Мемлекеттің экономиканы дамыту мен реттеудегі жанама рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2011 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік поблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе

I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .

I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.

II.Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлер мен оның алдын алу жолдары.

II.I.Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне ықтимал және шынайы қатерлер.

II.II Қазақстан Республикасындағы қатерлердің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар.

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Постанова.docx

— 58.61 Кб (Скачать)

Кіріспе

I бөлім.Қазақстан  Республикасының ұлттық қауіпсіздігі  мазмұнына түсініктеме .

I.I.Ұлттық қауіпсіздік  ұғымының мазмұны.

I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің  ішкі саяси аспектілері.

II.Қазақстан  Республикасының қауіпсіздігіне  қатерлер мен оның алдын алу  жолдары.

II.I.Қазіргі кездегі  Қазақстан Республикасының  қауіпсіздігіне  ықтимал және шынайы қатерлер.

II.II Қазақстан  Республикасындағы қатерлердің  алдын алу үшін жүргізілетін  шаралар.

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген  себептерге орай қауіпсіздік поблемалары  саласындағы зерттеу  жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы  қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру  жағдайының жоғарғы технологиялар  дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық  және ғаламдық деңгейдегі  дағдарыстарды  әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене  түсуімен түсіндіріледі.Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи  тәжірбиесі  әрқандай мемлекеттің  қатардағы адамдарының  әл ауқаты ең алдымен  оларды қоршаған табиғи ортаның  қауіпсіздік дәрежесіне  байланысты екендігін  анық көрсетіп отыр.Бұл орайда ел президентінің  Қазақстан халқына жолдауына  атап айтылғандай осынау қарапайым шындықты  әр адамның түйсінуі  аса маңызды./1/Адамзат өркениеті үнемі  қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр, оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы  өзгерістер  жаңа ғаламдық проблемалардың  және әр түрлі сипаттағы  қатерлердің  туындауымен қоса қабат жүріп жатыр.Осы орайда кейбір зерттеушілер  былай деп атап көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады.XXғасыр әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың  бір қатар жемісті  идеясын дүниеге  келтірді,бірақ оларды іске асыру  мүмкін болмады,түптен келгенде ,адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық”“қаңқасап”соғыспен  және  бір “бір қырғи қабақ” соғыспен  және  жер бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен  төлем төледі.Аймақтық әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық,экологиялық,рухани ,имандылық ақпараттық және басқада қатерлер өршіп барады.Бұл өреде қазір  қауіпсіздіктен қымбат нәрсе  болмай отыр./2/Ұлттық қауіпсіздіктің обьектілері-жеке адам оның құқықтары мен бостандықтары ,қоғам мен материалдық және рухани құндылықтары ,мемлекет оның конституциялық құрылысы ,тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы болып табылады.Ұлттық қауіпсіздіктің субьектілері-өз өкілеттілігін биліктің заң шығарушы,атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асырылатын мемлекет,азаматтар мен ұйымдар болып табылады.

XXI ғасыр терең әр қилы қоғамдық өзгерістер кезеңі болатындықтан,қауіпсіздік факторын  ғаламдық,аймақтық,және ұлттық көлемде қоғамдық жаңғыртудың қолқа жүрегіне де айналдыру ,қауіпсіздік ісін сыртқы және ішкі саясатты талдап,жасап  жүзеге асырудағы ,халықаралық ішкі мемлекеттік құрылымдар мен қатынастарды  жобалап түзу ісіндегі бірінші принцип ретіндегі қарау аса маңызды мәнге ие болып отыр.Орнықты және  қауіпсіз даму мәселелеріне  ғылыми ынтаның кенет артуы отандық ғылымда да орын алды.Посткеңестік қоғамдағы көпқырлы ,және жүйелі дағдарыс ,жаңа мемлекеттердің  саяси жіне экономикалық  дербестігін жоғалту қаупі туып отырған қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздік сияқты өмірлік  маңызы бар мәселелерге ғалымдар қатты  назар аударып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік мәселесі  саяси ғылымдарда кеңінен  зерттеліп келе жатқан  тың тақырыптың бірі.оның үстіне саяси -әлеуметтік тұрақтылықты  қамтамасыз етілу мәселесі  көне замандардан келе  жатыр.Атап айтқанда Аристотель ,Платон,Конфуций,Шан Ян және аль-Фараби секілді  ғұлама ғалымдардың  еңбектерінде  қоғамддық тәртіп мәселесі  жан-жақты қарастырылған.Мемлекеттің жеке адамның қәуіпсіздігін  қорғауда  атқаратын ролі мен функциялары жөнінде  Николло Макиавелли ,Джон Локк,Томас Гобсс,Монтескье,Имануил Кант және Гуго Гроций сияқты  ғаламдардың  да еңбектері аз емес.Томас Гобсстың пайымдауынша  қарапайым тұрғындар  ішкі қақтығыстарды  тоқтату мақсатымен мемлекеттің билігін мойындауға мәжбүр  болып,өзара бірігеді.Билеуші болса өз мүддесі үшін  адамдардың өмірі мен бостандығы үшін  әр-түрлі қатерлерден  сақтауға тиіс. Иммануил Кант Гоббстың пікіріне қарама-қарсы “тұрақты бейбітшілік  концепциясын” ұсынадыоның схемасы бойынша белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделерін зиялы саяси тәртәптің арқасында реттеуге болады,яғни адамдардың біртұтас қауымдастығын құру үшін ең алдымен федеративті мемлекеттік жүйенінегізу керек.Ұлттық қауіпсізді парадигмасы ұлттық мемлекеттердің дүниеге келуінің арқасында пайда болады.Көптеген зерттеушілердің тұжырымдауынша ,өтпелі кезең тұсында  ұлттық қауіпсіздікке ,экономикалық,әлеуметтік,демографиялық, әскери және тағы басқа қауіптерден басқа саяси  факторлар да үлкен қатер тудырады.Өйткені саяси жүйе мен  эконмикалық жүйе арасындағы тепе-теңділік күйі кенеттен өзгеріске ұшырап,қоғамдық қатердың мазмұны сол өзгерістерге сай құбылуы ықтимал.Бұл өз алдына кезекті  “әлеуметтік жарылысқа ”әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұлт үшін оқыс сын  сәттерге толы тарих кезеңдерде негізінен  мемлекеттік  мүдде алға шыға алады. Бұл жағдайда мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі  өзіндік мақсатқа  айналады ,және ол саяси күштер мен қоғамдық топтардың,сондай-ақ оларды қорғау  жолындағы пәрменді  институттар қызметінің басқару және үйлестіріп  отырудың тиімді тетігі арқасында орындалады.

Қазақстан Республикасының  ұлттық мүдделеріне:

Ø     Адам мен азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз ету ;

Ø     Елде қоғамдық татулық пен саяси  тұрақтылықты сақтау;

Ø     Қазақстанның бүкіл халқының игіліг үшін экономикалық даму ;

Ø     Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу  және Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

Ø     Қазақстан қоғамының материалдық  және рухани құндылықтарын сақтау мен  еселей түсу;

Ø     Қазақстан Республикасы конституциялық құрлысының,оның ішінде мемлекеттік тәуелсіздігінің ,бірегей құрлысы мен  президенттік басқару нысанының,тұтастығының мемлекеттік  шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлінбестігінің бұлжымас беріктігі;

Ø     Мемлекеттік институттардың тұрақты  жұмыс істеуі,оларды нығайту және қызметінің  пәрменділігін арттыру ;

Ø     Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің,басқа да  әскерлері мен құрамаларының жарықталуы мен жауынгерлік әзірлігн қамтамасыз ету;

Ø     Заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртібін сақтау; 

Ø     әріптестік негізде  халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам  мен азаматтардың  конституциялық құқықтарын,Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды  қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.

Жек адамның ,қоғам мен мемлекеттің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің  адамзат өрекениетінің  даму жолындай  ұзақ тарихы бар.Қауіпсіздік ұғымының  өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып  тарихи кезеңдердің ауысуы барысында  өзгеріп отырған.Кезеңде  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар  зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің  қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты  кіріге алуына  байланысты еді.Қауіпсіздіктің  ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың ,дамуын бұзды.Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі  оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен  белгілене бастады.Ақша мен меншік  адам баласының  нарықтық капиталистік экономика жағдайында  өмір сүруін қауіпсіз етіп,оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді.Адам баласы одан әрі  өз қауіпсіздігінің шарты ретінде  ғылым мен технологияларға арқа сүей бастады.Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат  күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де  ешқашан кепіл беөркендеуімен ұлттар ұйысты.Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.Ендігі жеде қауіпсіздік әскери фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі ,қару-жарақтың саны мен сапасы  арқылы қамтамасыз етілді.XIXғасрдағы және XXғасырдың алғашқы  жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан  басқа тұрғыда  түсінуге жағдай жасамадыЭкономика әскери машинаның “отынына”  айналды,табиғи орта тек қана стратегиялық  ресурстар көзі ретінде қарастырылды,адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды. 

Жалпы қабылданған  тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі  бір нысанның  сыртқы және  ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер  қауіпсіздік ұғымын  неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және  нақты дүниеaдегі  әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің ,өмірге бейімделе білуінің  интегралдық пішіні түріндегі”философиялық категория деп қарауға бейім./5/

Осы айқындаманы  тірек ете отырып  ресейлік ғалымдар  қорғана білу ахуалы,әлеуметтік ағзаның  қоршаған ортадағы  өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып  табылады,ал өмір сүру қабілетінің  дәрежесі мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен,әлеуетімен (иммунитет)өзінің өмірлік маңызды  мүдделерін белгілеп,соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

“Мемлекет қауіпсіздігін  оның қасиеті ретінде бағалау,әлбетте  жаңалық ашу емес,мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады,себебі бұл қасиетті  жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ.Ал қауіпсіздік  жағдайы оы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ мемлекеттің қорғана білу  жағдайы- оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі” /6/

Осы қағидаттың сүйегінен шығара отырып  қауіпсіздік  екі түрге бөлінеді: қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің  социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі және оның қауіп-қатерден анық қорғалуы ,одан сытылып шығып,қарсы тұра білу қабілеті.

Қауіпсіздік саласындағы  дәлдеу қажет болып отырған негізгі  ұғым “қауіп” ұғымы себебі қауіпсіздік  проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде  бұл термин бастапқы термин деп  есептеледі. “Қауіп”ұғымы қауіпсіздіктің  жалпы теориясында  “әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға  жағдайын нашарлатып,дамуына жағымсыз серпін немесе паоаметрлер дарытатын әлдебір залал,зиян келтіретін ахуал ретінде  қарастырылады.”/7/Демек, "қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын  беймаза  ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды  тудыруға септесетін  әртүрлі шарт деп  ұғынуға болады.Қатер сырттан туып қаралып отырған нысанның ішінде де бола береді.Ықтималдылық дәрежесі жағынан анық және әлеуетті қатер деп бөлінеді,ал нақпа-нақ бағытталу сипаты және қолайсыз жағдай туған  кездегі субьективтік  фактордың роліне қарай көптеген ғалымдар  қатердің ілік тастау және қатер мүмкіндігі түрлерін ажыратады.Қатердің бұл түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды,себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына  кедергі жасап немесе оларға  қауіп төндіруі мүмкін.

Демек ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде,қатер және одан қорғану құрайды.Ұлттық қауіпсіздікке  мынандай анықтама беруге болады “ұлттық  қауіпсіздік ”-азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесінің ахуалы  мен даму үрдістері.Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен  өмір салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы.Дегенмен бұл жерде ұлттық  өмір салтының  қорғалу ұғымы деп,  бір ұлттың немесе бір халықтың қауіпсіздігі ғана айтылып отырғанын ескерту жөн.Бұл ұғымнмың астарында ең алдымен  мынандай мағына бар “аталған елдегі жеке ұлттық түзілім немесе  бүкіл қоғам тарихи тұрғыдан  қабылдаған жосықсыз бұзылуы теріс  әлеуметтік салдарларға , немесе төлтума  қасиеттің жоғалуына әкеліп соғатын неғұрлым  кең таралған және орнықты әлеуметтік дербес мінез-құлық пішіндері,имандылық уклад және баға беру жүйесі./8/”

Ұлттық мүдденің жан-жүрегі  жалпы адамзаттың құндылық  басымдығынан туындауы  ұлттық идея болып табылады.Олай болмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп отырады.Ұлттық мүдде деп мемлекеттің  тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғмның обьективті  қажеттіліктерінің жиынтығын ұққан жөн.Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс.Алайда кез-келген қоғам әр-түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы болғандақтан  аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің  оның дамуындағы  обьективті қажеттіктерден  туындаған ынталандырушы күш ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ,онда  әр-түрлі қоғамдық топтардың жеке ерекше мүдделері  қоян-қолтық араласып ,ықпалдасып теке тіресіп жатады.Сондықтан ұлттық мүдде  қалыптастырудың  басты салалары мемлекет және азаматтық қоғам болып табылады.Өз кезегінде бұл тұжырымнан ұлттық қауіпсіздіктің негізгі  ішкі саяси факторлары  мен элементтеінің  өзара байланысы келіп туады,себебі стратегиялық тұрғыдан алғанда ел қауіпсіздігінің басым бағыттарының  құрылымы үш негізгі фактормен:жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігімен белгіленеді.

Жеке  адамның қаіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің  кез-келген концепциясының негізгі критериі,себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына  ең алдымен, жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға  өмірлік маңызды қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік берелік құқықтық және имандылық нормаларын,қоғамдық институттарды қалыптастыру түрінде  жүз беріп отырмақ.Олай болса ұлттық қауіпсіздік ұғымын ең алдымен  қоғам мүшелерінің  қалыпты толыққанды өмір сүруіне ,еркін дамып ,өз мүмкіндіктерін аша білулеріне  қолайлы жағдай жасау деп түсіну керек.Дәл қазір жеке адамның өмірлік маңызды мүддесіне мыналарды жатқызуға болады.

Информация о работе Мемлекеттің экономиканы дамыту мен реттеудегі жанама рөлі