Өнім сапасын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

Сапа— белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстет., т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады: жобалау кезінде құрылғының (құралымның) Сапасы бағаланады; дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі, пайдалану кезінде атқарымдық Сапасы бағаланады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абс., салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен (мыс., квалиметриялық құралдармен) өлшенеді.

Работа содержит 1 файл

оним сапа.docx

— 25.98 Кб (Скачать)

Өнім сапасын басқару

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

 Өз кезегінде бәсекеге  жарамдылық екі көрсеткішке байланысты  — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

 Өнімнің сапасы —  бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапа және оның теориясы

 

 Өнімнің сапасы —  бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

 Өнімнің сапа деңгейі  оның сапалық көрсеткіштері жүйесі  негізінде анықталады. Бұл деңгейді  анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

 Сапаның көрсеткішін  анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

 өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);

 тіркеу әдісі —  бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

 есептеу әдісі —  өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді  анықтау үшін арнайы математикалық  үлгілерді қолдануға негізделеді;

 органолептік әдіс  — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды.  Табылған маңыздылықтың дәлдігі  және растылығы адамдардың біліктілігі,  даңдылығына және қабілеттілігіне  байланысты;

 социологиялық әдіс  — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың  мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

 сарапшылық әдіс —  мамандар тобы арқылы іске  асырылады. Мысалы, дизайнерлер,  дәм айырушылар.

 Практикада өнімнің  сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

 Сапаны жинақтап қорыту  көрсеткіштері жалпы сапада немесе  кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

 • сұрыптылығы;

 • маркасы;

 • жүктелімі;

 • пайдалы заттың  мазмұны;

 • өнімнің дүниежүзілік  стандартына сай үлесі, т.б.  жеке көрсеткіштер тым әр түрлі  және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы

 

 Нарықтық жағдайда  тұтынушының қанағаттануы тауарға  деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы  сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

 Өнімнің бәсекеге жарамдылығы  ерекше жағдайын қанағаттандыруына  мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.

 Сонымен, тауарға бәсекенің  жарамдылығын, оның сапалың және  құндық сипаттамасының жиынтығы  деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестер ерекшеленеді.

 Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.

 Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:

 Бт = Бс Шт

 мұнда, Бт — тұтыну бағасы

 Бс — сатылу бағасы

 Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі қызметі)

 Екінші тәсіл. Тауардың  бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда  бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

 Үшінші тәсіл. Бұл  тәсіл техниканың деңгейін және  сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:

 КК = ККэ ККт ККс

 мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;

 ККэ — эстетико-аргономикалық  деңгейінің кешенді көрсеткіші;

 ККт — техникалық  деңгейдің кешенді көрсеткіші;

 КҚс — көрсеткіш кешенінің сектімділігі.

 Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

 Қорыта айтқанда, біздің  республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

 

 

Сапа көрсеткіштері

 Сапаны басқаруда көрсеткіштердің  екі тобын ажыратқан жөн:

 - әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;

 - нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.

 А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.

 Көрсеткіштердің алғашқы  тобы өндіріспен байланысты:

 - атқарумен түзетулердің көлемі.

 - Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер.

 - Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.

 Екінші топ – сапаны  қамтамасыз ету.

 - Қате жасалған партия проценті.

 - Құрылымды өзгерту мөлшері.

 - Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.

 - Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.

 Үшінші топ – бухгалтерлік  есеп:

 - Мерзімі өткен төлемдер проценті;

 - Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;

 - Төлем тізімдемесіндегі қателер;

 - Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.

 Төртінші топ –  маркетинг:

 - Болжамдық жорамлдың дәлдігі;

 - Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;

 - Мәмілелердегі қателер;

 - Ақпарат алу уақыты.

 Бесінші топ – ақпараттық  қызмет көрсету;

- график бойынша шығарылмаған  есеп берулер саны;

- бағдарламадан табылған қателер;

- мәтінде өзгертілгендер саны;

- Ақпаратты алу уақыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнім сапасын басқару жүйесі

 Өнімнің сапасын басқару  — бұл белгілеу, камтамасыз ету  және сапаның қажетті деңгейін  қолдау мақсатындағы құру және  пайдалану немесе өнімді тұтыну  кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

 Соңғы кездерге дейін  кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

 Өнімнің сапасын басқаруды  жетілдіруде отандың өндірушілердің  алдына қойылатын негізгі проблемалар,  олар:

 • өнімнің сапалылығын  басқару жүйесіне маркетинг қызметі  механизмін қосу;

 • тұтынушыға және  барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

 • өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

 Сапаны басқару жүйесін  енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

 • жоғары сапалы  өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз  ету;

 • өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

 • жоғары бағада  сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

 • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

 Сонымен, өнімнің сапасын  басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

 • Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.

 • Халықаралық тәжірибе  көрсеткендей, сапалылықты арттыру  қызметі жүйелік басқару шеңберінде  жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.

 • Өнімнің сапасын  басқару стандарттауға негізделеді  Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі  үшін дайындалатын өнімдерге  үдемелі талаптарды анықтайтын  нормативті-техникалық негізі болып табылады.

 • Дайындалған өнімнің  сапасының түпкілікті бағалылығы  сертификат көмегімен жүзеге  асырылады, өнімді сапауды, тиісті  сертификат беруді, бағалау сынағының  көмегіен кейінгі өндірістің  жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

 • Өнімнің сапасын  басқаруда нормативтік актілерді  іске асыру сапаны және өнім  қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз  етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды  талап етеді. Шетелдік және  отандық практиканы еске ала  отырып, құрылған өнімнің сапасын  бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

 

Сапаға қойылатын талаптар

 Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.

 Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.

 А.Жағдайлар.

 - тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;

 - басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;

 - кемелге келу шексіз деген сенім;

 - олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;

 - мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;

Информация о работе Өнім сапасын басқару