Салықты жосарлау және салықты есептеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 10:25, курсовая работа

Описание работы

Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Салықты жоспарлау және салықты есептеу.docx

— 18.10 Кб (Скачать)

Салықты жоспарлау және салықты есептеу

 

Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.

 

Салықты жоспарлау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Салықты жоспарлаудың негізгі қағидалары мыналар:

салық салуды кемелдендірудің барлық тәсілдері мен әдістерінің заңдылығы;

салық салуды кемелдендіру схемаларын ендірудің үнемділігі;

нақты бір салық төлеушінің қызметіне және ерекшеліктеріне деген жеке қарастыру, әдіс (қатынас);

әзірленген салық салу схемалары мен әдістерін қолданудың кешенділігі мен көп варианттылығы.

 

 

 

Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:

ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтерін алдын-ала талдаудан

салықты жоспарлаудың біршама перспективалы бағыттарын айқындау мақсатында әрекеттегі заңнаманы зерттеуден, нақты бір салық төлеушінің салық проблемаларын зерттеуден және талдаудан

нақты бір қызмет түрлеріндегі серіктестер мен бәсекелестерге салық салуды кемелдендіру схемаларын зерттеуден, және сонымен қатар, кәсіпорындағы ең тиімді салық салу тәсілдерін қолданудан.

 

Кәсіпорынға салық салуды кемелдендіру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық формасына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Үнемделіп қалған қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Салықты жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді, себебі, ұйымдастыру-құқықтық формасын, кәсіпорынды тіркеу орнын таңдауға, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала өте ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Біз сіздің кәсіпорыныңыздың салықты жоспарлау процесін ұйымдастыруды ұсынамыз. Ол сіздің ісіңіздің гүлденіп, дамуына септігін тигізеді.

 

 

 

Осы қызмет аясында біз мыналарды жүзеге асырамыз:

салықты реттеу және бизнестің экономикалық қауіпсіздігі критериялары бойынша кәсіпорынның диагностикасы

дара тұжырымдама мен бизнес-жобалардың экономикалық қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу

басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесу

мәмілелер немесе шаруашылық қызметтің салықтық жоспарлауы

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бюджетпен есеп айырысу режимін таңдауға көмектесу

бизнесті мемлекеттік органдарда тіркеу және қайта тіркеу (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді)

 

Салықтық есеп – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен ұйымның салықтық міндеттемелері бойынша есеп айырысу ахуалын шұғыл түрде бақылау. Құжат айналымы (салық регистрларын әзірлеу) тұрғысынан оңтайлы болып табылатын салықтық есепті ұйымдастыру сіздің бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы қарызыңызды тиімді басқаруға, салықтық тәуекелдер мен қажетсіз қаржылық салдардан құтылуыңызға мүмкіндік береді. Кәсіпорында салықтық есепті орнықтыру терең кәсіби білім мен тәжірибені талап етеді.

 

Салықтық есепті ұйымдастыруды мамандарға сеніп тапсыру арқылы сіз бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу ахуалы туралы ақпарат алуға кететін уақытты өнемдеп қаласыз, уақытылы дұрыс басқарушылық шешім қабылдай аласыз. Сонымен қатар, сіздің ұйымыңыздың салықтық тәуекелі ең төменгі деңгейге келтіріледі. Біз өз клиенттерімізге бланктерді сатып алуға кететін, салық есептілігін тапсыру барысында салық комитетінде кезекке тұру және бланк толтыруға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береміз, себебі клиенттің электрондық крипто-кілті болған жағдайда біздің есептілікті электронды түрде толтырып, жіберу мүмкіндігіміз бар.

 

 

 

Осы қызмет аясында төмендегілерді жүзеге асырамыз:

клиенттің сенімхаты бойынша крипто-кілтті алу

салық есептілігін электронды түрде толтыру және жіберу, есептердің қабылданғандығы туралы хабарлама алу

салық есептілігін «Кепілді түрде жеткізу жүйесі» бағдарламалық қамсыздандыруын орнату және сүйемелдеу, сонымен қатар, клиенттің қызметкерлерін оқыту

салық есептілігін толтыру бойынша консультация беру

 

Біз салық салу сұрақтарын біздің клиенттерімізге пайда алып келетіндей етіп шешуге көмек береміз. Біз әзірлеген рекомендациялар адамгершілік нормалары мен әрекеттегі заңнамаға қайшы келмейді.


Информация о работе Салықты жосарлау және салықты есептеу