Технология 8 сынып қыз балаларға арналған. Тағам дайындау технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:52, реферат

Описание работы

Бұл бөлімді оқытуда келесі мақсаттар ескеріледі:
Оқушылардың білімдерін толықтыруда тамақтану физиологиясы және денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы түсінігін қалыптастыру; тамақтан улануды алдын-ала сақтандыру; улану кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсету.
Аспаздық жұмыстарды дұрыс орындауға ет және ет тағамдарын дұрыс өңдеуге тәрбиелеу.

Работа содержит 1 файл

Технология 8 сынып кыз балаларга арналган.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

Технология 8 сынып  қыз балаларға арналған.

 Тағам дайындау технологиясы.

                                 

Ет және ет тағамдары.

            Бұл бөлімді оқытуда келесі мақсаттар ескеріледі:

Оқушылардың білімдерін толықтыруда тамақтану физиологиясы және денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы түсінігін қалыптастыру; тамақтан улануды алдын-ала сақтандыру; улану кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсету.

Аспаздық жұмыстарды дұрыс орындауға ет және ет тағамдарын дұрыс өңдеуге тәрбиелеу.

 Тұрмыста аспаздық  жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтауға, тазалық талаптарын орындауға және ет тағамдарын дайындау технологиясын үйренуге оқушыларды дайындау.

 

  Бөлімді оқытуда келесі мәселелер шешіледі:

•    Оқушылырды тамақтану физиологиясымен таныстыру, тағамдардың биологиялық құндылығымен және оның химиялық құрамымен таныстыру.

•   Отбасы жағдайында дастархан мәзірін құруға көмектесу  жолында білімдерін жетілдіру.

•   Азық түліктерді қолдану және сапалы тағамдарды дайындау керектігіне көз жеткізу.

•   Әр түрлі улану кезінде алғашқы жәрдем көрсетуге, тамақтану тазалық талаптарын сақтауға үйрету.

•   Шектеулі қорларды және өсу қажеттіліктерді, мақсатты түрде таңдауды, өмір сүруге дайындау.

•   Үнемді үй иесін  қалыптастыру.

•   Қорларды ұқыпты қолдануға еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

    Оқыту формасы:

•  әңгімелеу,

•  түсіндіру,

•  әңгімелесу,

•  диспут,

•  іскерлік ойындар,

•  өзіндік жұмыс.

Жабдықтау: технологиялық карталар, ас үй жабдықтары, аспазшылық әдебиеттері, дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам туралы кітап.

 

         

    

 

 

 

 

 Пайдалы тағам туралы  түсінік. Тамақтан улану 

             алдын ала сақтандыру. Уланудан алғашқы көмек.

 

Бірінші сабақ

 

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

2. САбақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – теориялық, сабақ-әңгімелесу, түрлендіріп, жан-жақты түсініктеме  беріледі.

а). Қойылған сұрақтардың көмегімен (қосымша 1) адам өміріне тамақтану  физиологиясының маңызы туралы, тамақтанудың биологиялық мәні және оның химиялық құрамы туралы әңгіме өткізіңіздер. Осы төңіректе туындаған ойларын оқушылардың ой өрісін анықтағаннан кейін, қосымша материал ретінде рационалды дұрыс тамақтануда, ақуыздар, майлар, көміртегінің адам өміріне қажеттілігі туралы мазмұндау. Оқушы қыздарға әсіресе бағалы дәрумендер құндылықтарға жататын су, минералды заттар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, пигменттер, фитондықтар, сірінді заттар. Осы заттар кездесетін көкөністер мен  жемістерге мысал келтіріңіздер.

Жалпы түсініктемеден басқа, оқулықта пайдалы мәліметтер де берілген. Курсивті белгілері бар бөлімдерді оқушы қыздармен талдау.

Бөлімдегі материалдармен таныстыруда  оқушы қыздарға ақуыздар, майлар, көміртегі  туралы жүйелі түрде жалпы мағлұматтар  және кестеге кіргізілді (қосымша 2).

 

б). Бұл бөлімде тамақтану тазалығына, жұқпалы аурулардан сақтану шараларына көп көңіл бөлінген. Материалды мазмұндау  барысында микроорганизмдердің  ас қорыту процесіне ерекше қатысуына  және ауру тудыратын бактериясынан  айырмашылығын айтып түсіндіру пайдалы. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын және себептерін мазмұндап айтуға көшу керектігі айтылады. Жұқпалы ауру мен ішек инфекциясының айырмашылығын дұрыс анықтай білу қажет. Ішек инфекциясын жұғудан және тамақтан уланудан алдын-ала сақтану мақсатында, азық-түліктердің сапасын анықтаудың маңызы ерекше. Оқушы қыздармен тренинг өткізуге болады – рольдік ойын тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Өткізілген ойынның қорытындысы, оқушы төтенше жағдайда, тұрақты өзін ұстау тәртібі қалыптасады. Тамақтану гигиенасына ерекше көңіл аударыңыздар. Инфекцияның алдын алу шараларына жатады:

1. Тұрғын үйдің орналасу тазалығы, азық түлік сақтау блоктары, сумен  қамтамасыз ету;

2. Жеке тазалық гигиеналық ережесінің  қатаң сақталуы.

3. Тазалық талаптарының сақталуы, тағам дайындау орындары, жабдықтар, ыдыстар мен құралдарды сақтау;

4. Гигиеналық талаптардың барлық  кезеңдерінде қайта өңдеу және  азық түліктерді сақтау;

 

5. Эпидемиялық  көрсеткішке байланысты  ішек инфекциясына қарсы сақтандыру  екпелерін өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қорытынды  нұсқау 

 

Сабақтағы қорытынды  жұмыстарды өткізу.

  1. Оқушылардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау.
  2. Жақсы жасалған жұмыстың қорытындысын атап көрсету.
  3. Оқушының жасаған жұмысын бағалау.

 

IV. Үй тапсырмасы. Сыныпты топтарға бөлу. Еттің түрлері туралы және етті қолдануда, еттен тағам дайындау мақсатында мәлімет беру.

 

Қосымша 1.

Бөлімге сұрақтар а).

  1. Ағзаның функциясына қорек қалай әсер етеді?
  2. Шығын энергияның орны қалай толықтырылады?
  3. Жасушаның құрылысына, жүйесіне тағамның тигізетін әсері қандай?
  4. Дұрыс тамақтануға әсер ететін ішкі және сыртқы ықпалды атаңдар?
  5. Кәдімгі адам және спортпен шұғылданатын адамның тамақтануында айырмашылығы неде?
  6. Азық түліктің тамақтану құндылығы неге байланысты?

 

 

 

Қосымша 2

Заттың атауы

Құрамы неде

Энергиялық сыйымдылығы

Не үшін қажет


 

 

           

 

 

 

 Еттің түрлері   және оның сапасын анықтау. 

           Аспазшылық жұмыс кезінде техника  қауіпсіздігі.

 

Екінші сағат.

 

Сабақ барысы

I   Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың дайындығын тексеру.
  2. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
  3. «Ет түрлері және оның сапасын анықтау» тақырыбында берілген сабақ – теориялық.

 

Қазақстан аймағында  таралған еттің түрлері туралы бір  топ оқушы қыздардың жасаған  мәлімет оқылады. Тағамның сақталуы мен дайындалуына ерекше мән беріледіБерілген материал негізінде жалпы қорытынды шығарылып, дәптерге конспект ретінде жаздыруға болады.

Бөлімнің материалдары негізінде жүйелі түрде еттің  сапасын анықтау кесте жиынтығы құрастырылады. (қосымша 1).

    

    Сабақтың келесі  кезеңінде сыныптағы оқушы қыздарды топтарға бөліп, қыздарға аспаздық жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі және тазалық талаптары өздігінен жасалған нұсқа жасау ұсынылады. Жұмыс соңында жасалған нұсқаны топтың қыздарының біреуі оқып шығады. Сонымен қатар жалпы ережені құрастырып, оны стандарт бойынша оқулықтағы ережемен салыстыруға болады. (қосымша 1).

 

III.Қорытынды нұсқау

 Сабақ соңында сабақтың қорытындысын өткізу.

4. Оқушылар жұмысындағы  кездесетін кемшілікті анықтау.

5. Жақсы жұмыстармен  ерекшеленген оқушылардың жұмыстарын  атап     көрсету.

6. Әр оқушының жұмысын  бағалау.

 

Қосымша 1.

                    Еттің сапасының белгілері.

Сапасын анықтау әдістері

сыртқы   түрі

бояуы

  иісі

   түсі

     құрамы


 

 

 

Қосымша 2.

 

 

 Аспаздық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігін өткізу

                                            нұсқауы.

   Электрлі тұрмыстық құралдарды қолданғанда:

1. Қосылғыш баудың сынбағанын тексеру.

2. Электр құралдарды тек құрғақ  қолмен қосу немесе ажырату,  қосылғыш баудың ашасынан ұстау.

3. Жұмыс соңында электр құралды ажырату.

4. Электрлі ет турағышты, және  етті өңдеу кезінде басқа да  құралдарды қолданғанда қауіпсіздік  ережені сақтау.

  Газ плитасымен жұмыс кезінде:

1. Газ плитасының сынбағанын  тексеру.

2. Өзіндік иіс болғанын сезінсең  газ плитасы орналасқан бөлмені желдету.

3. Ашық горелкеге отты еппен  жақындату.

4. Ашық отқа тез жанатын заттарды  жақындатуға тыйым салу.

5. Жұмыс соңында газ плитасын  ажырату, сөндіру.

  Ыстық сұйықтармен және қыздырылған маймен жұмыс кезінде.

1. Ыдысқа суды, 4-5 см  дейін толтырмау.

2. Сұйықтық қайнаған  кезде, оттықты бәсеңдету.

3. Қақапақты ыстық  ыдыстан өзіңе қаратып еппен  ашу.

 

4. Азық түліктерді  ыстық ыдысқа және қыздырылған  табаға өте еппен салу.

5. Майы қызған табаға  тағам саларда май шашырамас  үшін, «өзіңнен кері» қарата абайлап салу.

6. Ұстағыштың көмегімен  ыстық ыдысты көтеру.

 

                              

 

  Тазалық  ережелері.

• Тағам дайындар алдында  қолды тазалап дұрыстап жуу.

• Шашты орамал астына жинақтау.

• Жұмысты арнайы тазалық киімінде орындау (тұрмыс жағдайында – алжапқыш).

• Көкөністер турағанда, ет және балықты  өңдегенде арнайы нөмірленген тақтайшаны қолдану.

• Азық түлікті сақтау блогында тағам  даярлау орындарын (пәтерде ас үйді) таза сақтау.

     • Су, азық түліктердің қалдықтарын еденде қалдырмау, во избежание             травматизма.

     • Тағам  дайындау кезінде жиналған қоқысты  уақытында шығару.

 

 

          

 

 

 Етті бөлшектеу. Етті  механикалық және жылулық өңдеу.

 

Үшінші сағат.

 

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа  дайындығын тексеру.

II.Кіріспе нұсқау

    

Өткен тақырыптарды сұрақ  бойынша қайталау: еттің түрлері  және оның сапасын анықтау. Аспазшылық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі.

 

2. Оқушыларға сабақтың  тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

3

. Осы сабақ – теориялық,  топтармен жұмыс «Етті бөлшектеу.         Механикалық және жылулық өңдеу».

Сыныпты 3 топқа бөлу,оқулықтағы тақырып негізінде бір топ  сиыр етінің бөліктері, екінші топ қой  етінің бөліктері, үшінші топ жылқы  етінің бөлшектері туралы хабарлайды және олардан қандай тағамдар дайындалады. Етті механикалық және жылулық өңдеу белгілі технологиялық ережелер бойынша жасалады. Оқулық негізінде технологиялық картаны жасау ұсынылады таңдауы бойынша, үлгі ретінде (қосымша 1). Оған тек қана міндетті мәліметтер ғана емес, сонымен қатар параграфтан қосымша мәліметтерді кіргізуге болады.

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

   Қолдан турама   (фарш) дайындау


 

Етті майынан сыртқы қабықшадан тазарту.

Етті ұсақ текшелерге бөлу.

Екі пышақты еркін  ұстап, дайындалған етті кесіп турау, пышақтың жүзін жоғары төмен ауыстыра түсіріп, барабанға тарсылдатқан сияқты соққылау.


                                                                                                           

 

4. Сабақтың келесі  кезеңінде нұсқау картасын етті  жылулық өңдеуді қалай құрастыру  керектігін түсіндіру. (оқулықтағы бет).

5. №2 тапсырманы қыздар  өздігінен орындайды. (оқулықтағы  бет).

6. Теориялық бөлімі  сабағында сабақтың теориялық  кезеңінде тағамға қойылатын  талапқа қысқаша конспект дайындау.

III.Қорытынды нұсқау

Сабаққа қорытынды  жұмыстарды өткізу.

7. Оқушылардың жұмысындағы  кемшіліктерді анықтау.

8. Жақсы жасалған жұмыстың  қорытындысын атап көрсету.

9. Әр оқушының жасаған  жұмысын бағалау.

10. Үй тапсырмасы. Сарамандық  жұмыс №1 тақырыбының мазмұнымен  танысу. Салаттың жасалу тәсілін  таңдау және сабаққа салат дайындауға керекті азықтарды әкелу.Салатқа қолданылатын етті үйде пісіру. Көкөністерді қажет болған жағдайда үккіштен өткізу, полиэтилен пакетімен орау. Бірнеше салаттың жасалу жолдарын қолдана отырып, сыныпты топқа бөліп, нұсқау картаны жасауды және бір тағамның жасалу жолының нұсқау картасын жасауды тапсырады.

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сарамандық жұмыс №1.

Төртінші  сағат.

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

2. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – сарамандық  тақырыбы «Еттен тағам дайындау: ет салаты, бифштекс, гуляш».

Ыдыстар және құралдар: тақтайшалар, пышақтар, асханалық құралдар, тегеш, дастархан жабдықтауға керекті құралдар.

         II.Кіріспе нұсқау

Сұрақтар бойынша нұсқау өткізу:жарғыш және кесу құралдарымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы: (қосымша 1), аспазшылық сабақтарында тазалық  талаптары (қосымша 2).

Қосымша 1.

Жарғыш және кесу құралдарымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы.

1. Тек қана жарамды,  орташа қайралған құралдарды  қолдану.

2. Пышақтың ұстағыш  жағын алға қаратып беру.

3. Азықтарды кескенде  алаңдамау.

4. Пышақты қолмен ұстағанда  саусақ иіліп, пышақтың жүзі  жылжитындай ұстау.

5. Бұл құралдарды қолданғанда  кенеттен тез қозғалуға, қолды сермелеуге болмайды.

6. Құралдармен жұмыс  жасағанда ұқыпты болу, еденге  түспеуді қадағалау.

Тазалық талаптары.

1. Тағам дайындағанда  қол және ыдыстарды мұқият  тазалап жуу.

2. Жұмыс орны және  тақтайшалар таза және талаптарға  сай болуға тиісті.

3. Жұмыс арнайы тазалық  киімінде өткізілуі керек (алжапқыш  және бас орамалы).

4. Шаш жинақталған,  бас орамалмен буып түйілген  болуы керек.

Информация о работе Технология 8 сынып қыз балаларға арналған. Тағам дайындау технологиясы