Ұйым ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 06:24, реферат

Описание работы

Ұйым( лат. collectivus — жинақталған) - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б.

Работа содержит 1 файл

Ұйым түсінігі реф.docx

— 32.92 Кб (Скачать)

Ұйым  түсінігі

Ұйым( лат. collectivus — жинақталған) - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б

Ұйымның басты сипаттары:

  • осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
  • барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
  • топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
 
Ұйымның түрлері
Ресми ұйымдар
Бейресми  ұйымдар
 
Күрделі ұйымдар
 
Мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. қызмет барысындағы  әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын  адамдар тобы құрылыммен  мақсаттардың жан-жақты кешенді  сипаты жағдайында п.б.
 

Ұйымдардың  негізгі сипаттамалары:

  1. ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
  2. ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
  3. ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
  4. басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Көлденең  еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен  кеңістік бойынша қалыптастырып  жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы  басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта  буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның  жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру  қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

Басқарудың  мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.

Қазіргі кездегі басқаруға  қойылатын талаптардың  негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:

  1. Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу;
  2. Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
  3. Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
  4. Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;
  5. Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.
  6. Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;
  7. Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.
 

Басқару шешімдерін ойластыруда  қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:

  • Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;
  • Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
  • Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.

Басқарудың  негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.

Қазіргі кезде менеджерлерге  қойылатын талаптар:

  • өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;
  • жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
  • бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;
  • қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;
  • басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;
  • мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;
  • тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.

Менеджер – басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.

    Менеджер  қызметінің жүйесі:

  • кәсіби шеберлігі
  • тәуекелділік
  • мақсаттылық
  • ықпал ете білу
  • байланыс орнатуға қабілеттілік
  • қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі
  • ұйымдылық мәдениеті
  • тәуелсіздік
  • жан-жақты білім
  • болашақты ойлау
  • өзіне сенімділік
  • өжеттілік
  • жаңашылдық

Басқарушылар  үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар: 

  1. Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады. 
  2. Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру. 
  3. Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады. 
  4. Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.

Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.

Ұйымның міндетті ісі. Басқару мақсаттарын қою.

  1. Міндетті істің мазмұны мен маңызы.
  2. Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау.
  3. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары.
  4. Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.

Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек. 
 

Мақсат  түрлері:

  • стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат.
  • тктикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат.
  • ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар.

Мақсатқа  жетудегі іс-әрекеттерді  жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:

  • саясат
  • стратегия
  • процедуралар
  • ереже
  • бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Реферат

Тақырыбы: «Ұйым ұғымы» 
 

                                                                       

                                                                        Орындаған: Есалиева Н.Д.

                                                                         Тексерген: Қарабекова Л.Р

                                                                         Тобы: 201

                                                                         Мамандығы: статистика 
 
 

АЛМАТЫ-2011

Информация о работе Ұйым ұғымы