Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:57, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3
I. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1 БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8
1.2 Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18
1.3 Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25
II. Тарау
БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері ................................................. 31
2.2 Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі ........................................................ 42
III. Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50
3.2 Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі .............................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................

Работа содержит 1 файл

Адам құқы.doc

— 998.50 Кб (Скачать)

Біріккен Ұлттар Ұйымының органдарында адам құқы туралы келісімдерді дайындап, оны қабылдап жүзеге асыру алғашқы кезден-ақ имплементация шаралары деп аталған болатын. Ақырында "имплементация" терминінің маңыздылығы елеулі түрде өзгермеді. Мысалы, адам құқы жөніндегі пактілерге қатысты имплементациялық шаралар" деп, оның ережелерінің пайдаланылуын халықаралық түрде бақылау шараларын айтады /28/. Бірақта, адам құқы туралы келісімдерді дайындау кезіндс БҰҰ-ның мекемелері капиталистік және социалистік екі көзқарастарға тап болды. Сондықтан да, қарастырылған келісімдер тек ымыраға келген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

1947 жылдан 1954 жылға дейін пактілерді имплементациялау шараларын ЭКОСОС адам құқы жөніндегі Комиссиясы, сонан соң 1963 жылдан 1966 жылға дейін Бас Ассамблеяның Үшінші Комитеті дайындады. Адам құқы жөніндегі Комиссияның жұмысын 2 кезеңге бөлуге болады: 1947-1950 жылдар аралығында Комиссия өз бетінше жұмыс жасады және 1950-1954 жылдар аралығында Комиссия енді тек Бас Ассамблеяның басшылығымен оның нақтылы кепілдемесін орындады.

1947 жылы адам құқы жөніндегі Комиссия құрған редакциялық Комитет өзінің 1-ші сессиясын өткізді және алғашқы баяндамасында толық бір тарауын имплементация шараларына арнаған. Бұл тарау Комитстті бірде-біреуі қанағаттандырмаған бірқатар ұсыныстардан тұрады: атап айтқанда жекелеген адамдарға және топтарға өтініш ұсыну құқын беру, оны Біріккен Ұлттар Ұйымына жіберу, адам құқы жөніндегі Комиссияның өкілдігін кеңейту немесе хабарлармен танысып және талдау үшін БҰҰ-ның шеңберінде жаңа аппарат құру, БҰҰ-ның мүшелеріне олардың қаншалықты адам құқын сақтап отырғандары туралы баяндама жасауларын өтіну, Бас Ассамблеяда адам құқы мәселесін талқылау, адам құқы жөніндегі халықаралық сот құру, адам құқын әрдайым бұзған мемлекеттерді БҰҰ-ның құрамынан шығарып жіберу.

Барлық осы ұсыныстар мемлекеттердің тәуелсіздігін шектеуге ұмтылады және үлкен тиімділіктен айырады деген ой кең етек алған болатын. Сондықтан да оларды мемлекеттердің қабылдамауы таң қаларлық жай емес.

Адам құқы жөніндегі Комиссияның 2-ші сессиясында имплементация мәселесімен жұмысшы тобы айналысты, олар имплементацияға байланысты бірқатар ұсыныстары бар баяндамасын ұсынған болатын. Мәселен, олар пактінің бұзылуына байланысты кепілдеме беріп және талқылауды БҰҰ-ның өкілеттігіне үлестіріп беруді ұсынды. Бірақта Комиссия жұмысшы тобының бұл шешімдерін қабылдамады.

Адам құқы жөніндегі Комиссияның 5-ші сессиясында имплементация мәселесін талқылау жалғастырылды. Көпшіліктің келіспеушілігінің салдарынан Комиссия бұл сессияда да талқылауын аяқтай алмады. Осы кезенде жүзеге асыру шараларына қатысты социалистік мемлекеттердің көзқарастарында, социалист мемлекеттердің ішкі істеріне араласу мақсатында әртүрлі механизмдерді пайдалануға ұмтылған батыс мемлекеттерінің БҰҰ-ның мекемелерінде басымдылығы ескерілген болатын. Адам құқы жөніндегі Комиссияның қүрамындағы Кеңес Одағының окілі батыс мемлекеттердің ұсыныстарында имплеметация термині дұрыс түсіндірілмегендігін, имплементацияның мұндай түрлері Конвенцияға қатысқан мемлекеттердің ішкі істеріне араласудың ерекше тәсілі болатынын көрсетті.

5-ші және одан кейінгі сессияларының ұсыныстарынан жекелеген батыс мемлекеттерінің көзқарастарының елеулі өзгешеленгендігін көруге болады. Жеке-жеке қосымша хаттамаларға да имплементация шараларын енгізуді ұсынды. Адам құқы жөніндегі Комиссияға да байланысты әртүрлі көзқарастар айтылды, біреулері Комиссияның өзі имплементацияға қатысуы керек десе, енді біреулері жаңа арнайы органдар құру керек деген ұсыныс жасады. Бірқатар мемлкеттср, мысалы: Австралия тіпті адам құқы жөніндегі халықаралық сот құру керектігін ұсынды /29/. Басқалары сыпайылық танытты. Америка Құрама Штаты болса, мемлекетаралық шағым арыздарды шектеуді ұсынды. Ұлыбритания мемлекетаралық шағым арыздарды және анықталған фактілер туралы қорытынды бере алатын құрамы 5-адамнан тұратын адам құқы жөніндегі Комитет құруды қолдады /30/. Комиссияның 5-сессиясында мемлекеттердін пікіріне назар аударыла отырып, мемлекетаралық шағым арыздар бабы пактіге енгізілетіні шешілді. Жеке адамдардың өтініші мәселесі бойынша шешім қабылданбады.

Комиссияның 6-ші сессиясында пактінің алғашқы нұсқадағы жобасы аяқталған болатын. Имплементация шараларына қатысты Комиссия өзінің жұмысын бұрынғы өткен сессия материалдарымен және мемлекеттердің пактінің жобасына жасаған ескертулерімен дәлелдеді. Сондықтан алғашқы жобада экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөнінде емес, тек азаматтық және саяси құқықтардың имплементациясы туралы болған еді.

Комиссия пактінің жобасына имплементация шараларының жүйесі кіретіндіктен, қосымша хаттама жасауға қарсы еместігін айтты. Имплементация шараларына басшылық үшін Комиссия тұрақты орган құру қажеттігі туралы негізгі заң қабылдады.Бұл адам құқы жөніндегі Комитеттің құрамы қатысушы мемлекеттрдің сайлаған жеті адамынан тұрады.

Пактілерді қабылдау кезіндегі Комиссияның жұмысының екінші кезеңі үшін Бас Ассамблеяның 5-сессиясында қабылданған шешімдердің маңыздылығы зор. Сессияда әртүрлі көзқарастар айтылды. АҚШ өкілі жеке тұлғалық өтініштер бойынша жеке хаттама жасауды ұсынды. Францияның өкілі жеке адамдардың өтініш құқын негізінде қолдайтынын және де оларды жеке хаттамаға кіргізуге қарсы еместігін, соттық қызметтің бірқатарын адам құқы жөніндегі Комитетке беруін айтты. Австрия өкілі мемлекет аралық шағым арыз құқын абайлап пайдалану қажеттігін айтты. Социалист мемлекеттердің имплементация шаралары жөніндегі көзқарастары өзгермеді. КСРО өкілі Пакт жобасынын, 38-және 41-бабын /имплементация шарасы/ Комитеттің мемлететтердің ішкі ісіне араласу құқын беретінін айтты, оның пікірінше әртүрлі үкіметтердің ажыратылмас адам құқықтарына кепілдігі және сақталуы үшін қабылдаған шараларын жүзеге асырудың жалғыз-ақ қанағаттанарлық және нәтижелі жолы, тек олардың аумағында ғана іске асырыла алады.

Комиссияның 7-ші сессиясында пакт жобасын талқылау жалғастырылды. Осы сессияда адам құқы жөніндегі Комитеттің міндетіне өзгерістер енгізілді және де пактіге баяндамаларды қарауды жүзеге асыруға қолдау көрсететін жаңа тәсілдерін енгізді.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 6-сессиясының тапсыруымен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактінің жобасын дайындауға арналған, БҰҰ-комиссиясының Адам құқықтары мәселесіне байланысты Женевадағы 9-сессиясы ашылды. Сессия жұмысына 18 мемлекет өкілдері, оның ішінде Кеңестер Одағы Украина және Польша да қатысты. Күн тәртібіндегі көптеген мәселелермен бірге, БҰҰ-ның Комиссиясының 1947 жылы басталған сессиясы, Адам құқықтары жөніндегі пактінің жобасын талқылады. Комиссияның 8-сәуірдегі отырысында АҚШ мемлекетінің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі Пактіні бекітпейтіндігін мәлімдеді. Оның себебін олар Пактінің дайындық жұмысының аяқталуына дүнис жүзілік қоғамдастықта әлі қолайлы жағдайдың туа қоймағандығымен түсіндіруге тырысты.

1951 жылғы БҰҰ-ның комиссиясы сессиясында әр елдердің өкілдерінің атынан Адам құқықтары жөніндегі пактінірі экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласына бірқатар баптар кіргізу жөнінде ұсыныстар түсксн. Кеңестік делегацияларының ұсынысы, БҰҰ-на мүше мемлекеттер халықтар мен ұлттардың өзін-өзі билеу құқықтары, азаматтардың еңбекке, демалуға және білімге деген құқықтарымен, әйелдердің еркектермсн қатар бірдей еңбегі үшін еңбек ақысының тең болу құқықтарын, кәсіподақтарға бірігу құқықтарымен қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқы жөніндегі Комиссия өзінің 9-шы сессиясында имплементация шараларын қайта қарастырды. Комиссия адам құқы жөніндегі Комитетке қатысты бірқатар ережелср қабылдады. Пактіге мүше мемлекеттерде өтетін сайлауларға байланысты баптар жобасындағы көшілігі-сайлауларды халықаралық сот арқылы өткізуді белгілеу. Мұндай шешім халықаралық соттың қызметімен үйлеспейтіндей.

1954 жылғы 10-сессияда Комиссия екі пактідегі де имплементация шараларын өңдеуді аяқтады. Келесі кезектегі имплементацияны  өңдеу Бас Ассамблеяның Үшінші  комитетінің қарауына ауысып, бұл мәселені тек 1963 жылы 18-сессияда ғана қарауға мүмкіндік туды.

Бұл кезеңге дейін көптеген социалистік бағыттағы мемлекеттердің де имплементация мәселесіне көзқарасы өзгерді. Үшінші комитеттегі польшалық Төраға өз өкілдерінің халықаралық деңгейде пактінің жүзеге асуына ешқандай қарсы еместігін атап өтті. Украина өкілі халықаралық шараның өте пайдалы екендігін көрсете келіп, оны бағаламауға немесе мән бермеуге болмайтындығын ескертті /31/.

Ал Батыс елдерінің көзқарастары өзгермеді. Олар имплементеция жүйесін қолдады. Сонымен бірге белсенді түрде мемлекетаралық арыздарды қарау түрлері мен халықаралық сот жөніндегі жоба ережелерін қорғады. Көптеген мемлекеттердің ықпалымен іске асыруға әсер ету шаралары мемлекеттік егемендік парыкқа кеселі тимейтіндей ойластырды. Пакт жобасында елеулі өзгеріске азаматтық және саяси құқықтар, яғни адам құқықтары жөніндегі комитетті ұйымдастыру мен құрылымы түсті. Комитет мүшелерінің саны 18-ге дейін өсті. Пакт жобасы бойынша комитет мүшелерінде соттық немесе заң саласында тәжірибе болуы тиіс. Тек дамушы елдердің ұсынысы бойынша соттық тәжірибенің болуы алынып тасталды. Сонымен бірге Пакт жобасынан қатысушы мемлекеттердің дауыс беру тізіміне басқа да мемлекеттердің азаматтарын қосу құқы алып тасталынды. Зор маңызға ие болған жағдай БҰҰ-ның халықаралық сотты комитет мүшелерінің сайлау құқығынан айырылуы мемлекетаралық арыздарды қарау ережелері де Комитетте құпталмады /32/.

Комиссия жобасының 17 бабына кейбір өзгерістер енгізілгсн. Осы баптың 1-тармағына Үшінші комитет баяндамалардың тек құқықтарды сақтау жолындағы жеткен прогресс жөнінде ғана емес, Пактідегі мойындалынған осы салада қабылданылған шаралар жөнінде де нұсқау енгізген. Азаматтық және саяси құқықтарды қамтыған Пакт жобасында мемлекет аралық арыздарды қарау әдістеріне түпкілікті өзгерістер енгізілді. Комиссия жобасы мемлекет аралық арыздарды қараудың міндетгі түрін кіргізді. Кейбір мемлекеттер, әсіресе АҚШ мемлекеті бұл шешімді белсенді түрде қорғады.

1986 жылы қайшылықтарға толы рухта басталған ЕҚЫК-нің Вена кездесуі Еуропа өмірінде, оның ішінде Хельсинкі процессінде түбегейлі өзгеріске ықпал етті десе де болады. Бұл кездесуде де басты әскери-саяси мәселелермсн қатар демократиялық рухтағы мемлекетаралық өзара ынтымақтастыққа көп көңіл бөлінді.

Қатысушы-мемлекеттер өзара түсіністікті және сенімділікті дамыту мақсатында, достық және көршілестік қатынастарға қолдау көрсету жағдайында, бүкіләлемдік бейбітшілікті, қауіпсіздікті және әділеттілікті нығайту мақсатында, сонымен бірге ЕҚЫК-дегі өз міндеттемелерін орындауды жақсартуда, алдағы уақытта ынтымақтастық пен өзаралық қарым-қатынастарды барлык, салада, барлық деңгейде толық теңаралық негізде жүргізуге ниетті екендігін көрсетті. Олардың келісімі бойынша, ЕҚЫК-нің құжаттарындағы Парықтар мен басқа да ережелерді құрметтеу, олардың қарым-қатынастарын елеулі деңгейге көтеріп, ынтымақтастығының дамуына әсер стеді. Олар ЕҚЫК-нің Қорытынды актісіндегі және басқада құжаттарындағы ережелерге сай келмейтін іс әрекеттерден бас тартып, мұндай әрбір қимыл олардың арасындағы қатынасқа нұқсан келтіріп, өзаралық ынтымақтастықтың дамуына кедергі келтіреді деп білді.

Бұл мәселелер жөніндегі ұсыныстарды кездесу барысында Австрия, Кипр, Лихтенштейн, Сан-Марино, Мальта, Финляндия, Швейцария, Швеция және Югославия елдері ұсынғандығы белгілі /33/. Әлбетте, осы жоғарыда аталып өткен мақсаттарға жету, тек қатысушы-мемлекеттер хельсинкілік Қорытынды актісінде және мадридтік Қорытынды құжаттардағы көрсетілген парықтарды толығымсн құрмкттеген жағдайда ғана мүмкін болатындығы баршамызға аян. Яғни мемлекеттер тарапынан кездесу барысында қаралатын мәселелерге өте жауапты тұрғыдан қарау керектігі жүктелді. Әсіресе, адам құқықтары мен гуманитарлық мәселелерді қарастыруда, кездесуге қатысушылардан ымыраға келу үлкен дайындықты қажет етті. Өйткені хельсинкилік процесстің өзекті мәселесінің өзі - адам құқықтары, азаматтар арасындағы байланыс, еркін ақпарат алмасу сияқты көкейкесті мәселелер екендігі мәлім.

Вена кездесуіне қатысқан мемлекеттер, осы бағытта қандай да бір келісімге келу үшін, алдағы күнде өздерінің қатынастарын дамыта түсу мақсатында, өз ұсыныстарын жасап, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шығаруға тырысты. Осы орайда Норвегия, Нидерланды, Герман Федеративті Республикасы, сондай-ақ Бельгия, Канада, Ирландия, Италия, Америка Құрама Штаттары және Түркия мемлекеттері төмендегідей өз ойларын іске асыруды білдірді. Яғни олар өз міндеттемелерін атқару барысында, шешімдердің қаралуы мен қабылдануын, азаматтар арасындағы байланысқа қатысты Қорытынды актіде және мадридтік Қорытынды құжатта көрсетілген барлық мәселе бойынша, мүмкіндігінше уақтылы немесе келіскен мерзім ішінде тілектестік тұрғыдан қамтамасыз ететіндігін көрсете келіп, осы орайда "олар;

-         егер жанұя мүшелерінің ниеті бойынша кездесулер, қарым-қатынастар үшін жанұялық байланыстар негізінде кететін болса, олардың арыздарын қолма-қол, мейірбандылық тұрғыдан тез арада қарап, жол жүру құжаттарын беруге көлденең болатын кедергілерді жоятындығын;

-         олар барлық діни мақалалар мен заттарға еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді, ел ішіндегі тілге байланысты сол тілде, кажетті деген мөлшерде осы діни мақалалар мен жинақтарды сатуға рұқсат беріп, оларды діни баспасөз мақсатында пайдалануларына ешқандай кедергі жасамайтындығын;

-         діни құлшылық ету шерулеріне еркін түрде қатысуларын, әрі қандай дін түрінің ережелеріне сай қажетті дін басыларын дайындау, сайлау, мирасқорлық негізде тағайындау рәсімдерін құрметтеуді қамтамасыз ету қажет"- деп ұсынады /34/.

Сондай-ақ Австрия, Кипр, Лихтенштейн, Мальта, Сан-Марино, Финляндия, Швейцария, Швеция және Югославия мемлекеттері ақпараттың барлық түрлерінің әлдеқайда еркін де кең түрде таралуын жеңілдетуді, ақпарат саласында ынтымақтастыққа қолдау көрсетіп, тілшілср жұмысын жақсартуға алдағы уақытта тырысуға әрекет қылу қажеттігін ұсынады. Яғни осы мәселеде олар ресми баспасөз-сұхбаттары қажетті деп танылған жағдайда, сондай-ақ баспасөзге арналған басқа да кеңестер тіркелген барлық шетелдік тілшілер үшін ашық болуын, олар іс жүзінде өз аумақтарында ұлттык, азшылықтар мен діни мәдениеттерге жататындарға өз ана тілдерінде ақпарат таратуларын, алмаса алуын, ақпарат көздеріне қол жеткізулерін қамтамасыз ететіндіктерін ортаға салды. Ақпарат алмасу мәселесінде, кейбір елдерде, алысқа кетпей-аұ бұрынғы өзіміздің кеңестік дәуірді алатын болсақ, әрбір азамат шетелдік азаматпен, тілшімен қатынасы жөнінде арнайы мекемелерді хабардар етуге міндетті болды, шетелге жазылған хат арнайы қаралудан өтті. Шет елдерден жіберілетін діни басылымдар белгіленген  жерлерге дейін жетпеді. Ал радио, теледидар саласында бірлесе жұмыс жасау, ынтымақтасуы қажетті дәрежеде болмады.              Париж конференциясында қатысушы-мемлекеттер Веналық Қорытынды құжаттағы әр азаматтың кез-келген елді тастап шығуын, оның ішінде өз елінен еркін кетуіне және қайта оралу құқықтарын құрметтей отырып, осыған қатысты өз міндеттемелерін кеңейте және бекіте түсті.

Париж кеңесі барысында да қатысушы-мемлекеттер кейбір жеке тұлғалар үшін жиылыстар өткізу немесе бірлестіктср құру, олардың құқықтары мен еркіндіктерін, әсіресе саяси және азаматтык құқықтарын қорғауда тиімді құрал екендіктерін ескеретіндіктерін айтты. Осыған орай Испания, Австрия, Бельгия, Герман Федератифті Республикасы, Греция, Дания, Ирландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері ЕҚЫК дамуында төмендегі мәселелердің қажеттілігі мен аса маңыздылығын мойындайтындығын көрсетті:

Информация о работе Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері