Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:50, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Тарау Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

Работа содержит 1 файл

Қылмыc саралау.docx

— 103.76 Кб (Скачать)

       Орындаушының  іс-әрекеттеріне және жеке басына  қатысты жеңілдететін және ауырлататын  мән-жайлар әртүрлі заңи салдарды  туындатуы мүмкін. Мысалы, егер орындаушы  жәбірленушінің мүшелерін немесе  тінін пайдалану мақсатымен адам  өлтірсе онда әрбір қатысушының  әрекеттері орындаушының әрекеттері  сияқты ҚК-тің 96 бабы 2 бөлімі «м»  пункті бойынша саралануы тиіс.

        Қылмыстың  субъектісін сипаттауға қатысты  мән-жайлар өзге қатысушылардың  әрекеттерін саралауға әсер етеді.  Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі  болып жалпы ереже бойынша  әскерге шақыру бойынша не  келісім шарт бойынша Қазақстан  Республикасының басқа да әскерлері  мен әскери құрамаларында әскери  қызмет атқарушы әскери қызметкерлер  сондай-ақ жиындардан өтуі кезіндегі  запастағы азаматтар табылады.

        Әскери  қылмыстардаң орындаушысы болып  тек көрсетілген белгілерге ие  тұлғалар ғана танылады. Оларға  ие емес тұлғалар орындаушы  бола алмайды бірақ ұйымдастырушы,  айдап салушы, немесе көмектесуші  ретінде қылмыстық жауаптылыққа  тартылуы мүмкін. Мысалы, әскери  қызметкер қашқындық жасайды.  Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы  бойынша саралауға жатады. Басқа  қатысушылардың іс-әрекеттері сол  бап бойынша  ҚК-тің 28 бабына  сілтеме жасау арқылы саралануы  тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері  ҚК-тің 373 бабы 2 бөлімімен алдын  ала сөз байланысқан адамдар  тобымен (егер осындай сөз байласу  анықталса) жасалған қашқындық  ретінде саралануы тиіс.

       Орындаушының  жеке басына қатысты және қылмыс  субъектісінің белгілері болып  табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының  өзінің әрекеттерін саралау барысында  ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты  бұрын қорқытып алушылық үшін  екі рет сотталған адам жасаса  ал оған көмектесуші бұл саралау  белгісіне ие емес тұлға болса  онда орындаушы ҚК-тің 177 бабының  3 бөлімі «в» пункіті бойынша  жауапқа тартылады ал көмектесуші  (егер олардың арасында алдын  ала сөз байласу орын алған  болса) ҚК-тің 28 баб, 177 баптың 2 бөлімімен  жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен  қатар кәмелетке толмаған адамды  қылмыстық іске тартудың орындаушысы  және айдап салушысының іс-әрекеттерін  де саралау да осылай жүргізілуі  тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы  ата-ана педагог немесе кәмелетке  толмағандарды тәрбиелеу міндеті  заңмен жүктелген өзге адам  болып табылмайтын бұл қылмыстың  айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131 баптың 1 бөлімімен жауапқа тартылуы  тиіс.

        Қатысушының  шектен шығуы барысында қатысушылардың  әрекеттерін саралау белгілі  бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 30- бабына сай қылмысқа  қатысушының, басқа қатысушылардың  ойында болмаған қылмысты жасауы  оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

      Қылмыстық  құқық теориясында қатысушының  шектен шығушылығын сандық және  сапалық 2 түрге бөлу қабылданған.  Сандық шектен шығушылық ретінде  қатысушы, топтық барлық қатысушылармен  алдын ала келісім жасалған  қылмыспен бір тектес қылмыс  жасаған кезде орын алады. Мысалы  ұрлықтың орындаушыларының бірі  басқа қатысушылардан жасырын  мүлікті (басқа қатысушылармен  бірге ұрланған мүліктен бөлек)  басқа ұрланған мүліктермен қоса  есептегенде 500 айлық есептік  көрсеткіштен асып түсетін мүлікті  ұрласа ол ҚК-тің 175 бабының  3 бөлімімен жауапқа тартылады,  ал қалған қатысушылар егер  ұрланған мүліктің бағасы аталған  көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің  175 бабының 2 бөлімімен жауапқа  тартылады.

       Қылмысқа  қатысушының топтық жасауға сөз  байланысқан қылмысымен бір тектес  болып табылмайтын қылмысты жасауы  қатысушының шектен шығушылығының  сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан  медикаменттерді ұрлау барысында  олардың біреуі, олардын бөлек  наркотик заттарды ұрласа. Ол  екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке  тартылады: ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175 бабы) және наркотикалық  заттарды талан-таражға салғаны  үшін (ҚК-тің 260 б) ал, қалған қатысушылар  тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа  тартылады.

       Айыпталғандардан  шығатын қортынды қатысушының  шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда  және қылмыстық қауымдастықтарда  орын алатын алдын ала сөз  байласу арқылы жасалатын топтық  қылмыстарда ғана мүмкін болады.

       Бірігіп  қатысушылықтың ең қауіпті нысандары  болып ұйымдасқан топ және  қылмыстық қауымдастықтың табылатыны  белгілі, құқыққорғау, шаруашылық  және басқа органдар қызметкерлерінің  коррупциясы арқылы сипатталады.  Бұл қылмыстық топтар үшін  топтар үшін қауіпті болып  табылатын тиісті мемлекеттік  қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің  іс-әрекеттерін бейтараптандыруға  мүмкіндік беріп ғана қоймай  сонымен қатар олардың қызиетін  өз мақсаттарына бағындыруға  олар арқылы осы мақсаттарға  ресми құрылымдарды пайдалануға  оларға қатырына енуге мүмкіндік  береді.

       Қылмысқа  қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен  жасалған қылмысты саралау үшін  олардың белгілерін анықтау қажет.  Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері  болып бір немесе бірнеше соның  ішінде ауыр және аса ауыр  қылмыстарды жасау үшін күні  бұрын біріккен топтың тұрақтылығы.  Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың  берілген нысанасының міндетті  белгісі болып табылады. Олай  болмаған жағдайда қылмыс жасау  үшін күні бұрын бірігу мүмкін  болмайды.

       Қылмыстық  қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін  өзіндік белгілер топтың тығыз  ұйымдасқандығы және оны құрудың  мақсаты ауыр және аса ауыр  қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің  болмауы қылмыстық қауымдастықтың  қатысушылықтың нысаны ретінде  жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық  белгісі, белгісінің болмауы олар  әртүрлі сипаттағы соның ішінде  ауыр және аса ауыр қылмыстарды  жасау үшін құрылған топ болсада.  Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса)  бар екендігі танылады. Қылмыстық  қауымдастықтың екінші міндетті  белгісі топ тек ауыр және  аса ауыр қылмыстарды ғана  жасау үшін ұйымдасқан болуы  тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық  топ  жала жабуды тарату  үшін құрылған болса қылмыстық  ұйым болып табылмайды.

        Қазақстан  Республикасының ҚК-нің 31 бабының  5 бөліміне сай ұйымдасқан топты  немесе қылмыстық сыбайластықты  құрған не оларға басшылық  еткен адам кодекстің Ерекше  бөлімінің тиісті баптарында  көзделген жағдайларда оларды  ұйымдастырғаны және оларға басшылық  еткені, сондай-ақ қылмыстар оның  қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық  сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған  барлық қылмыс үшін қылмыстық  жауапкершілікке тартылуы тиіс.

        Құқық  қолдану қызметінің процессінде  ұйымдасқан топты немесе қылмыстық  қауымдастыққа басшылық жасаудың  нені білдіретінін анықтап алудың  маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІІ-2.  Нормалар  бәсекелестігі ұғымы және қылмысты  саралау

 

        Қылмыстық  заң нормаларының бәсекелстігі  құқық теориясы және практикасының  дербес институты ретінде оларды  тергеу және тиісті соттың  істерді тексеру барысында қолдануда  белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық  нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің  баптарының диспозицияларын нақтылауда  олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын  жасақтаушылар мен құрастырушыларға  заңшығарушы тарапынан қойылатын  талаптар өсе түседі. Олардың  құқықшығармашылық қызметі барынша  күрделі, тергеу және сот практикасын  мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі  жалпы және арнайы теоретикалық  дайындықты, құқық, юриспруденция  өрісіндегі білімді талап етеді.

       Қылмыстық-құқылық  нормалар бәсекелестігі дегеніміз  бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше  бөліміндегі екі немесе одан  да көп қылмыстардың белгілеріне  сай келуі болып табылады, яғни  ол қылмыс бір мезгілде бірнеше  әрекет етуші норманың диспозицияларымен  қамтылады.

      Аталған  бәсекелестікті бір құқыққа қайшы  әрекеттің бірдей шамада жазаланушылығын  қарастыратын екі немесе одан  да көп қылмыстық заңның бар  болуы ретінде анықтауға болады.

      Мысал ретінде  төмендегіні келтіре кетейік,  адамдар тобымен алдын ала  сөз байласу арқылы жасалған  ұрлық (п «а». бөлім 2. бап. 175 ҚК) және ұйымдасқан топпен жасалған  қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін

теріс пайдалану» (ҚК-тің 307 бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314 бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға  өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды  мүмкін. Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып  және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу  жалған мәліметтерді енгізу жасымен  жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық-құқылық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.

        Қылмыстық-құқықтық  нормалардың бәсекелестігі құқықтық  құбылыс ретінде белгілі бір  шамадағы күрделі құрылымды білдіреді,  бұл нормалардың органикалық  байланысы, олардың бір-біріне  тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында  жазылған бірдей қылмыстардың  белгілерін қарастыруы олардың  арасындағы ортақтық болады. Берілген  фактіде айталық, олардың бірдейлігі  ұқсастық болып табылады. Бірақ  соңғысы және бұл басты, маңызды  тіптен толық емес тек, норманың  көлемі мен мазмұны бойынша  жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан  көрінеді.

      Көрсетілген  параметрлар бойынша жекелеген  авторлар нормалар бәсекелестігінің  екі негізгі түрін айырып көрсетеді.  Бұл түрлер нормалардың көлемі  мазмұны бойынша айырмашылықтарына  сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің  үш түрін ажыратып көрсетеді:  а) жалпы және арнайы нормалардың;  б) арнайы нормалардың; в) бөлшектің  және бүтіннің. Б.А. Куриновтың  пікірінше екі түрі барынша  айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы  нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы  нормалардың бәсекелестігі.

       Егер  арнайы нормалардың бәсекелестігін  ұғынуда қиындық болмаса ал  жалпы және арнайы норнмалардың  бәсекелестігінде бұл кездеседі.  Мысалы нормалардың объектісі  тұрғасынан бұл бәсекелестік  бір норманың өзінің көлемі  бойынша іс-әрекеттердің айта  қаларлықтай кең шеңберін қарастырса  басқа норма – тек олардың  бөлігін қарастырады. Норманың  мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің  берілген түрі олардың өздерінің  мазмұны бойынша айырмашылығына  байланысты. Жоғарыда келтірілген  лауазымдық қылмысқа байланысты  мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін  теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы  жалпы норма болып табылады (лауазымдық  қылмыстың түсінігі беріледі) ал  ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық  жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық  жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл  да лауазымдық өкілеттіктерді  теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы.

       Нормалардың  мазмұны бойынша айырмашылығының  мысалы ретінде «Қарақшылық»  үшін жауапкершілікті қарастыратын  бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіру»  атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық  норма өзінің мазмұны бойынша  толығырақ. Ол тек адамның өмірі  мен денсаулығы үшін қауіпті  денеге зиян келтірулерді қамтып  ғана қоймайды сонымен қатар  берілген қылмыстың басқада белгілерін  де кірістіреді. Ал екінші норма  ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді  бермейді.

       Ендеше  жалпы және арнайы нормалардың  бәсекелестігінде олардың көлемі  бойынша айырмашылығы логикалық  бағыныстылығы мен нақтылануынан  көрініс табады.

       Әрекет  етуші заңнама жалпы және арнаулы  нормалардың бәсекелестігі барысындағы  қылмысты саралау ережесін бекітеді (ҚК-12 бап. 3бөлім) мысалы, ҚК-тің 228 бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану»  және арнайы норма (ҚК 231 бабы) «Комерциялық сатып алу». Аталған  жағдайда арнайы норма қолданылады.  Берілген қоғамдық қауіпті әрекет  онымен тікелей қарастырылған.  Жалпы норма – топтық құрам  арнайы нормамен қамтылмайтын  болуы мүмкін әлеуметтік-қолайсыз  құқық бұзушылықтар үшін бөлек  сақталып қойылғандай болады. Соңғысы  өз кезегінде жалпы норманың  барлық белгілеріне ие болып  сонымен қатар өзіндік ерекше  белгілерді де кірістіреді. Тек  солар ғана арнайы норманы  жалпы нормадан ажыратып көрсетеді.  Тергеу және сот органдарының  практикасы, жалпы нормамен бәсекелестіктегі  арнайы норманың басымдығы туралы  ғылыми кеңестердің дұрыстығын  толық дәлелдеп отыр.

Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы