Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 07:20, курсовая работа

Описание работы

Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.

Содержание

Кіріспе. Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі ..............3
Негізгі бөлім. 1.1. Тілдерді қолдану мен дамутудың мемлекеттік
Мақсаттары мен міндеттері ..................................5
1.2. Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау .....................9
1.3. Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму....11
Қорытынды. ...............................................................................22
Пайдаланылған әдебиет тізім. .................

Работа содержит 1 файл

Қазақ тілі - егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.DOC

— 148.00 Кб (Скачать)

Ал мемлекеттік  тіл дегеніміз – Қазақстан  Республикасында тұрып жатқан басқа  ұлт өкілдерінің «Мемлекеттік тіл  туралы Заңды» азаматтық борышы ретінде  адал ақтау, бұлжытпай орындау, бір-бірімен  мемлекеттік тұрғыда хабар-ақпарат  алмасу, достық қарым-қатынаста болу, осы мемлекеттің келешегін ойлап, оның тұрақтылығына, дамуына ортақтасып, тыныштықта өмір сүру, бір-бірімен түсініс және қарым-қатынас құралы. Ал мемлекеттік тілді оқыту дегеніміз – Қазақстан азаматтарының бір-бірімен түсініс және қарым-қатынас құралы ретінде ұтымды пайдаланудың тәсілдерін игеруге толық әдістемелік жағдай жасау, «Тіл туралы Заңды» бұлжытпай орындауды талап ету. Осы айтылғанның бәрінен де шығатын қорытынды: оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оны мемлекеттік тіл ретінде оқыту. 
   Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер саны бiртiндеп өсiп келе жатса, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны азайып барады. Олардың саны 2000 жылы елiмiз бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының 25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ тiлдiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда. Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарында 200 мамандық, жоғары оқу орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң саны 2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса, орыс тiлiндегi бөлiмдердегi студенттердiң саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан, осы тiлде оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек. Мәселен, 1998-1999 оқу жылынан бастап елiмiздiң жоғары және орта арнаулы оқу орындарына "Мемлекеттiк тiлде іс жүргiзу" атты жаңа мамандық енгiзiлдi.                                                                                                     Мемлекеттiк тiлдi оқытуда сабақ жүргiзудiң жаңа жеделдетiп оқыту әдiстемелерiн әзiрлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлiк технологияларды пайдалану нәтижесiнде үлкен мүмкiндiктер көзi ашылуда. Осылайша, бүгiнгi күнi орталық атқарушы органдарда мемлекеттiк тiлде электронды құжат айналымын қамтамасыз ету жөнiнде компьютерлiк бағдарламалар әзiрленiп, орнатылды, сканер арқылы компьютер қарiптерiн тануды, қазақ тiлiнде дұрыс жазылуын тексерудi, мәтiндердi қазақ тiлiнен орыс тiліне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне автоматты түрде аударуды қамтамасыз ету жөнiнде бағдарламалар әзiрлендi.
- қазақ тілін оқытудың нақты және тиімді әдістерін жасайтын қазақ  
тілі пәні оқытушыларын және мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін өзге ұлт өкілдері оқытушыларын моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу; 
- орыс тілді топтарда кейбір гуманитарлық пәндерді қазақ тілінде қатар  
оқытуды эксперимент түрінде енгізу; 
- жыл сайын профессорлар - оқытушылар құрамындағы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуіне байланысты сайыстар өткізу; 
- қосымша пәндер есебінен студенттердің қазақ тілін игеру  
сағат саны мен мерзімін екі жылға дейін ұзарту; 
- өзге ұлт өкілдері студенттері арасында болашақ мамандықтары  
бойынша мемлекеттік тілді үздік меңгеру сайыстарын өткізу; 
- жоғары оқу орны бағдарламасын игеру үрдісінде мемлекеттік тілді  
толық меңгерген жоғарғы курстардағы өзге ұлт өкілдері студенттерін материалды ынталандыру үшін ректордың арнайы шәкіртақысын енгізу; 
- студенттер, аспиранттар, магистранттар арасында олардың болашақ  
мамандықтары бойынша үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) бірдей игеру деңгейін анықтайтын сайыстар өткізу.     

                         Қорытынды 

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған. 
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.  
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны, жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік жағдай мониторингі деректерінен айқын байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс тілді қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Республиканың бес облысында – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ мектептері мен қазақ бала бақшаларының саны артты. Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.  
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология жөніндегі салалық бағдарлама енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде. 
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан, ол көптеген қазақстандықтардың балаларын қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік тілде білім алуы үшін жағдай жасауға ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша білім беруді қалайтын қазақстандықтар санының артып отырғанын байқатты. 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары санының көбейіп келе жатқаны да қуантады. Республика бойынша екі мыңға жуық өзге тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан да білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп енгізу және халықтың ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймыз. 
Сонымен негізгі міндетіміз – біздің азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді, екіншіден, тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі болып табылады. 
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет — мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздер нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар, бекітілген бағдарлама бар. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып, қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына негізделген. Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады деп есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы. Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек. "Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып бара жатыр", деп көздің жасын төге бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс. 
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал. 
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып, көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компьютерлік оқулықтар шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту, шетелдерде тұратын отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық деңгейде ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері тұр. 
       Тілді оқып үйренуді жоғары деңгей”ге көтеру қажет.Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес,сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет.Мемлекеттік тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын.Өз сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: ... Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеуі мүмкін болмайды.Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді.

        Тілді дамыту саласындағы жағдайды бағалау қажеттілігімен байланысты қиындықтарды таңдауды жылына 2-3 рет жүргізу керек,бұл тіл саясаты саласын ғана емес,білім,мәдениет,демография және көшпелі процестерді реттеу мәселелерін де шеше алады.

 

                                   ӘДЕБИЕТ 

1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,

2. Амиров  Р.С. Особенности синтаксиса казахской  разговорной речи. А., 1972.

3. Аханов  К. Грамматика теориясының негіздері.  А., 1972.

4. Әбілқаев  А. Қазіргі қазақ тіліндегі  жай сөйлем түрлері. А., 1963.

5. Байтұрсынов  А. Тіл тағылымы А., 1992.

6. Балақаев  М. Қазақ әдеби тілі А., 1987.

7. Балақаев  М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ  тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1961.

8. Балақаев  М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е.  Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968.

9. Баскаков  Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1959.

10. Вопросы  казахского и уйгурского языкознания.  Т. 3. 1953.

11. Вопросы  казахского языкознания. Т. 1. 1974.

12. Есенов  Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген  сөйлемдер. А., 1974.

13. Жұбанов  Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966.

14. Исаев  С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996.

15. Исследования  по тюркологии. А., 1969.

16. Кеңесбаев  І. Қазақ тіл білімі туралы  зерттеулер. А., 1987.

17. Кеңесбаев  І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ  тілі. Лексика. Фонетика. 1962.

18. Қазақ  грамматикасы. 2003.

19. Қазақ  тілінің грамматикасы. I. Морфология. 1967.

20. Қазақ  тілінің грамматикасы. II. Синтаксис. 1967.

21. Қазіргі  қазақ тілі (Лексика, фонетика, грамматика) 1954.

22. Құдайберген  Жұбанов және қазақ тіл білімі. А., 1990.

23. Мадина  Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. А., 1959.

24. Маманов  Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. 1966.

25. Оралбаева  Н. Қазіргі қазақ тіліндегі  етістіктің аналитикалық форманттары. 1975.

26. Развитие  казахского советского языкознания. 1980.

27. Сауранбаев  Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. 1982.

28. Серғалиев  М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі  қазақ әдеби тілі. Морф., синтаксис. 1991.

29. Современный  казахский язык. Фонетика и морфология. 1962. 

30. Сыздықова  Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. 1994.

Информация о работе Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі