Этносоциология

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 13:07, контрольная работа

Описание работы

Бұл семестрлік жұмыста, біздің қарастыратын тақырыбымыз этносоциология, этносоциологияның тақырыбы мен қызметін, этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасын және Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастарын қарастырамыз.
Ең алдымен тақырыбызға кіріспес бұрын «Ұлт дегеніміз не?»,- деген сұраққа жауап берейік.Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты қайсыбір нәсілге көшіре салуға болмайды деп әділін айтты

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім.............................................................................................................4
Этносоциологияның тақырыбы мен қызметі........................................................4
Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы.....................................................6
Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастар...................................................8
Қорытынды............................................................................................................12
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................13

Работа содержит 1 файл

2 Семестрлік жұмыс.docx

— 48.29 Кб (Скачать)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Әлеуметтану» пәні бойынша

 

Семестрлік жұмыс  № 2

Тақырыбы: «Этносоциология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: БРК­07-05 тобының

студенті Сапабеков Б. Б.

№ 16 тақырып

                                                     Қабылдаған:   доцент

Шаракпаева Г. Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

Негізгі бөлім.............................................................................................................4

Этносоциологияның тақырыбы мен қызметі........................................................4

Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы.....................................................6

Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастар...................................................8

Қорытынды............................................................................................................12

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұл семестрлік жұмыста, біздің қарастыратын тақырыбымыз этносоциология, этносоциологияның тақырыбы мен қызметін,  этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасын және Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастарын қарастырамыз.

Ең алдымен тақырыбызға кіріспес бұрын «Ұлт дегеніміз не?»,- деген сұраққа жауап берейік.Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты қайсыбір нәсілге көшіре салуға болмайды деп әділін айтты. Нәсіл «қаны бір туыс- тықты» танытады, ал ұлт бірлесіп өмір сүру процесінде және әр түрлі нәсіл өкілдерінің «араласуында» калыптасады. «Ең үлкен елдерде - Англия, Франция, Германия — бұларда қан көп араласқан». Бұл елдердің ұлтын тек осы жағдай ғана сипаттай алады. Бүкіл өкілдері тек кана бір нәсілге жататын ұлт болмайды.

Кейбір зерттеушілер тұжырым жасағандай, ұлтты тек табиғи құбылыс деп карауға болмайды. Өйткені табиғи және әлеуметтік касиеттер ұлт ішінде үйлесімін табады. Тіптен ұлттың бірден-бір мәнді белгілері болып табылатын оның ортақ шығу тегі қайсыбір бабалардан тарайтынын есепке алған күннің өзінде де ұлттың бұл белгімен ғана шектелмейтінін, аныктала алмайтынын ұмытпау керек. Оның өзге де белгілері ретінде Э. Ренан, К. Каутский және басқа зерттеушілер тілдің, аумақтың, экономикалық өмірдің ортақтығын мысалға келтіреді. Мұндай ортақ белгілер, К. Каутскийдің пікірінше, XIV ғасырда, яғни орта ғасырда пайда болып, капитализм тұсында аяқталған.

Ұлттардың құрамына енген адамдардың ортақ мүдделерін Э. Ренан ұлттарға тән белгілердің бірі деп, осы тұрғыда қарастырады. Э. Ренанның айтуына қарағанда, өмір сүру, тұрмыс жағдайларының, тарих пен тағдыр- ларының ортақтығы ұлттардың мүдделерінің ортақ болуына ықпал етеді. Ортақ мүдде ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты алғышартына айналды. Бұдан кейін ұлттың бүкіл өкілдерін біріктіретін ұлттың азды- көпті рухани дүниесі қалыптасады. Э. Ренан өз ойын «Ұлт — бұл жан», - деп қорытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Этносоциологияның тақырыбы мен қызметі

 

Этносоциология - этнография мен социологияның түйісуінен пайда болған жаңа ғылыми бағыт. ХХ-ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында Шығыс елдерінде этносоциология ілімнің дербес саласына айналды. Этносоциология термині екі сөзден тұрады: этнос (грекше қоғам, топ, тайпа, халық) және социология (латынша қоғам жайлы ілім). Этносоциология — әртүрді этностардың (тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, мазмұнын және қызметін зерттейтін социологияның саласы.

Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама калыпты мәдениет және тіл белгілері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және баска этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар езіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі — мәдени құндылық.

Сонымен этностың негізгі белгілеріне  тіл, өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т.б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгігі этникалық мәдениетті құрады. Әдеттеэтностерриториялық және экономикалық бірлік негізінде құралады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.

Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ - ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халыктық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты

экономикалык карым-катынас, бірлік болмады, сондыктан бытыранкы шаруашылык негізінде ұлттык кауымдастык калыптаса  алмады.

Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт — капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдык ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халыктардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.

Қазақстан Еуразияның екі аймағының — Орта Азия мен Сібірдің арасында орналаскан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқының калыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ халқын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры теренде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде ХV—ХVII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылыктар болса да, казақтар өз тілін, туып-ескен жерін сактап қалды, этностық компоненттерді дамыта түсті.

XVIII ғасырдың басынан бастап (үш жүз жылға жуык уақыттан бері қарай), қазақ халқының тарихы Ресей империясымен байланысты болды. Уақыт талабына қарай, қилы кезеңдерде бұл қарым-қатынастар әртүрлі бағаланды. Октябрь революциясының жеңісінен кейінгі кезеңдегі ұлт мәселесі КСРО-ның құрылуымен тікелей байланысты болды. Қазақстан алғашында автономиялық, ал 1936 жылдан бастап одақтас Республика болып жарияланды. КСРО-ның, Қазақстанның, басқа да республикалардың Конституциялары қабылданды. Алдымен Орынбор, одан Қызылорда, 1929 жылдан бастап астана Алматыға көшірілді, қазіргі орталық Астана қаласы. Қазақстанда 1913 жылы 5597 мың адам, оның 541 мыңы қалада, 5056 мыңы селода тұрды.

Бүгінгі Қазақстан 14 облыстан, 166 ауданнан, 84 қаладан, 197 поселкадан, 2130 ауылдык (селолық) округтерден тұрады. 1989 жылы өткен халық санағы бойынша, Қазақстанда 16464,4 мың. тұрғын, соның ішінде қазақтар — 6534616 (39,7%), орыстар — (37,8%), украиндықтар - 896,2 (5,1%), татарлар - 328,0 (2,0%), басқа ұлттар - 150559 мың (4,4%) адам болған еді. 1998 жылдың басында бұл көрсеткіштер төмендегіше өзгерді: жалпы тұрғындар саны 15641,9 мың адамға, рның ішінде қазақтар -8129,7мың (51,82%)), орыстар - 4905,0 мың (31,4%), украиндықгар- 684,3 мың, татарлар — 268,2 мың, немістер — 247,2 мың (4,4%), басқа ұлттар — 1406,9 мың (9%) адам болды.

Қазақ халқы 1989 жылы өткен халық санағымен салыстырғанда 1997 жылы 1595084 адамға өсті. Мұның өзі табиғи өсіммен қатар елімізден тысқары жүрген қандастардың көшіп келуі нәтижесі екендігін де айтып өту керек. Елімізде казір казақтар халықтың жалпы санының 51,8% кұрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы

 

Этносоциологияның ең алғаш даму сатысы 1960-80  жылдар болып табылады. Этносоциологиялық зерттеулер сол кездері КСРО – да  қанатын кең жайды. Бұл жұмыстарда этно артықшылықтар пайда болды. Гиперболизацияның ұлттың өзін – өзі тануына қауіпті эффекттіні уақыт көрсетті. Соның кесірінен ұлттың қоғамдағы қатынастары бұзылды. 1980 жылдардың екінші жартысында «Саясаттағы жағдайлар мен экономикадағы құлдырау, ұлтаралық қақтығыстарға алып келді».  Осындай жағдайлардан соң модернизация жүргізуді ойлады. Оның негізгі мақсаты халықты этнодифференциялдық белгілерден, яғни мәдениет және күнделікті күннен және өмір кейіпінен, ұлттық өзін – өзі тануға бұрды, көшірді десек те болады. Бұл құбылыс осы қазіргі ұлттарға тән болып табылады. Адамдар бір – біріне ұқсас өмір сүре бастайды, бірақ ұлтаралық мақсаттарының ортақ еместігін сезеді. Бұл құбылысты Ю.В. Бромлей этникалық парадокс деп атаған. Бұл ұқсас құбылыс этникалық ортаға байланысты әр түрлі болады.

Егер екі ұлтты салыстырсақ, өзбектер мен эстондықтар, онда олардың мәдени – әлеуметтік жағынан үлкен көлемде айырмашылық көрінеді. Әсіресе өзбектердің өмір сүруі, күнделікті күн көрісі үлкен көлімде өзгеше. Олардың арасында орыс ұлт өкілдері де бар. Орыстар эстон ұлтына тез бейімделді. Ал өзбектердің ортасына бейімделуі қиынырақ болады. Эстондықтардың мәдениеті, салт –дәстүрі орыстардың мәдениетіне ұқсас болғандықтан орыстар эстондықтарға тез беейімделіп кеткен. Ал өзбектердің салт – дәстүрі мен мәдениеті жат, сондықтан орыстар өзбектерге біраз үйрене алмай жүрді. Осыны қорытындыласақ, әр ұлттың өзінің мәдениеті, салт – дәстүрі, ерекшеліктері болады. Мысалы: алғашкы европалык ұлтгар жалпы барлык ұда- тардың калыптасуыиьщ шарттары болып есептелетіи тіл мең . мекен жер т.б. этникалык белгілері бар ертеде калыптаскан ірі халыктардың негізінде шыккан болатьш. Ал, баска бір жағ- дайларда кейбір ұлттар олардың калыптасу керекті шарттардың жасалуына жағдайдың бәрі жок кезде пайда болады. Мысалы: Азия мен Африканың біркатар елдерінде тәуелсіздік үшін күрес барысында және әсіресе оған кол жеткеннен кейін, отаршылдык саясатпен барып билеудің нәтижесінде тарихи қалыптаскан жерлердегі тілі, мадениеті, экономикалык байла- ныстары жөнінен әртүрлі тайпалар мен халықтардың негізінде ұлттар пайда болуда. Мұндай ұлттар бұл елдердің мекен-жерлік, экономикалык топтасуының, саяси және мәдени дамуының формасы ретінде көрінуде, Міне осыдан шығатын қорытыңды; ұлттың кальштасуы барлык халыктар үшін дамудың мідетті түрдегі сатысы болып табылмайды екен. Көптеген аз санды ұлыстардың ,тайпалардың, тілдік, мекен-жерлік топтардын біне – бірі ұлтгарға қосылып, араласып кету көріністері жиі кезсуде.

Мысалы өзіміздің қазақ халқының дәстүріне көз жүгіртсек. Адам баласы дүниеге келгенде шырылдап өлеңмен  келеді. Содан кейін оны қырық  күннен кейін қырқынан шығарады. 5-7 жасында сүндетке отырғызу.Сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру, қыз алып қашу, кешірімге бару, бет ашар, той. Туған күн. Наурыз мейрамы, онда ойналатын ұлттық ойындар асық, алты бақан, ақ сүйек, көкпар шабу, жорға , құнан, аламан бәйге, қазақша күрес. Қыс мезгілінде саятқа шығу, яғни қыран бүркітпен қоян, түлкі, бөлтірік аулауға шығу болып табылады.

Л.Н.Гумилевтың этногенез теориясы туралы бір-екі сөз. Бұл ғалым жағрафия және тарих ғылымының докторы. Ертедегі ғұндар, түріктер, монғолдар сияқты этностардың тіршілік жағдайларын зерттеп, планетамыздың этникалык бейнесінің дамуын түсіндіретін ғаламдык тұжырым жасау кажеттілігін айтьп береді. Л.Н.Гумилев еңбектерінде этностарды жер биосферасының бір бөлігі деген тұжырым жасайды. Этносқа әр түрлі аныктамалар береді. Мысалы, ол: этнос дегеніміз әлеуметтік емес құбылыс, себебі ол бірнеше формацияларда өмір сүре алады дейді. Л.Н.Гумилев эткогенез - форма құрылымының ішкі түрлілігінің белгілі бір тұракты жердегі түрі және бұл түрді тарихи және жер беттері факторлары аньқтайды дейді. Этнос ұғьмынан шығатын этногенез— процесіне келетін болсақ, онда бұл процесті қозғалыска келтіретін жағдайлар-кұмарлык, әуесқойлык сезімдер(пассио- наркость) басым болып жатады. Пассионарлыкты этногенезден тыс қарастыра алмасак, этногенезді де пассионарлықсыз карастыра алмаймыз. Гумилевтың теориясы бойынша дүние- жүзілік тарихқа көз жүгірткеңде "Этногенез" бен "Этникалық тарих" бірдей ұғымдар емес. Бұл ғалымның айтуынша энтогнез этникалық тарихтың бастапкы сатысы ғана емес, керісінше төрт сатылы процесс болып табылады.

I сатысы-этностың пайда болуы, 2-көтерілуі, 3-құлдырау, 4-этностың құруы. Л.Н.Гумилев осы төрт сатылы дамуды табиғатта да, тарихта да қай жерде, қай құрлықта болса да қоғамдык-экономикалық формацияларға байланыссыз деп жалпыға бірдей сипаты барлығын тұсіндіреді. Л.Н.Гумилев адамзат тарихында біздің эрамызға дейінгі VІІІ-Ш ғасырлар мен біздің эрамыздың I, VІ, VШ, ХVІІ ғасырларында "этногенез жарылыстары" болды дегеңді айтады. Сонымен бірге ол тірі табиғат зандылықтарының этностар дамуымен байланыстьлығын тұжырымдайды. Л.Н.Гумилевтың айтуы бойынша "этногенездер өмірдің барлык сатыларында да ол жаратылыс танудьң үлесі болып табылады, бірақта оларды оқып - үйрену тек кана тарихты білу арқылы болуы мүмкін. Себебі тарих жаратылыс жөніндегі ғылымдардың зерттеу әдісімен иемденуге жататын материалға ие".

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастар

 

Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардың (ха- лықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани өмір, салт-дәстүр, мәдениет секілді өзіндік ерекшеліктерді сақтауға және т.с.с. қатысты ұлттық қатынастар белгілі бір этникалык мәселелерді шешкен кезде әрдайым бір-бірімен байланыста болады. Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады, ал «ұлттык қатынастар» және «ұлттық-этникалық қатынастар» ұғымдары шын мәнінде бір-біріне үқсас болады. Ұлттык қатынастар — бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалык, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың син- тезі. Ұлттык қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекет аралық және мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралық, қоғамдық және тұлғалык деңгейлерде жалғасып жатады. Ұлт мәселесі ұлттық қатынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды. Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардын бір-біріне сәйкес келу денгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенін калай шешім тапкандығының денгейін көрсетеді. Үлттык қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлттық қатынастардың өзі де бірнеше элементтерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттық қатынастар қоғамның тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым, тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды.

Ұлтаралык қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, эко- логиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің қыскаша сипаттамасына тоқталайық. Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың (халықтың, этностың) экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олар стихиялық түрде даму процесінде қалыптасады, мәселен, халыктар ара- сындағы сауда байланысында, өз алдына жеке мемлекеттердің мемлекет аралық қатынастар деңгейінде, сонымен қатар федеративтік мемлекет шеңберінде республикалар, автономиялар және т.с.с. арасында орнайды. Әр түрлі ұлттық түзілімдер арасында орнаған қоғамдык еңбек бөлінісі мен олардың арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар, түптеп келгенде, ұлтаралық экономикалык қатынастардың объективтік негізі болады.

Информация о работе Этносоциология