Құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 20:07, курсовая работа

Описание работы

Құқықтық мемлекет – көпшілік- саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретінде оның қарым – қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылылығы, құқықтық шындығы және индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………3

1. Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы............. ……………….5
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы. ……………….….9
3. Құқықтық мемлекетті құруда билік бөлінісінің ролі.………......17

Қортынды…………………………………………………….…………..23

Қолданылған қайнар көздер тізімі…………………………………….25

Работа содержит 1 файл

кукыктык мемлекет.doc

— 159.00 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі  бағыттарын  айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының  нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық  тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет   органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы).

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерде  туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік  тілді еркін меңгермеген, әрі  Қазақстанда кемінде он бес жыл  үнемі тұрмаған адам Президент болып  сайлана  алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге  қойылған  өзге кедергілерге қатарынан екі реттен  артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде  он бес жыл бойы тұруы және  тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.4

      Президент өкілі органның депутаты болып  қоса сайлана алмайды, өзге де ақы  төленетін  қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру  кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.  Ол ешкім  тиіспеу құқығына ие.

      Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан  Республиксының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты  негізде  жұмыс істейтін екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.  

      Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы  болып  табылады, атқарушы органдардың  жүйесін  басқарады және олардың қызметіне  басшылық жасайды. Оны  Қазақстан  Республикасының Президенті құрады.

      Сот билігін – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген  өзге де нысандары арқылы тек сот  қана жүзеге асырады.  Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары  болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы).

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 3- бабында  былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында  мемлекеттік  билік  біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары  болып  бөлінуі, олардың  тежемелік  және тепе – теңдік жүйесін пайдалана  отырып, өзара ықпалдасып іс - әрекет  жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде  жүзеге асырылады»  Бұл бапта  тұжырымдалған  қағидат кеңес билігін ұйымдастыру  қағидасына түбірінен  қарама – қайшы келеді және және 1993 жылғы Қазақстан Республикаснының Конституциясында  бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастыру  қағидатына да елеулі  түрде ерекшеленеді.

      Қазіргі  Қазақстан Республикасы  Конституциясында  биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың өзара ақылдасып әрекет етуі  бір қағидаттың  билікті бөлу қағидатының екі жағы  болып  табылатын көрініс тапқан. Мемлекеттік  билікті бөлу  қағидатын жүзеге асырудың Қазақстандық ерекшеліктері сәтті қабысып, Президент, Парламент, Үкімет және сот тармақтары құқықтарының  ара – қатынасын  қамтамасыз ету  жөніндегі елбасы Н:Ә:Назарбаевтың ғылыми негізделген идеялары басты өзек етіп алынған.5

      Мемлекеттік биліктің тиісті тармақтарға  бөлінуі  билік тармағы органдарының  дербес құрылуынан,  олардың айқын ажыратылған  құқықтарынан және биліктің  бір   тармағы өкілдерінің биліктің  екінші тармағының органдарына кірмеуінен  көрінеді.   

            Дүние жүзінің алдыңғы  қатарлы елдерінде соның ішінде Еуропаның, Американың және Азияның  бірқатар елдерінде басқарудың президенттік жүйесі көптен бері қолданылып келеді. Демек,   бұл тұрғыда  белгілі бір тәжірибе  жинақталған.  Егер басқару түрін алып қарастыратын болсақ,  оның баяғыдан – ақ монархия және  республика түрлері  қабылданған. Яғни, мемлекеттік  биліктің жоғары органдарының құрылуына  қарай басқару түрі қалыптасады.  Егер мемлекеттің басына  монарх, король,  патша, император тұрса,  онда мұндай мемлекет басқарудың монархиялық түрі деп саналады.  Ал мемлекет басшылығында  сайланбалы  органдар тұрса,  ол республика деп танылады.  Олай болса басқару түрі  бір адамға,  айталық,  Президенке ғана  қатысты болмайды.  Мұнда заң шығарушы  орган да қарастырылады.  Ал енді президенттік республиканы  басқару түрі дейміз бе немесе басқару жүйесі  дейміз бе? Жоғарыда  басқару жүйесі  туралы   пікір  айтылды.   Өйткені президент  заң шығарушы органмен,  атқарушы және сот органдарымен өзара қатынастарды белгілі бір  жүйесі  деген  дәлірек болар еді.

      Әлбетте, президент  заң  шығрушы органның қызметіне  белсенді  түрде ықпал  ете алады.  Ол қабылданған  заңдарға  қол қояды немесе  қайта қарауға жібереді.  Екіншіден,  ол  заң шығарушы органды  тарату құқығы арқылы да оның қызметіне ықпал  жасайды. Президент биліктің атқарушы тармағымен аса тығыз байланысты  бола отырып, одан   бөлек тұрады.  Үшіншіден,  елбасы  билігінің сот тармағына да  қатысы  да бар.

      Басқарудың  мұндай  жүйесінің ерекшелігі Конституцияның құрылымынан да көрінеді.  Конституцияның алғашқы екі бөлімінен кейін, Парламенттің алдында, Президент туралы бөлім берілген.  Былай қарағанда  Парламент конституциялық  және   қатардағы заңдар қабылдайды,  онда барша халықтың ең таңдалы өкілдері жиналады.  Соған қарамастан Президент туралы  мәселе алдыңғы ретке шығарылған.  Өйткені, басқарудың президенттік  жүйесі осыны талап етеді.   

      Билік  тармақтары  органдарының  дербес жасақталуы туралы айтқанда мына  бір   жайларды ескерген жөн.  Президенттік сайлау жоғары  деңгейдегі атқарушы билікті  жасақтауды  заң шығарушы орган  парламент  жүзеге асырмайды.  Президентті халық сайлайды, ал Үкіметті Президент тағайындайды.

            Билік  бөлінісі абсолютті болуға тиіс емес және бұл  өзара  жатсыншылыққа, сепаратизмға  және қарама – қайшылыққа оқтырмауы  тиіс. Өйткені, сөз іс жүзінде биліктің бөлу  туралы  болып отырған жоқ, себебі ол  бөліне алмайды.  Конституцияның 3 – бабында  былай деп  жазылған: «Қазақстан республикасында мемлекеттік билік  біртұтас». Оның қайнар көзі – біртұтас халық, оның міндеті  біртұтас қоғамы  басқару болып табылады,  билікті ұйымдастырудың  бүкіл жүйесі арқылы өзек болып біртұтас қанағаттандыратын ортан міндеттері шешуге тиіс.  Қоғам мен мемлекеттің алдында басқару еңбегінің белгілі бір бөлінісі және органдардың  мамандануы  қажеттілік болып табылады.  Мұның өзі билік құқықтарының   бөлінуі қажеттілігін туындатуда және ол басқа мақсатты  тоталитаризмнің орнауына жол бермеуді көдейді.6

      Билік бөлінісі билік тармақтарының салыстырмалы түрдегі  дербестігі немесе  бірлік шеңберіндегі  жағдайында  күш-  жігерді біріктіруді  жоққа шығармайды. Билік  тармақтарын бөлу және біріктіру идеясы  қазір бір қағидатта тұжырымдалып отыр.  Сондықтанда  Конституцияда  мемлекеттік органдардың іс – қимылын, олардың өзара әрекеттелуін қамтамасыз етудің тиісі механизм жасалған.  Оны үш топқа  жіктеуге болады:

Бірінші – Президенттің  біріктіруші  ролін  жүзеге асыру үшін қажетті  механизм.   Президенттің бұл ролі Конституцияның 40- бабында нақтыланған, Президенттің мемлекет  басшысы  бола отырып, өз төрелігімен мемлекеттік  биліктің  бүкіл тармақтарының келісіп қызмет етуін және өкілет органдарының  халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз  ететіні айтылған.

Екіншісі  – топқа  Президенттің бүкіл атқарушы тармақтың және парламенттің  бірлескен  қызметінің Конституциялық  тұрғыда  бекітілген салалары мен түрлері жатады.  Мәселен,  заң шығару процесі Президенттің, үкімет заң жобаларын мәжіліске Президенттің  тапсыруы бойынша енгізеді, Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойып, оларды  халыққа жария етеді, Президент қарсылық білдірген заңды Парламент қайта талқылайды,  парламент Конституцияға өзгерістерді Президенттің ұсыны бойынша енгізеді.  Президент пен Парламенттің бірлескен қызметі Президенттің немесе парламенттің бірқатар жоғары  лауазымды адамдарды сайлауы немесе тағайындауы кезінде келісім  беруі түрінде  жүзеге асырады.

Үшіншіден -  топқа тежемелік және тепе –  теңдік  жүйесі жатады.  Олардың  қатарында  Президентті  қызметінен  босату және Парламентті тарату туралы тәртіптен, Президенттің заңдарын қайтадан қарауға қайтаруын, Президенттің тапсыруы бойынша үкімет енгізген бастамаларды Парламенттің қолдаудан  бас  тартуын және  басқаларын айтуға болады.

      Көріп отырғанымыздай, Президенттік  биліктің авторитарлық билікке айналуына  жол бермейтін  тежеулер мен қарсы  салмақтар  жүйесі бар. Біз  жеке дара  билікті сақтаймыз,  бірақ сонымен  біз Қазақстанда биліктің және мемлекеттің  дағдарыстан алып шығуға,  оның аяғынан нық  тұруына, шынайы  демократиялық қоғам  құруға қабілетті күшті үкімет құруды жақтаған дұрыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қортынды

 
 

Құқықтық  мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі  құбылыс. Қоғамның прогресте  ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды.  Қоғмның  дамуындағы белгілі жағдайлардың  деңгейіне сай  келетін жаңа мазмұндармен толығады.

      Құқықтық  мемлекеттің негізі- конституцияда  мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген.

     Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, коллективтік, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең қүқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нөтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.

      Құқықтық  мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесін (жоғарылылығын)белгілейді, ал екінші жағынан – орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді.  Мемлекеттік билікте өзінше,  жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ  тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді.

      Мемлекет  билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және  басқа қызметтерді орындайды.  Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру – құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде,  белгілі мөлшерде бірінің – бірі қызметтерін  тежеп отырады.  Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтасыз етеді. 

            Құқықтық мемлекеттің  негізгі  сипаттамасы: мемлекеттік  қоғамның ұзақ даму процесінде пайда  болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталғаны, адамзат  өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің құрылуына, оның  теориясына  жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған қайнар көздер тізімі 

Нормативтік –құқықтық актілер:

1. Қазақстан  Республикасының Конституциясы  1995ж. 

Әдебиеттер:

1.Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2002. – 320 б

2.Баймаханов М.Т. Правовое государство. Основы государста и права. – Алматы,1997г

3. Гоббс Т. О государстве ||  Сочинения. В 2-х т. Т.2. –М.1991

4. Джон Локк. Сочинения: В 3-х т. – М., 1998.

5.Лазарев В.В Теория государства и права М,1992г.

6.Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2001 –624б.

7.Малько В.А Льготы в праве. Общетеоритический аспект. Поощрение как правовое средство правоведение 1996г

8.Теория государства и права. Курс лекции. Под.ред. Матузова Н.И. и Малько А.В.450 стр

9.Правовое государство: система разделения властей и права человека| Фемида 5|99г.

10.Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы, «Айдана» ЖШС –2001ж

11.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы:Жеті жарғы, 2003 – 464 б.Алексеев С. Теория право 2 – изд М.

12.Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 1997г,  

Информация о работе Құқықтық мемлекет