Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      Жаңа  тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық реформалаудың қиындықтары қоғам өмірінің саяси  саласын түбегейлі өзгертуден де туындап жатты, ол саладағы үрдістер қарқынды, кей жағдайда мүлдем берекесіздік пен қаулы текетіреске дейін алып барды. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бьлай деп атап көрсетті: "Адамдар өмірі мен қызметі жағдайларының ұдайы жақсарып отыруын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде дамыған экономика жасау үшін шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу қажеттігіне қазір күмәнданатын адам аз". Бүкіл мәселе мынада: "Өндірістің көп құлдырауына және тұрмыс деңгейінің нақты төмендеуіңе қалай көшеміз? Экономикалық саясаттың осынау басты міндеті әзірге, біздің ойымызша, қанағаттанғысыз шешімде". Біз бастап кешіп отырған терең экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі мынадай: "Нарыққа көшудің бұрынғы КСРО-да 70-жыл ішінде қалыптасқан халық шаруашылығы мен басқару әдістері жүйесін қайта құрудың әу басында елдің ерекшеліктері мен тарихи  дәстүрлерін, сондай-ақ, оның экономикасын таяу болашақта өзгертудің стратегиясын ескеретін ғылыми негізделген тұжырымдамасы дайындалған жоқ " [26].

      Орта  Азия республикаларының тәуелсіздік  алуы мемлекет аралық қатынастардың  дамуында да жаңа стратегиялық үрдістерді анықтауды талап етті. Сондай үрдістердің бірегейлі аймақтық ынтымақтастық пен интеграция болып отыр. Бұл үрдістер әлемдік дамудың да негізгі басты тенденцияларына айналуда.

      

      Орталық Азияда ортақ мәселелерді келісіп  шешу үрдісі бар. Орталық Азия қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен, өзбек т.б. халықтардың тарихи отаны. Мәселен, Ферғана өңірінде атам-заманнан бері қырғыздар мен өзбектер бірлесіп шаруашылық жүргізіп келгені белгілі. Орта Азиядағы ортақ су қойнауларын пайдалану бұл өңірде отырықшы өркениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Аймақтық ортақтық-сол аймақта өмір сүретін ұлттардың мүдделерінің ортақтығының кепілділігі. Ал бұл кепілдік өзара достық қатынастардың дамуын, экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді. Тарихтан белгілі Орталық Азиядағы халықтар өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Ал Самарқант, Бұхара, Хива, Үргенші, Отырар, Тараз, Түркістан, Әулие-Ата және т.б. қалалар ертеден ірі сауда, мәдени, ғылыми орталықтар болған. Сондай-ақ, Орталық Азияның тиімді геосаяси жағдайы Шығыс пен Батыс өркениетінің өзара араласып дамуына мүмкіндік береді. "Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену- қазіргі кезді, жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуте көмектеседі. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына жүгінгенде, оның ежелгі дәстүрлері бар екенін атап өту керек. Бір жарым мың жылдай бүрын түркілер өзінің бірінші ұлы мемлекетін — түрік қағанатын құрды. Еуразияның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да оның мұрагерлеріне айналды. Орасан зор қашықтықтарға көшіп қана жүріп, Азияның көшпенділері тұтас континенттердің этностық және мемлекеттік бейнесін талай рет өзгертті. Көшпенді және жартылай көшпенді түркі тайпалары қазіргі көптеген халықтардың, ең алдымен түркі халықтарының қалыптасуын бастап берді. Олардың орналасу аймағы Якутиядан Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор кеңістікті алып жатыр" [27].

      Орта  Азия өзінің геосаяси орналасуы, ортақ  шекара, көлік және коммуникация, жол  байланыстары және табиғи ресурстары жағынан өнеркәсіптің дамуына, ортақ  кәсіп орындар, агроөнеркәсіптің дамуына  қолайлы. Орта Азия мемлекеттерінде тау кен өнеркәсібі түсті - қара металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған аймақ.

      Дегенменде, ортақ ұқсастықтарға, ортақ тарихи, мәдени дәстүрге қарамастан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында елеулі айырмашылықтар бар. Саясаттанушы С.Пірімбетов бұндай айырмашылықтардың негізгілерін атап көрсете келіп Қазақстанға байланысты былай дейді: "Қазақстан территориясы жағынан басқа республикаларға қарағанда үлкен, бай шикізат көздері және өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы неғұрлым дамыған республика. Сонымен бірге Қазақстан халықтық этникалық құрамы жағынан әр келкілігімен ерекшеленеді.

      Қырғызстан  — географиялық жағдайына сәйкес салыстырмалы түрде кіші мемлекет, экономикалық бөлшектенумен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде аудандардың әлеуметтік айырмашьшығымен ерекшеленеді.

      Тәжікстан — негізінен таулы мемлекет, оның 93% тау, 7% далалы аймақтар. Мемлекеттің  негізгі өнеркәсіп орындары, ірі  қалалар осы 7% жерде шоғырланған. Табиғаты бай өлке.

      Түркіменстан - өзіндік даму жолын тандап отырған мемлекет. Мемлекеттік, саяси және экономикалық дамуда, Түркіменстан "бейтараптылық", "ашық есік" саясатын ұстанып отыр. Өзбекстан болса, этникалық біркелкі,- халық саны тығыз орналасқан ірі мемлекет. Негізгі өнеркісібі мақта өндіру. Мақта өндіруден дүние жүзінде екінші орында. Өзбекстанда бай табиғи газ, көмір, мұнай, гидроэнергетика ресурстары, алтын т.б. шикізат қорлары шоғырланған" [28].

      1993 жылдан бастап, Түркімендерде су, газ, электр энергиясын пайдалану  тегін. 1995 жыдцан бастап тұзды тегін пайдаланады.

      С.Пірімбетовтың  пікірінше, Ортақ экономикалық кеңістікті құру үшін және Орта Азия мемлекеттерінің  экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету үшін төмендегідей жағдайларды  жүзеге асыру керек.

      • Қаржы және еңбек ресурстарының кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру керек

      •  Көлік және коммуникация жүйесінде  ортақ саясат жүргізу;

      • Мемлекеттер арасында еркін сауда, еркін баға жүйесін еңгізу, тауар  айналымына байланысты кедергілерді жою;

      • Өнеркәсіп субъектілерінің арасында тікелей экономикалық байланыстарды  орнату және өндірістік кооперацияны дамыту;

      • Өзара инвестиция саясатында тең  экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және ел экономикасына шет  ел инвестициясын алу жүйесінде өзара тиімді келісімдерге келу;

      • Жеңілдетілген кедендік тәртіп орнату, сондай-ақ, кедендік заңдарды реттеу және салық жинау саясатын төмендету;

      • Манеторлық одақ қалыптастыру, ұлттық валюталардың еркін айналымын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру .

      Сонымен, Орталық Азиядагы (1991 жылдан кейінгі) экономикалық интеграцияның даму эволюциясын  қарастыратын болсақ, бұл үрдістің дамуы біркелкі болмағаны белгілі. Орта Азиядағы экономикалық интеграция үрдісінде 1993ж. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 1994—2000ж.ж. арналған экономикалық интеграцияны терендетуге арналған келісімді атап өтуге болады. Сондай-ақ, 1994ж. Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) үштік одаққа қол қойылды (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан): 1994 ж. Орта Азиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылды.

      Әрине, Орта Азиядағы экономикалық, интеграциялық  үрдістерді ТМД шеңберінде де қарастыру  керек. Ынтымақтастық дамуын құқықтық негіздерсіз қарастыру мүмкін емес.

      1997 жылғы мәліметтерге сәйкес ТМД  шеңберіндегі өндірістік, әлеуметтік  гуманитарлық салада, ұжымдық қауіпсіздік  саласында 1300 астам келісімдерге  қол қойылған .

      ТМД үшін Достастықтағы бейбітшілік  пен тұрақтылықты қамтамасыз ету  туралы Мемарандумның маңызы ерекше. Бұл мемарандумға 1995 жылы 10 ақпанда Алматыда 12 мемлекет басшылары қол қойды [29].

      Біздің  ойымызша, Орталық Азиядағы аймақтық интеграция экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден-бір  дұрыс жол. Сонымен бірге экономикалық интеграцияны ТМД көлемінде де терендету қажет деп есептейміз. ТМД көлеміндегі және Орта Азиядағы аймақтық интеграцияның тарихи, географиялық, мәдени және ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып дамуына толық мүмкіндіктер бар.

      Бүгінде аймақтық интеграцияның дамуының бірнеше кезеңдері анықталып отыр:

      — ортақ нарықтың қалыптасуы және өндірістік кооперация;

      — ұлттық заңдардың жақындасуы және ортақ  экономикалық саясат жүргізу үшін жаңа құрылымдардың құрылуы;

      — ортақ экономикалық және қаржы кеңістігін құру, соның нәтижесінде еркін тауар айналымын, еркін капитал жұмыс күші нарығын қалыптастыру. Достық және өзара тиімділік принциптері негізінде ортақ бюджеттік, салық, баға, кедендік және валюта саясатын жүргізу.

      Жалпы Орта Азиядағы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бұл мемлекеттердің дағдарыстан шығып, біркелкі тұрақты даму жолында екендігін көрсетіп отыр.

      ТМД шеңберіндегі және Орталық Азиядағы экономикалық және саяси интеграцияңың  болашағы туралы сарапшылар әр түрлі  пікірлер айтуда. Біздің ойымызша қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ертеңгі күннің объективті қажеттілігін ескеретін үлгі ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясы болса керек.

      ЕАО құру жобасының кіріспесінде былай  делінген: "Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай, өтпелі қоғамдар тек ұжымдасқан күш-жігер арқылы ғана ойдағыдай жаңғырту ісін жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, біз кейбір ТМД елдерінің осы міндетті жеке-дара шешпекші болған-әрекеттері бұрынғысынша сәтсіз болып келе жатқанын көріп отырмыз. Жаңа жағдайдағы экономикалық интеграцияны іске асырганға дейін солай болып қала бермекші. Елдердің арасындағы нарықтық  экономиканың дамуы, саяси процестердің демократизациянуы деңгейінің айырмашылықтарын ескере отырып, біз қосымша бірігу құрылымын ТМД қызметімен үйлесетін Еуразиялық Одақ қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл орайда бірігудің көпнұсқалығы, ТМД мемлекеттерінің дамуы қарқынының әрқилылығы, әрекеттілігі мен әр векторлығы еске алынады. Бұл ТМД-да жаңа экономикалық тәртіп қалыптастырудың өте-мөте қажеттілігі туралы айтуға негіз болады. Әлеуметтік экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің бәріндегі дерлік көпұлтты халықтардың көз алдыңда өтіп жатыр. Осының салдарынан этностық қатынастар ширығып, ол мемлкеттердің өз ішіндегі шиеленіске ғана емес, кейде тіпті мемлекетаралық жанжалдарға соқтырып жүр.

      Мұндай  жағдай ТМД институтының беделін  түсіреді. Демек бірлескен күш-жігер  арқылы әртүрлі жанжалдарды тежеу.

      ...Экономикалық  бірігу мәселелерін шешу жеткілікті  мөлшердегі құзыреті бар саяси институттар құруға мәжбүр етеді. Олар мемлекеттердің экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, мәдени, ғылыми салалардағы қарым-қатынасын реттеу міндетін атқару тиісті" .

      Сонымен, ЕАО құру жоспары кеңестік кеңістіктегі өмір сүретін халықтардың тілегіне сай деп есептеуге болады.

      Өзімізге  белгілі ЕАО туралы идеяны Н.Ә.Назарбаев  алғаш рет Ресей Федерациясына  ресми сапар барысында, 1994 жылы 29 наурызда М.В.Ломоносов атындағы ММУ  оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесу кезінде, Мәскеу Ресей астанасының әскери топтары мен шығармашылық интеллегенциясының өкілдерімен кездесу кезінде, сондай-ақ жетекші ресей газеттерінің бас редакторларымен және телекомпанияларының басшыларымен болған "дөңгелек стол" басындағы мәжілісте айтты.

      Бүгінде бұл идея саясаткерлер мен ғалымдардың арасында ғана емес, Қазақстанның, Ресейдің және ТМД басқа да елдерінің халық жұртшылығының ортасында кеңінен мәлім болуда.

      Еуразиялық  одақ құрудың негізгі- қағидаларына келетін болсақ, ол мынадай басты  үш қағидаға сүйенеді:

      — экономиканы, қорғаныс ісін және сыртқы саясатты басқа руды үйлестірудің ұлттық деңгейден жоғары ортақ органдарды құру;

      — біртұтас экономикалық кеңістік;

      — ортақ қорғаныс кешені;

      Бүгінгі ЕАО идеясының кейбір қағидалары алайда ТМД және Орталық Азиядағы соңғы жылдардағы саяси, геосаяси өзгерістерге байланысты бұл идеяның жүзеге асуына объективті және субъективті кедергілер бар.

      Қазақстан және Қытай Халық Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық, шекаралас мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының ең негізгі бағыты болып табылады. Әскери ынтымақтастық аймақтағы немесе әлемдегі халықаралық қауіпсіздікті күшейте алады, әскери қақтығысқа әкелетін түрлі факторларға жол ашады. Сондықтан, мемлекеттер осы салаға көп көңіл бөледі. "Әр бір мемлекет өз қауіпсіздігін күшейтуге көп көңіл бөледі, оның мақсаты басқа тәуелсіз мемлекеттердің арасында өз дербестігін сақтап қалу" .                         

      Соның ішінде, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери ынтымақтастық туралы айтқан кезде "Әскери сипаттағы іс-әрекет сенімсіздігін жоюға бағытталған біріккен қызметін айтылуы тиіс".

      Қазақстан-Қытай  ынтымақтастығында, сонымен қатар, бір мәселе жатыр. Ол Қытай мемлекетінің ядролық мәртебесіне ие болуы, ал Қазақстанның ядросыз мемлекет болып  табылуы. Бірақ, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартына мүше болып табылады, ол бастама мүше мемлекетке қауіп төнсе, барлық мемлекет - мүшелеріне қауіп деп есептейді.

      1992ж. "Ядролық қару-жарақты таратпау  келісім-шартына" қол қойғаннан  кейін, Қазақстан барлық ядролық мемлекеттерінен ұлттық қауіпсіздігіне кепілдік алды. Бұл келісім- шарттық Ратификацияны және басқа өзара келісім-шарттарға қол қоюға (СНВ-1 келісім-шарты және, Лиссабон хаттамасы) Қазақстанның үш мәселеге байланысты келісім жасағаннан кейін өтті-ядролық мемлекеттердің шабуыл жасамау кепілдіктері, ядролық бөлшектердегі байытылған уранның қайтарылуы және батыс мемлекеттерімен экономикалық интеграциясымен қатар еңген инвестицияларың тарту [30].

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар