Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)
 
 
 

ІІ-тарау. Қазіргі кездегі  халықаралық қатынастардың  Орталық Азиядағы жаңа ролі

 

      2.1. Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымы және Қытай,  Ресей және АҚШ-тың  Орталық Азиядағы  стратегиялық мүдделері

 

      КСРО-ның  күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне  ие болған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.

      Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай  аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-да қола, қорғасын және цинк т.б. өндіруден  бірінші орында болатын. Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды. Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап, бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек табиғи ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің де назарын аударады. [1]

      КСРО-ның  құрамында болған бұрынғы Азия елдерінде көптеген мөлшерде ядролық қару және атом энергиясын дамытатын негізгі шикізат – уран рудасы өндіріледі. Орталық Азия әлемдік уран запасы мөлшері бойынша көрнекті орынға ие. Орталық Азияда уран запасының, мамандар мен технологияның болуы аймақтық ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде үлкен рольге ин екендігін көрсетеді. Аймақтың стратегиялық мәні оның ядролық қаруы бар бес мемлекеттің екеуі - Қытай және Ресеймен шектесіп, Иран мен Ауғанстан арқылы Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығуға мүмкіндігі бар. Орталық Азия мемлекеттері еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұйымы), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің (ССАС), Еуропалық даму және қайта құру банкінің) және азиялық (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы - ОЭС), Ислам конференциясы ұйымы, Азия даму банкі, Ислам даму банкі) аймақтық халықаралық ұйымдар мен банктердің мүшелері болып табылады.

      Бұл таратудың негізгі мақсаты “Шанхай  Ынтымақтастық Ұйымындағы” мемлекеттердің мүдделерін жеке-жеке қарастыру болғандықтан, бұл бірлестіктегі негізгі скрипканы алатын Қытай мен Ресейдің позицияларына тоқталайық. Өйткені, бұл бірлестіктің негізгі құрылысшылары осы екі мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының болсын бұл ұйымға қатысуының бірден-бір себебі, олардың өздерінің геостратегиялық және экономикалық мүдделерінің бар болуы.

      “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын  қалаушылардың бірі, Орталық Азия елдерімен тарихы көптеген жылдар бойы бір болған Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделерін анықтауға тырысайық.

      Ресей Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесіндегі ерекше орынды алады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі Ресей мен Орталық Азияның ара қатынастары қалай дамуда деген сұрақ жиі туындайды. Ресейдің мақсаты бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған Орталық Азия мемлекеттерін орыстың геосаяси кеңістігіне қайта қайтару және оларға өз үстемдігін жүргізу мүддесі бар деп жауап беруге болады.

      2001 жылы 15 маусымда құрылған “Шанхай  Ынтымақтастық Ұйымының” қызметін Ресей эксперттері жоғары бағалайды және оның шеңберіндегі ынтымақтастық Ресейдің стратегиялық мүдделеріне жауап береді деген мәліметтер береді. Олардың пікірлері бойынша, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” – келешегі бар ұйым, бірақ, мүше-мемлекеттердің экономикалық, саяси мүмкіншіліктерін есепке алып қарастыратын болсақ, ол өте әлсіз бірлестік. Ұйымның тиімділігін сақтап және оны нығайту үшін оның дамуының дұрыс жолын таңдап алу керек дейді.

      Ресей Федерациясының “Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына” қатысуының бірнеше маңызды себептері бар. Олар [2].

  • Біріншіден, Азия-Тынық мұхит аймағында өзінің ықпалын нығайту. Бұл контексте “Шанхай ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы әскери және әскери-саяси саладағы қатынастарын белсенділендіреді. Әскери саладағы екі мемлекеттің өзара қатынастары кейінгі кезде жоспарлы негіз алып, біріккен Қытай-Ресей үкіметаралық комиссиясымен координацияланады.

      1991 жылдан 2000 жылға дейін Қытай Ресейдің  әскери қаруын сатып алу үшін 6 милиард доллар шығынданған екен. Соңғы жылдар бойы Ресейдің Қытайға қару-жарақ сатуынан түскен пайдасы 1,3 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, бүгінде Мәскеу мен Пекиннің Вашингтонның аймақта Жапониямен, Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, ПРО ТВД құрамыз деген жоспарларына қарсы ұқсас позиция ұстанады. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Қытай мен Ресейге АҚШ жоспарларына қарсы жеке екеуі ғана емес, бүкіл ұйым атынан қарсылық танытуына мүмкіндік береді.

  • Екіншіден, Ресейдің “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі Қытаймен қатынасы конструктивті қатынастар орнату үшін өте қолайлы. Ресейдің Қиыр Шығыстағы аймағы Қытай жағынан үлкен демографиялық қысым көріп отыр.

      Соңғы екі-үш жыл ішінде Ресейдің федералды  шекара қызметкерлерінің берген ресми  мәліметтері бойынша, Ресейге 1,5 миллион  қытайлықтар келіп қоныстанған. Олардың ішінде, тек 237 мыңы ғана ресми түрде тіркелген, қалғандары Ресей территориясындағы орыс халқымен араласып кеткен.

      Егерде  миграция осы қалпымен жалғаса беретін  болса, онда Ресейдегі Қытай халқының саны Ресей демографтарының болжаулары бойынша, 2050 жылға қарай он миллион адамды құрайды екен. Ресейдің Қиыр Шығысындағы туу санының кемуі және халықтың басым көпшілігінің Ресейдің батыс бөлігіне қарай қоныс аударуы салдарынан халықтың санының төмендеп бара жатқандығынан бұл мәселе шиеленісіп бара жатыр.  Осындай жағдайда Рсеейдің Қиыр Шығысының тоғыз аймағының халқы шамамен 7,4 миллион адамды құрайтын болса, шекар маңының сына жағындағы Қытайдың үш провинциясынң халқы үш жүз миллион адамды құрайды. Осы контексте Ресей “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберінде Қытаймен миграция мәселесін реттестіруге тырысуда. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азиядағы “ойынның” тәртібін анықатйтын құрал ретінде де қызмет жасайды [3].

      Ресей өзінің Орталық Азиядағы геосаяси мақсаттарын нығайтуға тырысады.

  • Біріншіден, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі орталықтан шеттеуге (қашуға) қарсы белгілі бір сипатта қарсы тұруға мүмкіндік береді.
  • Екіншіден, “Орталық Азия” Мәскеудің сыртқы саясатындағы приоритетті аймақтарының бірі болып табылады және мұндағы Ресейдің мүдделері кеңінен көрсетілген. Олар: стратегиялық табиғи ресурстарға енуді қамтамасыз ету, аймақтағы рынокты сақтау, этникалық орыстардың құқықтарын қорғау, тұрақсыздандыру элементтерін жою (әлемде, Орталық Азияда және Ресейде). Өз мүдделерінің іске асуына және аймақтағы өз ықпалын орнатуда Ресей АҚШ-тың және де басқа  мемлекеттердің  аймақта орнығуына қарсылық танытады. Егерде Ресейдің әлсіз экономикалық жағдайы оның аймақта толық ықпалын орнатуына мүмкіншілік бермейтін болса, оның Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартының және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі өзінің әскери-саяси ресурстарын қолдануы оның ықпалын орнатуына мүмкіндік береді.

      Қазіргі кезеңде Oрталық Азияға Тәуелсіз мемлекеттер  Достастығы елдері экспорттарының төрттен бір бөлігі келеді екен [4].

        Ресейдің Oрталық Азиядағы ірі  сауда серіктесі Қазақстан болып  табылады. Ресейдің талық Азиядағы  экономикалық байланыстары әлсіреп  барады. Ұлттық рыноктардың жекешелендіру  процесі жалғасуда, кедендік шекаралар пайда болуда, тауарлар мен қызметтер, капитал және жұмыс күшінің айналымы қиындыққа түсуде. Сондай-ақ, Ресей Орталық Азия жерінде өз стратегиялық мүддесіне ие. Ол ең біріншіден, Ресей өндірістік өнімдерін географиялық жағынан жақын рынокқа шығару және ол жерлерде өз ықпалын түпкілікті орнату. Ресейдің Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық мән беретін ресурстары – КСРО кезіндегі Оратлық Азия елдерінде оның қорғаныс жүйесін құрайтын көптеген ірі әскери объектілердің  әуе қорғанысына қарсы әсекри полигондар және тағы да басқалар туралы хабар беріп тұратын радиолокациялы станциялар.

      Жоғарыда  айтылғандардың барлығын еске ала отырып, Ресей Федерациясы Орталық Азия елдерінің мемлекеттілігін, территориялық  тұтастығын сақтауға және олардың  экономикалық және қорғаныстық мүмкіншілігін дамытуға ат салысуға, сондай-ақ ТМД елдерінің ортақ бірыңғай экономикалық және саяси одақ құру. Тек осындай бағыт қана Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын орнатуындағы геосаяси мәселелерінің шешімі болып табылады.

      “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын салушылардың келесі бір Орталық Азиямен көршілес жатқан елдердің бірі -  ірі ядролы мүмкіншілігі бар Қытай.

      Қытай да Ресей секілді Орталық Азияда геосаяси мүдделерге ие. Бүгінгі таңда Қытай үкіметі үшін өте өткір тұрған – сепаратизм мәселесі, яғни, солтүстік-батыс Қытайда орналасқан – Шыңжаң ұйғыр автономды республикасының мүмкін болатын толқулары. Ол аймақтағы халық ежелгі түрік қандастығын және бүкіл мұсылман қауымын біріктіретін, ислам мемлекетін құру абйланыстарын қайта жаңғыртуды алға мақсат етіп алады. Сондықтан да, Қытайдың “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуы осы секілді мәселелерді толық түрде және ірі масштабта шешу еді. Қытайдың Орталық Азия елдерімен экономикалық қатынастарды дамытуды Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуы аймақтағы тұрақтылыққа өз әсерін тигізе алады. Бұл дегеніміз Қытаймен шекаралас жатқан провинциялардың да тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Қытай Орталық Азия территориясында өзін ірі экономикалық серіктес ретінде қалыптастыруды және біртіндеп оларды өзіне бағынышты етіп, Ресейдің мүдделерін Орталық Азиядан ығыстыруды көздейді. Дегенмен де, қазіргі кезде  Қытай өзінің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы позициясын нығайтуда, бірақта, Қытайдың халықаралық жүйедегі күштер балансын өзгертуге талпынуда және көп полярлық әлемді құру мақсаты оның әлемде жүргізіп отырған саясатын жандандыра түседі [5].

      Бірақта, Ресей мен Қытайдың “ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуы олардың ортақ геостратегиялық мүдделері болып табылады. Екі мемлекет те Шанхай бірлестігін әлемдік тәртіп мәселесі бойынша ұқсас позицияларын координациялау үшін қолданады. Екеуін  де әлемдік жүйедегі орын алып отырған жағдай, яғни, Америка Құрама Штаттарының әлемде бірполярлық жүйе орнатып, өзге гемондығын орнатуы қанағаттандырмайды. Бірполюстік мүдделеріне зиян келтіреді және позицияларын әлсіретеді. Ал, Америка Құрама Штаттарының әскери-саяси және экономикалық позициялары халықаралық қатынастар жүйесінде өте күшті болғандықтан осы кейінгі соңғы 10-15 жыл АҚШ-тық билеу кезеңінің болатындығы сөзсіз. Дәл осы АҚШ-тың гемогондығына қарсы тұруы Ресейдің және Қытайдың орта мерзімді келешектегі сыртқы саяси приоритеттерінің бірі болып табылады. Бірақта, Қытай мен Ресейдің халықарылық жүйедегі қазіргі жағдайы өзгертуге деген мүмкіншіліктері өте шамалы. Ресей саяси жағынан әлі де күшті болғанымен, экономикалық қатынастары жағынан өте әлсіз. Ресейдің әскери күші және амбициясымен оның әлемдік экономикаға қосылуы Батыстың суыққанды позициясын және үрейін тудырады. КСРО-ның құлауының бірінші жылдары Батыстан экономикалық қолдау таппаған Ресей өзінің әлемдік мүдделеріне зиян келгеннен соң, оған батысқа ашық түрде қарсы саясат ұстанудан басқа ештеңе қалмады [6].

      Қытай күшті экономикалық күшке ие, бірақ халықаралық жүйеде әлсіз саяси позиция ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өзінің конфронтацияға бармай, күту позициясын ұстануда. Соның өзінде Қытай өз мүдделерін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатыса отырып, өз мүдделерінің Шанхай бірлестігі шеңберіндегі ынтымақтастығы және өздерінің ғаламдық мүдделері мен амбициялары туралы жариялау және әлемдегі Америка Құрама Штаттарының ықпалын бәсеңдету жолында Ресейдің әскери-саяси мүмкіншіліктері мен Қытайдың экономикалық ресурстарын біріктіреді. Осыған орай Қытай мен Ресейдің жақындасуы толығымен заңды тенденция болып табылады. Екі мемлекет көптеген ғаламдық мәселелер бойынша бірыңғай позиция ұстануы және ортақ саяси бағыт көрсетуі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде жүзеге асады. Ресейдің Сыртқы істер министрі И.Ивановтың айтуы бойынша, “Мәскеудің позициясы дегеніміз – Пекиннің позициясы”, бұл дегеніміз осы екі мемлекеттердің ортақ ұстанымдарының болуынан.

      Сонымен, көпполярлық әлем туралы ой Бішкек және Душанбе Декларацияларының  негізгі идеяларының бірі болып табылады [7].

      Көпполярлылық - құжаттарда көрсетілгеніндей, “жаңадан құрылып келе жатқан жаңа әлемдік  тәртіптегі халықаралық жағдайдың  тұрақтылығына жағымды фактор болып  табылады” делінген. 2000 жылы өткен  Душанбе саммитінің маңызды қорытындыларының бірі - әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып табылатындықтан, 1972 жылғы ПРО туралы келісіміне “Шанхай бестігі” мүшелерінің қолдау көрсететіндігі болып табылады. Осындай қадам арқылы Ресей мен Қытай АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жасауына қарсы тұруға тырысты.

      Қытай өз атынан Тайваньді қандай да болмасын мемлекеттің ПРО жүйесіне қарсы  екендігін айтты. Шанхай бірлестігі елдері өздерінің бірлескен коммюникелерінде Ирактан тез арада санкцияларын алып тастауды сұрады, бұл да антиамерикандық наразылықтарының бірі болып табылады.

      Душанбе Декларациясының маңызды мәселелерінің бірі гуманитарлық мәселелерді және адам құқықтарын сылтау етіп, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу болды. Бұл мәселе Қытай мен АҚШ-тың арасындағы қатынастардың шегі болып табылады. Декларацияда, сондай-ақ, Шешен мәселесін реттеуде Ресей мен Қытай біртіндеп келешек әлемді тәртіпке байланысты саясатын жүргізуге тырысады. “Әлемдік держава” мәртебесіне ие Қытайдың жақындасуы Америка Құрама Штаттарын да мазалайды. Ұзақ уақыт бойы Вашингтон Мәскеу де, Пекин де жақын болатын. Қазіргі кезде стратегиялық үшбұрыш күштер орны өзгерді. Әлемдік жүйедегі күшті позицияға қарамастан Вашингтон стратегиялық бәсекелестікпен ғана емес, елдердің бірлестігімен бетпе-бет келіп тұр. Мұндай жағдайда АҚШ ұстамдылық саясатын ұстанып отырды [8].

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар