Мем аппарат
Курсовая работа, 19 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.
Содержание
Кіріспе........................................................................................................................3-4
1 Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары...............................5-9
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
2.1 Өкілетті органдар.............................................................................................10-13
2.2 Атқарушы органдар.........................................................................................14-18
2.3 Сот билігі..........................................................................................................19-21
3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары........................... 22-23
Қорытынды.................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................25
Работа содержит 1 файл
мем аппарат.docx
— 47.72 Кб (Скачать)Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттітерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады.
Сот билігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет тәртібі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамандығы бойынша білімі, сол мамандық бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтар судья бола алады (ҚР Конституциясының 75-бабы). Конституциядан судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заң белгіледі.
Республиканың
тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы
қабылданған Республикалық
1995 жылы
30 тамызда референдумда
2000 жылдың
1 қыркүйегіндегі Қазақстан
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті [8].
Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ.
Сонымен
қатар Конституция қандай да бір
атаумен арнаулы және
Сот билігі
Қазақстан Республикасының
Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күш болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады [10]. ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бір қатар құқықтық нормалар бар. Олар:
- Судьялардың конституция мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі;
- Судьялардың қол сұғылмаушылығы (иммунитет);
- судьялар үшін саяси, жас және білім шектелімдері;
- судьялар лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен сыйыспаушылығы;
- судьяларды материалдық-тұрғын үймен қамтамасыздығы;
- судьялардың тағайындалмалығы (сайланбалығы);
- судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиісті принциптер (ҚР Конституциясының 77,79,80,82-баптары)
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Заңды қолданған
кезде судья төмендегі
- адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 жылдың
1 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының
сот жүйесінің тәуелсіздігін
күшейту жөніндегі шаралар
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы [11].
3. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру [1].
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
- демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
- биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
- заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
- жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
- кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
- алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
- бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қарастырып өткен тақырыпты қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.
Ал, мемлекеттік
органдар деп мемлекеттік аппараттың
өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық
элементін айтамыз. Мемлекеттік
аппарат ұғымы мемлекеттік
Кез келген елдің мемлекеттік аппарат өз құрылымымен ерекшеленеді. Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік аппаратта біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік аппарат құрылымының әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.
Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен өзгерістер кеңірек ашылды деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы: ҚазМУ баспа орталығы, 1999- 320б.
2. Қазақстан
Республикасының «Мемлекеттік
3. Булгакова
Д.А. «Мемлекет және құқық
4. Ағдарбеков
Т. «Мемлекет және құқық
5. Қазақстан
Республикасының «Парламенті
6. Қазақстан
Республикасының Конституциясы.
7. «Қазақстан
Республикасының Үкіметі
8. Қазақстан Республикасының
9. Амандықов С.К. «Қазақстан
10. Мемлекет және құқық негіздері.
11. Қазақстан Республикасының «
12. Ғ. Сапарғалиев, Қазақстан
Республикасының