Баскетбол

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 09:39, реферат

Описание работы

Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.

Содержание

КІРІСПЕ

1.Баскетболдың даму тарихы

2.Ойын техникасы

3.Ойын тактикасы

4.Ойын техникасын үйрету методикасы

5 Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Баскетбол.docx

— 41.08 Кб (Скачать)

ә)Бастапқы қалыпта қол  шынтақ бүгілген қалыпта допты ұстап  тұрады.Қолдан-қолға беру допты кеуде  тұстан лақтыру арқылы қолданады.Оған кеудеден екі қолмен лақтыру,бір  қолмен иықтан лақтыру сияқты тәсілдер жатады.Кеуде тұстан екі қолмен қолдан-қолға  берілу.Бұл тәсіл алты метірлік қашықтықта допты дәл және тез беруге мүмкіндік  жасайды.Бастапқы қалыпта доп кеуде  тұста тұрады.Қолдардың алға қарай  иілуі мен аяқтардың да сол  уақытта иілуі арқылы немесе алдыға бір қадам білезіктердің белсенді әрекеті арқылы доп керекті бағытқа  лақтырылады.Иық тұсынан бір қолмен қолдан-қолға беру.Бұл тәсіл едәуір қашықтыққа тура лақтыруға мүмкіндік  береді.Бастапқы қалыпта допты бір  қолдың білезігінде иық тұсында  ұстап тұрады.Екінші қол оның тіреуі болады.Қолды сермеу кезінде ойыншы беретін қолға қарай бұрылып  қайтадан бұрылғанда қол иіліп доп  керекті бағытқа қарай лақтырылады.

б)Бастапқы қалыпта доп  белден томенгі қалыпта болады және беріліс серлеу әрекеті арқылы орындалады.Осы  принципке байланысты екі қолмен төмене қолдан-қолға беру,бір қолмен бас үстінен қолдан-қолға беру әрекеттері ұйымдастырылады.

Екі қолмен төменен қолдан-қолға.Доп  кең ашылған саусақтар арқылы жанынан артынан тосылады.Бір  қолмен төменен қолдан-қолға беру.Бастапқы қалыпта доп ойыншының бір  қолының білезігінде болады,ал қолдың алақаны бүйір тұста болады.

Лақтыруға. Лақтыруға дайындалу  және кәрзенкеге дәл тию ойын мақсатын құрайды.Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға байланысты,жақсы техника  болып табылады,ал басқа факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін анықтауға мүмкіндік  береді.

Кәрзеңкеге лақтыруды  берілістің барлық тәсілдері иен  орындауға болады.Ең көп тараған  түрі екі қолмен кеуде тұсынан  лақтыру,екі қолмен жоғарыдан лақтыру,бір  иықтың тұсынан лақтыру,бір қолмен жоғарыдан лақтыру.Екі қолмен кеуде  тұсынан лақтыру.Негізі бір орында орындалады,алыс және жақын қашықтықтан  орындалған да әсерлі болады.Бастапқы қалыпта доп кеуде тұсында  болады.Аяқтардың біреуін сәл  алға қойу болады.Аяқтардың иілуімен қатар,олар жоғары қарай тұзу көтеріледі.Соңғы  кезде ойыншының денесі мен қолдары  жоғарыға қарай созылады.Екі қолмен жоғарыдан лақтыру.Доп бастың үстінде кеңінен ашылған қолда орналасады,алақан алға қарай орнатылады,шынтақ барынша төмен түседі.Аяқ бүгіліп дене жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен бірдей тұзуленеді.Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге жөнелділеді.Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады.Бастапқы қалыпта доп иық тұсында болады,қолдың басы алға қаратылады.Доп астынан екінші қолмен тіреледі.Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары жіберіліп,бір қалыпты,жұмсақ әректпен доп нысанаға лақтырылады.Сонғы кезде қол тегісімен созылып ,денінің ауырлық орталығы алда тұрған аяқа ауысады.Бір қолмен жоғарыдан лақтыру қарсы әрекетте әсері болып келеді.Допты дегеніне жеткізу үшін ойыншы жоғары секіріп,созылған қалпымен,ашылған саусақтармен допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек.Жұмсақ әрекетпен допты кәрзенкеге қарай итеріп жібереді.

Секіріп лақтыру.Секіре лақтыру  қандайда болса тәсілмен орындалады.Секіру үшін ойыншы екі және бір аяғымен  де жұлқына көтеріле алады.Баскетболда  «секіре лақтыру» термині екі  аяқтап секіріп бір немесе екі  қолмен жоғарыдан лақтыру дегенді  білдіреді.Бұл жерде негізінен  секіру мен лақтыру түйіседі.

Лақтыру үшін бастапқықалыпқа  екі жолымен шығуға болады:

1)Ойыншы бел тұсындағы  добымен тік тұрады.Содан кейін,секіріп  допты бастапқы қалыпқа алып  келеді,секірудің жоғаргы нүктесіне  жетіп,қол бүгіліп нысанаға бағытталады.Бұл  тәсіл көбінесе егер лақтыру  бастапқы орында орындалса қолданылады.

2)Ойыншы тік тұрып допты  ұстап лақтыруға негізгі қалыпта  тұрады,содан соң секіріп лақтырады.Бұл  тәсіл кобінесе ойыншының әрекетінен  кейін қолданылады.

Жүргізу(басқару)-допты ұзақ ұстай алаңды соққылау.Егер доп ұзақ қолда тұрса,жүгіру бітті деген  сөз.Допты жүргізу үшін сәл бүгілген аяқтарға ауысып тұру керек.Допты еркіндікте басқару үшін оны алды жақта,бүйір  тұсында ұстау керек.

Қарапайым басқаруда доп  қайтадан көтерілгенде белге дейін  не жоғарыға жетеді.Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға жақын  жерде қарсы алу керек.Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ бүгеді,допты  соғу көбіне колдың басына жүктеледі.

 

 

 

 

Допты иелену және қарсы әрекет техникасы

 

    Допты иелену тәсілдеріне қағып алу,жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады,ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру,жұлып алу,лақтырғанда тартып алу жатады.

    Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы,оның атқарылу уақыты,әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты.Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар.

Қағып алу-қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі.Ол қарсы  шабуыл жасауға және допты жүргізуге  мүмкіндік береді.Оның арқасында  қолдан-қолға беруге,жүргізуге қарсы  тұруға болады.Қолдан-қолға бергенде қағап алу.Шабуылушыға қолдан-қолға  беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады.Доп  беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала  білу керек.

Жұлып алу.Егер қарсылас допты  ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы,жұлып алудың 2 тәсілі бар:өзіне қарай жұлқу  және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.

Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып  алу.Ойыншы допты екі жағынан  ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне  қарай жұлқып тез теріс қарау  керек.Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу.Ойыншы допқа бірден бас  салып оны қарсыласы жоқ жерге  итереді.

Допты секіру кезінде ал.Бұл  тәсіл өте маңызды және өте  әсерлі.Ол кезде лақтыра шабуыллға  және қарсы шабуылдауға мүмкіндік  береді.Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады.Допты алу үшін бірінші  болып алып шығып,жоғары секіріп,допты  ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды  шетке кіріп,допты кеуденің астына тығу керек.Бұл тәсілдің сәттілігі  допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.

Тартып алу.Бұл тәсілді  ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға  болады.Қолдан тартып алу.Ойыншының  жанына сәтті әрекет жасай алатындай  немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек.Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра  ұстаған саусақтармен допты бос  жерге ұрып үлгеру керек.Жүгірту  кезінде тартып алу.Доп басқарған  қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан  тартып алады.

Алдынан тосу.Бұл тәсіл  лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл.Допты  лақтырып жатқан ойыншыға жақындап,дәл  лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек.

Тойтарыс беру.Бұл тәсіл  допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады.Доптың лақтыруың қолынан  босағанын көре сала шапшаң әретпен  доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек.Бұл тәсілдің сәттілігі  әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.

 

 

 

Ойын  тактикасы

 

    Ережелердің өзгеруі,физикалык дайындыктың деңгейінің әрдайым көтерілуі, күресті баскару формасының әрекеттенуі әрқашанда тактикаға байланысты. Қазіргі заманғы тактика әртүрлі және курестің акылға қонымдылығы, жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Екі қарсылас команданың физикалық және механикалық дайындықтарының тең болған жағдайында, спорттық күресті өз және қарсыластарының мүмкіншіліктеріне сәйкес ұйымдастырған команда жеңеді.

    Тактика көптеген факторларға байланысты:команданың механикасы, оның еңбек ету қабілеті, психологиялық дайындық, ұстамдық күшін қолдана білу, қарсыластарға өз мүмкіндігін беру т.б.

Командаға қызметтерін бөліп  беру әрекетінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді.

Қызметті анықтау ойыншының  өз міндетіне және рөлін көз алдына елестетуге көмектеседі, қазіргі уақытта  қызметтерді төмендегідей бөлу мақсатқа сәйкес келеді. Алдынғы сызықтағы  ойыншылар(ортадағы, шеттегі шабуылшылар), артқы сызықтағы ойыншылар.

Ортадағы ойыншы ереже  бойынша ұзын бойлы болады. Ол баріненде  қалқанға ең жақын орналасады, сондықтан  ол шабуылды басқарып, бітіре алады  немесе қорғаныста күрес ұйымдастыра  алады.Алдынғы сызықтың шеткі ойыншылары кәрзенкеге шабуыл тасталады.

Артқы сызық ойыншылары шабуыл ұйымдастырушылардың рөлін ойнап  тәсілді ойын басқару міндетін атқарады.Қазіргі  заманда ойыншылардың орындарын  ауыстыра білу керек. Алдынғы және артқы  сызықтағылар  да дәл солай. Уақытты ұту үшін орында тұрып қалған ойыншының қызметін атқара білу керек.

 

Шабуыл  тактикасы

 

    Жеке әрекет – бұл тактикалық құрылыстың сәттілігінің негізі. Оның әсері ойыншының дәл уақытында, рационалды түрде әрекет жасай білуіне байланысты. Тактиканың негізгі әдісі – физикалық дайындыққа байланысты емес, ол ойыншының тактикалық білімінің болуы, әрекеттәң белсенділігіне, алаңда жан табуға, қарсыласты алаңды білуге байланысты. Жеке әрекет доппен, допсыз болуы мүмкін.

    Бұл әрекет мақсатқа көздеген және әсерлі болуы керек. Сондықтан орындалатын әрекет, тез және қарсыластан  бұрын болуы  керек. Қандай жағдай болса да қарсыласты шатастыра білу керек, ол үшін әрекетті білдірмей жасау керек. Ол үшін кей әрекет әдістердің тактикаларын білу керек. Ұшып келе жалқан допты орында тоспай қарсы алдына шығу керек берілістер қатты,тез және жасырынды түрде болуы керек.Егер әрекет үйлесімді орындалса,әсер болады.Қулық әрекет деп көңіл аударатын және шын әрекеттердін жасыруын айтамыз.Қулықта екі сала бар:көңіл аударатын әрекет,нағыз әрекеттер.

Топтаса жасалатын әрекеттер.Қолданылатын барлық тактикалықәрекеттері 2-3 адамнан  тұрады команданың әрекеттілігін територияның қолдану,өзара орналасу және өз ара  көмектесу құрайды.Екі ойыншының  әрекеттестігі.Әрекеттестіктің екі  түрі бар:»Бір де бір шық» және серігіне көмектесу «тосқауыл».»Бір де шық»-әрекеттескен територияға бөлу,дара орналасудан  тұрады.Допты беріп қайтадан алу  пазициясын алу керек,оны қорғаншының  көзі ауған кезде жасау керек.»Бер де шық» әрекеттестігінде мақсатқа көзделген  шешім қабылдануы мәжбүр жағыдайлар тууы мүмкін.Егер екі ойыншы қарсыласып,оның бірі доп үшін күрессе,қарсыласы оның серігінің көңілін аударуы керек.Ал өз серігіне допберуге қолайлы жағыдай жасау керек.Егер әрекеттестік алаң ортасында болас,онда оларға диагональді бағытта болу керек.

«Тосқауыл»-бұл әрекет серікке  көмектесуден тұрады.Тактикалық белгілер бойынша тосқауыл берілген тапсырманы орындау мақсатына қарай бөлінеді.»Лақтыруға тосқауыл» серікті лақтыруға  қарсыласудан босатады.»Кету ұшін тосқауыл»  доп ұстаған серігіне қарсыластан  қашып құтылуға көмектеседі.»Шығу  ұшін тосқауыл» серігіне допты тосуына  көмектесу.

Үш ойыншының әрекеттестігі.Үш ойыншының әрекеттестігіне»үш бұрыш»,»үштік»,»кішігірім сегіздік»,»айқаса шығу»,»екіленген тосқауыл» жатады.»Үш бұрыш»-әрекеттестікте үш ойыншы үш бұрыш түрінде тұрады.Ол ауысумен немесе ауысусыз орындалады.Егер олар шегінсе добы бар ойыншы озіне  мкөмек сұрап,допты серігіне беру керек.

«Үштік»-»енгізу» және «қиысу»  тосқауылына негізделген әрекеттестік. Бұл тәсіл берік қамқорлық  жасайтын қорғаушының саны бірдей болғанда қолданылады.»Кішкене сегіздік» –  бұл әрекеттестікке ойыншылардың журу жолы 8 санын еске тусіреді. Коп қайталаулардың  нәтижесінде қорғаншылар тосқауылға түседі. » Қиылыс шығу» –

» қайшыласу» тосқауылға  негізделген әрекеттестік. Әрекеттестіктің басында ойыншылар » үшбұрыш» жасайды. Екі ойыншы үшбұрышының негізін қалап, 3-ші ойыншының алдын қояды. Нәтижесінде үшіншіге қорғаушы соқтығысады, содан олар шабуыл жасай алады.

Командамен жасалатын  әрекет. Командалық   әрекет жәй және әсерлі комбинациядан тұрады. Баскетболда шабуылдың екі түрлі топтаса жасалу әрекеті бар: екпіндікпен шабуылдау,позициямен шабуылдау.

Екпіндікпен шабуылдың екі  түрі бар: «шапшаң жару» және «энеолондап  жару». Бағытталған шабуыл. Бұл шабуылда екі жүйе бар:»ортрдағы ойыншы арқылы»  немесе «ортадағы ойыншысыз». Әрқайсысының өз нұсқаулары бар. Ортадағы ойыншы арқылы бағытты шабуылдық негізгі жүйесі. Ол ортадағы ойыншының, қызметін атқаратын  ойыншылар. Санына қарай неше түрлі  нұсқалары бар. Ортадағы ойыншы бойы ұзын болғандықтан қарсыластарына қауіпті. Оның міндеті көбіне соңғы сәтте  алып шабуыл жасау болады. Ол үшін ол еркін қалдыру команда ойыншылары шашылып тұру керек, сонда қарсыластардың көңілі бөлінеді. Шабуыл тек ортадағы немесе басқа да ойыншылар арқылы жасалу мүмкін. Ортадағы қарсыластардың көңілін бөліп серіктестеріне көмектесе  алады.

«Ортадағы ойыншысыз шабуыл»  – бұл шабуыл ортада нақты ойыншы болған жағдайда қолданылады.

 

 

 

 

 

Қорғау  тактикасы

 

    Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.

    Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.

Жеке әрекет. Әр ойыншының  дұрыс шешім қабылдауы және оны  жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын  көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа  емес, сенімді және ойынға да байланысты. Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей:

1.Қорғаныштағыға допты  еркін бермеу.

2.Егер қорғаныштағы допты  алса, оның әрекеттерін лезде  «байлау».

3.Допты тартып алуға  әрекет жасау.

4.Бар күшпен шабуылшыға  кәрзеңкегк доп салдырмау, қарсы  тұру.

Ойыншыны ұстау демек  доп басқа команда да болғанда оған қамқорлық жасау. Қорғауындағының  жананда үнемі болу қажет.

Бағыт таңдау – қорғаушының  сәтті әрекеттерінің шешуші факторы. Допсыз ойыншыны қорғау астына алу. Қорғаушының  ең басты міндеті өз қорғаны астындағы  ойыншыға допты алуға мүмкіндік  беру.Ал егер оған  доп келе жатса, допты қағып алу керек. Ойыншыны ұстау екі түрлі болады: ойыншыны және допты ұстау. Қорғаушы қарсыласы допты алған соң күреске түседі. Ал екіншісінде ойыншы допты алмай тұрып қорғаушы онымен күреседі. Допты алатын ойыншының жанынан, алдынан келіп допты алуға мүмкіндік бермейді.

Информация о работе Баскетбол