Салық құқығының ерекше бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:16, реферат

Описание работы

Салық құқығының ерекше бөлімінде келесі мәселелер қарастырылады:
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері
Қазақстан Республикасында мынадай:
1) салықтар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық, бірыңғай жер салығы;

Работа содержит 1 файл

Салық құқығының ерекше бөлімі.doc

— 74.50 Кб (Скачать)

Салық құқығының ерекше бөлімі

Салық құқығының ерекше бөлімінде келесі мәселелер қарастырылады:

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

 Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық, бірыңғай жер салығы;

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж, алымдар, тіркеу алымдары, автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым, аукционнан алынатын алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым, жер учаскесін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін, сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

 Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

Салықтық есепке алу – салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.

Жиынтық салықтық есепке алу – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі осындай қызмет бойынша жиынтық түрінде де және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.

Салықтық есепке алу бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:

1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;

2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;

3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;

4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.

4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осындай арнаулы салық режимдері қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

5. Салықтық есепке алу саясаты – салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.

Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

6. Есепке алу құжаттамасы:

1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;

2) салықтық нысандарды;

3) салықтық есепке алу саясатын;

4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.  

Салықтық есепке алу ережесі

1. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.

2. Есепке жазу әдісі – есепке алу әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстар, төленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу мақсатында тиеп жіберу және мүлікті кіріске алу кезінен бастап есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.

4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепіл нысанасын кепіл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретінде қарастырылады.  

Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі

1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алынуын жүргізуге міндетті.

2. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 310-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.

4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқару қызметі және өзге де қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

6. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.

Салық төлеуші осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнінде талап белгіленген қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіре алмайды.

7. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.

Бұл ретте салық төлеушінің жалпы табыстары мен шығыстары деп есептік салықтық кезеңнің табыстары мен шығыстары, оның ішінде жекелеген қызмет түрін жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайтын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсініледі.

8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық қызметінің органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.  

Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар

1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметінің органдарына табыс етіледі.

2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тiлiнде жасайды.

Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық қызметінің органы оларды қазақ немесе орыс тiлiне аударуды талап етуге құқылы.

3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін ұсынуға міндетті.

4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.

5. Тіркелген активтердің, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.

6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.

7. Салық төлеушіні (салық агентін) – заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.  

Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:

1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;

7) хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты.

8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.

9) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбiр кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

10) қосылған құн салығын төлеушiлер  болып табылатын резидент заңды  тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды  жазып берген жағдайда - шот-фактураны  жазып беретiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша:

осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

шот-фактураларды жазып берген кезде  оларды нөмiрлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.

2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.

2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.

Информация о работе Салық құқығының ерекше бөлімі