Буддизм діні

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:09, реферат

Описание работы

Буддизм діні Орталық, Шығыс жә¬не Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д. І мың¬жыл¬дықтың ортасынан бастап таралған әлемдік үш діннің бірі.Қазір Үн¬діс¬тан, Қытай, Жапония, Бу¬тан, Вьетнам, Кам¬бо䬬¬¬жа, Малайзия, Корея, Лаос, Моңғолия, Мьян¬ма, Непал, Тайланд, Тибет, Шри-Лан¬ка ел¬де¬ріне ке-ңі¬нен тараған. Ол Христиан¬дық¬тан – 500, Исламнан 1200 жыл бұрын пайда болған. Оны ұста¬натын¬дардың саны 300-ден 350 млн. адамға жуық де¬ген болжам бар. «Будда» деген сөздің өзі санскрит тілінен аударғанда «ағар¬тушы әулие», «ақы묬ман» деген сөзді білдіреді екен. Буддистер¬дің түсінігі бойынша ақыл-ойдың асқа¬рына жеткен жер бетін¬дегі кез келген пенде будда бола алады. Осындай буд¬далардың бірі деп таныл¬ған Шакьямуни «құт¬қару» ілімін ойлап тапты. Оны санскрит тілінде «Дхарма» деп атайды. Сайып келгенде, «будда» дегенде алдымен Шакьямуни еске алынады.

Работа содержит 1 файл

Буддизм діні.doc

— 90.00 Кб (Скачать)

Әрине, Буддизмнің дамуына  жергілікті діндердің кесірі аз тиген жоқ. Ондай әрекеттер Жапонияда да болды. Әсіресе, Хэйнан дәуіріндегі ребусинто атты жергілікті діннің кедергісі көп болса керек. Бірақ елдің даму болашағына идеологиялық негіз қалайтындығы белгілі болған соң, билік Буддизмнің дамуына еркін жол ашады. Сонымен қатар, Буддизм VІІ – VІІІ ғасырларда Жапонияға келген конфуциандық пен даосизм ілімдерімен бейбіт қарым-қатынас орнату проблемаларына ұшырайды. Бірақ бұл уақыттарда Буддизмнің қоғам мен мемлекеттегі ықпалы оны ығыстырып шығаруға болмайтын дәрежеге жеткен екен.

Жапониядағы Буддизм  тарихын зерттеушілер мыңдаған дерек көздеріне тап болады. Мұндағы будда храмдарының ежелгі архитектурасы, қылқалам өнімдерінің стильдері, сонымен бірге, діни рәсімдердің сақталған бұйымдары Жапониядағы Буддизмнің даму генезисінен мол ақпараттар береді. Сонымен бірге, оның материктік Буддизмге қарағандағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқын сезіліп тұрады. Будданың рәсімдері, діни мейрамдарын атап өту салты да осы тұрғыда көптеген ақпараттар бере алады.

Буддизмнің ең жақсы  тараған және дамыған өлкелерінің  бірі – Тибет. Мұндағы Буддизмге  бұрын ламаизм деп қате баға беріліп  келген. Буддизмнің мұндағы ерекшелігінің бірі – іліммен қатар, рухани және зайырлылықтың қайта туу деп аталатын өлшем арқылы көрнекті буддист тұлғалардан кейінгілерге берілу салтының ХІІІ ғасырдан бастап өмірге келуі. Бұл – Тибет өркениетін басқа әлемнен қатты ажырататын әрекет. Осы әрекет рухани және зайырлы билікті Далай-ламаның төңірегіне топтастырған.

Буддизмді қабылдаған алғашқы  тибеттіктер ІV ғасырдағы цяндар болып табылады. Бірақ түрлі себептермен  ол кезде Будда ілімі кеңінен  тарай алған жоқ, тек VІІ ғасырдан бастап қана Тибетте махаян ағымы қатты дами бастады. Ол уақытта Тибеттің билігі Шығыс Түркістан жазығындағы оазис – мемлекеттерге де жайылған болатын. Ал Батыс Түркістанда Буддизм Самарқандқа дейін тарады. Қазіргі Қырғызстан аумағында да будда храмдарының қалдықтары табылған. Сондай-ақ мұнда Будданың тасқа қашалған ілімдерінің сілемдері қалған. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанда тараған шаманизм Буддизмнің еркін тарауына кедергі келтірген. Бұл екі діннің ортақтас тіректері көп, әсіресе, Буддизмге шаманизмнен енген салттар көптеп саналады.

ІХ ғасырда Тибетте  Буддизм қуғынға ұшыраған. Ол тек Х ғасырда тоқтап, Үндістаннан дінді таратуға жаңа миссионерлер шақыртылған. Тибет Буддизміндегі ұлы тұлға Далай-лама болып табылады. «Далай» деген сөздің өзі моңғол тілінен аударғанда «мұхит» деген мағынаны білдіреді. Демек, Далай-лама мұхиттай мол білімді буддист деген ұғымды танытады.

Тибет Буддизмін дәстүрлі Буддизммен салыстыра отырып, зерттеген  оқымыстылар олардың 85 пайызы бір  екенін анықтаған. Будданың мәтіндері  тибет тіліне санскриттен аударылса, тек аз ғана бөлігі қытай тілінен жеткен екен. Сондықтан да оның дәстүрлі Буддизмнен айырмашылығы шамалы. Тибетте Буддизмнің мәтіндерін, Будданың өз сөздерін сақтаған канджур және үнділік түсініктерді топтастырған танджур атты алып жинақтар бар. Бұлар буддалық әдебиеттің әлемдегі ең үлкен жинағы деп саналады. Өйткені, Үндістанның өзінде буддалық дәстүрлер түркілер жорығынан кейін шеттетіліп, басқа діндерге, соның ішінде Ислам мен Индуизмге жол бере бастаған еді. Буддизмнің кейінгі тарихтағы дамуына Тибеттің қосқан үлесі зор.

Моңғолия буддизм дәстүрімен ХІІІ ғасырдан бері таныс болып келеді. Үгедей ханның баласы Қодан буддизмнің Тибетте пайда болған тармақтарының бірі – Сакья мектебінің басшысы Кунг Гьелценді өзіне шақырып, рухани көсем еткен. Бұл дәстүрді Хубилай хан да жалғастырып, Буддизмнің Моңғолияда тарай түсуіне үлесін қосқан. Оның кезінде Буддизмнің мәтіндерін моңғол тіліне жеңіл аудару үшін жаңа әліпби де енгізілген. Шыңғыс ханның Хубилайдан басқа ұрпақтары да Буддизмге енген. Соның ішінде Шығыс және Батыс Түркістанды билеген Шағатай ұлысының кейінгі хандары, парсы жұртын басқарған Ильхан ұрпақтары Буддизмді қабылдаған. ХVІ ғасырдың аяғында Моңғолияда будда храмдарын салудың жаңа архитектурасы енгізілді. Соның ішінде моңғолдың алғашқы астанасы Қарақорымның орнына салынған Эрдени-дзу монастырын айтуға болады. Мұнда оқымыстылар будда шығармаларына моңғол тілінде түсінік берумен айналысқан. Сондай-ақ Тибеттен келген монахтық дәстүр қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда, тибеттік Буддизм Моңғолияда жергілікті жағдайға икемделіп, берік орын тепкен.

Буддизм Маньчжурияға ХVІІ ғасырда енді. Ал Қытайды қосып  алған соң Бейжіңде тибет храмы  салынды. Сондай-ақ басқа қалаларда  да Будда монастырлары салынды. Тибет  тіліндегі Канджур де толығымен  маньчжур тіліне аударылды.

Бұрынғы КСРО аумағында  буддизм Бурятия мен Тывада тараған. Соның ішінде ол Бурятияға ХVІІ ғасырда  Моңғолия арқылы еніп, Байкөл бойындағы  тұрғындар арасына жайылған. Ал екінші жол Тибеттің өзінен жеткен. Орыс патшасы  буряттардың моңғол Далай-ламасына бағынуын тоқтату үшін бурят буддистерінің көсеміне Хомба-лама деген титул береді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында бурят буддистері қызылдардан қашып, ішкі Моңғолияға өтіп кетеді.

Туваның түркітілдес  тұрғындары арасына Буддизм ХVІІІ  ғасырда тарады. Сондай-ақ Буддизм Еділдегі қалмақ жұртының арасында жақсы жайылған.

Міне, Буддизмнің қысқаша  айтқандағы таралу тарихы мен географиясы  осындай.


Информация о работе Буддизм діні