Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2011 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
o Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
o Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
* Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
* Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1-бөлім. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні................................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі.............9
2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі...........................................14
2.2. ҚР Салық саясатының негізгі бағыттары............................................16
2.3. салық саясатының басты бағыттары.21
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................30

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІ.doc

— 255.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан ұкіметі 1995  жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық  салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге  жеткізу көзделген.

    Осы   концепцияны   іс   жүзінде   асырудағы   бірінші   кезең  Қазақстан Республикасы Президентінің 12.06.2001 жылы қабылданған Заң күші бар „Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер тұралы”  Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

    Салық салудың негізгі қағидалары сақталып, салық салуда қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру қағидалары біршама өз шешімін тапқан.

    Республикада  жаңа салық заңын дайындау жөнінде  жұмыс басталды. Бұл Қазақстан  Республика Президентінің заң күші бар “Салық және бюджетке басқа  да міндетті төлемдер туралы”

    “Салық  және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығымен аяқ талды. Осы  жаңа заңның ережелері 2001 жылдың  12 маусымнан бастап күшіне енді. Ол бұрынғы  нақты өмір мен туындай бастаған қарым-қатынастардың талаптарына  жауап бермейтін салық заңын түбегейлі түрде реформаларды.

    Жаңа  салық заңының  негізгі мақсаты  шаруашылық  субъектілеріне салық  ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету  болатын. Бұл жағдайға сан алуан  мақсаттық қорларға қаржыларды таратуды қысқарту, сондай-ақ  өз күшіндегі  салық санын кеміту жолымен қол жеткізілді.

    Мәселен,  қазіргі  кезде өнімнің (жұмыстың,  қызмет көрсетудің) өзіндік құнының 5 пайыз мөлшерін құрайтын Қазақстан  Республикасының экономикасын түрлендіру қорына, кәсіпорынның қарамағында қалатын  пайданың 1 пайызын құрайтын кәсіпкерлік пен бәсекелесиікті дамытуды қолдайтын қорға, мөлшерлері аймақтарға байланысты жалақы қорының 5-тен 20 пайызға дейін құрайтын қалалық жолаушы көлігін ұстауға арналған шығындар жойылды.

    Жаңа  салық заңы салықтың бұрынғы 45 түрінің  орнына 13 түрін анықтап енгізді.

    Салық   ауыртпалығын  азайту  жоғарыда   көрсетілген себептерден басқа  сондай-ақ  салық  салудың халықаралық  принциптеріне жақындаған салық  салынатын кірісті анықтау тәртібін өзгерту арқылы қамтамасыз етіледі. Салық  салынатын жатқызудың қазіргі жүйесі кәсіпорындарды олардың қызметіне байланысты шығындарының жекелеген түрлерінің өзіндік құнына жатқызуға мүмкіндік бермеді.

    Жаңа  салық  заңына сәйкес салық  салынатын  кіріс жылдық жиынтық кірістен осы  кірісті шығарумен байланысты барлық шығындарды алып тастау жолымен табылады, сөйтіп шынайы салық базасы анықталады.

    Салық салу тәртібін жүйелеу,  қазіргі  салықтардың тұрақтылығы және мемлекеттегі салықтық құқық  қарым-қатынастарын реттейтін біртұтас заңның болуы барлық  салық төлеушілердің мемлекет бюджетіне қанша және қашан төлеуін білудің негізін жасады. Мұндай заңдық  норма салық төлеуші мен салық заңын сақтауды және мемлекет алдында салықтық  міндеттемелердің   түсуін   қамтамасыз   ететін   салық органдарының  қарым-қатынастарын  мүлдем  жеңілдетуге мүмкіндік береді.

    Ақыр  аяғында жаңа салық  заңы ережелерінің ескіге қарағанда табыс есебінен салықтарды алу пайызын орташа есеппен 20 тармаққа дейін төмендетуге мүмкіндік  жасайтынын атап айтқан жөн. Сондай-ақ  мұнда Салық  кодексін жасақтауға бұрынғы шақырылған депутаттар, Қазақстан өнеркәсіпшілер одағының, Қазақстан Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің өкілдері, бірқатар ірі және шағын кәсіпорындардың басшылары мен бас есепшілерінің атсалысқанын атап өткен орынды. Салық кодексінің сан алуан ережелерін дайындаумен бірге олар нақты кәсіпорындарға негізделіп, нәтижелері қорытындыланып жатыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПайдалынҒан Әдебиеттер 

  1. Қазақстан Республикасының Конституция – 2003 ж. Алматы.
  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тұралы Қазақстан Республикасының кодексі. (2009 ж. 1 қантардағы жағдай бойынша). – БИКО баспа үйі, 2009 ж.
  3. Қазақстан Республикасының  “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы.  – Алматы, 2002ж.
  4. Ермекбаева Б.Ж.  Салықтар және салық салу:  Оқу құралы – Алматы:  - 2003. – 131 бет.

    5.Ермекбаева Б.Ж.  Салықтар және салық салу. Оқу құралы.  Алматы, 2003 жыл.

    6.Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 448 бет.

    32. Үмбетәлиев  А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және  салық салу: Оқулық.  – Алматы: Экономика, 2006. -287 бет

  1. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник.   –Алматы, 2005.   –с. 79.
  2. Байдүйсенов А. Д. - Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер Қаржы - Қаражат, 2001 №4 -32 бет.
  3. Балғабеков Н. Салық төлемдері - Шымкент келбеті 2001, 26 қаңтар.
  4. Салық мәдениеті - қоғам дамуының айқындаушы тетігі - Егемен Қазақстан, 2001, 7 шілде.
  5. Қалманбетова Г. Салық жеңілдіктер артықшылықтары мен кемшіліктері - Егемен Қазақстан 2001 27 наурыз.
  6. Қанатов С. Салық жүйесінің жаңа нормалары –Заң 2001 №12 - 20бет.
  7. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілігі - Бухгалтер бюллетені, 2001 – 14 бет.
  8. Дулатов Ы. Мемлекеттің салық саясаты және оның кейбір мәселелері - Заң газеті, 2002, 3 қараша 5 бет.
  9. www.google.kz
  10. www.yandex.kz
  11. www.site.kz
  12. www.minfin.kz
  13. www.nationalbank.kz
  14. www.nalog.kz
  15. www.goverment.kz

Информация о работе Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі