Христиан діні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 16:48, реферат

Описание работы

Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.

Работа содержит 1 файл

Христиан діні.docx

— 56.79 Кб (Скачать)

            Христиандар Иса алейһиссаламның креске керіліп, сол жерде қайтыс болғанына, кейіннен тіріліп көкке шыққанына сенсе, мұсылмандар Исаның креске керілмегендігіне, тікелей көкке шығарылғандығына, креске керілген адамның римдіктерге Иса пайғамбар жасырынған жерді ақшаға сатып берген Яһуда (Judas) екендігіне сенеді. Құран Кəрімде бұл мəселе туралы “Ниса” сүресінің 156-158- аяттарында айтылған: «Яһудилердің Исаны(-ң пайғамбарлығын) қабылдамауына, Мəриямға жала жабуына жəне Аллаһтың расулы Мəриям ұлы Исаны өлтірдік деулеріне байланысты оларды қарғадық, рахметімізден қудық. Негізінде олар Исаны өлтірген жоқ жəне креске де керген жоқ. Бірақ, бұл істе оларға бір ұқсату жасалды (Яһуда Иса алейһиссаламға ұқсатып қойылғандықтан соны асты). Бұл мəселеде өздері де күмəнданады. Олардың бұл туралы мəліметтері де жоқ, тек ойлары ғана. Олар шындығында Исаны өлтірмеген. Аллаһ оны өзінің қабатына көтерді. Аллаһ қадірлі, үкімінде даналық иесі» 

            Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен кейін Насрани діні біртіндеп əлемге тарай бастады. Алғашқыда бұл жаңа дін пұтқа табынушы римдіктер мен гректер тарапынан өте қаталдықпен күтіп алынды. Исаға сенетіндер ұстап, өлтірілді. Ареналарда жыртқыштарға жем қылынды. Алайда, хақ дін халық арасында өзіне деген сүйіспеншілікпен құрметті арттырып, таныла берді. Өкінішке орай, уақыт өте келе ақиқат Інжіл жойылды. Мұнафық болған Павлостың “Исаның креске керілуі – құдайдың бір даналығы, əділеттілігі жəне адамзаттың құтылуы. Өйткені, Аллаһ адамдардың күнəларын кешіру үшін өзінің ұлын құрбан еткен” деп алға сүрген мəнсіз көзқарасы қазіргі христиан дінінің сенім негізін қалыптастырған. Иса алейһиссалам еш уақытта адамдардың күнəһар болып туылатынын айтпаған, бірақ қазіргі христиан діні былай айтуда: 

            1. Адамдар дүниеге күнəһар болып келеді. Өйткені, алғашқы адам - Адам пайғамбар Аллаһқа мойынсұнбаған, сол үшін жұмақтан шығарылған. 

            2. Адам алейһиссаламнан кейін келген барлық адамдар осы күнəмен келеді. 

            3. Иса алейһиссалам - адамдарды осы күнəдан құтқару үшін дүниеге келген Аллаһтың ұлы. 

            4. Аллаһу Та’ала адамзат мойнындағы осы үлкен күнəні кешіру үшін өз ұлын креске кергізген. 

            5. Дүние - қиыншылықтың мекені. Дүниеде көңіл көтеруге болмайды. Адамдар қайғы шегу жəне ғибадат жасау үшін жаратылған. 

            6. Адамдар тікелей Аллаһу Та’алаға ғибадат жасай алмайды. Аллаһу Та’аладан еш нəрсе сұрай алмайды. Тек дінбасылар, пірəдарлар адамдардың орнына Аллаһқа жалбарына алады жəне олардың күнəларын кешіре алады.  

            7. Христиандарды папа басқарады. Ол күнəсіз. Оның барлық ісі дұрыс. 

            8. Адамдардың рухы мен тəні екі бөлек. Адамның рухын тек пірəдарлар ғана тазалай алады, тəн болса əрдайым күнəһар болып қала беретін төменгі нəрсе болып табылады. 

            Христиан дінінің негізі ретінде көрсетілген бұл пайымдаулар ақыл мен қисынға сай келмейді. Сол себептен яһуди дінін жөндеуге тырысқан Иса алейһиссалам алып келген насарани діні өз негізінен алыстап, “христиандық” деген өзгертілген дінге айналған. Христиан дінінің қайтадан ақиқат насарани түріне қайтуы үшін көптеген жұмыстар жасалды. Лютер деген пірəдар протестанттық жолын құрып, біраз түзетулер енгіземін деп бұл дінді толығымен өзгертіп жіберіп, бұзды. 

            Міне, Ислам діні Иса алейһиссаламнан кейін барлық осы қателіктерді түзету үшін, бара-бара өзгертіліп бара жатқан «Бір Аллаһ» дінін қайтадан илаһи түрге енгізу үшін жіберілген. Аллаһу Та’ала түрлі дəуірлерде түрлі пайғамбарларына жіберген барлық дін кітаптарында бір соңғы пайғамбардың келетінін жəне оның адамдарды ең тура жолға салатынын хабар беріп келді. Бұл сөз Тəуратта да, өзгертулер енгізілген Інжілде де кездеседі. Жохан Інжілінің 16-бабының 12-13- аяттарында: «Менің сізге айтатын көп нəрселерім бар. Бірақ, сендер оған шыдай алмайсыңдар. Бірақ, ол келген кезде сендерді ақиқатқа жеткізеді» деп Мұхаммед алейһиссаламның келетінін көрсетеді. Барнабас Інжілінің 72, 96, 136, 163- баптарында хазіреті Исаның өз хауарилеріне бір соңғы пайғамбардың келетінін, есімі Ахмет болатынын, ол келгенге дейін өзгертілетін Інжілді қайтадан түзететінін жəне жаңа кітап əкелетінін, өзінінің креске керілмегенін, креске керілген адамныңұрған жерін айтып берген) Яһуда екендігін айқын көрсеткен. Құран Кəрімнің “Саф” сүресінде бұл мəселе расталады. “Саф” сүресінің 6-аятында: «Мəриямұлы Иса: “Ей, Исраил ұлдары! Мен менен бұрын келген Тəуратты растайтын жəне менен кейін келетін Ахмет (Мұхаммед) деген пайғамбарды хабарлайтын, Аллаһу Та’аладан сендерге жіберілген пайғамбармын” деді. Бірақ, олар пайғамбар (Мұхаммед) оларға келген кезде, “бұл нағыз сиқыр” деді» делінген.  

Информация о работе Христиан діні