Құқық нормасы
Реферат, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.
Құқық нормасына тəн белгілер:
- мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;
- субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды;
- ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие;
Содержание
1. Кіріспе......................................................................................................3
2. Құқық – күрделі құбылыс.......................................................................4
3. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері.....................................6
4. Құқық нормаларының түрлері...............................................................7
5. Құқық нормаларының құрылымы.........................................................8
6. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы............9
7. Қорытынды............................................................................................13
8. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................14
Работа содержит 1 файл
курстык айдос.docx
— 712.90 Кб (Скачать)
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
- Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
- Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
- Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
- Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
- Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.
Қорытынды
Норма — анықталмаған тұлғалар шеңберіне жəне жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз əрекет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.
Ал құқық — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы-рұқсатты (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті талабы болып табы-латын жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Осыдан келіп, нормативтік акт пен құқықтық норма түсінігіне сипаттама берсек.
Нормативтік акт — заңдық нормалардан құралған ресми құжат.
Құқықтық норма — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде белгіленетін жəне құқық субъектісінің құқықты-рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі. Бұл семестрлік жұмыста біз құқықтық нормаға толықтай талдау жасап, түрлері мен негізгі қызметіне және мән – мағынасына тоқталып өттік.
«Адамзат», «мемлекет», «заң», «қоғам», «билік»,
Тұрса да бірі төмен, бірі биік!
Бір тонның бауындай боп берік жатқан,
Бір шапанды барлығы бірге киіп.
(автор)
Пайдаланған әдебиеттер
- Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. –Алматы, 2012.
- Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. –Алматы, 1998.
- А.С.Ибраева, Н.С. Ибраев. Теория государства и права. Учебное пособие. – Алматы, « Жеті жарғы», 2003.
- Баймаханов М.Т.Правовое государство.Основы государства и прва РК. – Алматы:Жеті жарғы, 1999.
- Даулетбеков Н.О., Аманбекова С.К., Турлаева А.В. Основы государства и права современного Казахстана. –Астана:Фолиант,2000.
- Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, 2006.