Халықаралық қатынастағы АҚШ

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:53, реферат

Описание работы

АҚШ президенті Барак Обама президенттік тұғырдағы алғашқы жолдауында Ауғанстан мен Ирақтағы соғыстардың аяқталып келе жатқандығы туралы мәлімдеп, ел экономикасы мен жұмыссыздықты азайтуға қатысты жоспарлар жайлы баяндады.
Конгресс алдында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Барак Обама сегіз жылға жалғасқан Ауғанстан соғысы Ирақтағы жеті жылдық соғыс аяқталып келеді деп мәлімдеді.

Работа содержит 1 файл

Халықаралық қатынастағы АҚШ.doc

— 146.00 Кб (Скачать)

2006 жылы Америка Құрама Штаттарының вице-президенті Ричард Чейнидің елімізге ресми сапары барысында энергетика саласы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастар мәселелері, сондай-ақ Орталық Азиядағы геосаяси жағдай, аймақтық ықпалдастық, Каспий бассейні мен Еуразия кеңістігіндегі процестер жөнінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен  пікір алмасылды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, стратегиялық әріптестікті нығайтуға және екіжақты байланыстарды кеңейтуге бағытталған құжаттарға қол қойылған болатын [7, с. 224-225].

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 ж. АҚШ-қа ресми сапары атап өтілген міндетті шешуде өте маңызды болып табылды және бұл ресми сапар біздің еліміз бен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерді. АҚШ Конгресінің экономика жөніндегі арнайы комитетінің төрағасы әрі қарулы күштер комитетінің лаңкестік және дәстүрлі емес қатерлер жөніндегі кіші комитетінің жетекшісі Д. Сакстонның пікірінше, Қазақстан-Америка ынтымақтастығында үш нәрсе басымдықта тұруы тиіс: «Біріншісі – экономикалық ынтымақтастық, екіншісі –жаһандық қауіпсіздік және әлемдегі әрбір елге қауіп төндіріп тұрған қатерлерге қарсы күрес, ал үшіншісі – бүгінгі кездесу секілді конгресмендер мен қарапайым американдықтарға Қазақстан туралы кеңінен мағлұмат беретін маңызды сапарлар» [8].

Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынастардың дамуын халықаралық аренадағы ұлттық мүдделердің жүзеге асуымен және әлемдік қоғамдастықта үйлесімді болуымен байланысты ұзақ мерзімдік басымдық ретінде қарастырады.

Қазақстан үкіметі АҚШ-тың іскерлік мүдделеріне қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміз үшін тек қауіпсіздік кепілдігін ғана емес, экономикалық реформалардың жүзеге асуына көмек алып отырғанын атап өткен жөн.

Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өтілген факторлар жақын және ұзақ мерзімдік болашақта еліміздің өркендеуі үшін өз үлесін қосатын болады. Орталық Қазақстан аймағындағы және жалпы ғаламдық жағдаятты ескеретін болсақ, АҚШ үшін Қазақстан басымдық берілетін елдердің қатарынан саналады деп есептеуге болады. Сондықтан Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығының тиімді болуы үшін әрі қарай аймақтық және ғаламдық сипаттағы әрекет жоспарын жасау қажет деп есептейміз. Ал бұл міндет еліміздің дамуы үшін қауіпсіздік пен бейбіт шаралар қамтамасыз етілгенде орындалатын болады.

 

 

 

Қазақстан – АҚШ: сенімді стратегиялық серіктестік

 

 

 

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының Вице-президенті Ричард Чейнимен кездесті. Н.Назарбаев пен Р.Чейни алдымен екеуара әңгімелесті, одан кейін Қазақстан басшысы мен АҚШ Вице-президентінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүрді. Кездесулер мен жүргізілген келіссөздерде энергетика саласына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы геосаяси жағдай туралы, аймақтық интеграция, Каспий бассейні мен Еуразиялық кеңістік жайында пікір алмасылды.

 

 

 

– Сіздің Қазақстанға бұл сапарыңыздың маңызы ерекше, – деді Елбасы кеңейтілген құрамдағы кездесуді ашардағы сөйлеген сөзінде. – АҚШ – біздің еліміздің тәуел­сіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. Содан бергі уақытта екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды таратпауды мақсат етіп, Семей ядролық полигонын жаптық. Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында белсенді жұмыстар жүргізу үстінде. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестіктен кейін Қазақстан АҚШ-тың халықаралық терроризмге қарсы күрес бастамасына алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Қазіргі кезде Қазақстаннан жасақталған саперлар құрамы Иракты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып жатыр. АҚШ еліміздің ең ірі инвесторы болып табылады. Америкалық компаниялардың экономикамызға салған инвестиция көлемі 12 миллиард долларды құрайды. Біздің елдер арасындағы өзара тауар айналымы 2 миллиард доллардан асты. Бұл – жетістігіміз. Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін.

 

 

 

Бұдан кейін сөз алған АҚШ-тың Вице-президенті Қазақстан басшысының ыстық ықыласты қабылдау жасағанына алғыс айтып, АҚШ Президенті Джордж Буштың Қа­зақстан Президентіне және Қазақстан халқына сәлемін жеткізді.

 

– Өткен 15 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткен табыстарына бүкіл америкалықтар өз ықыластарын білдіріп отыр, – деді Ричард Чейни. – Қазақстан Америка Құрама Штаттары үшін жақсы дос және көптеген салаларда стратегиялық сенімді серіктес бола білді. Біз сіздердің Ирактағы жағдайды тұрақтандырып, елді қалпына келтірудегі біздің бастамамызды қолдағандарыңызға алғыс айтамыз. Қазақстандағы орасан зор ресурстар экономиканың барлық саласына үлкен пайда беретіні анық. Біз бүгін осында Астана қаласының өркендеп келе жатқанына куә болдық. Қазақстан мен АҚШ-тың түрлі салалардағы байланыстары алдағы уақытта да қарқынды дамитынына сенімдіміз.

 

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Содан бергі уақыт ішінде мемлекеттер аса ауқымды стратегиялық әріптестік деңгейінде бірлесе қимыл жасап келеді. Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақ­тастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Оның 30-ы – ведомствоаралық. Екі жақты ынтымақтастықты дамытуда өткен жыл ерекше жемісті болды. Үкіметаралық және парламентаралық делегациялар алмасылып, жоғары деңгейдегі диалогтың сапасы артты.  Бұған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Джордж Буштың өзара достығы, мемлекеттердің бір-біріне деген сенімділігі арқау болғаны ақиқат.

 

 

 

Ара қашықтығы едәуір болатын, екі құрлықта жатқан Қазақстан мен АҚШ-тың түрлі салаларда қол жеткізген бүгінгі табыстарына әртүрлі деңгейдегі кездесулердің, делегациялар алмасулардың үлес қосқаны белгілі. Әріге бармай-ақ өткен жылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанға сапармен келуін, сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың АҚШ-та Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдпен және АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесулерін алсақ та болады.

 

Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жылдан-жылға өсіп келеді. АҚШ Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптесі. Мысалы, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 870,42 миллион долларға жетті. АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы да уақыт өткен сайын арта түсуде. Екі ел сауда-экономикалық байланыстар жасай бастаған 1993 жыл мен 2005 жылдың аралығындағы кезеңде америкалықтардың салған инвестиция көлемі 11,468 миллиард долларды құрап отыр. Бүгінде Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен АҚШ-тың 374 кәсіпорны және компаниялардың 91 өкілдігі жұмыс істейді. Сонымен қатар, америкалық “Шеврон Тексако”, “ЭксонМобил”, “Филипс Петролеум”, “Орикс/КеррМакГи” компанияларының Қазақстан рыногында жұмыс істейтін шетелдік өзге компаниялардың арасында алатын орны бөлек.

 

 

 

АҚШ Вице-президентінің сапары аясында стратегиялық әріптестікті нығайтып, екі жақты байланыстарды кеңейтуге бағытталған құжаттарға да қол қойылды. Оның ішінде Жаппай қырып-жоятын қарулар инфрақұрылымын жоюға қатысты келісімді түзету, Ядролық материалдардың заңсыз қозғалысының алдын алу саласы бойынша ынтымақтастық туралы атқарушы келісім және Үкіметтер арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бар.

 

 

 

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз аяқталған соң Қазақстан басшысы мен АҚШ Вице-президенті сапар қорытындысына орай бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Н.На­зарбаев бүгінгі маңызды сапардың қорытындысы Астана мен Вашингтон арасындағы екі жақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беретіндігін атап өтті. Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық ынтымақтастық Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенімдімін. Бүгінгі қол қойылған құжаттар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет ететін болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстан басшысы осы құжаттардың әрқайсысына тоқталып, олардың маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

Одан кейін сөзді мәртебелі мейман алды. Мен Сіздің қонағыңыз болып отырғаныма қуаныштымын. Біз бір-бірімізді бұрыннан жақсы білеміз. Менің Сізбен әсем қала – Астанада кездесіп отырғаныма өте ықыласты екенімді білдіремін. АҚШ Президенті Джордж Буштың атынан, сондай-ақ барлық американ халқының атынан Сізге және Қазақстан халқына жақсы тілектерді жеткізгім келеді, деді Ричард Чейни. Президент және мен жаңа ғана табысты кездесу өткіздік. Қазақстан басшысына Ирактағы және лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастық жасағаны үшін алғыс айту мүмкіндігі туды. Біз екі жақты байланыстарды, сондай-ақ осы өңірдің қауіпсіздігіне байланысты ауқымды мәселелер жөнінде әңгімелестік. Бізге Қазақстанды өз досымыз ретінде сезіну өте жақсы. Біз Қазақстанның бүкіл әлем үшін жасап жатқан игі шараларын сезініп отырмыз. Америка Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі болашағы зор екендігіне сенімді. Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілікті қолдауда үлкен рөл атқарады. Осы өңірдегі барлық елдер Қазақстаннан үлгі алып, қазақстандықтарша дамуына мүмкіндіктері бар. Алдағы жол айқын. Біз Қазақстан секілді сенімді стратегиялық әріптес тапқанымызды мақтан етеміз. Қазақстан алдағы уақытта да әлемде қауіпсіздікті орнықтыруға өз үлесін қосатындығына нық сенімдіміз.

 

 

 

Қазақстан Президенті мен АҚШ Вице-президентінің бір-біріне білдірген ыстық ықыласты сөздерінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев  пен Ричард Чейни қазақстандық және америкалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды. Қойылған сұрақтар ішінде АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайы, Иранның ядролық қару жасауға деген ұмтылысы бар. Бұл мәселелерге байланысты тараптар өз пікірлері мен көзқарастарын байқатты. Ал америкалық журналистің екі ірі мемлекет – АҚШ пен Ресей арасындағы егесті текетірес туралы сұрағына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев өз пікірін білдірді. АҚШ пен Ресей арасында егесушілік жоқ деп есептеймін, деді Қазақстан басшысы. Бұл – қалыпты пікір алмасу. Біздің барлығымызға әрбір тәуелсіз мемлекет өз проблемасын өздері шешуге және саясатын айқындауға құқылы екеніне үйрену керек. Бұл саясатты барлығымыз құрметтеуге үйренуіміз керек. Әркімнің өзінің пікірін достық негізде білдіру құқығы бар. Бұлардың барлығы тиімді деп ойлаймын.

 

 

 

Бұрындары үлкен саясаттың З.Бжезинский сияқты белгілі мамандары Орталық Азияның ұлы державалар тартысына түсетінін болжайтын. Сондай болжамдар қазір шындыққа айнала бастады. Әндіжандағы оқиғадан соң, Батыспен қатты араздасқан ресми Ташкент амалсыздан Ресей мен Қытайдың ығына тығылуға мәжбүр болған еді. Сол Мәскеу мен Пекиннің емеурініне ыңғайлана отырып, АҚШ-тан Карши-Ханабадтағы өз әскери базасын 180 күннің, яғни алты айдың ішінде көшіріп әкетуді талап ете бастады. Өзбекстан басшылығының айтқаны болды. Американдықтардың Карши-Ханабад базасы жабылды. Қарашаның 21-і күні АҚШ әуе-соғыс күштерінің соңғы ұшағы ол жерден ұшып кетті. Сөйтіп, американдық әскерилердің Өзбекстандағы төрт жылдық «қонақ болуы» аяқталды.

Бірақ олар кетіп болмай жатып-ақ, осыған ең алдымен мүдделі болған басқа екі ұлы держава – Ресей мен Қытай – солардың орнын бірінші болып басып қалу жолында өзара таласқа түскендей әсер қалдырады. Демек, бұл жердегі мәселе тек қана американдықтарда ғана болмаса керек. Ресми Вашингтон Өзбекстан басшылығының өзінен осылайша теріс айналғанын, әрине, аяқсыз қалдырмайды. Бірақ бұл — өз алдына бөлек тақырып.

Сондықтан алдымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) ауқымында бір-біріне одақтас болып табылатын ресми Мәскеу мен Пекиннің, американдық әскерилердің Өзбекстаннан кетуіне байланысты көздейтін мақсаттары туралы сөз қозғайық. Бұл жерде Ресейдің осы күнге дейін Орталық Азияны бұрынғыша өзінің «ішкі ауласындай» көріп, басқа ірі державалардың осы аймаққа өздерінің саяси не әскери ықпалын таратпақ болған талпыныстарын, тіпті жақтырмайтынын айта кету керек. Сондықтан қытайлықтардың осы аймаққа өз базасын орналастырмақ болып жатқаны туралы әңгіменің ең алдымен Вашингтон жақтан емес, сол Мәскеу жақтан шығуына таңданудың қажеті жоқ болар.

Мәселен, ресейлік әскери сарапшы В.Мухиннің айтуына қарағанда, шілде айының соңында өзбек басшылығы АҚШ әскери күштеріне Карши-Ханабадтан кету туралы талап қойғаннан кейін Қытай өзіне деп осы базаға жол ашу туралы ақырындап болса да нақты түрде сұрастырулар жасай бастаған (Stephen Blank «CHINA JOINS THE GREAT CENTRAL ASIAN BASE RACE», EurasіaNet, 16.11.2005 ж.). Бұл талпыныс Ресейдің Орталық Азияға қатысты әскери саясатына түрткі болған. Сөйтіп, Мәскеу тез арада басқалардан осы бағытта озудың амалын қарастыра бастайды. Қарашаның 14 күні, яғни АҚШ-тың соңғы ұшағы Карши-Ханабадттан ұшып кетерден тура бір апта бұрын Ресей мен Өзбекстан президенттері одақтастық қарым-қатынас жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Iс жүзінде бұл құжат екі жақты қауіпсіздік пакті болып табылады. Онда осы екі елдің біреуіне үшінші бір жақ шабуыл жасаса, екіншісінің лезде көмекке келуі қарастырылған. Осы келісімшарт ауқымында ресейліктердің болашақта Өзбекстан жерінде өз базасын орнықтыруына жол ашылған болса керек.

Бірақ бұл жайт ресми Пекиннің Орталық Азияға қатысты саяси-әскери жоспарларына айтарлықтай әсер ете қоймаса керек. Демек, Қытай мен Ресейдің біздің аймаққа ықпалын тарату жолында ерте ме, кеш пе өзара кикілжіңге барарын болжауға болады. Бұл туралы EurasіaNet электронды басылымының авторы Стивен Бланк былай дейді: «Қытайдың Орталық Азиядағы американдық әскери тұрақтаудан қорқатыны – айтарлықтай анық нәрсе. Сонымен қатар қытайлық дипломаттар АҚШ күштерінің тұрақтауының тек потенциалды қауіп қана емес, оның үстіне аймақтық тұрақсыздық факторы болып табылатынын айтады. Осы уақытта Ресейдің жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің кем дегенде 2004 жылы жария болған ашық мәлімдемелері Мәскеудің Орталық Азияда қытайлық әскери тұрақтауға табанды қарсылығын айқындап көрсетеді» (Stephen Blank «CHINA JOINS THE GREAT CENTRAL ASIAN BASE RACE»...). Оның болжамына қарағанда, Ресейдің, бірдеңе бола қалған күнде, Қытайға қатысты өскелең стратегиялық рөлге американдықтардың аймақта кеңейтілген деңгейде тұрақтауы мүмкіндігіне қарсы тұрғанынан да бетер қарсылық көрсетуі мүмкін көрінеді. Бұл, бір жағынан, түсінікті де. Өйткені АҚШ алыста, ал Қытай жақында орналасқан. Ресеймен біздің аймақ үшін жан-жақты таласқа түсуге тек сол ғана жарайды. Және де ол Орталық Азияда бір орнығып алса, американдықтарды Карши-Ханабадтан кетіргендей қылып, оны үш-төрт айдан кейін шығарып жіберу әсте мүмкін бола қоймас. Осындайдан ресми Мәскеу ең көп қауіптенетін сияқты.

Информация о работе Халықаралық қатынастағы АҚШ