді. Сондай-ақ мемлекеттердің әрбір құқықтық мемлекетке лайық өз азаматтарын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуі қарастырылды. Елдің ішінде еркін жүріп түру және онда тұрғылықты жерін тандау құқы, сондай-ақ әркімнің кез келген елді, онын ішінде өз елін тастап шығу және оған қайтып оралу құқы атап көрсетілді.

Осы он ережеге "үшінші себеп"мәселелер мәтінінде орын алған тағы екеуін мемлекеттік адамның жеке пошта және телефон қатынасына мемлекеттің араласпауы және адамның өзінің ақпарат көзін еркін тандау құқын қосуға болады.

Вена құжатында "ЕҚЫҰ адамдық өлшемі" деп аталған жоғары дәрежелі жаңашылдық түсінік орын алды. Онда туындайтын "он ереженің" VII қағидасындағы "міндеттемелерді" және "үшінші себеп" мәселелері шеңберіндегі ынтымақтастықты бірдей қамтитын "адамдық өлшемі" үғымының мәні ашып көрсетіледі. Оның басты артықшылығы мұнда "бірінші себептін" саяси мазмұны мсн "үшінші себептің" ережелерінің жиынтығы тұжырымдық дәрежеде байланыстырылған. Ең бастысы, Хельсинки процесіне қатысушы елдерді, яғни Еуропа құрлығы мен Оңтүстік Америка мемлекеттерін қамтитын адам құқығын қорғау механизмі қарастырылған.

Осы механизмге сәйкес барлық қатысушы мемлекеттер ақпарат жөніндегі сұрауларға басқа қатысушы - мемлекеттер ұсыныстарына жауап беруі және олардың сұрауы бойынша ЕҚЫҰ адамдық өлшем мәселесіне қатысты мәселелерді зерттеу және шешу мақсатында екі жақты кездесулер өткізуі тиіс. Вена құжатының мәтінінде осы механизмнің қызметін және оның үш жыл ішіндегі дамуын қарастыруға арналған адамдық өлшем туралы конференция өткізуге мандат та болды. Ол кеңестің Парижде /1989 жылы/, Копенгагенде /1990ж./ және Москвада /1991 ж./ біртіндеп өткізілетін сессиясы ретінде ойластырылды.

Венада қол жеткен табысты КСРО-ның социалистік құқықтық мемлекет болу мақсатын өз алдына ресми түрде қоюымен, мұндай мақсатқа жетуді өзінің ішкі ісі деп түсініп қоймай, халықаралық аренада өркениетті байланыстарға қатысудың басты шарты ретінде қарауымен түсіндіруге болады. Бұл ілгерілеудің себебіне келер болсақ, ол М.Горбачевтің адам құқықтары жөніндегі конференцияны Москвада өткізу туралы ұсынысының тиімділігіне Батыс елдерін сендіруге тырысып, КСРО-ның жасаған шегінісіне байланысты болды.

Адамдық өлшем жөніндегі конференцияның (Париж 30 мамыр-23 маусым 1989 жылы) бірінші кезеңі шынында адам құқының Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастығының негізі болғанын көрсетті. Алайда Румынияның бұра тартуынан (Румын делегациясы Париж кеңесінде келісімге келуге кедергі болды) Париж кеңесі қорытынды құжат қабылдай алмады. Румыния Вена құжаттарының кейбір ережелерін қабылдаудан бас тартып, қарсы болған еді. Алайда кеңес Вена кездесуінде: құжатты қабылдағаннан кейін Хельсинкі процесі қамтыған Еуропада адам құқықтары жағдайын қарастыру, онда жасалған механизмдерді қолданудың алғашқы қорытындыларын шығару, ең соңында жалпыеуропалық процестің адамдық өлшеміне қатысты міндеттемелерді жақсарту келешегін талдау жөніндегі мандатын толық орындап шықты.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне қатысушы мемлекеттердің келіссөз барысының нәтижелерін барлық бейбітшілікті көздеген күштер аса зор тиянақтылықпен қадағалап отырды. Өйткені еуропалық елдердің жаңа ынтымақтастығының негізінде Еуропада берік қауіпсіздіктің үлгітасын қалауға мүмкіндік туған болатын.

 

 

 

 

 

 

2.1. Халықарылық қатынастағы ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар шешімі 

1966 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-нда бекітілген, халықаралық келісімшарттық күшке ие, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, ой-пікір еркіндігін, ар-ождан немесе наным-сеніміне кепілдік беру осы құжатқа қол қойған мемлекеттер үшін заң жүзінде міндеттілік деп есептелінеді. Әр адамның өз нанымын білдіру құқықтарын тағы бір рет бекіте отырып, "әрбір жеке адам, басқа адамдар алдында және өзі мүше болған ұжымының алдындағы міндеттеріне иек артып, осы Пактідегі танылған құқықтардың сақталуын қолдап, дем беріп отыру керектігіне назар аударады"/27/.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері