Халықаралық жария құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2012 в 10:38, контрольная работа

Описание работы

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
2. Сөйлеу тілі және сөз мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

риторика контр работа.doc

— 130.00 Кб (Скачать)

 Сөйлеуші  өзінің сөзі арқылы өзіндік  тұлға екенін таныта алады.  Коммуникативтік мүдделілік, адресатқа  икемделу, сөйлеушінің коммуникативтік  діттемін түсіну, сөз ситуациясына байланысты тілдік, тілдік емес қатаң талаптарды орындау диалогтің ойдағыдай болуының шарты.

 Тілдік қарым-қатынастың  ойдағыдай болуы – сөйлеушінің  тілдік құзыретіне ғана емес, коммуникативтік құзыретіне де  тәуелді. Коммуникативтік құзыретке  мәдени-әлеуметтік нормаларды, сөз әдебіндегі ұлттық стереотиптерді білу, тілдік фактілерді коммуникативтік ситуацияға қарай орнымен жұмсай алу т.б. жатады.

 Тілдесуде  мәдени-әлеуметтік стереотиптерді  білу, аялық білімнің жеткілікті  деңгейдегі болуы, тыңдаушының  аялық білімін ескеру т.б. жайттар тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай өтуіне әсерін тигізеді.

 Сөз этикасының  нормаларын сақтау сөйлеушінің  тыңдаушыға деген ілтипатын, ықыласын  танытатын, диалогтің ойдағыдай  аяқталуына септігін тигізетін  қажетті алғышарттардың бірі.

 “Шаршысөз  мәдениеті” деген тараушада шаршытоп (публика) алдындағы сөздің формальды-тілдік, коммуникативтік нормалық қырлары  сөз мәдениеті тұрғысынан қарастырылады.  Бір есептен, шешен мен шаршытоп  арасындағы тілдік қатынасы ұжымдық  коммуникация деп атауға болады. Коммуникацияға қатысушылар, шешен мен аудитория арасындағы коммуникативтік байланыс, олардың ортақ білімінің болуы т.б. жайттар тілдік құралдарды, риторикалық, стильдік тәсілдерді талғап, саралап қолдануға ықпал ететін факторлар болып табылады.

 Шешендік  сөзді дайындау барысында, сөйлеу  кезінде пайда болатын үлкен  қайшылық – кітаби тіл нормасы  мен сөйлеу тілі нормаларының  тайталаса келуі, өйткені шешендік  сөз жазба (кітаби) тіл негізінде  “әзірленеді”, ал сөйлегенде, яғни  ауызша сөзге айналғанда сөйлеу тілінің тәсілдерін пайдаланады. Ауызша сөзде, шаршытоп алдындағы сөздің баяндау мәнерінде шешен қатаңдығы басым кітабилыққа бой ұрмауға, еркіндігі басым сөйлеу тілінің жетегінде кетпеуге тырысады. Шешен кітабилыққа бой ұрса, сөзі қасаң, таптаурын тартып, аудиторияға әсер-ықпалы төмен болады, ал сөйлеу тілінің элементі басым болса, тұрмыстық деңгейдегі сөзге айналады, ондай сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні жоғары болмайды. Шешеннің сөзі оқушыға емес, тыңдаушыға арналады, сондықтан шаршы сөзде кітаби элементтер мен сөйлеу тілі элементтерінің арасалмағын теңгеріп отыру қажет.

 Шешендік  сөзде сөздің мағыналық типтерінің  баяндау, сипаттау, байыптау контаминациясы  кездесіп отырады. Мұндайда контаминацияланған  сөз жаңаша реңк алады. Сөздің  мағыналық реңктерінің бір-бірімен өзара жақындығы, ұқсастығы бар. Сондықтан баяндау сөз сипаттауға, ал сипаттау сөз байыптауға ұласып отырады.

 Сөз типтері  бір-бірімен ұласып, алмасып келеді  де мәтіннің композициялық, стилистикалық  құрылымы өрбіп, дамып отырады.  Сөздің функционалдық-стильдік салаларымен сөздің мағыналық типтері іштей байланысты. Мысалы, академиялық шешендікте байыптау басым болады да, соттағы шешендікте сипаттау мен байыптау жағы басым түсіп жатады.

 Сөздің белгілі  бір мағыналық-функционалдық типін  таңдау ең алдымен сөздің объектісіне, мақсатына тәуелді. Сырттай қарағанда шаршысөз сөзжарыс тәрізді көрінеді, ал шынында шаршысөз табиғаты жағынан ойжарыс болып табылады.

 Ойжарыстың  импилицитті және экспилицитті  түрлері бар. Шешеннің өз пікірін,  тұжырымын ашық қорғауы, оппоненттеріне қарсы шығып, келіспеуі ойталастың эксплицитті түрі. Ойталастың имплицитті түрінде оппоненттер қарсы шығу, айтқандарымен келіспеу ашық түрде айтылмайды. Оппонент реалды немесе ирреалды болуы мүмкін.

 Пікірталас  шешендіктің белгілі бір мәселе жөнінде шаршытоп алдындағы ой жарысы мен сөз жарысы. Шешен шаршытопта факт, аргумент, эмоция арқылы аудиторияға әсер етіп, иландыруды көздейді. Ал пікірталастың тілдік құралдар мен амал-тәсілдеріне жақаурату, әзіл, сықақ, кекесін, үзілді-кесілді баға беру, антитеза, теңеу, ремарка, сөздің суреттілігі, мақал-мәтелдер т.б. классикалық тәсілдер жатады.

 Шаршысөз  мақсаты мен мазмұнына қарай  белгілі бір құрылымда айтылады. Сөз материалы осы мақсат пен  мазмұнға қарай белгілі бір  жүйе бойынша орналасады. Шаршысөздің классикалық схемасы, зерттеушілердің көрсетуінше, бес бөліктен тұрады: 1) басталуы, 2) кіріспе, 3) негізгі бөлік, 4) қорытынды, 5) аяқталуы.

 Сөз ситуациясымен  байланысты немесе шешеннің белгілі  бір мақсатына қарай кейбір  бөліктердің болмауы да мүмкін. Ал негізгі бөліктің болуы міндетті.

 Сөздің басталу  бөлігіне сөйлеуші ерекше мән  береді. Бұл бөліктің мақсаты  бірден аудитория назарын өзіне  аудару. Бұл бөлікте дәстүр бойынша  этикеттік формулалар мен этикеттік  қаратпа атауыштардың қолданылуы шешендік сөзге тән этикеттік норма. Сөздің басталуында этикеттік формулалардан басқа мазмұнды білдіретін тілдік бірліктер болады.

 Сөздің ұзына  бойында аудитория назарын ұстап  тұру сөздің басталуына байланысты. Бұл тұста тәжірибелі шешендер  тапқырлық танытып, сөзді жұрт күтпеген жайдан бастайды. Ондай жайт көбіне әркімді қызықтыратын, әркімнің басында бар, әркімнің басынан өткерген мәселеге қатысты болуы мүмкін.

 Сөздің кіріспе  бөлігігінде сөйлеуші аудиторияны  психологиялық жақтан айтылар  сөздің негізгі бөлігін ұғынуға дайындап, қабылдауға икемдейді. Сөздің басталуындағы байланысты әрі қарай күшейте түседі; аудиторияның назарын бір арнаға бұрады. Бұл бөлікте тыңдаушылар сөздің негізгі тақырыбынан хабардар болады. Сөздің композициялық негізгі бөлігінде шешен айтылмақ басты мәселелерді санамалап көрсете келе оларға қысқаша талдау жасайды. Сөйтіп, мәселенің өзектілігін, қоғамдық, әлеуметтік мәнін ашады. Негізгі бөлікте ең басты деп танылатын материалдар талданып, сараланады. Шешен аса қажетті фактілерге сүйеніп, қисынды дәлелдер келтіреді. Әртүрлі аргументтерді пайдаланып, мысалдарға нақты талдау жасайды. Оппоненттермен пікірталас өрбітеді.

 Сөздің қорытынды  бөлімінде жоғарыда айтылғандарға  қорытынды жасалады. Басты, негізгі  ой баса айтылады. Негізгі идея айқындалып, белгіленеді, аудиторияның алдында белгілі бір шешімдерді қажет ететін міндеттер көрсетіледі.

 Сөздің аяқталуында  этикеттік формулалар қолданылады.  Сөздің мазмұнына тікелей қатысты  болмаса да, тілек айтылуы мүмкін. Сондай-ақ кейде шешеннің сөзі іс-қимылға шақыратын сөзбен де аяқталып жатады. Жалпы алғанда шаршысөз өзінің жанрлық түрлерімен байланысты. Мысалы, жоғары мектептердегі дәрістер, митингідегі сөз, саяси сөз т.б. әртүрлі аяқталуы мүмкін. Шаршысөздің жанрлық түрлеріне қарай мәтінде кездесетін сөздің лексикалық типтері әртүрлі болып келеді. Мысалы, ғылыми дәрістерде интелектуалдық лексика, саяси дискурста қоғамдық-саяси атаулар, митинг, жиналыстарда эмоционалды лексиканың үлес салмағы басым болады. Мұның өзі шешеннің алға қойған мақсатына байланысты: шешен интелектуалдық тұрғыдан әсер етуді көздей ме, әлде эмоционалды тұрғыдан әсер етуді көздей ме, болмаса жұртшылықты белгілі бір іс-қимылға жұмылдыруды мақсат ете ме мәселе осыған байланысты.

 Аудиториямен  байланысқа сөйлеуші ерекше көңіл бөлуі шарт. Тыңдаушылармен байланыс күшті болған сайын сөздің тиімділігі де арта түседі. Тәжірибелі шешеннің назары үнемі тыңдаушыда болады да, олардың “жауап” реакциясын бақылап отырады. Сөйлеуші аудиторияның жетегінде кетпей, тыңдаушыларды өзіне тарта біледі. Сонымен жұрт алдына шығып сөйлеуді әрбір шешен өзінің кәсіби қызметі деп түсінеді.

 Аудиториямен  байланыс орнатуда арнайы тілдік  бірліктер жүйесінің ішінен шешен  сәлемдесу, қаратпа атауыштар,  комплимент, қоштасу тәрізді этикет  сөздердің әртүрлі нұсқаларын, аудиторияның алдына шығарға дейін коммуникативтік ситуацияға олардың қайсы сәйкес келетінін, “кім, қай жерде, кіммен, қай кезде” деген формулаға сәйкес іштей, алдын-ала “даярлап” қояды. Күнделікті өтіп жататын кеңес, мәжілістерде, отырыстарда басқалармен салыстырғанда, байланыс құралдарын қолдану мүмкіндігі сәл шектеулі болады. Аудитория мен шешен бірін-бірі жаңа көргендей қауышып жатпайды.

 Шешендік  сөзде қолданылатын метамәтіндердің  тыңдаушыларға бағыт-бағдар беріп  отыратындықтан қызметі ерекше. Метамәтін тыңдаушыға сөзді жүйе-жүйесімен қабылдауға жәрдемдеседі. Мысалы, Сіздердің назарларыңызды мына мәселеге аударғым келеді; біз сөзіміздің басында…; енді келесі мәселеге көшейік; біріншіден, екіншіден, үшіншіден, қайталап айтсақ, сөзімнің аяғында т.б. метамәтін сөйлеушінің мәтінін бір жағынан дұрыс ұғынуға жәрдемдессе, екінші жағынан, мәтін бөліктерін өзара байланыстыруды қамтамасыз етеді.

 Шаршысөзде  коммуникативтік байланыс жасау  мен байланысты күшейтудің тілдік  тәсілдері әр алуан. Сөйлеуші  мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруда “біз” – “сіздер” есімдігі ерекше қызмет атқарады. Біз сіздермен біріге отырып, өздеріңізбен ойласа келе, өздеріңіз көз жеткізгендей, бірге ойласып көрейік т.б. тәрізді есімдікті құрамалар белгілі бір мәселені бірлесіп ойластыру сияқты эффект туғызады. Бұл тәсіл (“біз – сіз”) сөйлеуші мен аудитория арасындағы “қашықтықты” жақындастыра түседі.

 Өздеріңіз байқағандай,  өздеріңізге мәлім, өздеріңіз  айтқандай, өздеріңіз көз жеткізгендей  т.б. тәрізді қыстырма құрамалар сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруға, әрі қарай күшейте түсуге қызмет етеді. Еске түсіріңіздер, оқып көріңіздер, ой жіберіп байқаңыздар, өздеріңіз шешіңіздер т.б. тәрізді бұйрық тұлғалы етістік құрамалар белгілі бір ой-пікірге тыңдаушыларын “авторластыру” тәрізді эффект тудырады.  Сөзді диалогтендіру шешеннің аудиториямен байланысын өрістете түседі. Адамның әуел бастан ойлау табиғаты диалог іспеттес. Диалог – болмысында, жаратылысында табиғи құбылыс, ал монолог – болмысында қолтума құбылыс. Монолог қолтума дүние болғандықтан, сөйлеуші оған біраз жаттығуы керек. Тыңдаушы тарапынан монолог сөз түрін, диалогке қарағанда, қабылдау, түсіну “күшке” түседі. Тыңдаушы монологке біраз ден қойып, азды-көпті ойға салмақ салуы қажет. Тыңдаушы үшін осындай біршама қиындықты тәжірибелі шешен жеңілдету үшін дискурсқа диалог элементтерін ендіру тәсілін қолданады, яғни сөзді диалогтендіреді. Мысалы, қандай қиындық? сіздер мен біз ойланып көрейік; – жауабын айта аласыздар ма? Әрине, жоқ тәрізді “сұрақ – жауап” тәсілі сөзді диалогтендірудің ерекше тиімді тәсілі.

 

Қорытынды

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының  жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Адамбаев Б. Казахское ораторское искусство.Алматы,1994
  2. Халиков К.Х. Сот шешендігі. Карағанды, 2006

 

 

 


Информация о работе Халықаралық жария құқығы