Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      1995 жылы Қытай Қазақстанның ядролық  қарудан бас тартуына байланысты  Республика тәуелсіздігіне, саяси дербестігі мен территориялық тұтастығына қауіпсіздік кепілдігін береді.

      Қазақстан - Қытай қатынастарыңдағы ҚХР төрағасы Цзян-Цзэминнің 1996 жылы 4-6 шілдедегі Алматыға тұңғыш ресми сапарында Қытай Қазақстанның ЯҚТК ( ДНЯО ) қосылуын қолдады. Ал 1993 жылы Н. Назарбаевтың Пекинге сапарында Қытай позициясын  былай жариялаған болатын: "ҚХР ядросы мемлекеттерге қатысты" күш көрсету қауіпін қолданбайды.

      Қытайдағы ядролық қару теқ өзін-өзі қорғауға бағытталған.

      Қытай мақсаты - ядролық қаруға жаппай тиым салу немесе жою .

      Осыған  қарағанда Қазақстан мен Қытай  позициялары ядролық қаруға байланысты сәйкес келіп отыр.

      Пекиндегі Цзян Цзэмин мен Назарбаевтың келіссөздерінде  былай айтылған болатын:" Жыл сайын  АҚШ-та әскери салаға 350 миллиард доллар, Жапонияда-30 миллиард доллар, ал Қытайда 7 миллиард доллар жаратылады" .

      Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы, Қазақстандық ғалым Ж.Ш.Аманжоловтың көзқарасымен де келіспеуге болмайды. Оның ойы бойынша,"қауіпсіздікке  берілген міндеттемелер заңды емес, тек қол қойған мемлекеттерге жүктейді". Осыған қарағанда, Қытаймен қатынастарды Қазақстан екі жақты немесе көпжақты сипаттағы халықаралық келісім- шартқа қол қою керек. Бұндай келісім - шарт Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болуы мүмкін [31].

      Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы әскери салада сенімді  күшейту қағидасына сүйенеді. Әскери салада сенімді тек қана ұжымдық  формада ғана емес, екі жақты түрде  де нығайтуда.

      Жемісті әскери ынтымақтастықтың негізі ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынастар туралы Біріккен Декларациясында (1993ж. 18 қазан) салынды. Бұл құжатта алғаш рет әскери ынтымақтастықты дамыту, екі елдің әскери ведомстволары арасында байланыстарды нығайту, әскери салада сенім мен ынтымақтастықты күшейту мақсатында алмасу өткізу айтылды.

      Декларацияда  тараптар барлық дауларды бейбіт түрде  шешуге келісті. Тараптар бір-біріне қарсы  бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан бас тартады [32].

      Қазақстан мен Қытай арасында әскери салада ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір мәселе бар. Ынтымақтастықтың тағы бір құқықтық негізі - ҚР-ның Қорғаныс Министрлігі мен ҚХР-ның Қорганыс Министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады (Пекин. 1995 ж. 11қыркүйек). Осы құжат негізінде (1996 жылы 5 шілде күні) Қазақстан мен Қытай арасында "Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Келісім бойынша, тараптар өздерінің зандарына сәйкес және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес, тәуелдік пен екі жақты пайда негізінде әскери- техникалық ынтымақтастықтың дамуына ат салысу және қорғаныс өнеркәсібінің қаруланған өндірістері арасында экономиканың және ғылыми-техниканың ынтымақтастығын дамытуға келісті.

      Әскери  ынтымақтастық бағыттары: әскери техника, қарулану (әдейі мүлік) өндірістерін, жаяу әскердің саймандары мен бөлшектерін, өскери-теңіз, әскери-ауа, ауа қорғаныс пен радиотехника әскерлерінің бөлшек пен саймандарын қою; біріккен ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар өткізу және тәжірибелі түрде арнайы мүлікті бірігіп өндіру; әскери-техникалық салада мамандар мен қорғаныс-ғылыми зерттеумен айналысатын мамандармен алмасу; ғылыми-техникалық ақпарат пен құжаттамамен алмасу; арнайы мүлікке ремонт жасау; модернизациялау және т.б.

      Ынтымақтастық барысында туындайтын барлық сұрақтар ұйыммен өкілеттелген тараптармен (Қазақстандық тарапынан - ҚР экономика министрлігі, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитеті; Қытай тарапынан - ҚХАӘ (НОАК) бас штабы мен Қорғаныс ғылыми-техника және ҚХР қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитет) келіссөздер арқылы шешіледі. Ынтымақтастық барысында пайда болған   нәтижелер, мәліметтер   мен   ақпараттар   үшінші   жаққа тараптардың келісімісіз берілмейді.

      Қытаймен  қатынастарды қауіпсіздікке байланысты жағымды деп бағалауға болады. Бұл ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотезалық қауіптерге қарамастан. Бұны Қазақстан мен Қытайдың әскери доктриналарының тек қорғаныс сипатта болатындығымен дәлелдеуге болады.

      Мемлекеттің шекараларының қауіпсіздігі - мемлекеттің қауіпсіздігі екені бәріне мәлім. Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі жеке тақырып. Қазақстан мен Қытайда шекараға байланысты халықаралық құқықтық қағидалар ұстануда.

      Қазақстан-Қытай  шекарасы бұрынғы кеңес-қытай, немесе Ресей империясынан Кеңес одағына өткен шекара бөлігі болып табылады. Осы территорияда 15 г. қазақтар қазақ хандығын құрады [33].

      1862 жылы Жәуешекте Пекин келісім  шартына сәйкес батыс шекараны  демаркациялау туралы келіссөздер  болды. Ал, 1881 жылы 12 ақпанда Санкт-Петербург келісімі Зайсан мен Қара Ертіс өзендері бойындағы шекара сызығын түзетуін қарастырды. Сөйтіп, 1882-1884 жж. аралығында шекара демаркациясы өтті.

      1915 жылы 30 мамырда "Хаттамасында" Харгос өзенін - Қазақстандағы Іле  өзенінің бойы Ресей мен Қытай арасындағы аяқталған шекара ретінде белгіледі. Әрі қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы 1700 км, Шекара басқа да келісім шарттармен белгіленді. 1993 жылы Декларацияда былай делінген: "Тараптар бұрын болған шекараға байланысты кеңес-қытай келісімдерімен келіседі және шешілмеген мәселелерді халықаралық құқық нормалары, тең кеңестер өзара түсінушілік арқылы шешеді" [34].

      1994 жылы 26 сәуірде ҚХР мемлекеттік  кеңес төрағасы Ли Пэннің Алматыға  сапарында "Қазақстан-Қытай мемлекеттік  шекарасы туралы келісімге" қол қойды. Келісім 1995 жылы 11 қыркүйекте күшіне енді [35].

      1999 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай  Халық Республикасы арасында, сонымен  қатар, Қазақстан мен Қытай  арасында мемлекеттік шекара  туралы келісімдерге қол қойды.

      Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан мен  Қытай арасындағы саяси-экономикалық дамуына ешқандай бөгет жоқ деп  айтылады. Шекара мәселесі екі жақты  қатынастардың күн тәртібінен толықтай алынып тасталды. Бұл Қазақстан мен  Қытай үшін тарихи оқиға болып  табылады.

      Шекара  мәселесінің ішіне трансшекаралық өзендер мәселесі де кіреді. Бұл  мәселе саяси, экономикалық, гуманитарлық және табиғи аспектілердің жиынтығы болып табылады. Менің ойымша, мәселе сауда экономикалық ынтымақтастық  саласында қарастырылуы керек. Себебі, мұнда, трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірігіп, немесе рационадды қолдану мәселесі жатыр.

      Өзінің  дамуында "Шанхай бестігі" алғашында  шекаралық мәселелерді шешуге бағытталған, кейіннен көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық ұйымына айналды. Ұйымның даму перспективалары туралы алты жылдық ынтымақтастықтың дамуына қарап айтуға болады [36].

      ҚР, РФ, ҚХР, Қырғызстан Республикаеы, Тәжікстан  Республикасы мемлекеттерінің екі  негізгі құжатқа "Шекара бойында  әскери салада сенім қадамдарын нығайту  туралы келісімге" Шанхайда (Шанхай келісімі) 1996 жылы 26 сәуірде қол қоюға ұсыныстан басталды және "Шекара бойындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге", 1997 ж. 24 сәуірде Мәскеуде (Мәскеу келісімі) қол қойылды. Келісімге байланысты Біріккен Бақылаушы Топ құрылады және осы топ келісімнің сәтті жүзеге асырылуын жүргізеді. Бес мемлекеттің келесі сатысы 1998ж. 3 шілдеде өтті. Кездесу барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сөйтіп, ұйым біріккен қызметі тек қана шекара мәселесін шешуді қарастырған жоқ. 1999 ж.24-25 тамызда Бишкекте мемлекеттер басшыларының төртінші кездесуі өтеді. Онда Бишкек Декларациясы мен Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісуі туралы келісімге қол қойды [37].

      Бес мемлекеттің бірігуінің дамуындағы тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында  Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары  басшыларының кездесуі болды. Кездесу  барысында ынтымақтастық салаларына мынадай өзекті мәселелер енгізілді: халықаралық терроризммен, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм, қару жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз миграциямен бірігіп күресу. Мемлекет қатысушылардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары арасында ынтымақтастық пен өзара әрекет ету туралы Бишкек меморандумына қол қойылды және оның негізінде "Бишкек тобы" құрылды. "Шанхай бестігі" шеңберіндегі кездесулер эксперттер кездесулерімен аяқталған жоқ.

      2000 жыл ішінде-ақ қорғаныс министрлері  мен сыртқы істер министрлері  деңгейіндегі кездесулер болып  өтті. Бүндай кездесулер нәтижесінде,  ынтымақтастық  дамып,  келісімдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалып "Шанхай бестігінің" тиімді қызмет ету механизмі қарастырылды.

      2000 жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің" бесінші сатысы Душанбе қаласында  өтеді. Қол қойылған Душанбе  декларациясында "Шанхай бестігін" көпжақты ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытып, аймақтың ұйымына айналдыру тараптардың мақсаты ретінде белгіленеді. Бұл тек қана қызмет ету ортасының кеңеюімен ғана емес, өткен келісімдердің шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қажет болды. Сонымен қатар, кездесуге Өзбекістан бақылаушы ретінде қатысады .

      Душанбе саммитінде халықаралық терроризм  мен діни экстремизмге қарсы күресу саласында ынтымақтастықты нығайтуға  нақты қадамдар ұсынылды. Қырғызстан Бишкекте Антитеррористік орталық  құруды ұсынған болатын. Бұл орталық антитеррористік операцияларды жүргізу және жоспарлау үшін әскери штаб болу керек болатын. Ресей Тәжікстанда 201- ші дивизия негізінде Әскери база құруды үсынды. Барлық инициативалар саммитте ресми қолдау тапты.

      Душанбе декларациясынан басқа Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .

      2001 жыл барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде әскери штаб басшылары мен үлттық координаторының кездесулері болып өтті. Ресей мен Қытай БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің түрақты мүшелері болып табылады. Осы жағдай да қауіпсіздікке әсер етеді.

      Көпжақты  ынтымақтастықты дамыту ШЫҰ мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Соңғы өткен кездесуде  Қазақстан тарабы ұсынған 2001-2010 жж.. белгіленген мемлекет – қатысушылар арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың Жоспарының жобасы талқыланды.

      "ШЫҰ-  әскери-саяси блок болып табылмайды",-деп  жариялады Қытай. Осыған байланысты  Қытай себептері мынандай: Қытай  үкіметі қандай-да бір әскери - саяси институционарланған блоктарға  қатыспайды деген сыртқы саяси  бағыт ұстануда. Душанбе саммитінде  Цзян Цзэминь былай айтқан болатын:"Шанхай бестігі"- одақтастық емес, және конфронтациялық та емес қатынастарға сүйенеді.

      Сөйтіп, шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму эволюциясында тиімділігін көрсете  білді. Шанхай және Мәскеу келісімдерінің шеңберінде ынтымақтастықты дамыту механизмі қабылданды. Ынтымақтастықтың салаларына экономикалық серіктестік, экстремизм, терроризм, нашақорлық және қару-жарақты бүқпа сатумен бірігіп күресу мәселелері еңгізіледі. Қатысушылардың мүдделерінің үқсастығы - қауымдастықтың болашақ перспективасы болып табылады.

      ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа  мемлекеттердің қатысу еріктерінен  көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке  байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.

      Қорытындылай  келе, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық екі  мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып  кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті  көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.

 
 

      Сілтемелер

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 24 бет.
  2. Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-75 с.
  3. Трофимов Д. Центральная Азия: проблемы этно-конфессионалбного развития.- М,: МГИМО. 1994.-55 с.
  4. Штут Р. Борьба за власть и влияние в Центральной Азии/ Іnternatіonal polіtіc (на рус. яз.). 1998. 3. С. 37-4472
  5. Браун Б. Средняя Азия: первый год неожидонной независимости //Оборонная политика-политика обеспечения мира и безопастности. Т. П-Киев.: RAND -AAAS.1993. С.170-182
  6. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —256 с.
  7. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.44-49.
  8. Лаумулин М.Т. Китайско-центральноазиатские отношения: геополитика и безопасность. Взгляд с запада// Казахстан- Спектр. 2. 1998. с.77.
  9. Касенов У. Центральная Азия: национальные и региональные аспекты безопасности//Казахстан и мировое сообщество. 1996. c/ 21-35.
  10. Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 100-112.
  11. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-85 с.
  12. Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 125-127.
  13. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-98 с.
  14. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 259 бет
  15. Сыроежкин К.Л., Кривоногов В.М. Синьцзянский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и будущее//Казахстан-Спектр. 1. 1998. С. 42-57.
  16. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-132 с.
  17.   Гумилев Е.Н. Ежелгі Русь және Қиян дала. М.,1989. 674-675 бб
  18. Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 175-185 бб.
  19. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 153 бет
  20. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 58 бет.
  21.   Зиманов С.З. В.И.Ленин және Қазақстандағы кеңесті ұлттық мемлекет. А., 1979.337 б.
  22. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 105 бет.
  23.   Кто и как формировал и определил. 142-143 бб
  24. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —194 с.
  25. С.Кортунов "Имперское" и национальное в российском сознании // М. Жизнь. 1998. N6. С. 77.
  26. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 93 бет.
  27. Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 191б.
  28.   Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-103 с.
  29. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 162 бет
  30. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.62-64.
  31. Аманжолов Ж.М. Международно-правовое обеспечение национальной безопасности РК. Автореферат.
  32. Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-7.-176с
  33. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-256 с.
  34. Что кроется за соглашением о границе с Китаем? Комментарии министра иностранных дел РК// Казахстанская правда. 1998. 15 июля
  35. Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-150с
  36. Калиева Д.А. Шанхайская Организация Сотрудничества: перспективы и развития // Analіtіc. -2001. – №3. С. 42-45..
  37. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.98-101.

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар