Этносоциология

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 13:07, контрольная работа

Описание работы

Бұл семестрлік жұмыста, біздің қарастыратын тақырыбымыз этносоциология, этносоциологияның тақырыбы мен қызметін, этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасын және Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастарын қарастырамыз.
Ең алдымен тақырыбызға кіріспес бұрын «Ұлт дегеніміз не?»,- деген сұраққа жауап берейік.Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты қайсыбір нәсілге көшіре салуға болмайды деп әділін айтты

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім.............................................................................................................4
Этносоциологияның тақырыбы мен қызметі........................................................4
Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы.....................................................6
Қазақстандағы ұлт аралық қарым – қатынастар...................................................8
Қорытынды............................................................................................................12
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................13

Работа содержит 1 файл

2 Семестрлік жұмыс.docx

— 48.29 Кб (Скачать)

 Ұлтаралық қатынастардың пайда болуы мен жүзеге асуы тек тұтас халықтар деңгейінде ғана қалып қоятын құбылыс емес, ол әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өзара қарым-қатынас орнату процесіндегі тұлға аралық деңгейде де пайда болып, жүзеге асады. Тұлға аралык катынастардың мазмұнын түсіндіретін болсак, ол - ең алдымен ұлттардың аса мол рухани байлығы. Алайда, бұл қатынас кез-келген жағдайда адамдардан аса әдептілікті, сыпайылықты қажет етеді. Бүл қатынастардың моральдық және психологиялық жақтарын есте ұстаудың да маңызы өте зор. Адамдардың ұлттық сезімінің, әдетте, аса нәзік екенін және сәл нәрсеге бола жанының күйзеліске ұшырап, тез жарақаттанатынын естен шығармаған жөн. Адамдар бір-біріне құрметпен қарап, әдеп сактауы, сыпайыгершілік көрсетуі керек. Бұған көбіне-көп басқа халықтардың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне және жалпы рухани мәдениетіне қатысты ерекшеліктер мен өзіндік сипаттарын жақсы білу, өзге ұлттар өкілдеріне шыдамдылық таныту және оларды құрметтеу секілді қасиеттердін қалыптасуы ықпал жасайды. Әр түрлі халықтар өкілдерінің бір-біріне жақындасуын, тіпті, ұлтаралык некеге отыруларын осының айқын мысалы ретінде келтіруге болады. Оларға тыйым салу — адам табиғатына қарсы жасалған қысым болар еді. Тыйым салуды, анығын айтсақ, тек нағыз ұлтшылдар ғана өз мүдделеріне жаратуға тырысады, оны араздықты қоздырудың құралы ретінде пайдаланады. Ұлтаралық некеге тыйым салу мүмкін емес. Демек, дұрыс өмір салтын қалыптастыру үшін моральдық-психологиялық, саяси және басқа да жағдайлар жасау қажет. Қазіргі таңдағы өркениетті қоғамның сұраныстары мен талаптарын ескеретін болсақ, әрбір адамның бойына ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру осы бағыттағы бірден-бір іргелі алғышарт болып табылады.

Ұлттық, этникалық қатынастар кез-келген қайсыбір этностардың өмірге кажетті мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың өздері де осы мүдделердің тууына себепкер болады. Халықтардың ұлттық мүдделері сол халыктардың тіршілік етуінің әр түрлі жақтарын қамтиды, олардың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикасын, мемлекетгігің мәдениетін дамытуға және осындай жол арқылы сол халықтың басқа халыктармен қатынас орнату жүйесіндегі жағдайын реттеуге, экономикалық және саяси проблемаларын шешуге, рухани мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Ток етерін айтсак, ұлттык мүдделер қайсыбір халыктың (этностың) өзін-өзі ұлт ретінде қалыптастыруының сан қилы көріністері мен даму сатыларына, сондағы жетілу мен өзгерістеріне қатысты болады. Өмірде қолданылып отырған ұлт қатынастары нақты солардын түбегейлі мазмұнын құрайды. Сондыктан да ұлттық қатынастарды ұлттық мүдделер ретінде көрініс табатын құбылыс деуге әбден болады.

Бұл мүдделерді адамдар саналы түрде жете түсінулері, мәнін ұғынулары тиіс. Оларды саналы түрде меңгерген кез келген этнос (халық) өзінің ұлт ретінде қалыптасуына осы жағдайдың да объективті түрде ықпал ететінін түсінеді. Басқаша айтканда, сол этностың мүддесінде нендей объективті жағдайлардың сай келмейтінін түсіну керек. Бұл дәл осы таңда қалыптасып отырған ұлтаралық қатынастардың мазмұны мен олардың бүгінгі және болашақтағы дамуының бағыттарын терең түсінген кезде ғана қалпына келіп, орайласады. Қалай дегенмен де, бұл өте ауыр міндет, өйткені ұлтаралық қатынастар аса күрделі мәселе, онын үстіне мұндай қатынастар саналы түрде ғана қалыптасып қоймайды, көбінесе ол стихиялы түрде орнығып, нығаяды: мұндайда бұған этностың тамыры терең психологиясына орай туындап, жинақталған қайсыбір дәрежедегі иррационалды күштер де әрекет етеді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы - көптеген объективтік және субъективтік факторларға тәуелдіАлайда, бұл қасиет әркімде бола бермейді, терең ойлайтын, алысқа көз жібере алатындар болжам жасап, логикалық ой түйе алады. Олар өз ұлтының (халқының) тек ағымдағы немесе сол сәттегі мүддесін біліп, оның астарын түсінумен қатар, ұлттың ұзак мерзімдік тыңғылықты мүдделерін де ой топшылауынан өткізеді. Соңғы тұжырым әлдебір ұлттың сақталуы мен дамуының, қазіргі және болашақтағы халықаралык қатынастар жүйесіндегі сол ұлттың экономикалық, саяси және мәдени ұстанымдарының, бағыт-бағдарларының нығаюының негіздеріне қатысты.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, ұлттык мүдделердің мазмұнын қалай түсінуге болады дегенге келетін болсақ, сол ұлттың атынан сөйлейтін қайсыбір саясаткерлердің, саяси партиялардың және қозғалыстардың атқарып отырған саяси-экомикалық қызметі белгілі бір ұлт мүддесін қорғауы, соған сай құрылуы қажет. Баскаша айтсақ, оларға пайдалы көрінген дүниелердің бәрі халыққа үнемі ұнамды бола бермейді, яғни ұлттың, халыктың экономи- калық, саяси және рухани жағдайын нақтылы жаксартуға қол жеткізбейді. Сондықтан да әрбір халык өзінің жалпы ұлттык мүдделерін толық және терең түсінуі, оларды жүзеге асыру жолында өздері белсенділік танытуы керек.

Ұлттык қатынастарды саналы реттеу - әр түрлі этностардың мүд- делерін үйлестірудің бірден-бір кепілі. Осыған орай туындайтын пробле- малар кебінесе мемлекеттік деңгейде шешіледі. Ұлттардың мүдделерін мүмкіндігінше орайластыру, жүйеге келтіру дегеніміз - олардың үйлесімді байланысын дұрыс орнықтыра білу. Мұндайда әрбір ұлттың мүдделері белгілі бір ауқымды деңгейде жүзеге асады және басқалардың мүдделеріне бұл ешкандай нұқсан келтірмейді. Әрине, оған жету оңай міндет емес, алайда оны жүзеге асыруға болады. Бұған қол жеткізу үшін ең алдымен ұлттың соған жан-жақты дайындығы мен кабілеті, әрбір ұлт өкілдерінің накты өз мүдделері мен басқа ұлттардың мүдделерін түсінуі қажет. Бұл ретте олардың қандай жағдайда, дамудын кай сатысына жакындаса алатынын білу керек. Сонымен бірге алуан түрлі проблемалардың өзара тиімді компромистік шешімін таба білудің де маңызы зор. Атап айтсақ, халықтардын әрқилы географиягық, тарихи себептерге байланысты қалыптасуы, олардың экономикалық және басқа да жағдайлары ұлттардың бір-бірімен бейбітшілікті, ынтымақтастықты сактай отырып қалыпты әмір сүруіне және дамуына жағдай жасай алады.

 

ҚОРЫТЫДЫ

 

 

Жоғарыда баяндалған жағдайларды  қорытындылайтын болсақ, онда ұлт  дегеніміз - бұл адамдардың шығу тегінің, тілінің, орналасу аумағының, экономикалық жағынан қалыптасуының, сонымен қатар оның этникалық санасы мен сана-сезімінің ортақ керінісінің жиынтығы, яғни психологиялық құрылымы мең мәдениетінің ортактығы аркылы сипатталатын адамдардың ерекше қауымдастығы.

Ұлттың біртұтас этникалык сипаттамалары ұлттык ұғымының кез келген көріністерін айқындайды, өзара байланыста болады. Бұл байланыс шамалы деңгейде ғана көрінуі мүмкін, алайда ол біржола жоғалып кетпейді. Мәселен, осы айтылғандар егер халықтардың-ұлттардың өміріндегі этникалық мәселелерді шешуге тікелей байланысты болса, онда эко- номикалық немесе саяси қатынастар сол уақытта ғана ұлттық мазмұнға ие болады. Бұл шеңберден шығып кетсе, онда олар әлеуметтік-таптық немесе басқа да қатынастарға айналады, тек ұлттық болмайды. Адамгершілік, эстетикалық және басқа да қатынастар туралы да осыны айтуға болады. Егер олардың әлеуметтік мазмұны этникалық және органикалык байланыста болса, онда олар сол уақытта ғана ұлттық сипатты алады.

Тәуелсіздік алған елдердегі ұлттық-мемлекеттік құрылым ұлттың қалыптасу процесін, әсіресе оның әлеуметтік-экономикалық базисінің қалыптасуын барынша тездетеді. Латын Америкасында ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберінде халық испан тілінде сөйлейді, ал мәдениет, салт-дәстұрлер төңірегінде көптеген ортак белгілері бар аргентин, уругвай, чили және т.б. жиырмадан астам ұлттар пайда болды.

Қазіргі заман ұлттың этникалық қасиеттерінің маңыздылығы артып отырғандығын айқын көрсетіп берді. Тіл мен мәдениет проблемалары артық қозғалыстар кезінде ерекше маңызға ие болады. Мысалы, Бельгия мен Канада мәселесі, Шотландия мен Англияның Уэльсіндегі мәдениет пен салт-дәстүрлер және т.с.с. басты мәселеге айналғаны белгілі. Бұлар Еуропаның он екі мемлекетін біріктірген Еуропа одағына қарама-карсы бағытта қалыптасқан дезинтеграциялық тенденцияның күш-қуатын көрсетеді. Бұдан әрі «этнос», «халык», «ұлт» терминдері синоним ретінде, яғни мағынасы бойынша бір ұғым ретінде, айталық, қазақ халқы, қазақ этносы және казақ ұлты секілді түсініктер ретінде пайдаланылады. Бірақ, олардың бір-бірінен кейбір айырмашылығы бар екенін айтқан жөн. Осы құбылыстардың ауқымы мен маңызы және оларды ажыратып, ұғыну ұғымдары мен терминдер өздерінің мән-мағынасы бойынша бірдей. Бұл орыс, украин, грузин немесе француз, неміс халықтарына (этностарына, ұлттарына), соған сәйкес осы ұлттар төңірегіндегі ұғымдар мен терминдерге де катысты. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар, соның ішінде танымал оқымыстылар да бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарайды. Л. Н. Гумелев «этнос» және «халық» ұғымдарын бір мағынада қолданса, белгілі ғалым-этнограф В. А. Тишков «ұлыс» және «ұлт» ұғымдарының орнына бір ғана халык ұғымын қолдануды үсынады. «Ұлт» ұғымына келетін болсақ, ол белгілі бір аумақта шоғырланып өмір сүретін тұтас ұлттың этникалық белгілерін ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар олар қай жерде тұрса да, соның ішінде өзге халықтардың және мемлекеттердің аумағында өмір сүрсе де, солардың қай ұлттың өкілі екендігін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. Әлеуметтану негіздері: Оқу құрал. – Алматы 2007, 175-201 беттер;
  2. И. Шәмшәтұлы, М. Дәкенов. Әлеуметтану. – Алматы 2009,                125-136 беттер;
  3. Проф. Ә. Х. Тұрғынбаев. Социология. – Алматы 2001, 107-117 беттер;
  4. Журнал  «Социс» 2000 №4, 11 бет;
  5. Журнал  «Социс» 2009 №9, 60 бет;
  6. www.google.kz

 


Информация о работе Этносоциология