Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7

1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7

1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16

1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

 

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32

2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік

орталықтары.........................................................................................................32

2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41

2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

 

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57

3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57                          

3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64

3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

 

Қорытынды........................................................................................................81

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

 

Қосымша     

 

Кіріспе

 

ХХ ғасырдағы  әлемдік өркениеттің дамуының жетекші  тенденцияларының бірі халықаралық  байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының  жедел өсуі байқалады.

Қазіргі кездегі  мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының  маңызды аспектісі - бұл халықаралық  экономикалық байланыстарды орнату. Бүгінде көптеген елдер тұйық ұлттық шаруашылықтан  сыртқы нарыққа бағытталған ашық экономикаға өту үстінде. Осыған байланысты әлемдік шаруашылық өмірдің интернационализациялануы, жаһандануы және халықаралық экономикалық интеграция бүкіл әлемдік шаруашылықтың дамуының жетекші тенденциясы болып табылады.

Интеграцияға  беталыс қазіргі кездегі халықаралық  өмірге тән құбылыстардың біріне айналып келеді. Әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы жағдайында интеграцияның мазмұндылығы одан сайын түрлене түсуде. Интеграцияның терең негіздерін және алуан түрлі қасиеттерін айқындау үшін осы терминнің түбіріне көңіл аудару керек. Интеграция латынның «Integratio» сөзінен туындайды, оның аудармасы бөлшектелген бөліктердің бірігуі деген мағынаны береді. Бұл түсінік қоғамдық өмірдің әр алуан сфераларында қолданылады, сәйкесінше, әрбір жағдайда оның мағынасы да әр алуан болып келеді, жалпы алғанда, интеграция дегеніміз бөлшектелген бөліктердің бірігуі. [64, 33б]

Әлемдік шаруашылықтағы технологиялық, энергетикалық, экологиялық проблемалар посткеңестік мемлекеттерге өзінің әсерін тигізді. Жағдайды техникалық және технологиялық инфрақұрылымның тез ескіруі, тауар мен қызметті стандарттау мен сертификаттау және де ұлттық заңнамалар әлемдік экономиканың жаңа стандарттарына жауап бермеуі қиындатты.

Оның үстіне әлемдік шаруашылықта жаһандық ұстаным  күшейіп, халықаралық ынтымақтастық  тәжірибесі түпкілікті өзгереді. Өндіріс, зерттеулер, ғылыми-техникалық құрылымдардағы салааралық халықаралық мамандану  мен кооперацияның жаңа жүйесі қалыптаса бастады. Әлемдік шаруашылық бертін келе бірыңғай шаруашылыққа айналды.

Әлемдік ақпараттық кеңістік пайда болды. Экономикалық және саяси мәселелерді шешуде трансұлттық  корпорациялар мен халықаралық  ұйымдардың ықпалы артуда. Әлемнің әрбір бұрышында аймақтық халықаралық экономикалық интеграциялық үрдістері тез қарқынмен дамуда.  Бүкіләлемдік сауда ұйымымен жасалған экономикалық тәртіп нормалары мен ережелерінің маңызы артып келеді. [12, 224б]

Осыған байланысты мемлекеттер шаруашылық шығармашылығынан Бүкіләлемдік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымының «ойын ережелеріне» көшуі – маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі таңдағы халықаралық  қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен  заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр. Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. Өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші фактор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.

Қазіргі күнде Еуропалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара толықтыратындығы әлі белгісіз. Еуропалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге тоқырау әкеле отырып, Еуропалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді, сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр.

Тақырыптың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады: Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады. Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әсер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр. Еуропалық интеграцияның тәжірибелік мүддесі және тереңдеу үрдісі, ең басты Еуропалық Одақтың қызметі Қазақстан үшін маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша, Еуропа елдерімен қатынаста стратегиялық қарастырған жөн. Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның тәжірибесін жинақтаған. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны ескерген жөн.  ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ТМД, ЕврАзЭҚ,) қатысуда. Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену қолданыстық маңызға ие. Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың таңдап алған тақырыбы көптеген себептермен түсіндіріледі, ол әлемдік шаруашылықтың қазіргі кезде дамуының күрделенуімен, оның ғаламдық сипат алуымен және аймақтану үрдістерінің кең таралуымен сипатталады.

Қазіргі кездегі  әлемдік экономиканың елдері жаһандану  әсерінен әлемнің басқа елдерімен  көпжақты ынтымақтастықты жедел  түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір  себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды  бірлескен күштермен шешудің және табиғи ресурстарды, инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б.

Дипломдық жұмысымның міндеті:

  • Әлемдік интеграциялық үрдістердің теориялық аспектісін зерттеу;
  • Әлемдік интеграциялық үрдістердің мәнін ашу, алғышарттарын, мақсаттары мен кезеңдерін зерделеу
  • Әлемдік интеграциялық үрдістердің басты топтастықтарын салыстыру
  • Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру;
  • Еуропалық интеграция теориясын талдау;
  • Қазақстанның әлемдік интеграциялық үрдістердегі ролін анықтау
  • Әлемдік интеграциялық үрдістердің әсерін, нәтижесін, тиімділігін қорытындылау
  • Әлемдік интеграциялық ұйымдардың даму тенденциясын болжау

Жұмыстың  дерек көздері. Әлемдік интеграциялық үрдістер бойынша пайдаланылған деректерді келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) құрылтайшы  құжаттар және басқа да ұйымдастырушы  нормативтік- құқықтық актілер.  Олардың ішінде Еуропалық Одақ  құру туралы келісім, Кедендік  одақ құру туралы келісім.

2) саммиттердің  қорытынды актілері (Мемлекет басшыларының «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» мәлімдемесі, Кедендік одақ және Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы келісімдер).

3) статистикалық  материалдар (МЕРКОСУР 250млн. адамды және континенттің жиналған ЖІӨ-нің 75 % біріктіреді т.б.). [36, 89б]

4) Үкімет және мемлекет басшыларының мәлімдемелері, сұхбаттарының дерек көздерін жұмыста қолдану аса маңызды болды. Себебі ұйымдардың құрылтайшы актілерінде олардың мақсаттары мен міндеттері, сол уақытта бірігуге болған алғышарттар көрініс табады. Самиттердің қорытынды актілерінде ұйым қызметінің қандай деңгейде, қандай мәселелер әлі де өріс алуда, статистикалық материалдарда ұйым немесе мемлекеттердің жұмысының қаншалықты жемісті екендігін анықтайды.

5) Дипломдық  жұмысты жазу барысында автор әлемдегі интеграциялық үрдістердің дамуын зерттеуге арналған конфенциялар, форумдар мен стратегиялық зерттеу институттарының баяндамалары мен материалдары.

Тақырыптың  ғылыми зерттелу дәрежесі. «Интеграция» терминінің өзі салыстырмалы бертінде ғана біздің ғасырдың 30-шы жылдарында неміс пен швед экономистерінің еңбектерінде зерттелінді. Қазіргі кезде Батыста бұл мәселе бойынша кең көлемде әдебиеттер бар. «Интеграция» терминін латын тілінен аударғанда «бөлшектердің бір бүтінге айналуы» дегенді білдіреді. Аймақтық интеграцияның мәнін ұғынудың алғашқы қадамдары 50-ші жылдардағы неолибералистік бағыттағы экономистермен А.Мюллер-Армак, В.Репке, Дж.Вайнер т.б зерттелді. Қазақстан Республикасында интеграциялық үрдістерді белсенді зерттеген отандық мамандарға Примбетов С., Рахматулина Г., Сәрсембеков Т., Аубакирова, Сатубалдин С., Бижанов, Ергалиева, Сагындыкова және т.б. жатады. [5, 368б]

Автор жұмыста  тек әлемнің уақыттағы интеграция жағдайын ғана емес, экономикалық ынтымақтастық ерекшеліктері, халықаралық экономикалық интеграциядағы бизнес субъектілерінің рөлі және аймақтағы интеграция даму болашағы сұрақтарын көтерген.

Сонымен қоса Халықаралық  экономикалық интеграция мәселелерін  дәстүрлі түрде халықаралық жария  құқығы ғылым саласына жатқызады. Сол  себепті дипломдық жұмысты жазу барысында К.Борисов, Г.Вельяминов, В.Вишняков, Н.Исингарин, Ю.Колосов, Сәрсембаев сияқты авторлардың еңбектері қаралды. Себебі сыртқы экономика және кедендік істер салаларында интеграциялық қатынастарды халықаралық-құқықтық жағын реттейтін ғылым болып табылады. Аталған зерттеулер – жұмыстың ең маңызды бөлігі. [4, 179б]

Е.Ф.Борисов  және Ф.М.Волков өздерінің «Экономикалық  теория негіздері» атты оқулықтарында  мынандай пікір келтіреді, яғни экономикалық интеграция дегеніміз кең сипаттағы  мемлекетаралық бірлестік, ол арнайы келісімдерге сәйкес әрекет етеді және оның өзіндік ұйымдастырушылық құрылымы бар. Бірлестік шеңберінде қатысушы елдердің территориясында басқа елдермен салыстырғанда айырықша, жеңілдетілген жағдайда шаруашылық қызметтің белгіленген түрлері қалыптасады. [62, 89б]

Сонымен, автор  Хан Г.Б. «Қазіргі кездегі халықаралық  қатынастар мәселелері» атты кітабында  Еуропалық Одақтың динамикасы мен  болашағы болжалданған. Сонымен, халықаралық қатынастар және  экономика ғылымдарында , бұл мәселеге қатысты қазақ тіліндегі зерттеулердің жоққа тәндігі мәселенің толыққанды зерттелмегендігін көрсетеді.

Жұмыстың әдіснамалық  негізі. Бұл жұмысты зерттеу барысында батыс ғалымдары, отандық ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың басты бағыттары – халықаралық қатынастар және аймақтану теориясының салыстырмалы, болжамдық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын қарастыруда американ-орыс зерттеушілерінің еңбектерінің теориялық-методологиялық әдістері пайдаланылды. Мәселені қарастыру барысында жалпығылыми әдістер (абстракттен нақтыға өту, мәселені қарастыруда тарихи, логикалық және жүйелік жолдардың бірыңғайлығы) мен арнайы әдістер де пайдаланылды. Атап айтқанда, жалпығылыми әдіс қолданылды. Жалпы құқықтық қағидалар мен принциперді нақтылау және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне бейімдеуде жеке және арнайы әдістер пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында зерттеу пәнін функционалдық және жүйелік-құрылымдық тұрғыда қарастыруға көп көңіл бөлінді. Одан басқа, халықаралық қатынастар теориясының әдістері, тарихи-құқықтық және салыстырмалы сараптау әдістері де назардан тыс қалған жоқ.  Эмпирикалық материалды зерттеуде салыстырмалы-сараптамалық, жүйелі, мәселелік-хронологиялық зерттеу әдістері пайдаланылды.

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері