Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................

Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Работа содержит 1 файл

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы .doc

— 407.50 Кб (Скачать)

      2000 жылы шілдеде НАТО-ның бас хатшысы Д.Робертсон Орталық Азия елдеріне турне жасады. Онда ол аймақ мемлекеттерін қызықтыру үшін “Бейбітшілік үшін серіктестік” жоспары шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуды ұсынды [9].

      ХХІ ғасырға деген өзінің экономикалық өсуі және елдің модернизациясын  жүргізіп жатқан Қытай, шекаралық Орталық  Азия елдерімен тату көршілестік  қатынастарын дамыту туралы мәселелерді  де шетте қалдырмады. Өз қарым-қатынастарын Қытай және Орталық Азия мемлекеттері өзара пайда, бір-бірлерінің ішкі істеріне араласпау және сепаратизмді қолдаудан бас тарту туралы принциптерге негізделе отырып жүргізеді.

      Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар тату көршілестік және достастық сипатында. 1992 жылдың 3 қаңтарында екі ал арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойғаннан бастап, ең биік және жоғары дәрежедегі өзара сапарлар басталды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, “Қытаймен тату көршілікті жүргізуден өзгеше саясат жоқ” [10].

        Әрине, шешілмеген мәселелер тобы  жетерлік. 1994 жылы сәуір айында  Қытай премьер-министрі Ли Пэннің  Қазақстанға сапары кезінде шекаралар  туралы келісім-шарттарға қол  қойылды. Қазіргі кеде екі ел арасында трансшекаралық өзендер мәселесі бар. Бірақ, бұл мәселелер жартылай ғана шешілді [11].

      Ең  алдымен, Іле және Қара Ертіс өзендері бойынша, яғни, Қытай Ертіс-Қарамай каналын салу туралы жоспар ұсынуда. Басқа бір қақтығыс тудыратын жайт, ол Орталық Азия мемлекеттерінің өз территорияларында ұйғыр ұлтына қолдау көрсетуі. Орталық Азия елдерінің мұндай әрекеттерін Қытай өзіне қарсы бағытталған деп түсінуі мүмкін [12].

      Осындай мәселенің басты қозғаушысы болып  Қытайдағы ұйғыр сепаратистік ұйымдарының мазалауы болып табылады. Батыс басылымдарына көз жүгіртетін болсақ, Орталық Азия территориясында Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының халықтарын ұлт азаттық қозғалыстарға итермеледі. Бірақта, Орталық Азия территориясында пантүріктік және панисламдық ұйымдар туралы идея басым орын алмайды. Керісінше, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, достық қатынастарға кеселін тигізетін іс-әрекеттердің дамуына тыйым салу қағидаларына негізделіп жұмыс жасайды.

      Мао кезеңінен кейінгі Қытайда ішкі және сыртқы саясаттың үлкен өзгеріске ұшырауынан көруге  болады. Ол, яғни, достық қатынастарды және көршілермен тату қатынастарды орнату болып табылады.

      ХХІ ғасырда орталық Азияға деген  бірқалыпты дамуда. Өйткені, бұл елдер  табиғи ресурстарға өте бай және оны игеруге экономикалық-техникалық мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, бұл мәселелердің шешімін “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберінде табу керек.

      “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуын Қытай жағы жеті принципке негіздейді [13].

  1. Көпполярлық әлемді дамыту идеясын қолдау.
  2. БҰҰ-ның әлемді басқарушы рөлін сақтау.
  3. Елдердің бір-біріне қолдау көрсетуі.
  4. Әрбір халықаралық субъектілерінің өз даму жолдарын өздері таңдауы.
  5. Өзге елдердің ішкі істеріне араласпау.
  6. Елдер бір-біріне көпжақты қолдау көрсетуі.
  7. Шанхай бірлестігі шеңберіндегі өзара сенімді күшейту. Шанхай бірлестігі ешкімге қарсы бағытталмаған, ашық ұйым. Осылайша, қауіпсіздік ынтымақтастың приоритетті саласы болып табылады. Тек саяси тұрақтылықты сақтау негізінде ғана экономикалық, мәдение және тағы басқа ынтымақтастықтың дамуы мүмкін болады. Ынтымақтастық негізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үш бағытқа қарсы күрес жүруге сүйену керек дейді:
  8. діни экстремизм және халықаралық терроризм;
  9. есірткі бизнесі;
  10. этносепаратизм.

      Әлеуметтік-экономикалық саласына келетін болсақ, онда приоритетті бағыттар мыналар: көлік және байланыс, ауылшаруашылығы, металлургиялық өндірістік, энергетика, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау.

      Жоғарыда  айтып кеткеніміздей-ақ, Қытай үшін экстремизм мен сепаратизм мәселелері өте өткір мәселелерді құрайды.

      Осылайша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдік  саясаттың байыпты факторын құрайды. Қытайдағы экономикалық реформалардың  өзгеруінде және Пекиннің Азиядағы саясатының нығайғаннан соң АҚШ-тың ықпалы біртіндеп азаяды деген болжам бар. Бірақта, кейінірек егерде АҚШ әлсіреп, Қытай әлем саясатында “держава” ретінде дамитын болса, Ресей мен Қытай арасындағы қатынастар стратегиялық өзгерістерге байланысты біршама алшақтауы мүмкін.

      Дегенмен, АҚШ әлем ресурстарының ең үлкен  тұтынушысы, ол үшін Орталық Азия аймағы тек ресурстардың қайнар көзі болып табылады. АҚШ Орталық Азия аймағында өмірлік маңызы бар мүдделері жоқ. Бұл аймақта АҚШ-тың арнайы бір мүдделері бар. 1996 жылы АҚШ-тың Ресей мен ТМД елдері бойынша мемлекеттік департаментінің координаторы К.Райз “Орталық Азиядағы стратегиялық мақсаттар мен приоритеттер” деген баяндамасында АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын көрсетті. Олар:

  1. Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуінің тәуелсіздігін, егемендігін және қауіпсіздігін қолдау;
  2. Адам құқықтарына негізделген нарықтық экономика және басқарудың демократиялық формасын құру;
  3. Бұл мемлекеттерді әлем қауымдастығына, халықаралық ұйымдарға және евроатлантикалық диалога біріктіру;
  4. Терроризммен, есірткі және басқа да түрлеріне қарсы күресу мәселелеріне байланысты ынтымақтастықты орнату [14].

      Әскери-саяси  мүдделері:

      Орталық Азия елдерінің ядролық қаруды таратпау мәселелерін қадағалау, Уранның 235-ші элементін өндіруіне, полигон сынақтарын жүргізуге, зымыран-космостық шығатын  қорытынды – АҚШ Орталық Азиядағы негізгі бағыты – бақылау мен зерттеу арқылы өз ықпалы астында ұстап отыру.

      АҚШ-тың  Қорғаныс министрлігі Орталық Азия және Қытайдың келешектегі саясатына  қатысты болжам мына стратегиялық құжаттар арқылы жасалады:

  1. Joіnt Vіsіon 2020 (Бірлескен көзқарас 2020) [15].
  2. Asіa 2025 (Азия 2025) [16].

      “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” негізін  қалаушы келісім-шарттардың 2020 жылдың 31 қаңтарына дейінгі уақытқа дейін  бекітілгендігі бәрімізге мәлім. АҚШ-тың  жоғарыда атап өткен құжаттарының болжамдары бойынша, “Қытайдың әрекеттері 2020 жылғы мерзім өткенге дейін жоғарғы деңгейде дамып, көрші елдеріне жеткілікті түрде қатаң позиция ұстанады”.

      Ауғанстанда жағдайдың өршуімен, ондағы АҚШ-тың  жүргізген әрекеттерінен соң  жағдай біршама өзгерді.

 
 

      2.2. “Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары

 

      Орталық Азия мемлекеттерінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысуын жекеше түрде алып қарастыруымыз бізге олардың көздеп отырған мақсаттарын көрсетеді.

      Қытай мен Ресей сияқты Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына қатысу Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің де ұлттық мүдделеріне жауап береді.

      Біріншіден, Қазақстан географиялық жағынан  екі ірі күшті мемлекеттер  Қытай мен Ресейдің ортасында  орналасқан және бұл мемлекеттердің екеуі де осы бірлестікке кіреді.  
Яғни, Қазақстанның шекара мәселесін шешуіне зор көмегін көрсетті.

      Өзбекстанның  “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” толыққанды мүше болып кіруінің өзі  қазақ-өзбек мемлекеттік шекара мәселелерін шешуге көмегін тигізді. Өзбекстанды бірлестікке қосу туралы Бірлескен Мәлімдеме бойынша Өзбекстан әскери салада сенім шараларын орнату және шекара аймағындағы қару-жарақ санын шегеру туралы Мәскеу және Шанхай келісімдерінің принциптерін толығымен орындауға міндеттеледі. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жер мәселесі әлі өз шешеміін таба алмай жатыр. Бұл екі ел арасындағы төрт пайызды жерді, Бағыс, Түркістан және Анырасай платинасы құрайды. Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі осы мәселелер төңірегінде бірауыздылыққа келе алмай отыр.

      Екіншіден, діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелерінің брлестік төңірегіндегі ынтымақтастыққа енгізілуі Орталық Азия елдері үшін өте маңызды болып табылады. Көрші Ауғанстандағы тұрақсыздық және исламдық бағыттағы экстремистік ұйымдардың белсенді жұмыс жасауы Қазақстанның және де басқа елдердің тұрақтылығына кері әсерін тигізетін еді. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі ынтымақтастықтың тиімді ролін атап өткен жөн. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын” және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарттарды салыстырып қарасақ, біріншісінің қызметінің келешенің зор екендігін байқаймыз. Себебі, оған тек бір-бірімен шекаралас және экстремистік, террористік үрейлер сияқты ортақ аймақтық қауіпсіздік мәселесі бар елдер мүше болып табылады. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын” Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның аймақтық тұрақсыздық элементтеріне қарсы күресінде Ресей мен Қытайдың әскери-саяси ресурстарын тартуына мүмкіндік береді. Терроризм эжәне экстремизммен күрес саласындағы стратегиялық ынтымақтастық Орталық Азия елдерін біртіндеп жақындастыра түседі.

      Үшіншіден, Орталық Азия елдерінің және Қазақстанның “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” Орталық Азияда белгілі бір мүдделері  бар Ресей мен Қытай арасындағы баланстық қатынасты сақтайтын  саяси құрал болып табылады.

      Дегенмен  де, Орталық Азия мемлекеттерінің жеткіліксіз саяси, экономикалық мүмкіншіліктері оларды қуатты мемлекеттермен ынтымақтастыққа мәжбүр етеді. Ресей мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады. Бұл факт Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік мәселесі туралы мүдделеріне кепілдік береді.

      “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі мемлекеттердің экономикалық сала бойынша  ынтымақтасуды дамытуды ұйымның  келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Интенсивті экономикалық қатынастар мүшелердің арасындағы өзара сенімді нығайта түсетін және оларды бір-біріне бағынышты ететін факторлардың бірі болып табылады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы Қырғызстан мен Тәжікстанның қатысуы бір-біріне ұқсас. Олардың бағалауы бойынша, ынтымақтастықтың приоритеті бағыты экономика және қауіпсіздік болып табылады. “Шанхай бірлестігіне” қатысушылардың ұлттық мүдделеріне жауап береді және олардың сыртқы саяси қызметтерінің көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бір ажғынан, оларды экономикалық жағынан Ресейге бағыныштылықтан шеттетеді. Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан үшін Ауғанстандағы қақтығысты жағдай жаралы мәселе болып табылады.

      “Шанхай бірлестігі” Орталық Азия мемлекеттері үшін бірқатар геосаяси жетістіктерге  қол жеткізуші факторы болып  табылады. Бұл бірлестік Қытайды аймақтық қауіпсіздік жүйесіне біріктіретін құрал. Қытайды аймақтық қауіпсіздік жүйесіне қосудың екі маңызды негізі бір.

      Тактикалық  негіз. Экстремизм, терроризм, есрткі саудасы, қару-жарақты контрабандалаумен жәіне заңсыз миграциямен күресуде Қытайдың ресурстарын тарту. Қытау үшін экстремизм және терроризм мәселелері өте өткір мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселелер Қытайды өте қатты мазалайды. Қытай осыған байланысты Ресеймен және Орталық Азия мемлекеттерін осы мәселелер төңірегінде белсенді ынтымақтастыққа шақырады. Қытаймен күш біріктіру біздің де мүддемізге жауап береді [17].

      Стратегиялық  негіз. Бұл негізге сүйене отырып, ұзақ мерзімді жоспар негізінде байлап отыру арқылы өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге тырысады. Қауіпсіздік арасындағы Қытаймен арнайы келісім-шарттар тізгіні, экстремизм және терроризмді жою туралы біріккен шаралар қарулы күштер арасындағы тұрақты байланыстар, арнайы қызмет пен құқық қорғау органдарының өзара әрекеттері біз үшін Қытайды қауіпсіздік факторларының біріне айналдырады. Осылайша, ұйымның маңызды қызметтерінің бірі осы болып табылады.

      “Шанхай бірлестігінің” мүмкіншілігі, әсіресе, Пекиннің мүмкіншілігі жалпыаймақтық  баланс мақсаттарында өта маңызды. Әскери-саяси салада Шанхай бірлестігі Ресей мен Қытайдың ықпалын реттеп отырады. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” көптеген мәселелерді реттеп шешуге көмектеседі деді, шынымен де, оның шеңберінде трансшекаралық өзендерді қолдану, шекаралық экономикалық ынтымақтастық, шекараны делимитациялау қарастырылды. Бұл мәселелер өте маңызды. Егерде “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шынымен күшейетін болса, әлем гоесаясатында жаңа көзқарастардың пайда болуына әкеледі.

      Орталық Азия елдерінің қақтығыс ошағына  айналған Ауғанстандағы шиеленіскен  жағдай әлем қауымдастығының “бас ауруы” болып табылды. Ондағы тәліптердің орнатқан тәртібі және олардың агрессивті бағыттарының болуы көршілес халықтарға қаупін төндіреді және тұрақтылыққа төніп тұрған бірден бір потенциалды үрейдің бірі болды. Бірақта бұл жағдайлардың тамырына балта шабылды. Осы кезде әлемді дүр сілкіндірген 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Америка Құрама Штаттарының Пентагонда және Нью-Йоркте орын алған террористік әрекеттер американдықтарды және бүкіл әлем  халқын елең еткізді. Бұл әрекеттерді АҚШ-қа қарсы бағыттап отырған ислам экстремистерінің Осама Бен Ладеннің басшылығымен жасап отырған іс-әрекеті деп тапқан АҚШ басшылығы Ауғанстандағы тәліптердің тәртібіне қарсы террористік әрекеттер жасауды шешті. Ауғанстанның тоқсан пайыздық жерін иеленген тәліптер тек өзіне көршілес жатқан мемлекеттерге ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлем қауымдастығына да үрей төндіріп отырған еді. Бір ай мерзімнен соң, АҚШ Ауғанстанға қарсы антитеррористік әрекеттерді бастады. “Бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күресу керек” деген ұранмен бүкіл әлемге үрей төндіріп отырған Ауғанстандағы тәліптер тәртібіне және терроризмге қарсы әрекеттер басталып кетті.

Информация о работе Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар