Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      Жоспар

 
Кіріспе .............................................................................................. 3
 
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
 
6
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................  
6
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................  
14
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай  қатынастары.............................................................  
 
20
 
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
 
 
 
 
32
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............  
 
32
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................  
39
 
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................                                                                    

3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................                                      
 

Қорытынды.......................................................................................

 
 
45 

45 
 

48

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
 
50

 

 

    КІРІСПЕ 

      Тақырыптың  өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

      Жаңа  тәуелсіз мемлекеттер — Қазақстан  Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды .

      Екі жақты Қазақстан—Ресей 1991 жылдан бергі  эволюциясын негізгі екі кезеңге  бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның ыдырауын біржолата айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2001 жыддары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына "қайта оралу" кезеңі.

      Қазақстанның  жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым мақсаттарды дұрыс айқындауда ел басының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

      "Өзіміздің  басым саясаттарымызды дұрыс  айқындап, тиісті стратегияларымызға  талдау жасап, осы жолмен жүру  үстінде ерік-жігер мен төзімділік  таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз... Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірге дүниеге келді.

      Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген, өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар"[1].

      КСРО  ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық ерекшелігін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру саяси коррупцияға тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.

      Ресей мемлекеті үшін әлемдік қауымдастықтан өз орнын алу және жаңа сыртқы саяси бағытты ұстану күн тәртібінде түрған өзекті мәселе болды.

      В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық және ұлттык мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде.

      В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.

      Орта  Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан  келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, Қытай мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар т.б. өзекті болып отыр.

      ҚХР мен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы орын алатын дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына, тарихтан қалған кейбір күрделі мәселелердің шешілуіне қарамастан, бүгінде жалпы Орталық Азиядағы жағдайды өзгерте алатын мәселелер бар. Бұл ғаламдық және "ішкі" даму мәселелері.

      Бұл мәселелерді анықтау тақырыптың өзектілігін анықтайды.

      Деректемелік негіздері. Аталмыш деректемелік негізі ретінде Қазақстан-Ресей-Қытай мемлекеттері арасындағы дипломатиялық келісім-шарттар, меморандумдар, мемлекет басшыларының пікірлері құрайды. Автор деректемелік құжаттарды мынадай түрге бөледі:

      1. Мемлекетаралық келісім шарттар.

      2. Мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттары.

      3. Мемуарлар.

      Мемлекетаралық  келісім-шарт: ҚХР мен ҚР арасындағы шекаралық мәселедерді шешуге байланысты коммюнике (1999 жыл 23 қазан)

      Мемлекеттік емес келісім-шарт-ШОС меморандумы.

      Мемуарлар-Назарбаевтің Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастарына  байланысты еңбектері пайдаланған: Казахстан: взгляд на мировой порядок, развитие и демократию; Общественное согласие-основа демократического развития Казахстана.

      Тарихнамасы. Аталмыш тақырып бойынша тарихнаманы отандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттер құрайды.

      Қазақстан зертеулерінің ішінде Қазақстан-Қытай-Ресей қатынастары туралы негізгі мәселелерді қарастыратын авторлар: Абдығалиев Б, Акимов А.В , Лаумулин М. Т, Мансұров Т. және т.б.[2]

      Сонымен бірге, Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Ресей  қатынастарының өзекті проблемаларын  ресейлік зерттеушілердің ішінде қатынастарды көлемді еңбектерінде қарастырған авторлар: Бжезинский 3., Брутенц К.,т.б.

      Осы мәселені зерттеуші Трофимов: «Ресей Қытайдың Орта Азиялық мемлекеттерде экономикалық жолмен, ядролық қаруды иемденуімен және этникалық инфильтрация арқьлы позицияларының күшеюіне мүддем селсоқ қарай алмайды. Себебі, ресейліктердің пікірі бойынша, демографиялық фактор- ең қауіпті болып саналады«,-деп жазған [3].

      Орта  Азия туралы, Орта Азияның геосаяси, геоэкономиканың мәселелерін арнайы зерттеген шетелдік авторлар: Монд, Гуань Гуйхай, Цитто, Олкотг М.Б., Штут Р., Шаумян Т.Л., т.б. [4]

      Браун Б. "Первый год неожиданной независимости" (1993 ж.) еңбегінде  Орта Азиялық мемлекеттердің ішінде өз тәуелсіздігі жөнінде еріксіз жариялаған Қазақстан бірнеше аптаның ішінде-ақ территориясында орналасқан стратегиялық атомдық ракеталарға  байланысты дүние жүзінің халықаралық қызығушылық элементіне айналды. АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуінде Н.Ә.Назарбаев ядролық ракеталарды Ресейге өткізуге келісті.

      Қазақстан халқының көп ұлттылығына байланысты экономикалық тепе-тендікте болуы - республикадағы түрақтылықты сақтау өте маңызды  болып есептеледі", -  деп көрсетілген [5].

      З.Бжезинский Қытайға сипат бере, оны әліде  әлемдік емес, бірақ та, аймақтық державаға жетті, - деп атап көрсетті. Тарихи тағылымға бір қарап өтсек, Қытайдың басты төрт қарсыласы, яғни Ұлыбритания, Ресей, Жапония және АҚШ екенін айта өтеді.

      Бжезинскийдің ойынша, ҚХР-да екі басты мақсат бар, олар - біріншіден, АҚШ гегемониясына, яғни АҚШ мүдделеріне қарсы тұру; екіншіден, Қытай көршілес мемлекеттерімен түсініспеушіліктерді үлкен конфликтілерге жеткізбеу [6].

      Ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:

      • Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;

      • Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;

      • Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;

      • Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;

      • Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай  мүдделері.

      Әдістемелік және теориялық негіздерін жалпы-ғылыми әдістер-синтез және анализ құрайды. Сонымен бірге, жұмыста жүйелік әдіс салыстырмалы-тарихи және логикалық әдістер кең пайдаланған. Бұл әдістер Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастарының  ғаламдану  үрдісі  кезіндегі  негізгі  бағыттарын анықтауға көмектеседі.

      Жұмыстың  құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттарға байланысты кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі  55       бет.

 

      

      І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты

 
    1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны
 

      Қазақстан — Ресей мен Қытайдай әлемдік  державалар арасында шаңырақ көтерген ел. Тәуелсіздікті сақтау үшін Қазақстан  осы екі елмен ерекше саясат жүргізу  керек. Тарих Абылай ханнан кейін  араға үш жүз жыл салып қазаққа  қайтадан тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін берді.

      1996 жылы сәуірде Шанхайда ҚХР, РФ, ҚР, Қырғызстан Республикасы және Тәжікстан арасында КСРО-ның бұрынғы республикалары мен Қытайдың арасындағы көпжылдық өзара түсініспеушілік пен сенімсіздіктің негізіне нүкте қойылды. Шанхай кездесуі, сол кездегі, КСРО-дан қалған өзара сенімсіздік, территориялық және шекаралық мәселелер бойынша мәселелерді шешуге қажет болды.

      Қазақстандық  сарапшылардың пікірінше, Қытайдың Қазақстандағы Орталық Азиядағы саясатына өткен дәуірдің әсері көп. Сол жағдайды ҚХР қазіргі қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайда пайдаланып отыр [7].

      Қазақстан мен Қытай қатынастарын зерттеуде  қырғи-қабақ соғыс кезіндегі қалыптасқан  тарихнамаға шолу жасай келе М.Лаумулин былай деп атап көрсетеді: "Шығыс Түркістандағы Қытай саясаты туралы алғашқы ірі ғылыми еңбекті жазған Р.Проис пен Г.Лиас. Олардың еңбектерінде Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты талқандаушы және қазақ ауылдарының Үндістан мен Пәкістанға көшуі баяндалған. Сол сияқты Дж.Дрейер және С.Э.Уимбуш еңбектерінде Шыңжаңдағы мұсылмандардың ассимиляция және бейімделуі үрдістері баяндалған. Бұл авторлар Қытай үкіметінің мәдени саясатына және аз ұлттарға репрессия, Шыңжаңның Кеңес-Қытай қатынастарына әсерін зерттеген [8].

      XX ғасырдың 70-80 жж. еңбектерінде негізінен КСРО-Қытай қатынастарындағы Шынжаң факторы қарастырылады.

      И.Сванберг және И.Бенсон еңбектерінде 1930-1950 жылдардағы Шығыс Түркістандағы, 1944-1949 жылдардағы Іле аймағындағы Осман батыр  бастаған қазақтардың көтерілісі және оның жасақтарының Оңтүстік Азия мен Түркияға шегінуі баяндалған. Жалпы Батыс зерттеушілерінің бұл жылдардағы еңбектеріндегі негізгі идея бойынша Қытай коммунисттерінің Шыңжанда жүргізген модернизация үрдістері КСРО-ның Орта Азиядағы саясатына қарағанда тиімсіз болған жоқ. Шыңжанда дәстүрлі исламды насихаттау, хандық Қытайдың ассимиляция үрдісіне қарсы күрес тамырын терең жайып дәстүрлі қоғам өз сипатын сақтап қалды. Ал КСРО-ның саясатының нәтижесінде Орта Азиядағы орыстандыру (кеңестендіру) үрдісінің қаншалықты болғандығын тарихтан біз жақсы білеміз.

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар