Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:37, реферат

Описание работы

Шарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады.
Шарт (ағылш. agreement, contract; — екі және одан көп тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы ерікті келісімі. Тауар-ақша қатынастарының құқықтық нысаны болып табылады, азаматтар, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар (фирмалар) мен ұйымдар материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі құрылыс, сауда, жүктерді тасымалдау салаларында, қарыздарда, басқа жағдайларда кеңінен қолданады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Сатып алу-сату шарты және рента шарты 4
2 Міндеттемелер 5
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 11

Работа содержит 1 файл

Реферат_Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері.docx

— 36.12 Кб (Скачать)

Клиент  сатып алушылармен жасасқан келісімшарттың деңгейінде және жеткізілімнің мөлшері  мен құнын көрсету арқылы олардың  өтінімі деңгейінде несиеленген  шаралардың (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) нәтижелерін жүзеге асырудың бір  бөлігінде  өзінің істегендерін де ұсынуы тиіс.

Бұл мәлімет  ссуданың қаншалықты тиімді болатындығың анықтаудың және оның өтелетін нақты  мерзімін анықтаудың бастапқы негізі болып табылады. Банк әдетте залалды, пайдалылығы төмен, коммерциялық емес немесе нақты әлеуметтік бағыты жоқ  жобаларды несиелемейді.

Несие есебін жүзеге асырылатын аса ірі инвестициялық  бағдарламамен байланысты жобалар  алдын  ала сараптауға берілуі  мүмкін.            

Ұзақ  мерзімде несиені пайдаланудың проценттік мөлшерлемесі, комиссиялық сыйақысы және басқа да төлемдер келісімшарт  негізінде белгіленеді.

Ұзақ мерзімді ұсақ ссуда бойынша проценттер әдеттегінше шарттың  барлық  әрекет  ету  мерзіміне  белгіленеді. 

Керісінше, аса ірі ссуда туралы  келісім өзгермелі мөлшерлемені  қарастырады.

Берілген  ұзақ мерзімді ссуда әрбір жекелеген  жағдайда немесе  несиеленген шара айақталғаннан кейін қарыз алушының өз міндеттемесін (міндеттеме-тапсырманы) өтейтін аталмыш мерзіміне ресімделеді.

Кәсіпорындарға, ұйымдарға және кооперативтерге  берілетін ұзақ мерзімді несиені  өтеудің нақты мерзімі мен  кезеңділігі қарыз алушының  қаржылық жағдайына, төлем қабілеттілігіне, шығынның өтелуіне несие қатеріне, сондай-ақ, қосымша қаржыландыру көздерінің айналымдылық жылдамдылығының қажеттілігіне  қарай банктің қарыз алушымен жасасқан шарты бойынша анықталады5

Қорытынды

 

 

Шарт жасалды деп тараптар арасында шарттың барлыќ елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге ќол жеткен кезі саналады. Осылайша, мұндай ерік білдіру ғана шарт болып танылады.

Кепіл туралы шарттың міндетті шарттарына кепілге салынған  мүліктің көрсетілуі жатады. Мүліктің ќай тарапта екендігі және оны кімнің пайдалануына  болатындығы кепілдің мәні және оны бағалау ќұны, мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі жатады. Сол сияќты заңда бұл ережелерді орындамау кепіл туралы шарттың жарамсыз деп танылуына бірден-бір негіз болып табылатындығы көрсетілген.

Шарт сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) шартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндеттенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Көптеген жағдайда шарттың бағалау құны оның міндетті белгілеріне жатады. Бағалау ќұны туралы шарттарды орындамау мәміленің жарамсыздығына әкеп соғады. Шарттың бағасы анық және түсінікті болуы керек.

ҚР АК-ң 393-бабының ережелері тікелей шарттық қатынастарға арналған. Осымен бірге біржақты ерік білдіру мәміле болып табылу үшін оның мазмұнына қатысты нақты талаптарды орындау қажет. Біржақты мәміленің міндетті шарттарының шеңбері шарттың міндетті шарттарының шеңберінен тар болып келеді. Біржақты мәміленің маңздылығын айта отырып олардың міндетті шарттарына тараптардың біреуінің арызы бойынша қол жеткен келісімге қатыстылары әрине жатқызылмайды.

Біржақты мәміленің міндетті пунктері ретінде заңмен осындай деп танылған немесе мәміленің осы түрі үшін міндетті болып табылатын шарттарды қарастыру керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006
  3. В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000 ж.
  4. Л.Дүйсембекова «Қазақ ресми іс – қағаздары» «Ана тілі» ЖШС 2005 ж.
  5. А. Жапбаров,  Г. Танабаева,  Т. Сариева    «Ресми қарым – қатынас және іс – қағаздарын жүргізу»  Шымкент 2001 ж.
  6. Ә. Хазимова «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу» Алматы 2004 ж.

1 Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006,125 б

2 В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000 ж., 48 б

3 Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006,125 б

4 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008., 189 б

5 Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006,125 б

 


Информация о работе Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері