Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2011 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
o Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
o Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
* Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
* Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1-бөлім. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні................................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі.............9
2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі...........................................14
2.2. ҚР Салық саясатының негізгі бағыттары............................................16
2.3. салық саясатының басты бағыттары.21
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................30

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІ.doc

— 255.50 Кб (Скачать)

      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі кезде экономиканың мүлтіксіз дамуы мемлекетте өмір сүретін адамдардың тұтынуы мен қажеттіліктеріне жеткілікті деңгейде көңіл аударылмайынша мүмкін емес.

     Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезінде маңызды мәселелердің бірі нарықтың дамуы салдарынан пайда болатын кері әсерлерді шектеуге және қоғамның әлеуметтік - экономикалық топтарға бөлінуін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін құру болып табылады. Мұндай маңызды мәселелердің жан жақты дүрыс шешімін табуда мемлекет қоғамдық дамуға әсер ететін басқа да құралдарды іске қосып, кешенді түрде қимыл жасауы тиіс. Мұнда салық саясатының алатын орны ерекше.

      Салық саясаты – бұл мемлекеттің салық саласында жүргізіліп отырған іс - шараларының жиынтығы. Мемлекет салық саясатын салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік - экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Салық саясатының мазмұны және мақсат міндеттері қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.

    Салық саясатының негізгі  міндеттері:

    1. мемлекетті қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету

    2. жалпы мемлекеттің экономикасын  реттеуге жағдай жасау

    3. нарықтық қатынастар даму процесі кезінде пайда болатын халықтың табыстарының деңгейінің арасындағы айырмашылықты азайту.

     Нарықтық қатынастардың қалыптасуы  жағдайында салық саясатының  негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған  қоғамдық қорлары арқылы халықтың  нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз етеді.

 Салық  саясатының негізгі құралы салық  жүйесі болып табылады.

      Салық жүйесі дегеніміз салық түрлерінің формаларының салықты құру әдістерінің немесе тәсілдерінің сонымен қатар салықтық қатынастарды реттеуші заңдар және нормативтік актілер және салық органдарының жиынтығын айтамыз. Оның негізгі қызметі бұл шаруашылық субьектілердің қызметін ынталандыруға, еңбек және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, инфляцияны есепке ала отырып табыстар мен бағалардың өсуін шектеуге, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы жылдары Қазақстан республикасы жаңа салық жүйесін қалыптастыру мен ұйымдастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бюджетаралық қатынастардың реформасы нәтижесінде салық салу жүйесі өзгертілді және халықаралық стандарттарға жауап бере бастады. Жаңа салық жүйесін енгізгеннен кейін саясатта, экономика мен әлеуметтік салада оңтайлы өзгерістер байқала бастады. Салық жүйесі Қазақстан экономикасының тиімділігін көтеруші құралға айналды. Алайда бұл салық жүйесінің кемшіліктері аз емес. Қазіргі кездегі салық жүйесінің ең ірі кемшілігі фискалдық бағыттың басым болуы. Салық жүйесінің басқа қызметтері әлсіз жүзеге асырылады. Келесі ірі кемшілігі, әсіресе шет ел кәсіпкерлері үшін оның тұрақсыздығы.Әрине, қазіргі кезде өзгерістер жылдың басынан бастап іске асқанмен, сонда да салық төлеуші заңды тұлғалар үшін өте қолайсыз болып табылады. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда 3-5 жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт. Алайда тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.

      Салықтардың, оларды төлеушілердің,  салықтарды алу әдістерінің, салық  жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан  салық жүйелерінің әжептеуір  күрделі үлгілері болуы мүмкін. Әрине мұндай жеңілдіктердің  бірқатар артықшылықтары мен  кемшіліктері бар.

    Кіріс пен таза пайданы экономиканың жаңа бір саласына немесе бүтін өндіріс түрінің дамуына жұмсау, еліміздің аз игерілген, кейбір қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрінен бүтіндей босату қолданылады. Іскерлік табыстың белгілі бір түрлеріне жеңілдетілген салық жүйесін пайдалану экономиканы мемлекетік реттеуде сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдіс. Мысалы мерзімді амортизациясы жеделдетілген немесе дифференциалды салық мөлшері, салық төлеу мерзімін созу немесе кейінге қалдыру, салықтардан еркін резервтік, инвестициялық әрі басқадай қорлар құру және преференциялар сияқты түрлі экономикалық және салық тегершіктері жетерлік. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде салық жеңілдіктері жапай іскерлікті бурқандырып, экономиканың басым салаларына ірі инвестициялар әкелуге септігін тигізді. Алайда қазіргі отандық экономика өзінің өрлеу белесіне көтеріле бастағана мұндай салық жеңілдіктерінің сақталып қалуы мемлекет пен инвесторлар арасындағы мүдделік қарым қатынасқа өз салқынын тигізуде. Нәтижесінде бюджетке өндіріс көлемінің ұлғаюына қатысты салықтан бюджетке түсетін түсімдер елеусіз қалуда. Кейінгі кезде салық жеңілдіктерінен салық кеңістігінде елеулі қарама қайшылықтар туып, салықтық басқаруға кері әсерін тигізіп отыр.

     Нақты салаға салық жеңілдігін орнату тәжірибе көрсетіп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бір тиімді әдісі деуге келмейді. Жеңілдік беріліп отырған кәсіпорындар мен жеке тұлғалар, жеңілдік жүрмейтін экономикалық қызмет салаларындағы кәсіпкерлік пен айналысып жүргендерге салықтық басқаруда қиншылықтар тудыруда. Оның үстіне жеңілдіктерді салық төлеуден бұлтару үшін арсыз пайдаланаындар да аз емес. Преференция түріне жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесіздік тудырып, түбінде кірістің жоғалуына соқтыратынын халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.

      Ал салықтардың өзіне келетін  болсақ мынадай мәселерді шешуді  ұсынамын. Менің ойымша корпоративті  табыс салығының ставкасы біздің  салық төлеушілеріміз үшін жоғары  болып табылады. Ел экономикасы нарықтағы кәсіпкерлердің белсенділігіне байланысты болып келеді, ол салық ставкаларының жоғары болуы іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келеді. Көптеген дамыған мемлекеттерде бұл салықтың ставкасы 30% жоғары, алайда біздің экономикамыз бұл елдерден артта қалып отыр. Салық ставкасының жоғары болуы отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Бұл жағдайлар жаңа кәсіпорындардың ашылуы мен қалыптасуына кедергі жасайды. Әрине бұл салық бюджетімізге айтарлықтай табыс әкеледі, яғни бүкіл табыстың шамамен 25% құрайды. Егер салық ставкасын төмендетсе бюджетіміздің табыс бөлігі азаймай ма деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені басқа жолмен шешуге болады. Салық ставкасы 30% төмен болған жағдайда кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне байланысты нарықта жаңа кәсіпорындар пайда бола бастайды, яғни олардың саны өседі. Әрине бұл кәсіпорындарға өз қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс күші қажет емес пе? Яғни көптеген адамдар жұмыс тауып салық төлеушілер қатарын арттырады. Бюджеттің табыс бөлігін жеке табыс салығы арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұл шара бір жағынан жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектеседі, екінші жағынан отандық кәсіпорындарды қолдау нәтижесінде ел экономикасының өсуіне алып келеді. Сондай ақ бұл салық бойынша салық жеңілдігі, несие, демалыс сияқты жеңілдіктерді енгізу дұрыс болар еді.

      Қазіргі кезде салық саясатының  құрамдас бөлігі болып табылатын  акциздерге үлкен көңіл бөлініп  отыр. Олар мемлекеттік бюджеттің  табыс бөлігін арттыру табиғатқа  зиян келтіретін өндіріс түрлерінің  теріс әсерін шектеу үшін қолданылады. Менің ойымша мемлекет бұл салық бойынша фискалдық мақсатты көбірек көздейді. Әрине акцизделетін тауарларды өндіретін кәсіпорындардан көп табыс түседі. Алайда бұл тауарлардан қоғамға және табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыруға болашақта одан да көп қаржы қажет болады. Сондықтан осындай тауарларды өндіретін кәсіпорындарға мемлекет қатты қысым көрсетуі қажет. Әсіресе алкоголь өнімдеріне, ойын бизнестеріне, сонымен қатар газ кондетсаттарына деген   салық ставкаларын көбейту қажет секілді. Себебі, бұлардың адам денсаулығына, табиғатқа тигізетін зияны өте көп.

      Табыстарға  салық бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын арттыру арқылы табыстың мөлшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған баға бойынша, мысалы, оларды еркін бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп – қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын көтеріңкілеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі құралдардың құны жоғарылауы мүмкін. Табысқа салық салудан жалтарудың тараған әдісі кәсіпкерлік қызметтен түскен түсім ақшаны кемітіп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл бұзушылық қиын анықталады, өйткені нағыз түсім ақшаны анықтау үшін тексеріліп отырған төлеушінің тауарының қозғалысымен байланыстырылатын шоттары мүмкін көптеген баспа бас айырбас пен басқа да шаруашылық қаржы қаржы операцияларының фактілерін талдау қажет; Сондықтан салық органдарының жұмысын жақсарту қажет.

      Жоғары  табысты заңдастыру, зейнетақыны  және бюджет саласындағы қызметкерлердің  ең төменгі жалақысын көтеру бұдан  былайғы жерде халықтың тарапынан  неғұрлым сапалы тамақ өнімдері мен  күнделікті сұраныс тауарларына, ақылы  білім алуға, медицина қызметіне, авиация мен темір жол көлігіне және тағы басқаларға сұраныстың артуына ықпал етеді.  Сондықтан отандық тауар өндірушілер өз өндірістерін ұлғайтуға, өнімдерінің саласын көтеруге ұмтылулары қажет.

     Сонымен, салық жүйесінің алдындағы тұрған ең бірінші міндеті – отандық өндірістің дамуын ынталандыру болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық өсудің негізі ұлттық және халықаралық тауар өндірушілердің өндірісіне инвестиция салуға қолайлы ахуал жасау және халықаралық экономикалық тенденцияларды тиімді қолдану болып табылады. Яғни салық кодексінде экономикалық процестердің тереңдеуі мен дамуын толық есепке алу қажет.

       Қазіргі кезде салық жүйесінің  негізгі кемшіліктерін жою үшін  салық қысымын төмендету қажет.  Соның ішінде салық жеңілдіктерін өндіріс пен инвестицияның өсімін ынталандыратын салаларға беру керек. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ салық жүйесінің ынталандырушы ролін күшейту салық салу базасының кеңеюіне және мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің өсуіне алып келеді.

     Салық жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – бұл салық төлеушілер мен  салық органдарының арасындағы қарым  – қатынас болып табылады.  Тиімді салық жүйесін қалыптастырудың  негізгі мәселелері салауатты салық  қызметкерлері мен сауатты салық төлеушілерді тәрбиелеу болып табылады.

     Салық қызметі органдары мен салық  төлеушілер бір –бірін түсінетін  жағдайда болуы қажет, сонда ғана олардың арасындағы қатынастар жақсы  болады. Салық төлеушілер салықты  неге төлеу міндетті екендігін және одан қандай пайда алатынын дұрыс түсінуі қажет. Ол үшін салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеріп, олардың менталитетін өзгерткен жөн деп ойлаймын. Оны бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі басылымдар арқылы салық төлеушілердің санасына жеткізуге болады.

     Қорыта  айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстар жүзеге асыру қиынға соқпайда, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық. 
 
 
 

    2.3 Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері  

    Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, басқа ТМД республикалары сияқты қысқа мерзімде мемлекеттік  салық жүйесіне заң шығару базасы айналуына мәжбүр болды. Салық реформасының концепциясы 1992 жылы өңделген.онда жекелеген екі тармағы бар: біріншісі (1993-1995жж) жаңа салық салу жүйесінде іс-қимыл тұжырымында істелген, және екіншісі (1996-1998жж) салық жүйесін өзінің мақсатын құру мен аяқтау, нарықтық экономикада жауаптылық талап етеді.

      «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы» Қазақстан Республикасының  заңында 1995жылы сәуірде бұл  процессте бірінші кезең аяқталды. Бірақ бұл заң қатаң бәсеке  білдірмеді, керісінше өзгертулер  мен толықтырулар нарық реформасын тезарада жылжытуы бағытталды, ҚР Перзиденттінің Жарлығы  мен Заңдары бойынша 1999жылға дейін осы құжатқа енгізілді.

       «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдар  туралы» «Заңға енгізілетін өзгерістер  мен толықтырулар» Үкімет ұсынған заң 2001жылдың 16 сәуірінде ҚР Сенаты қабылдады. Қабылданған заң өндірістің дамуына бағытталған және кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің ұлғаюына жаңа Салық Кодексінің өңделу жолында маңызды қадамына саналуына болады.

        Қазақстанның салық жүйесі өзінен нені көрсетеді? Экономикасы нарықтық қатынастарға негізделген кез-келген елде ( бұл экономикасы дамушы және дамыған немесе постсоциолисттік елдер болсын)

салық 2 қызмет атқарады: фискалды ( мемлекеттік  бюджетке қаржыны жұмылдыру) және жинақтаушы (жинақтау қорының мемлекеттік инвестициялар есебінен және экономикалық қызметтің басты бағыттардағы салық жеңілдіктері арқылы).

    Сонымен салықтардың экономикалық табиғатында  қайшылықтар бар, ол мемлекет – салық  төлеуші (заңды немесе жеке тұлға  болсын) қатынасында байқалады. Салық мөлшерлемесі артқан сайын, мемлекеттің бюджет қаржыларын шоғырландыру артта, онда әлеуметтік бағдарламаларда көбейеді. Сонда бұл жүзеге асады ( тегін білім беру немесе медициналық қызмет көрсету, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және жағдайлары төмен адамдарды әлеуметтік қорғау бағдарламасы).

        Осылармен қатар, практика көрсеткендей, экономикасы дамыған елдердегі  ЖІӨ-нің жинақтаудың салмағы төмендеуде. Нарықтық даму жолын таңдаған  елдерге осы әдісті қолдануға  болады, мемлекеттік бюджеттің салық жасаулары есебінен өсуі , өндірістік емес тұтынуға көбірек жұмсалады, ол өндірістің мемлекеттік сектор инвестициясынан көп. Ал салықтың жинақтау қызметі мемлекеттің халық шаруашылығының басты салаларына салық салымының жеңілдік жасаған пайда болады.

        Қазақстан – ТМД елдерінің  ішіндегі салық саясатын экономика  өсіруге және бұрыннан дайындалған  стратегия шеңберінде қолданған  ел болып табылады. Бұл ұлттық  экономика саласындағы мемлекеттік  меншіктің үлесінің минималды  мөлшерге жеткенін көрсетеді( 1999жылы тіркелген заңды тұлғалардың 18% ғана мемлекеттік мәртебеге ие). Бұл  заңдылық, себебі Қазақстанның мақсаты мемлекеттік инвестицияларды көбейту емес, оның экономиканы реттеудің басты механизмі және салық саясатын халық шаруашылығының дамуының басты механизмі ретінде қолдану(мысалы: мақсатталған жеңілдіктер қолдану)

     Қазақстан Республикасының  салық саясатының  басты бағыттары:

  • азаматтарды қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау ( әлеуметтік, әскери, экономикалық, саяси);
  • өндірістің басты салаларын дамыту;
  • салық мөлшерлемесін көтеру арқылы емес, салық төлейтін жеке және заңды тұлғалардың санын көбейту арқылы бюджет табыстарын қалыптастыру.

Информация о работе Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі