Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:25, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Содержание

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер
Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат
Діни бірлестіктермен жұмыстың нәтижелері
Учаскелік инспекторға жадынама
Жастарға арналған жадынама
Деструктивті діни ұйымдарға тартылудың кері салдары
Сананы бақылаудың техникасы
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты
Термин сөздіктері

Работа содержит 1 файл

info_kz.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

Басқа атауы: "Аят" Фархата ата, «Фархата Ата тобы».

Құрылған жылы: 1990, 1995жж.

Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі

Негізгі методтарына  үш бөлімді қосады:

«Өмір формуласын» тану:

ЭЛЛЭ Нина ана Создатель Фархат ата 
ЭЛЛЭ Аят 37 40 6 8 10 
ЭЛЛЭ ЛЭЗЗЭТ Селеннои 
ЭЛЛЭ Уигур Аят ЭЛЛЭ ;

  • «Күн шапағымен» емделу (күнге қарап ем алу)

Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

3. «Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым

Басқа атауы: “Партизан лигасы”

Құрылған күні мен  орны: 1989 жылы, Эйн  аль-Хильведе

Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди

Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ол Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатеметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасады.

Қазақстан Республикасы Ұйымның қызметіне Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

4. «Аум-Синрике» («Алеф») – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті тоталитарлық экстремистік дін,

Басқа атауы: "Движение истины Аум", «Алеф».

Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония.

Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото)

Басты мақсаты: биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Дін өте құпия, эзотериялық сипатта құрылған.

Қылмыстық әрекеттері:

1995 жылы 20 наурыздағы «Аум Синрике» Асахараның тікелей бұйрығымен Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті).

1995 жылы 22 наурызда «Аум»  ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз  күйінде табылды. 

1995 жылы 16 мамырда жапон  полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004 жылы сот Асахараны кінәлі  деп тауып, өлім жазасына кесті. 

2006 жылы 15 қыркүйекте Жапоняның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17 бап бойынша тексеру жұмыстары жалғастырылуда.

Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

5. «Боз Гурд» - түрік әскерилендірілген ұйымы.

Басқа атауы:   (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”.

Құрылған күні мен  орны:1965-70 жж

Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш

Басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру. Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80 филиалы бар.

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

6. «БРАТЬЯ МУСУЛЬМАНЕ» - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация.

Басқа атауы:  (араб. الإخوان المسلمون‎‎, Аль-Ихван аль-Муслимун)

Құрылған күні мен орны:1928жыл наурыз, Исмаилия (Египет)

Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна

Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті құру.

Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

7. «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» - халықаралық терроистік ұйым.

Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы»

Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері

Басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату.

2004 жылы қазақстандық  құқық қорғау органдары «Орталық Азия джамаат моджахедтар» террористік тобын ұстап, оны жойды. Бұл халықаралық ұйым Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей территорияларына тән.

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

8. «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» - халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы:   "Исламское движение Восточного Туркестана", "Партия Аллаха", "Революционный фронт народов Восточного Туркестана"

Құрылған жылы: 1998

Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань

Басты мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады. Бұл ұйымның жақтастары Алматы ауданынан табылды, осы ұйымның мүшелері 2000 жылы Алматыда екі полицейді өлтірді, оларды ұстағаны үшін қарулы қақтығыс көрсетті, нәтижесінде жойылуына әкеп соқты.

Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

9. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» - бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения»

Құрылған жылы: 1996

Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев

Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар "Аль-Каеда", "Талибан", "Хизб ат-Тахрир", "Братья-мусульмане" және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді. Қазақстанды экстремистік әрекет жасаудың «плацдармы» ретінде қолдануды қарастырған, мысалы, 3 жыл бойы (1999-2002) біздің елімізде Өзбекстанның 13 іздеу салынған адамы ұсталып отырды.

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

10. «Күрд Халық Конгресі»

Басқа атауы:  «Конгра Гел», «Рабочая партия Курдистана»

Құрылған күні мен орны:  27 қараша 1978

Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан

Негізгі мақсаты: Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында күрд мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары мен белсенділері антитүріктік бағытқа экстремистік акция ұйымдастырды. Одан кейін мұндай акция 2006 жылы өтті.

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

11. «Лашкар-и-Тайба» - Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген экстремистік суннитік топ.

Басқа атауы: «Армия Бога», «Вонство добра», «Армия Справедливого».

Құрылған күні мен орны:  1980, Кунар провинциясы (Афганистан)

Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид.

Басты мақсаты: әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтарға әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу. Пәкістандық фундаменталистік ұйымның әскерилендірілген қорғаны "Марказ дава уль иршад". Кейбір деректерге сәйкес, Пәкістан үкіметінің тыйым салуынан қорқып, «ЛиТ» өз атауын  2002 жылы Джамаат уд-Давада өзгертіп тастады.

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

12. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» - террористік ұйым.

Басқа атауы: «Джамият аль-Ислах аль-Иджтимаи»

Штаб-квартирсы Эль-Кувейтте (Кувейт), Қазақстанда 1998 жылдан бастап ОҚО-да қызметін жүргізіп келе жатыр.

Басты мақсаты: «Әлемдік исламдық халифат» құру жолымен исламдық емес үкіметті жойып, исламдық басқаруды енгізу.

Негізгі әрекеттері: өзге діндерге төтеп беру үшін исламдық үгіт-насихат жүргізуге бағытталған, қоғамды өзгертуге бағытталған нақты жұмыстар жүргізу, Солтүстік Қазақстанда қарулы джихадты қаржыландыру;

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

 

13. «Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы» - Шығыс Түркістанда едәуір белең танытқан террористік ұйым.

Басқа атауы: "Шығыс Түркістанның халықтық партиясы", «ШАТ»

Құрылған күні:  1994

Қозғалыс көшбасшысы: Майматин Айзлат (Хазрет, Казрат)

Басты мақсаты: ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу.

Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

14. «Талибан» қозғалысы – қашқын-пуштундарға арналған діни училищелерді (медресе) бітірген түлектерден құрылған ультраконсервативтік исламдық қозғалыс

Құрылған күні мен  орны: 1989 жыл, Пәкістан.

Негізін қалаушы: молда Мухаммед Омар.

Қозғалыс орталығы: Кандағар қаласы (Ауғанстанның ооңтүстік-шығысы)

Басты мақсаты: «Шынайы исламдық» мемлекет құру және ауған моджахедтарының барлық әскери-саси топтарын Б.Раббани үкіметіне қарсы бағыттау. Талиб үкіметін тек үш мемлекет қана таныды: Пәкістан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб әмірлігі

Ұйымның қызметіне Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған

 

15. «Хизб-ат-Тахрир-Аль-Ислам» - сунниттік діни-саяси экстремистік ұйым (араб. - Исламская партия освобождения).

Құрылған күні мен  орны: 1953 жыл, Иерусалим, египеттік филиалы ретінде құрылды.

Негізін қалаушы: жергілікті шариғаттық апелляциялық соттың судьясы Такиуддин ан-Набхани Филасин.

Көшбасшысы: Ата Абу Рашта, Абдул Кадим Заллума ізбасары

Басты мақсаты: бірінші – Палестинадағы сионистік экспансияға қарсы тұру, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап – исламдық өмір бейнесін және исламдық мемлекетті қалпына келтіру.

Ұйымға мүше адмдардың  саны: кейбір деректерге сүйенсек, 1 млн. адам

Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2008 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

 

Діни бірлестіктермен  жұмыстың нәтижелері

 

2009 жылы діни бірлестіктермен  жұмыс бөлімінің ұйымдастыру қызметі діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу және ескерту, конфессия арасындағы қарым-қатынасты зерттеу, миссионерлердің қызметіне, олардың басқа діни бірлестіктермен байланысына бақылау жасау жұмыстарына жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда облыс аумағында  тіркелген діни бірлестіктердің жалпы саны 80, оның ішінде ислам дінінің суннит бағытындағы - 46 филиал (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 44 филиалы, қажылар қауымдастығының 1 филиалы және 1 медресе «Орал» діни бірлестігі), православиелік - 17 діни бірлестік, протестанттық – 14 (соның 13-і діни бірлестіктер және 1-уі саны аз Евангель христиан-баптистер Кеңесінің тобы), буддизм – 1 (Тибеттік-Буддистік орталығының діни бірлестігі), католицизм – 1 (Атырау Рим – Католик Апостолдық әкімшілігі филиалы), 1-еуі «Бахаи» өзге діни бірлестігі.

Діни бірлестіктерде 51 діни ғибадат  құрылыстары бар, олардың 40-ы мұсылмандар  мешіттері, 10-ы православия шіркеулері, 1-еуі католиктер шіркеуі.

Облыстық ішкі саясат басқармасында 5 миссионер, 2 волонтер, 2 сестра монашка  тіркеліп, Орал қаласының аумағында миссионерлік қызмет жүргізуде.

Жалпы облыстағы діни ахуалға тоқтайтын  болсақ, қоғамдық-саяси өмірде діннің рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функцияларының күшейе түскенін айту керек. Дегенмен, материалдық көмек көрсету арқылы өз қатарына азаматтарды, әсіресе жастарды тартып жатқан діни ағымдар мен дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенді қызметі облыс тұрғындарын алаңдатып отыр. Осы орайда, радикалды діни ағымдардың жастар арасында діни арандатушылық пиғылдарының алдын алу мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Шаралар барысында қатысушыларға облыстағы діни ахуал мен дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс қызметі мен зиянды ойлары жөнінде толық ақпараттар беріліп, «Покаяние», «Иллюзия веры», «Саентология» атты бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ кері ағымдардың қызметі мен белгілері бейнеленген «Хариджиты и их идеология», «Основатели 4-х мазхабов-опора ислама», «Мазхаб Ханафи», «Секта дегеніміз не?», «Что такое секта?», «Вы узнали, что ваш ребенок или иной близкий вам человек вовлечен в секту. Что делать?», «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», «Алля аят», «Абайлаңыз, саентология!», «Осторожно саентология!», «Белое Братство» атты көптеген брошюралар үлестірілді. Шаралар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарық көрді.

Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпта жарияланатын мақалалар үнемі талданып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Діни істер жөніндегі комитетке ай сайын дайджест жіберіліп отырады. 2009 жыл ішінде облыстық және аудандық газеттерде «Творцовый переворот», «Опасный реванш», «Кто нуждается в такой «Благодати?», «Он захотел разбогатеть и создал свою религию», «Противостояние религии и экстремистских течений», «Осторожно секта», «Абайлаңыз, секта!», «Вырваться из секты», «Спасение от сект», «Дүдәмәл діндерден сақтандыру шаралары», «Вера святая и вера слепая», «Секталардан сақтанайық», «Теріс ағымнан аулақ болған жөн», «Сектами руководят безбожники», «Уберечь молодежь от неправедников», «Вера не должна быть слепой», «Сектанттық шырмауды үзу әр саналы азаматтың ісі» және т.б. тақырыптарда 400-ге жуық көптеген мақалалар жарияланды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар