Буддизм діні

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:09, реферат

Описание работы

Буддизм діні Орталық, Шығыс жә¬не Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д. І мың¬жыл¬дықтың ортасынан бастап таралған әлемдік үш діннің бірі.Қазір Үн¬діс¬тан, Қытай, Жапония, Бу¬тан, Вьетнам, Кам¬бо䬬¬¬жа, Малайзия, Корея, Лаос, Моңғолия, Мьян¬ма, Непал, Тайланд, Тибет, Шри-Лан¬ка ел¬де¬ріне ке-ңі¬нен тараған. Ол Христиан¬дық¬тан – 500, Исламнан 1200 жыл бұрын пайда болған. Оны ұста¬натын¬дардың саны 300-ден 350 млн. адамға жуық де¬ген болжам бар. «Будда» деген сөздің өзі санскрит тілінен аударғанда «ағар¬тушы әулие», «ақы묬ман» деген сөзді білдіреді екен. Буддистер¬дің түсінігі бойынша ақыл-ойдың асқа¬рына жеткен жер бетін¬дегі кез келген пенде будда бола алады. Осындай буд¬далардың бірі деп таныл¬ған Шакьямуни «құт¬қару» ілімін ойлап тапты. Оны санскрит тілінде «Дхарма» деп атайды. Сайып келгенде, «будда» дегенде алдымен Шакьямуни еске алынады.

Работа содержит 1 файл

Буддизм діні.doc

— 90.00 Кб (Скачать)

Буддизм діні

 

Пайда болу тарихы

 

Буддизм діні Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д. І мыңжылдықтың ортасынан бастап таралған әлемдік үш діннің бірі.Қазір Үндістан, Қытай, Жапония, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Малайзия, Корея, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, Тайланд, Тибет, Шри-Ланка елдеріне кеңінен тараған. Ол Христиандықтан – 500, Исламнан 1200 жыл бұрын пайда болған. Оны ұстанатындардың саны 300-ден 350 млн. адамға жуық деген болжам бар. «Будда» деген сөздің өзі санскрит тілінен аударғанда «ағартушы әулие», «ақылман» деген сөзді білдіреді екен. Буддистердің түсінігі бойынша ақыл-ойдың асқарына жеткен жер бетіндегі кез келген пенде будда бола алады. Осындай буддалардың бірі деп танылған Шакьямуни «құтқару» ілімін ойлап тапты. Оны санскрит тілінде «Дхарма» деп атайды. Сайып келгенде, «будда» дегенде алдымен Шакьямуни еске алынады.

Сиддхартха Шакьямунидің өзі нақты  тұлға ма, әлде оның дінін құрастырушылардың  фантазиясынан туған мифологиялық кейіпкер ме – ол арасын ғылым әлі ажырата алған жоқ. Әйтеуір оның өмірбаяны туралы «толық деректер» біздің дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларынан белгілі. Онда Шакьямуни (Будда) біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Үндістанда (Непал) өмірге келген деп айтылады. Оның әкесі Майя халқының шакья атты табының көсемі болған. Бірақ Шакьямуниді Буддизм дінін жалғыз ойлап шығарушы деп атаудың дұрыс еместігі анық.

Буддизм бір Жаратушы бар дегенді  теріске шығарады. Бірақ материяның мәңгілігін, жаратылыстардың бірінің орнына бірі келіп, айналып тұратынын мойындайды. Буддизм бойынша жарық әлем, азап пен рахат – жаратылыстың көрінісі ғана. Азаттықтан, рахаттан бас тарту, яғни адам өзін ғана ойлауы және осының салдарларынан тыйым іздеу арқылы нирванаға кіреді. Ал бұл – ешқандай тілек, ой болмай, жанның толық тыныштық табуы деген сөз. Басқа тілмен айтқанда, бұл – психикалық ғайыптық. Будда оқуы өмірді қасірет деп санайды. Адам нирванаға ұмтылуы керек. Будда бойынша пенде шаттық өмірге, рахатқа өз ерік-жігерінен бас тартып, зұлымдық пен жамандықты білмей, аскеттікпен өмір сүріп, қоршаған ортаның бәріне махаббатпен қарап және біреу үшін өзін құрбандыққа шалуға үнемі дайын болған жағдайда ғана жетеді. Осыны уағыздаған және өздерін көркем мінез-құлықпен танытқан буддистер діндерін кеңінен тарата білді.

Буддизм толық өлім жоқ, адамның  тәні өлгенде жаны басқа адамға, тіпті жануарларға беріледі дегенді уағыздайды. Осы идеяға елітушілер өте көп, «мен бұрынғы өмірімде кім болдым екен, қыз болдым ба, ұл болдым ба, ит болдым ба, құс болдым ба, әлде аң болдым ба» деген сұрақтың жауабын іздегісі келетіндерді көріп жүреміз. Өз бойындағы қандай да бір итке (жағымпаздық), қасқырға (қомағайлық), т.б. ерекшеліктерді аңдап қалса, мен бұрын сол болған екенмін ғой деуші жастарды да жиі ұшыратамыз. Ал біздің Ислам дінінде жан өлмейді. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан», дейді Абай. Ал «мен» деген: «Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі», дейді және данышпан. Демек, «мен» деген жан. Тән өлгенде оны Әзірейіл періште денеден шығарып әкетіп, Барзақ әлеміне жібереді. Оның орны Аллаға ғана мәлім. Ақырзаман болып, адам Қиямет қайымда қайтадан тірілгенде ол өз тәніне қайтадан қосылады да жауапқа тартылады, дейді біздің дін. Христиан дінінде де солай, адам өлгенде жаны тәнді уақытша тастап кетеді де, артынан тірілгенде (воскресение) қайтадан табысады. Ал Будда жанның басқа тәнге енетінін айтады, тіпті адам, жан-жануар емес, өсімдікке де беріледі дегенді уағыздайды. Осының өзі оны тануға деген қызығушылықты оятады. Ислам мен Христиандық болса, адамдар өздерінің бұрын өмірде басқа адам немесе аң, құс кейпінде болғанына қандай да бір дәлел «табуын», тіпті кітаптан, теледидардан кейбіреулердің бұрын апаттан, кісі қолынан ерте ажал тапқандардың жаны қазір басқада болуы себепті «бұрынғы өмірінің» фрагменттерін еске алуын – адамдарды дұрыс жолдан адастыруды ғана ойлайтын жынның әрекеттері деп бағалайды.

Буддизмнің өз өміріңді немесе басқаның өмірін үзуге болмайды, алдама, ұрлық  қылма, кісі еңбегін жеме, мас қылатын  сусындарды ішпе деген секілді негізгі тыйымдары басқа да әлемдік діндерде бар. Сонымен бірге, Будда әрқашан да сабырлы, мейірімді болуға, ешкімге ашуланбауға, қымбатшылыққа ұмтылмай, қарапайым ғана өмір сүруге және адамдардың өмірін қиятын соғыс, терроризм сияқты басқа да қырғындарды болдырмауға үндейді.

Буддизмнің негізі бір болғанымен, ілімі әр елде әртүрлі болып келеді. Ондай ағымдарға бөліну басқа  да әлемдік діндерде бар екенін білеміз. Исламның өзі сүннит пен шиит секілді  екі үлкен ағымға, олардың төрт түрлі мәзхабтарға бөлінетіні белгілі. Христиандықтың да католик, православие, протестант сияқты үш үлкен ағымнан басқа толып жатқан секталарға бөлінетіні тағы мәлім.

Буддизмнің екі үлкен ағымының атаулары: махаяна және тераведа. Соның  ішінде, санскриттен қазақшаға аударғанда «үлкен дөңгелек» немесе құтқарылудың үлкен жолы деген мағынаны білдіретін махаяна либералды бағытта да, «дана қарттың жолы» деп танылған теравада консервативтік бағыт ұстанған. Сондай-ақ ваджраяна деп аталатын да үлкен ағым бар. Оны кейде махаянаның бір түрі десе, көп оқымыстылар өз алдына ағым деп атайды.

Бір Құдайдың барлығын танымағандығына  қарап, Буддизмді кейде атеистік жолдың бір түрі деп танушылар  да бар. Дегенмен, оны діни-философиялық ілім деп бағалаушылар көп.

Аңызға қарағанда, Сиддхартха Шакьямуни айрықша бала болған. Ол туарда шешесінің түсіне адамның ақылы жетпейтін өте үлкен ақ піл енген. Осыдан шошынған әйел өзінің ерекше бала туатынын сезеді-міс. Айы-күні жеткенде бала әйелдің жатырынан емес, қолтығынан туады… Сол елдерде болған Асита есімді бір данагөй баланың дін жолында орасан зор өзгерістер жасайтынын айтыпты. «Егер принц сарайда қалып, ел билеуші болса, ол бүкіл әлемді өзіне бағындырады. Ал дін жолына түссе Будда болып, әлемді құтқарады», депті Асита. Балаға Сиддхартха, яғни «өзінің міндетін орындаушы» деп ат берген де сол екен.

Көсемнің сарайында өскен балаға әкесі өмірдің қиындығын, азапты жолын көрсетпеуге тырысады. Бірақ ерекше сезімі бар ол өмірде қайғы-қасірет көп екенін түйсініп, толып жатқан аурулар барын біліп, кәрілік жетіп, адамның өлетінін танып, қалың ойларға батады. Адамға азап шектіретін не екен деген ой жатса да, тұрса да оның басынан кетпейді. Ақыры, «сарайдың тамаша сәулеті, тән саулығы, жастық – бәрі баянсыз дүниелер емес пе? Күндердің бір күнінде мен де ауырамын, қартаямын, сосын жұрттың бәрін теңгеретін өлім жетеді. Осыдан шығатын жол болуы керек қой. Жылуға қарсы тұратын суық, жарыққа қарсы тұратын қараңғы бары сияқты қайғыға қарсы тұратын бақыт болуы керек, мен соны табуым керек» деген оймен 29 жасында  Сиддартха бала-шағасын тастап, туған үйінен безіп, диуана болып, ел кезіп кетеді. Менің мақсатым: адамды азаптан құтқару жолын табу, дейді ол сұрағандарға. Ақыры, жеті жыл бойы қаңғырған соң, бір күні Урувилва деген жердегі Наиранджаны өзенінің жағасында (қазіргі Үндістанның Бихар штаты) отырғанда ол адамды азаптан құтқаратын «төрт игілікті ақиқатты» табады.

 

Будда ілімі

Сонымен, Будда ілімінің негізі болған төрт ақиқат дегеніміз  не? Олар азап туралы (немесе азаптың ақиқаты). Басқаша айтқанда, тіршілік дегеніміздің өзі – азап шегу. Екінші ақиқат – азаптың себептері (немесе азап себептерінің ақиқаты). Ол адамның құлқында: яғни, өмір сүруге, рахатқа, билікке, байлыққа, т.б. ынтықтығында. Үшінші ақиқат азаптың аяқталуы (немесе азап аяқталуының ақиқаты) және азапты аяқтауға бастайтын жолдар (немесе азапты аяқтау жолдарының ақиқаты) туралы деп аталады. Будданың ілімі бойынша адамның өмірі қайғы-қасірет пен азаптан ғана тұрады. «Туудың өзі – азап, қарттық – азап, ауру – азап, ұнамайтын жанмен қосылсаң – азап, қалаған нәрсеңе қол жеткізбесең – ол да азап», дейді Будда. Ал азаптың себебі – пендешілік тауқыметтерге байланып, өмір сүруге ынтық болуда. Осы ынтықтық пендені бір азаптан екінші азапқа сала береді. Барлық тілектерді басу жолымен ынтықтықты жойғанда ғана азап аяқталады, дейді Будда. Қорыта айтсақ, бұл ілім бойынша адам өзінің бойындағы өмір сүруге деген барлық пендешілік ықыластардан, барлық тілектерден, барлық құмарлықтан бас тартуы керек.

Тілектер мен құмарлықты қалай  жоюға болады деген сұраққа азапты аяқтау жолдары туралы деп аталатын жоғарыда аталған соңғы ақиқат жауап береді. Бұл ақиқат көздеген мақсатқа жетудің шыншыл дін, шыншыл шешім, шыншыл сөз, шыншыл істер, шыншыл өмір сүру, шыншыл талпыныс, шыншыл ойлар, шыншыл пайым сияқты сегіз жолы бары айтылады. Басқаша айтқанда, бұл дұрыс түсінік, дұрыс пиғыл, дұрыс сөйлеу, дұрыс мінез-құлық, дұрыс өмір сүру, дұрыс ұмтылыс, дұрыс қамқорлық, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Осы сегіз жолды бұзбай жүрген адам ақыры кемелдікке қол жеткізіп, архат-әулие деген атаққа ие болып, нирванаға кіреді, дейді Будда. Жоғарыда айтқанымыздай, нирвана дегеніміз барлық данышпандар қол жеткізуге ұмтылатын идеалдық жағдай. Бірақ буддистік әдебиеттерде оның нақты анықтамасы жоқ. Кейбіреулердің пікірі бойынша, нирвана тіршілікті жою десе, екіншілері танымды тіршілікті жойып, басқа, танылмайтын әлемге өту дейді.

Бір тіршіліктен екіншісіне өтудің мәңгілік жолдарын буддистер сансарлар  деп атайды. Олар барлық жан иесінің  бір тіршіліктен екіншісіне өтерде (айналуда) қаптаған азапты бастан кешіретінін айтады. Өлім адамды тіршіліктің азабынан құтқара алмайды, өйткені, оның артынан басқа өмір туады. Сондықтан сансарлардың азапты жолынан шығудың бір-ақ амалы бар. Ол – архат-әулие қатарына қол жеткізіп, ақиқатты тануда. Сонымен бірге, Будда, қайта туу барысында адам, жоғарыда айтқанымыздай, жан-жануар, өсімдік, тіпті жын-шайтан түріндегі тіршілік иесі болуы да мүмкін дейді. Әрине, қайта туғанда қайтадан нақ адам кейпінде өмірге келудің маңызы зор. Өйткені, нирванаға пенде адам түрінде ғана ене алады. Ал архат-әулие дәрежесіне адам өзінің іс-әрекет, ақыл, ой-пиғыл амалдарын салып, жоғарыда айтылған жолдарды қатаң ұстағанда ғана қол жеткізеді.

Буддизмнің адамдар  арасында тез тарау себебін осы күнгі ғалымдар оның 2500 жыл бұрын солтүстік Үндістанда өркениеттің өрлеу кезіне дәлме-дәл туғанымен түсіндіреді. Дәл осы уақыттарда әдебиет пен жазу да Үндістанда қатты дамыған. Сол кезде қолданылатын санскрит жазуы б.д.д. ІV ғасырда пайда болып, әбден қалыптасқан болатын. Оны Үнді тайпаларының көбісі жақсы білген. Атақты «Махабхарата» мен «Рамаяна» поэмалары да санскрит жазуымен тараған-тын. Будда да 45 жыл бойы адамдарға ақыл-ойдың толық ашылу жолдарын осы жазуды қолдана отырып көрсеткен. Және оны әрқашан да мыңдаған шәкірттері қоршап жүретін болған. Өзі өлгеннен кейін жарық көрген Будданың сөздері 108 том болған. Онда 84 мың пайдалы кеңес бар екен. Ал кейін шәкірттерінің жазған түсініктерінің (комментарийлерінің) өзі әрқайсының қалыңдығы екі сантиметрден кем болмайтын 254 томды құраған. Оларды тенгьюр деп атайды. Бір өкініштісі – Үндістанда будданың алғашқы жазулары сақталмаған. Тек император Ашокидің тасқа қашатқан Будда ілімдері ғана аман қалған. Жасы 80-ге келіп, өлер шағына жеткенде Будда: «Мен бақытты өліммен ажал құшамын, өйткені, білетінімнің бәрін шәкірттеріме беріп үлгердім, уысымда еш нәрсе алып қалмадым. Олардың бәрі де сіздерге пайдалы болады», десе керек.

Осы сөздеріне қарағанда, ол адамзатқа күнделікті өмірге қажетті ақыл берген. Ал сіз адамдарды неге үйретесіз, іліміңіздің мақсаты қандай деген сұраққа Будда: «Барлық пенде бақытты болуға және аурудан аман болуға тырысады. Ал мен сіздерге қоршаған дүниенің не екенін және қандай екенін тануды үйреттім», деген екен. Оның осы сөздері артынан оның ілімін үйретумен айналысатын мектептердің негізі болады. Бұл мектептердің бәрін Будданың ілімін оқыту, яғни адамның ақыл-ойының, денесі мен тілінің дамуын қамтамасыз ету біріктіреді.

 

 

 

 

Буддизмнің таралуы

Буддизмнің Үндістаннан кейінгі алғашқы таралған елдерінің бірі – Шри Ланка. Б.д.д. ІІІ ғасырда Үндістанның императоры Асока Шри-Ланкаға алғашқы Будда миссионерлерін жіберген. Олардың ішінде өзінің ұлы Арахат Махинда да болған. Аңызға қарағанда, миссионерлер Шри-Ланканың монархы Анурадхапурамен аңда жүргенде жолығады. Сол жерде корольді Махинда «Тисса!» деп өзінің нақты есімімен шақырады. Бұған қатты шамданып қалса да король жас жігіттің ақылды екенін аңғарып, оның Будда туралы әңгімелерін ынтыға тыңдайды. Уағыздың шалымды шыққаны сондай, король оны өзінің сарайына шақырады. Сол жерде Арахат жеті күн уағыз айтып, 7 мыңнан артық адамды Будда дініне енгізеді. Артынан Шри-Ланканың королі Үндістан императорынан Будданың белгісі ретінде оның бел сүйектерін сұратып алып, оны монастырь салғызып қастерлеп қояды. Арахат Махиндаға арналып салынған сол алғашқы монастырь Шри-Ланкада Буддизмнің өріс алуына үлкен қызмет еткен. Махинда оның ішінде 48 жыл өмір сүрген екен. Бір қызығы – көпконфессиялы болып табылатын осынау аралда буддизм келгеннен бері діндер тұрғысында ешқашан соғыс болмаған. Будда таратқан төзімшілдік пен қайғы-қасіретке мұңдасу идеясы күні бүгінге дейін бұл аралдың халқына қатты тән қасиет. Қазір мұндағы буддистердің 16 қасиетті орны бар.

Будданың философиялық жүйесі өте күрделі әрі өте мазмұнды. Осының өзі оның Үндістан топырағында ғана дүниеге келгенін паш етеді. Қытай, Жапония, Корея жерлеріне келіп, халық арасына сіңген буддизм оқуы осы елдердің терең және күрделі философиялық жүйелерді қазбаламай, тайыздан қалқитындығына орай жеңіл ілімді секталар түрінде қалыптасқан. Соның бірі Қытайда кеңінен тараған дзэн-буддизм ілімі. Конфуциандық пен даосизмнің отанында ол төмендегі төрт түрлі бағытпен орныққан:

• қасиетті жазулардың қатысуынсыз  айрықша ашылу;

• сөз бен әріптен тәуелсіздік;

• адамның рухани әлемімен тура байланыс;

• адамның қастерлі құпияларына  қол жеткізу және Будданың кемелділігіне  жету.

Дзэн-буддизмнің ерекшелігін  білдіретін осы төрт бағытты кімнің және қашан айқындағаны белгісіз. Әйтеуір, Қытайдағы Тан династиясының басқаруы кезінде Будда осы іліммен Қытайда кеңінен тарай бастағаны белгілі. Дзэн ілімі қасиетті жазулардағы сөздерді және оған сүйеніп шығарылған түсініктер мен қорытындыларды жоққа шығарады. Ол адамзат жаратылған кезінен бастап, ақыл-ойды көп қуу сияқты қате жолға түскен. Біз ешқашан іске аспайтын көп ойлар мен көп сөздерді қуамыз. Олардың біздің санамызға әбден сіңіп кеткені сондай, біз оларсыз өмір сүру мүмкін емес дейтін болдық. Біз бәрі сөзде, ал істе ешнәрсе жоқ немесе оны екінші қатардағы дүние деп есептейміз. Осыдан арылу керек, дейді. Қытай халқының көп ойлап, көп сөйлемей, тек іспен көбірек айналысатыны осындай дінде болғандығының әсері секілді.

Буддизмнің Жапонияда  таралуының 1500 жылдық тарихы бар. Соның  ішінде оның қатты дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Соғыстан күйзеліп шыққан жапон халқы Будданың бұл дүниедегі харекет атаулының бәрі жалғандығын уағыздай келіп, төзімшілдікке шақырған идеологиясына мойынсұнған секілді. Бұған дейін де жапон қоғамының даму логикасына Будда ілімі сәйкес келсе, ендігі жерде ол тіпті қарыштай дамып береді. Бірақ Буддизмнің жапон қоғамына келген кезінен-ақ шұғыл қанат жая бастағанын көптеген ғалымдар айтады. Атақты шығыстанушы, академик Николай Конрад «орталықтанған мемлекет құрғысы келген тұлғаларға Будда ілімі барынша қолайлы. Өйткені, ол, біріншіден, адамның бойына жалпы мемлекеттік, әлемдік көзқарас қалыптастырып, топтық шеңбердің тар қыспағына қарсы күресуді сіңіреді. Екіншіден, буддизм ілім ғана емес, тамаша храмдық ұйым құра алды. Будданың храмдық иерархиясы монахтар және әр түрлі шендегі прелаттар Жапония қоғамына феодалдық қоғамның дайын үлгісін бере алды», деп жазған еді. Жапон оқымыстысы Мазахари Анэсаки де өз елінің өркениеті жоғары қарқынмен дамығаны үшін Буддизм мен Конфуциандыққа алғыс айтуы керектігін айтады. Сонымен бірге, «Буддизм өзінің бесаспап идеялары арқылы жапондардың діни өміріне жаңа қуат пен серпін берді және діни-эстетикалық талғамдарын тазартты», дейді ол. Жапония тарихында 794 жылдан басталып, 1185 жылға дейін қалыптасқан Хэйан дәуірінде Буддизм арал мемлекетте қатты дамиды. Дәл осы уақыттарда будда храмдары экономикалық жағынан қуатты және идеологиялық жағынан барынша ықпалды ұйымдарға айналады. Будданың осында ІХ ғасырда туған Тэндай атты бір тармағы бірнеше ғасыр бойы Жапонияның ресми діні ретінде танылды. Оның негізін қалаушы алғашқы патриарх Сайте будда доктринасына сүйене отырып, теократтық мемлекет құру жоспарын да дайындаған. Жапонияда «сэйке – итти» атты дін мен саясаттың бірлігін уағыздайтын қағидат нақ осы кездерде өмірге келген.

Информация о работе Буддизм діні