Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      Айта  кететін жағдай - Шыңжаң мен Орталық Азия арасындағы экономикалық интеграция КСРО тұсында қалыптасты. Мәселен, 1989 жылы Шыңжаң мен КСРО арасындағы сауда айналымы 118,5 млн.долл. жеткен.

      Сарапшылардың пікірінше, ресми Пекиннің Шыңжаңның  басқа да Оңтүстік аймақтарымен арадағы теңсіздікті қайта қарауға мұнай факторы әсер етті. Мәселен: 1980 жж. аяғында американдық Эксон және Мобил мұнай компаниялары таримдегі мұнай кенін игеруге ынта білдірген болатын. Бірақ, олар Қытай Ұлттық мұнай компаниясының қарсылығына тап болады. Қытай мамандарының пікірінше, ЦХР шетелдік технологиясыз да өздері мұнайды игере алады деп дәлелдеді. Сондай-ақ, Қытай үкіметі шетелдің технологиялық шығындарын өтей алмайды деп түсіндірілді.

      Сондықтан да, бұл аймақты Қытай өзі игере  бастады. Бұл мәселеде Қытайдың саясаты — Шыңжаңға хандық, яғни этникалық қытайлықтардың эммиграциясын күшейтумен қатар жүрді. Шыңжандағы қытайлықтардың саны 300.000 (1949 жылы), 6 млн. дейін жеткізілді [15].

      Қазақстандық  сарапшылар Шыңжаң мәселесін Орталық  Азиядағы қауіпсіздік мәселесінен сабақтастыра қарастыруды ұсынады. (Е.Абен, Е.Карин). Бұл орайда олар ұйғыр сепаратизмінің таралуын алға тартады. Негізінен ұйғыр сепаратизмі Қытаймен ҚР шекаралық аймақты қамтып отыр. Сондықтан да бұл мәселенің екі мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясында алатын орны ерекше.

      Ұйғыр сепаратизмі екі мемлекеттің  ұлттық мүдделеріне қатысты мәселе. Бұл мәселенің өршуі үш бағытта  орын алуы мүмкін:

      -  Тарым аймағы—Ферғана аймағы (Қоқанд, Ош);

      -  Тұрфан—Хами-Үрімші;

      -  Құлжа—Жоңғар аймағы—Жетісу (Алматы);

      Шыңжаң сепаратизмінің діни-этникалық ерекшелігін де ескеру қажет. Бұл қозғалыс Қашқариядан Үрімшіге дейінгі аймақты қамтып отыр:

      • Батыс бағыт — Андижан, Қоқанд қалаларын, Қырғызстанның бірнеше  ауылдарын және Оңтүстік Шыңжаң;

      •   Солтүстік бағыт — Жетісу және Жоңғар даласы;

      • Шығыс бағыты — Шыңжаңның солтүстік-шығыс  бөлігін қамтиды;

      Бұл бағыттардың ішінде ваххабистік-экстремистік ағымдардың ең кең тараған жері Батыс  аймақ болып отыр. Шыңжаңның бұл  аймағы Ферғанамен шектесіп ұйғыр ұлтшылдарының  орталығы деп есептеледі. Бұл бағыт тарихи дәстүрлі Қытайға қарсы күштердің орталығы. Мысалы 1871-1881 жж. атақты Якупбек бастаған мұсылмандардың көтерілісін Цин империясы үлкен күшпен басқандығы белгілі. Бүгінде Шыңжаң ұйғырларының көбі осы аймаққа келіп орналасуда.

      Соның ішінде Ферғана аймағында ұйғыр сепаратизмі шиеленісіп отыр. Оның алғы шарты 1871-1888 ж.ж. Якупбек бастаған Қытай үстемдігіне қарсы көтерілістен басталған.

      Бүгінде ұйғыр сепаратизмі ваххабизм  идеологиясын қолдап аймақтағы тұрақтылыққа әсер етуде. Қытай баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ұйғыр сепаратистік қозғалыстары Сауд Аравиясынан, Сирия, Пәкістан және Иран мемлекеттерімен қаржыландырып отыр.

      Қашқар  мен Ферғана аймақтары діни негіздегі  ұлтаралық қақтығыстардың орталығы болып отыр.

      Солтүстік бағыттың ұйғырлары ҚХР Орталық үкіметіне қарсылықтың басында тұр деп атауға болады. Бұл аймақтың жергілікті тұрғындары Қазақстандағы ұйғыр халқымен тығыз байланыста. Қазақстанда 185301 ұйғыр тұрады, олар ТМД ұйғырларының 70% құрайды.

      Франс-пресс  агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда жасырын қызмет атқаратын 4 ұйғыр ұйымдары бар. Оның ішінде Шығыс Түркістан ұлт-азаттық революциялық ұйымының біріккен орталығы. Оның жетекшісі- Жүсіпбек Мұхлиш.

      Ресми Пекин Қазақстанда ұйғыр қозғалысын қолдап отыр деп айыптауда. Өйткені, 1944 жылы құрылған "Шығыс Түркістан республикасы" Іле, Алтай, Тарбағатай территориясында құрылған. Бұл жерлерде қазақтар мен қырғыздар көп мекендейді.

      Қазақстан Республикасының бұл мәселедегі позициясы айқын. Қазақстан үкіметі  сепаратистік қозғалыстардың қандайын болса да қолдамайды. ҚХР қарым-қатынастарды достық, өзара тиімді тұрғыдан дамытуды қолдайды.

      ҚР  мен ҚХР-ның жаңа геосаяси кеңістіктегі орнын біз екі жақты қатынастардың  даму үрдісінен, мемлекеттердегі әлеуметтік-саяси  реформалардың алғы шарттарын сараптай отырып баға бере аламыз.

      Біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей КСРО-ның  ыдырауы Орталық Азияда жаңа мемлекеттердің пайда болуына әкелді. Қазақстан  тоталитаризмнің барлық келеңсіз жақтарын басынан өткізді. КСРО кезінде Қазақстан  ғылыми-техника дамуында Одақтас республикалар ішінде алдыңғы орында болды. Бірақ, 80-ші жылдарда Қазақстанға да саяси дағдарыс, экономиканың, әлеуметтік құлдырау тән болды. Соның салдарынан 1986 жылы Алматыда жастардың СОКП Орталық Комитеті жоғарыдан қабылдаған шешімге наразылық бұрқ ете түсті. 1989 жылы Қарағанды шахтерлерінің бас көтеруі болды.

      Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1991 жылы оның тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев бірауыздан сайланды. Н.Назарбаев қоғамды демократияландыру, ҚР әлемдік қауымдастықты өзінің тиісті орнын алуда зор тарихи еңбек сіңіріп келді [16].

      Бұдан бұрын айтқанымыздай, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың  бірі ҚХР-мен өзара тиімді экономикалық біріктіру, екі мемлекеттің Орталық  Азиядағы геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ортақ стратегияны құрастыру болып табылады.

      Қазақстанның  қазіргі жағдайының ерекшелігі, яғни экономикалық реформалау жолдарында қалыптасқан  тетіктердің ықпалының күшеюі. Бұл  өз тарапынан сыртқы экономикалық және саяси байланыстар әлеуметіне елеулі түрде ықпал етуде.

      Қазақстан үшін Кеңестік дәуірден кейінгі болмыстың  нақты шындығын, егемендену үрдісіне талдауды, мемлекеттік стратегияның мақсаттарын Н.Ә.Назарбаев 1992 ж. "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қаз тұруы  мен қалыптасуының стратегиясында" тұжырымдады.

      Оның  ішінде стратегиялық мақсат ретінде  экономикалық реформаларды ойдағыдай  жүргізу, геосаяси тұрғыдан өз орнын  табу, Қазақстанның қоғамдастықтағы саяси салмағын арттыру, Қазақстанның оңтайлы геосаяси жағдайын пайдалану және т.б.

      Сондай-ақ Н.Назарбаев ҚХР-мен толық сенім  принципі негізінде өзара достық қатынастарды қолдау ел үшін төтенше  маңызды екенін атап көрсетті.

      Екі мемлекеттің геосаяси кеңістіктегі алатын орны және олардағы реформалардың  барысы туралы өз пікірін білдіре  келе, Қ.Сұлтанов екі көршілес мемлекеттің экономикалық реформаларының өзіне тән ерекшеліктерін де атап көрсетеді. Оның пікірінше, Қытайдағы реформалар бұрынғы саяси жүрісті сақтай отырып жүргізіледі және реформалар қоғамды біріктіреді, халықты аштық пен кедейліктен сақтап қалды.

      Қазір дүниежүзі Қытай тәжірибесін үйренуде.

      Ал  Қазақстанда реформалар бұрынғы  саяси түсінік ыдырап, экономикалық шаралардың байланыстары үзіліп, әлі  жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы жағдайында жүзеге асуда",- деп атап көрсетті.

      Қазақстан мен ҚХР өздерінің әр түрлі саяси-әлеуметтік негіздеріне экономикалық реформалардың дамуы деңгейіне қарасты жаңа геосаяси ахуалға қатысуда.

      Қазір олар жаңа геосаяси ойынның объектісіне  айналуда.

 
 
 

      1.2. Қазақстан-Ресей  катынастарының негізгі  кезеңдері және стратегиялық мүдделері

 

      1991 жылы тамыз айынан басталған  КСРО-ның ыдырау үрдісі оның  орнына тәуелсіз мемлекеттердің  құрылуымен аяқталғаны белгілі.  Кеңестік Орта Азияда (Орталық  Азия) бес мемлекет — Қазақстан,  Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан  және Өзбекстан құрылды.

      Бұл мемлекеттердің құрылуының тарихи алғы шарттарына келетін болсақ, олар өз бастауын б.з.д. бірінші мыңжылдықта, яғни Орталық Азиядағы Бактрия, Согдина, Парфия, Хорезм және т.б. ежелгі мемлекеттерден алады. Бұл жерлер сыртқы жаулардың, Александр Македонскийдің, парсылардың, арабтардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Ал VІ-ХПғ.ғ. Орталық Азия түркі қағанатының қол астына өтті. Одан кейінгі дәуірде түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қараханидтер және т.б. мемлекеттер құрьлып үстемдік құрды. ХІ-ХVІғ.ғ. Орта Азия селжүктер мен қидандардың, монғол-татарлардың шапқыншылығына тап болды. XVІІІ ғасырда Орта Азияға Цин империясы ішкерлеп ісірген болатын. XV ғ. аяғында қазақ хандығы құрылды. Бұл үрдістерге баға бере келіп, атақты этнограф, тарихшы, ғалым Л.Н.Гумилев былай деп атап өтеді: "...Бір мезгілде ойраттар батысқа қарай сүрапыл жортуылдар жасады. 1452 және 1455 жылдар арасында олардың әскерлері Моғолстан, Шағатай хандығының солтүстік жиегі арқылы көктей өтіп, Қыпшақ даласына сүғынды, күнгейге бұрылып, Сырдария аңғарымен Ташкентке дейін жетті де, еліне олжамен оралды. Осынау талқандаудан кейін Азия картасынан Ақ Орда жойылып, оның орнында қазақтардың тайпалық одақтары (жүздер) қалыптасты. Ойраттар сияқты, қазақтар Ордадан біраз бұрын 1425—1428 жылдары іргесін аулақ сала бастап, сол кездің өзінде-ақ хан билігін сұлтандар кеңесімен алмастырды. Ойраттар өз билеушілерін Қытайдың "тайгжи" (ханзада) сөзімен, ал қазақтар арабтың "сұлтан" деген сөзімен атайтын. Екі жағдайда да көшпенділерге тән этностық нормалар сақтала отырып, Шыңғыс ханға дейінгі әлеуметтік пайымдар қалпына келтірілді. Пассионарлық серпіннің төмендеуі ойраттар мен қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал етті де, олар пассионарлық кешерінен асып төгілген кезде құрылған әлемдік империя тұсында, яғни XІІІ ғ. айырылып қалған идиллияға қайтып оралды. Енді келіп күш тек өзара қырқысулар мен жортуылдарға ғана жетті де, сыртқы жерлерді жаулап алу қаншалықты көз қызықтырса да, оған қуат жетпеді.

      XV ғ. ойраттар, қазақтар, ноғайлар және  Қара теңіз бойының татарлары осындай жағдайға келді. Бұл жағдайға тек өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған қырымшақтар мен көшпенді дүниенің дұшпандары Темір ұрпақтарын 1507 жылы еңсерген өзбектер ғана оралған жоқ" [17].

      Қазақ хандығының дүниеге келуі Қазақстанның бүкіл аумағында бұрын өткен әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды қорытындысы. Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керей, ал 148 жылдан бастап Бұрындық ханның есімімен байланысты.

      XV ғ. ортасында қазақ хандығының  территориясы кеңи түсті. Моғолстан мемлекеті қазақ хандығының тегеуірінен және ішкі себептерге байланысты ыдырап, шамамен 1514 жылға қарай моғол билеушілері Шығыс Түркістанға ығыстырылып тасталды. ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. қазақ хандығы геостратегиялық маңызы бар саяси күшке айнала бастады. Қазақ хандығы Орта Азиямен, Астрахан, Сібір хандықтарымен және Орыс мемлекетімен байланыс жасап отырды.

      Академик  М.Қ.Қозыбаевтың пікірінше "Ресей  дипломаттары қазақ хандары мен  сұлтандарының арасындағы бәсекені шебер пайдаланып, оларды Ресей бодандығын алуға үгіттеді. Қазақ жүздерін Ресей құрамына қосу бір мезгіддік процесс болған жоқ, ол жүз елу жылға созылды. Бұл процесс императрица Анна Ионовна Ресей бодандығына Кіші жүз ханы Әбілхайырды қабылдау туралы грамотаға қол қойған 1731 ж. басталды. Әбілхайыр хан болса, Ресейдің көмегімен барлық қазақ жерлері мен руларын бауырына басқысы келді. Орта жүз бен Ұлы жүз Ресейге көп кейін қосылса да Әбілхайыр патша үкіметіне өтініш жасағанда өзін барлық қазақтардың атынан сөйлегендей етіп көрсетті, ал мұның өзі оны мазасыз көршілерінің дұшпандық әрекеттерінен қорғайтын еді" [18].

      Қазақтардың Ресей құрамында болған кезеңін  тарихи үрдістің бүкіл күрделілігі  мен қарама-қайшылығын ескере отырып, бағалау керек дейді. Қазақстан  Республикасының Ресейдегі төтенше  және өкілетті елшісі Т.Мансүров:

      "Ресейдегі  гуманизм жақтастарымен қаупі,  оның демократиялық мәдениетінің  ықпалы қазақ қоғамының рухани  дамуының факторына айналды. Қазақтардың  Ресей құрамында болу процесі  қаншалықты сан қырлы болғанымен, бұл процесс экономикадағы, әлеуметтік  және мәдени дамудағы өзгерістерге жол ашты. Бірақ, сонымен қатар ол қоғамның мүліктік жіктелуін күшейтті, қазақтардың өз мемлекеттігінің дамуын кері кетірді. Іс жүзінде осы кезенде қазақтар өзінің мемлекеттік құрылымдары жойылғаннан кейін тек жергілікті өзін-өзі басқару пайымдарынан жиындар ғана сақталып, онда әрбір елу үйден бір сайлаушы, яғни ел басы сайланып отырды. Сайлауыштар болыс сайлауына кандидатты, халық биін сайлауға қатысты, ал оларды бекітетін губернатор болатын. Қазақтың халық билерінің қарауынан қылмыстық істер бөліп алынып, оларды қарау империялық сотқа берілді" [19].

      Қазақстанның  Ресейге қосылуына қазақ қоғамының  әр түрлі әлеуметтік және саяси күштері  әр түрлі қарады. Мәселен, өмірдің  патриархтық түрінің бұзылуы  батырлар халықты соңынан ерте алатын хан билігі заманын аңсау сарындарын туғызды.

      Қазақ даласына тауар-ақша қатынастарының енуі ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа қайшы  келді. Патша үкіметінің қазақтарға жүргізген ашық саясаты да наразылық  тудырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан  кейін 50 жылдан соң Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс басталды. С.Датов бастаған көтерілістің сипаты патша үкіметімен ауыз жаласқан хандық билікті жойып, ел басқарудың жаңа құрылымын орнату болған.

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар