Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      Жалпы Қазақ даласын Ресей мен Қытай  ең алдымен өздерін сырт жаудан қалқалайтын "Аралық аймақ" деп қараған. Кейін Ресейдің империялық пиғылы басым түсіп XVІІІ ғ. ортасынан ол отарлық саясатқа көшті.

      Қазақстандық  тарихшы мамандар қазақ жеріндегі  орыс отаршылдық саясатын екі кезеңге  бөліп қарастырады. Император Анна Ионовна тұсындағы бірінші кезеңде Кіші жүз бен Орта жүз бейбіт жолмен Ресейдің қол астына қарады. XІX ғ. 60-80 ж.ж. Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметі білектің күші, найзаның ұшымен бағындырды. Қазақ жерін отарлау арқылы Ресей өзінің шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Орта Азиямен, Үндістанмен сауда-саттықты нығайтуды ойлаған.

      Патша үкіметінің отарлау саясатының негізгі  мақсаты- қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы саясатты жүзеге асыру  үшін бірнеше реформалар жүргізіп, хандық билікті жойып, этникалық бірлігімізден, одан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке-жеке губернияларға бөліп, жер тұтастығымыздан айырды. Бұл саясатта патша әкімшілігі қазақ даласын алғашқы кезде хандар, сұлтандар, старшындар арқылы басқарған. Одан кейін Қазақ Мемлекеттік ұйымы жойылды. 1867—1868 ж.ж. реформалар барысында Қазақстандағы әкімшілік басқаруда, жер мәселесінде, сот құруда және салық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Реформалар орыс әкімшілігінің билігін нығайтты. Қазақстан-Ресей қатынастарына баға бере келіп ел басы былай деп атап көрсетті: "...Орыс халқымен қатынастарды отарлау кезеңінің өлшемдеріне қарап құруға тиіс емеспіз. Тарихтың небір аумалы-төкпелі кезеңдеріне қарамастан, қазақтардың ол халықпен шынайы туысқандық, сенім қатынастары қалыптасқан болатын. Осы қатынастарда қазіргі заманның ақиқат, шындықтарын ескере отырып нығайту екі халықтың түбегейлі мүдделеріне сай келеді" [20].

      Екі мемлекеттің өзара қатынасының  кеңестік кезеңінде нақты мемлекет аралық қатынасы болды деп атай алмаймыз. Дегенменде бұл кезеңнің оң жетістіктерін де теріске шығаруға болмайды.

      Мәселен, 1920 жылғы 17 тамызда Ресей Кеңестік Республикалар Социалистік Федерациясының (РКРСФ) Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) Қазақ Республикасы туралы декреттің  жобасын қарап, мақұлдады. 1920 жылғы 21 тамызда Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКРСФ, ХКК-і М.И.Калинин мен К.И.Ленин қол қойған "Қырғыз-Қазақ Кеңестік Автономиялы Социалистік Республикасын (РКРСФ құрамыңда, астанасы Орынбор) құру туралы" Декретті қабылдады, 1921 жылдың жазында Қазақ КАСР-ның құрамына Семей жөне Ақмола губерниялары енді. Алайда қазақтар тұратын едәуір аймақ Түркістан КАСР-ның Сырдария облысы құрамында қала берді, ондағы халықтың оннан тоғызы қазақтар еді. Барлық қазақ жерлерінің қайта қосылуы 1924 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік бөлектену нәтижесінде жүзеге асты. Сол кезде Қазақтар республика халқының 61,3% құрды [21].

      Тарихтан  белгілі 1925 ж. Республика астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, ол Қызылорда  деп аталды да, астана 1929 ж.-ға дейін  сонда болды. 1929 ж. Алматы Қазақ КАСР астанасына айналды.

      1936 ж. Қазақ КАСР Қазақ КСРО  деп қайта құрылды. Қазақстан  халқы оны автономиялы республикадан  Одақты республикаға айналдыру  туралы орталықтың ұсынысын шаттана  қарсы алды.

      XX ғ. аяғы жаңа халықаралық және  геосаяси ахуалды паш етті. КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы заманға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мүның ұстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

      Жаңа  тәуелсіз мемлекеттер — Қазақстан  Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды [22].

      Екі жақты Қазақстан—Ресей 1991 жылдан бергі  эволюциясын негізгі екі кезеңге  бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның ыдырауын біржолата  айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2001 жылдары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына "қайта оралу" кезеңі.

      Т.Мансұровтың  пікірінше, Қазақстан—Ресей қатынастары  өрбуінің бірінші кезеңінде төмендегідей негізгі үш белесін бөліп көрсетуге  болады:

      — екі елдің мемлекетаралық қатынастарының құқықтық негіздерін айқындау (1991 жылғы желтоқсан — 1992 жылғы мамыр);

      — мемлекетаралық экономикалық және саяси  ынтымақтастық үлгілерін іздестіру (1992 жылғы мамырдан 1994 жылғы наурыз);

      — Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және басқа салалардағы (1994 жылғы наурыз — 1995 жыл) бірігуінің кеңейіп тереңдеуі [23].

      Қазақстанның  жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым  мақсаттарды дұрыс айқындауда ел басының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

      "Өзіміздің  басым саясаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға талдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз... Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

      Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика  мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.

      Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді  айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын  күннен-күнге өсе түскен ауқымдану  мен ұлғайып келе жатқан өзара  тәуелділік дәуірінде өмір сүріп  отырмыз.

      Егерде  біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын  бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті  болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз  негізінде дұрыс жолды тандап алу мүмкіндігіміз де бар".

      Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 1991-1995 ж.ж. қарым-қатынастар осы принциптер негізінде өрбіді. Қазақстан-Ресей қатынастары ең алдымен 148 млн. ресейліктер және 17 млн. қазақстандықтар.

      КСРО  ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық мүддесін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру, саяси коррупцияга тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.

      Ресей сарапшьларының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта "үстемдік" үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері [24].

      Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин "РФ сыртқы саясатының концепциясын" бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген.

      В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары РФ-ның  сыртқы саясатында концептуалды негіздердің  пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық  және ұлттық мүдделер жүзеге асырылады  деп күтуде.

      В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.

      В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм түбірінен бөлек болатындығы алғашқы айлардан анық көрінді.

      В.Путин  өзінің сыртқы саясатын азиялық азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.

      В.Путин "Шанхай бестігі" мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды  айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО "тікелей сөйлесуі" әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті.

      XXІ  ғасырға аяқ басқан уақытта  Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан  жағдайды қайта қарауға, Ресейдің  халықаралық беделінің өсуіне  көп еңбек сіңіріп үлгерді  деп атай аламыз.

       XXІ  ғасыр әлемдік саясатта жаңа  күрделі үрдістерді туғызғаны  белгілі. Біздің ойымызша Ресей  сыртқы саясаты өтпелі кезеңде  тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың  дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық  моноцентризм бағытының күшеюі  тенденцияларымен анықталуда.

      "Таймс" газетінің анықтамасы бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз [25].

      Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн.

      Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси  көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда. Көптеген Ресей сарапшылары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту деген пікірді айтуда.

      XXІ  ғасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов "сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД" және "біз ТМД нығайтамыз" деп атап көрсетті.

      Ресей мен Қазақстан Достастық мемлекеттерімен  ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету  бағытын дәйекті ұстап келеді. "Бұл саясат бір екі деңгейде іске асырылады: біріншіден, екі жақты негізге сүйенген байланыстар дамыса, екіншіден, ТМД-ны оған кіретін елдердің экономикалық және басқа салалардағы ықпалдастығының дәрменсізділігін арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді шеше алатындай тегеурінді ұйымға айналдыру жолындағы белсенділік төмендемейді".

      Ресей сыртқы саясатындағы жаңа үрдіс, оның халықаралық қауымдастықтағы орнын  анықтайтын ұлттық мүдде болып отыр. 1995 жылы Е.М.Примаков СІМ болып тағайындалған кезден бастап, ол сыртқы саясаттағы басым бағыттарды анықтаудан бастады. "Кең көлемде Ресейдің мемлекеттік-ұлттық мүдделерін белсенді сыртқы саясат арқылы қорғау" болуы тиіс деп мәлімдеген болатын. 1996-1998 ж.ж. Ресей сыртқы саясаты өзгерістерінің әлемдік қауымдастық үшін де маңызы болды. Себебі сыртқы саясатты болжау серіктесті қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндік берді.

      Ресей зерттеушілері А.Талкин және Ю.Красин: "Ұлттық мүдде — белгілі социо-мәдениетке тән ортақ мүдделерді анықтау, оны  қорғау тарихи субъекті ретінде өз орнын табу деген сөз",- деп атап көрсетті.

 
 

      1.3. Орта Азиядағы  жаңа  саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай  қатынастары

 

      XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орта  Азия халықаралық саяси экономикалық  үрдістерге белсенді араласа  бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.

      ТМД республикаларындағы жүзеге асырылып жатқан нарықтық экономикаға көшу жоспарлары туралы жапон профессоры Хироно өз пікірін былай деп білдірді. "Нарыққа қысқа мерзім ішінде көшуге болады деп санау да қате-бұрынғы Одақ республикалары үшін кемінде 10-15 жыл керек... Оған көшуді қиындықсыз және өз күшімен жүзеге асыруға болады деп санау қате — көшу кезінде орасан зор қиындықтар ұшырасады және оларды жеңуі үшін сырттан зор, жаппай көмек — азық-түлік, материалдық және инвестициялық көмек көрсетілуі қажет... Басқаруға келмейтін қоғам да нарыққа көшеді деп санау аңғалдық - оған көшу үшін саяси тұрақтылық қажет, жекеше сектордың мұрындық болуы және еңбек тәртібі, қоғам мен нарыққа беттеген жолдағы үйлесімділік, үкіметтің жекеше секторымен ынтымақтастығы керек.

      Бірақ, бұрынғы Одақта табиғи ресурстар, ұлтжандылық, білікті жұмыс күші бар және айтарлықтай  көп мерзімді нарыққа көшудің  болуы ықтимал" .

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар