Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Қазіргі кездегі  мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының  маңызды аспектісі - бұл халықаралық  экономикалық байланыстарды орнату. Бүгінде көптеген елдер тұйық ұлттық шаруашылықтан  сыртқы нарыққа бағытталған ашық экономикаға өту үстінде. Осыған байланысты әлемдік шаруашылық өмірдің интернационализациялануы, жаһандануы және халықаралық экономикалық интеграция бүкіл әлемдік шаруашылықтың дамуының жетекші тенденциясы болып табылады.  [58, 33 б]

Интеграцияға беталыс қазіргі кездегі халықаралық өмірге тән құбылыстардың біріне айналып келеді. Әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы жағдайында интеграцияның мазмұндылығы одан сайын түрлене түсуде. Интеграцияның терең негіздерін және алуан түрлі қасиеттерін айқындау үшін осы терминнің түбіріне көңіл аудару керек. Интеграция латынның «Integratio» сөзінен туындайды, оның аудармасы бөлшектелген бөліктердің бірігуі деген мағынаны береді. Бұл түсінік қоғамдық өмірдің әр алуан сфераларында қолданылады, сәйкесінше, әрбір жағдайда оның мағынасы да әр алуан болып келеді, жалпы алғанда, интеграция дегеніміз бөлшектелген бөліктердің бірігуі. [66, 128 б]

Егер де экономикалық әдебиеттердегі талдауға назар аударсақ, мынаны атап өтуге болады, яғни бүгінгі таңда экономикалық ғылымның көптеген мәселелері өз шешімін таппай отыр. Оларға интеграция түсінігі және онымен өзара байланысқан әлемдік шаруашылық өмірдің жаһандануы мен интернационализациялануы сияқты құбылыстар жатады. Бұл мәселелер отандық қана емес, сонымен бірге әлемдік экономикалық әдебиеттерде де негізгі орынды алады. Бірақ та, жаһандану, интернационализациялану және интеграция түсініктері әлемдік экономикаға қатысты әр қалай түсіндіріледі. Сонымен қатар, мемлекеттердің ұлттық экономикаларының және бүкіл әлемдік қауымдастықтың дамуына осы аталған үрдістердің ықпалын бағалаушы ортақ көзқарас әлі де жоқ.

Халықаралық экономикалық интеграцияның туындауы мен дамуын И.Кант, А.Сен-Симон, Ж.Ж.Руссо, Ж.Прудон сияқты атақты ойшылдар көре білген. Мысалы, 200 жыл бұрын-ақ И.Кант халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың мынандай жүйесінің күшеюін болжаған, ол жүйеде қауіпсіздік мәселесі барлық адамдардың «әрқайсының мүдделері үшін тұтастықты сақтау қажеттілігін» түсінуі есебінен шешілетін болады. И.Кант «халықтар одағы» идеясын негіздеп, әлемдік құрылымның абсолюттік жаңа моделін ұсынды және осы жағдайда интернационализациялану үрдісі және ұлттық мемлекетті сақтау үрдісі арасындағы сөзсіз туындайтын қарама-қайшылықты атап көрсетті. Осылайша, бұл қарама-қайшылықты шешу адамзаттың ақырындап эволюциялануы нәтижесінде мүмкін болады: абсолюттік әр түрлі, жекелеген қоғамдардан планеталық көлемдегі біртұтас азаматтық қоғамға айналуы.

Ғаламдық мағынада, осы тектес идеяларды болжай отырып, хх ғасырдың ортасында интеграцияның маңызды аспектілерін негіздеуге А.Мюллер-Армак, В.Репке, Дж.Вайнер, Л.Тинберген, Ф.Перру, Дж.Мид, Р.Фриш, П.Стритен, А.Стритен және тағы басқа экономистер едәуір үлес қосты. Олар бірте-бірте толыққанды интеграцияның тиімділігін дәлелдей отырып, қазіргі кездегі интеграциялық бірлестіктердің қалыптасуына ықпал етті. [1, 45 б]

Бүкіләлемдік  шаруашылықтың біртұтас қағидалары мен ережелерінің  таратылу қажеттілігін болжай отырып, интеграцияның қалыптасуында  мемлекеттің рөлінің күшеюімен, парасатты экономикалық саясаттың жүргізілуі маңызды рөль атқарады деп білді. Сәйкесінше, Э.Хаос, М.Бийе, А.Филипп, А.Маршалл, Р.Сменд, В.Хупер интеграцияның мәнісін елдер арасындағы экономикалық және заңнамалық шаралардың келісілуінен және ұлт үстінен қараушы органдар көмегімен бірлескен экономикалық саясаттың жүзеге асырылуынан көреді. Атап айтсақ, швед экономисті Г. Мюрдаль интеграция туралы былай деп жазды: «Экономикалық интеграция негізінде басты мәселелер экономикалық болмауы мүмкін, онда саяси, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық мәселелер орын алуы мүмкін. Мүмкіндіктердің бірте-бірте теңесуіне қол жеткізу, еркіндікпен нормалардың теңестірілу нәтижесінде әлеуметтік біртұтас қоғамның пайда болуын болжайды. Бұл қоғамда байланыстардың дамуы мен қолайлы ынтымақтастық болуы тиіс».

Интеграцияның планетарлық масштабта дамуын теріске  шығармай-ақ бір қатар ғалымдар аймақтық экономикалық интеграцияның дамуы  интернационали-зацияланудың бастамасы  деп есептейді. Аймақтық экономикалық интеграцияның бастауын ғалымдардың үлкен тобы қалады. Мысалы, А.Предоль және Х.Юргенсен, шамамен интеграцияға мынандай анықтама бере отырып, оны түсінудегі шешуші сәт болып «бөлшектердің өте жоғары тұтастыққа бейімделуі және байланысуы» болып саналады деп баса айтты. Сонымен бірге ол бірнеше мемлекеттік кеңістіктердің ішкі нарығында қалыптасқан қатынастарға ұқсас қатынастары бар экономикалық салаға бірігуі деп түсіндіріледі. [22, 224 б]

Айта кететін  жайт, бұл экономисттердің интеграцияға философиялық-экономикалық түсініктеме беруі біржақты сипатқа ие, өйткені А.Предоль мен Х.Юргенсеннің пікіріне сәйкес, интеграцияның рөлі халықаралық айырбастағы барлық кедергілерді жоюға сайып келеді. Мысалы, Р.Арон «интеграция дегеніміз капиталдар мен тұлғалардың қозғалу шарттарының, сәйкесінше ұлттық шаруашылық шеңберіндегі шарттарға сай интеграцияланған кеңістіктегі кәсіпкерлік мәмілелерді бекіту мүмкіндігінің толық ұқсастығы» деп анықтады.

Әлемдік интеграция теориясының дамуына Б.Бэлаш қомақты үлес қосты. Б.Бэлаштың пікірінше, интеграция - бұл интеграциялық топтастыққа біріккен екі немесе одан да көп мемлекеттердің қайсысының резиденттері болып табылатындығына байланыссыз нарық субъектілерінің экономикалық қызметіне арналған жағдайларды (шарттарды) теңестіру. Б.Бэлаштың концепциясы бес тізбекті формадан тұратын интеграция сатыларын болжап көрсетті:

- біріншіден, қатысушы  елдер арасындағы саудада тарифтер  мен сандық шектеулерді алып  тастау арқылы еркін сауда  аймағын құру;

- екіншіден, үшінші елдермен  сауда жасау кезінде ортақ  тарифтерді бекіту арқылы кедендік одақты құру;

- үшіншіден, «ортақ нарық»  құру, онда тауарлар саудасында, капитал мен еңбек қозғалысында  шектеулер жойылады;

- төртіншіден, экономикалық  одақты құру, онда жоғарыда аталғандармен  қатар кез-келген дискриминация  жойылады және ұлттық экономикалық саясат келісіледі;

- бесіншіден, толық экономикалық  интеграция, ол ұлттық экономикалық  саясаттың бірлігін және ұлт  үстінен қараушы билік органдарын құруды көздейді. [16, 78 б]

Бүгінгі таңда экономикалық әдебиетте ХЭИ-ның теориялық негіздемесіне қатысты бірнеше ғылыми көзқарастар қалыптасты. Халықаралық экономикалық интеграцияға қатысты теориялық шарттарды зерттеу барысында мынаны атап өтуге болады, ұзақ уақыт бойына экономикалық ғылымда ХЭИ мемлекетер арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады деген көзқарас басым болып келді. Бұл көзқарасты экономика ғылымының классиктері қалыптастырды. Бұл көзқарас тар, әрі біржақты болып табылады, онда халықаралық қатынастардың дамуының қазіргі кездегі тенденциялары толығымен айқындалмайды.

Өткен ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдары жақсы қарқын алған интеграция үрдісін әрі үрдіс, әрі қарым-қатынастар ретінде анықтауға болады. Үрдіс  ретіндегі интеграция әр алуан мемлекеттерге  қатысы бар экономикалық субъектілер  арасындағы айырмашылықтарды жою шараларын көрсетеді. Қарым-қатынастар ретіндегі интеграция ұлттық экономикалардың әрқайсысындағы шетелдік серіктестерді дискриминациялаудың (алалаудың) белгілі бір формасының болмауымен сипатталады. [19, 152 б]

Дәстүрлі теорияның өкілдері ХЭИ-ны кедендік одақ шеңберінде құрылатын экономикалық алғышарттарға ғана сүйеніп негіздейді. Ол сауда кедергілерін жоюды, процеске белгіленген үйлестіруші регламентті енгізуді көздейді. ХЭИ өндірістің өсуінің, мүше елдердің әл-ауқатының жақсаруының қажетті алғышарт-тарын қалыптастырады, халықаралық мамандануға ықпал етеді. Бірақ та бұл концепция стандартты емес жағдайларды ескермейді, оның әлсіз жағы осында жатыр. Тәжірибеде мынандай жағдай жиі кездеседі, яғни «интеграцияланған» елмен салыстырғанда, сыртқы сауда саясатын ырықтандыру жөніндегі біржақты келісімдерді қабылдаған ел жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді. Осыған байланысты ХЭИ шеңберінде оның кейбір мүшелері басқалармен салыстырғанда көп артықшылықты алады.

 Басқа теориялық мектеп  өкілдері ХЭИ-ның басымды артықшылықтары ретінде сыртқы саяси факторларды қарастырады, атап айтқанда: өте сенімді қорғаныс қабілеті, «элиталық» клубқа енудің беделділігі. ХЭИ процесінде саяси факторлар маңызды, бірақ оның рөлі шешуші емес, өйткені ХЭИ объективті экономикалық заңдарға сүйене отырып дамиды.

Қазіргі кезеңде басқа  көзқарас қалыптасты, оны жақтаушылар  ХЭИ-ның басты алғышарты - ортақ  мақсатты шешу және оған қол жеткізуде  бірлескен қызметті жүргізу (өндірістің, жұмысбастылықтың өсуі, әлеуметтік тұрақтылық және т.б.) деп есептейді. Бұл көзқарастың өкілдері сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуді кеңейту қажеттілігін негіздейді. [30, 21 б]

Соңғы уақытта жаңа теория пайда болды, оған сәйкес жекелеген  мемлекеттер «шектеулілік факторын» (табиғи ресурстар, энергия тасымалдау-шылар, шикізат және т.б.) жеңуге арналған интеграцияға ұмтылады. Басқа жағдайларда ХЭИ-ның технологиялық факторларының айырықша мәніне баса назар аударылады.

Е.Ф.Борисов және Ф.М.Волков өздерінің «Экономикалық теория негіздері» атты оқулықтарында мынандай пікір келтіреді, яғни экономикалық интеграция дегеніміз кең сипаттағы мемлекетаралық бірлестік, ол арнайы келісімдерге сәйкес әрекет етеді және оның өзіндік ұйымдастырушылық құрылымы бар. Бірлестік шеңберінде қатысушы елдердің территориясында басқа елдермен салыстырғанда айырықша, жеңілдетілген жағдайда шаруашылық қызметтің белгіленген түрлері қалыптасады. [32, 464 б]

Олардың пікірінше, экономикалық интеграция - бұл қазіргі кездегі  шаруашылық өмірдің интернационализациялануының  жоғарғы сатысы. Интеграцияға қатысушылар арасында өте терең халықаралық еңбек бөлінісі жүзеге асады, тауар-лардың, қызметтердің, капиталдың, жұмысшы күшінің интенсивті айырбасы жүргізіледі. Өндірістің кеңейтілу процесі өте жоғары деңгейге көтеріледі, ал оның өзі экономикалық процестерді тиімді әрі жоспарлы реттеудің ұйымдастырылуын талап етеді.

М.Н. Чепурин және Е.А.Киселеваның  редакциясындағы экономикалық теория курсында интеграцияға мынандай анықтама беріледі: интеграция - бұл бірнеше  елдердің ұлттық щаруашылықтарының  жақындасуы мен өзара енуі процесі, ол ортақ шаруашылық организмді құруға бағытталады. Мәскеулік экономикалық әдебиетте интеграцияның мынандай анықтамасы келтірілген: «Интеграциялық процесс - бұл өте кең мағынадағы қоғамдық ұдайы өндірістің ұлттық процестерінің, соның ішінде оның әлеуметтік, құқықтық және саяси механизмдерінің өзара араласуы және  бірігуі».

Интеграция түсінігін  А.С.Булатовтың «Экономика» атты оқулығында келтірілген анықтамамен келісуге болады: «халықаралық экономикалық интеграция - бұл ұлттық шаруашылықтар арасында терең әрі тұрақты өзара байланыстар мен еңбек бөлінісінің дамуы, олардың өндірістік құрылымдарының әр түрлі деңгейлерде және әр түрлі формаларда өзара ықпалдасуының негізінде елдердің шаруашылық саяси бірлесуі процесі».

Осының барлығын қорыта келе мынаны атап өту керек, яғни интеграция теориясының даму тарихын ескермеу мүмкін емес. Осының барлығы интеграцияның эволюциялық дамуын көрсетеді. [66, 816 б]

 

1.2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері

 

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық  тауар айырбасы мен оларды өндіретін  факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер  арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады. [4, 180 б]

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмысшы күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтыра бастады.

Сонымен, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) –  экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Әлемдік интеграция дегеніміз – экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі. Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.

Әлемдік интеграция шаруашылық өмірдің интернационализациялануы процесінде ерекше кезең болып табылады. Халықаралық интеграция – бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі. [38, 518 б]

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы  біртегіс жүрмейді және де интеграцияның  алғышарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • Интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі;
  • Елдердің жағрапиялық жақындығы ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы;
  • Экономикалық интеграция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі;
  • Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі(экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудіңөсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. [40, 480 б]
  • «домино эффектісі» Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық бағыт-бағдарға байланысты щарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді.

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері