Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:30, курсовая работа

Описание работы

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүскін. Қоймада орналастыру, егін мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына тәуелді болып табылады.

Содержание

Кіріспе 2
1.1 Астық массасына жалпы сипаттама
Физикалық қасиеттері
2.1. Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы 4
2.2. Астық массасының қуыстылығы 7
2.3. Астық массасының сорбциялық қасиеттері 8
2.4. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері 11
2.5. Тепе-теңдік ылдғалдылығы 13
2.6. Ұн мен жарманың физикалық қасиеттері 17
ІІІ. Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Абуова курсовой.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым  министрлігі.

Жәнгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлы техникалық  университеті 
 

            “Тағам өнімдерін  өндіру техникасы “ кафедрасы 
 

Өсімдік шаруашылығын өңдеу және сақтау технологиясы пәні бойынша  

КУРСТЫҚ    ЖҰМЫС 

Такырыбы: “Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері ” 

Тексерген:  оқытушы Чинарова.Э.Р

Орындаған:  ТПР-31 топ студенті

Абуова  Р.С. 
 
 
 
 
 
 

Орал-2009 
 
 
 

       Жоспар: 

  1. Кіріспе 2

    1.1 Астық массасына  жалпы сипаттама

  1. Физикалық қасиеттері

    2.1. Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы 4

    2.2. Астық массасының қуыстылығы 7

    2.3. Астық массасының сорбциялық қасиеттері 8

    2.4. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері 11

    2.5. Тепе-теңдік ылдғалдылығы 13

    2.6. Ұн мен жарманың физикалық қасиеттері 17 

    ІІІ. Қорытынды 19

    Пайдаланылған әдебиеттер  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

       Кіріспе

       Астық массасы деп - әртүрлі қажеттілікке пайдаланылатын кез-келген тұқымдас дақылды айтады.

       Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүскін. Қоймада орналастыру, егін мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына тәуелді болып табылады.

       Қабылдау  мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың  астық массасы құрамы бойынша  біркелкі болмайды және түрлі-түрлі  құрауыштардың жиынтығын құрайды.

       Негізгі құрауыш – астық тобы деп аталған  дақылдың /бидай, арпа т.б./ дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологилық айырмашылықтары болады. Әр топтың көптеген қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезеңі де әр мезгілде жүреді.

       Егін  жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің  тұқымдары, сабақ пен масақ білігінің  бөліктері, масақша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т.б. да ұшырысады. Астық массасы әрқашанда микроорганизмдерден де тұрады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға тығыз орналаспайды. Астық пен қоспалардың әртүрлі (конфигурациясы) пішін үйлесімі мен көлемі, оларды қоймаларға орналастырғанда ауамен толтырылған бос аралықтардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл астық массасының барлық бөліктеріне әсерін тигізеді және түрін өзгертеді, құрамымен, температурасымен, тіпті қысымымен ерекшелене алады. Осыған байланысты дәнаралық кеңістіктегі ауаны астық массасын құрайтын бөліктерінің біріне жатқызады.  Залалданған астық массасында зиянкестер (жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал. Демек, кез-келген астық массасын сақтар алдында, оны ең алдымен тірі организм ретінде жақсылап тексерген жөн.

       Ұсақ  микроорганизмдер – астық массасының тұрақты және маңызды бөлігі. Оның 1 гр. ондаған, жүз мыңдай, тіпті миллиондаған микробиологиялық әлемнің өкілдерін  табуға болады.

       Өсімдіктердің дамуы мен өсуі, оларда жеміс пен тұқымның қалыптасуы ұсақ микроорганизмдерге толы ортада өтетіндіктен, олардың бір бөлігі ризосферадан топыраққа өтеді.

       Өсімдіктердің жоғарғы қабатында эпифиттік  деп аталатын ұсақорганизмдер болады. Өсімдіктерде тұқым мен жеміс  пайда болғаннан кейін эпифиттер олардың жоғарғы қабатына орналасады.

       Әдеттегі  жағдайда нағыз эпифиттер, сау өсімдіктерде дами отырып, оның жамылғы клеткаларына зиянын тигізбейді.Олар күнделікті өмірдегі өсімдік клеткаларының өнімдерімен қоректенеді.

       Бізді қызықтыратын эпифиттік микрофлораның (көзге көрінбейтін өсімдік) құрамы біркелкі және ол тек бактерияардан ғана тұрады. Астықтың кішкене ғана құрамында «далалық» аталған көгерген саңылауқұлақтар мен ашытқыларды кездестіруге болады.

       Астықта микроорганизмдердің көбеюі егін жинаған кезде пайда болады.

       Астықты бастыру, өсімдіктерді шабу кезінде, органикалық, минералды бөліктермен, арамшөп  тұқымдары және өсімдіктердің басқа  да бөлігімен бірге топырақта  болатын сапрофиттік микроорганизмдер (бактериялар, көгерген саңырауқұлақтардың ұрығы, т.б.) ұшырасады.

       Астық массасына топырақтан немесе ауру жануарлардан жұғатын адам мен мал ауруларын (сапа, сібір язвасы, бруцеллез т.б.) тудыратын қоздырғыш заттар тап болуы мүмкін.

       Тұқым мен жемістің жоғарғы қабатында  микроорганизмдердің көбеюі олардың морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Осыған орай астық массасының микрофлорасы эпифиттікпен қатар сапрофиттік, фитопатогендік және патогендік адамдар мен жануарларға арналған микроорганизмдерден тұрады.

       Микрофлораның басым бөлігі – сапрофиттерден оның ішінде эпифиттік бактериялардан тұрады. Жаңа астық массасында, егінді дұрыс жинаған кезде бактериялардың саны 96...99% құрайды. Қалғандары -  ашытқылар, көгерген саңырауқұлақтар мен актиномицеттер. Мұндай микрофлоралар жүгері собығына тән.

       Жеміс пен тұқымның ұсақ саңылаулы қабығы микробтарға клетканың әртүрлі қабатына енуге мүмкіндік береді.

       Осыдан  кейін тұқымдарда субэпидермалдық  микрофора пайда болады. Оның көбеюіне тұқымның пісіп жетілу кезінде ауа  ылғалдығының жоғарылығы мен белгілі  мөлшердегі жауын-шашын әсер етеді. Сақталған астық өнімдерінің жойылуы мұндағы жәндіктер мен кенелердің көбеюінің кесірінен болады.

       Барлық  астық топтары, дақылына қарамай, мынадай  физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді: сусымалылығымен, өздігінен сұрыпталынуымен, қуыстылығымен, газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, жылылық-физикалық және масса алмасу қасиеттерімен. Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады. 
 
 
 

    1. Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен  сұрыпталынуы
 

       Астық және астық массасының горизонталь  жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалылығы деп атайды. Астық массасы жақсы  сусымалылығымен ерекшеленеді. Масса өздігінен негізінде ұсақ қатты бөлшектерден  - негізгі дәнді дақылдан және әртүрлі қоспалардан тұрады. Мысалы, 1т. бидай мен тары астық массасында 30...40, 150...190 млн-ға жуық дән бар.

       Астық массасының жақсы сусымалылығының  практикалық маңызы өте зор. Бұл  қасиетті дұрыс пайдалана отырып, және керекті механизмдерді қолданса қолмен жұмыс істеу шығынын жояды. Астық массасын әртүрлі транспорттық құралдарға (автомобильдер, вагондар) тиеу арқылы оңай ауыстыруға болады. Сонымен қатар, олар өз бетімен қозғала алады. Бұл қасиетті қоймаларда сақтауда, астық массасын өңдеуде, жүкті тиеу және жүкті түсіру кезінде қолданылады және бұл элеваторларда, ұн, жарма, құрама жем зауыттарында шанақтар мен силостарда ең төменгі иілу бұрышын (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін ж.б. есептегенде ескереді.

       Элеватордың немесе ұн заводының жоғарғы қабатына нория құралымен көтерілген астық массасы, өз бетімен ағу арқылы төменге түседі, және оны жол-жөнекей әртүрлі машиналарда өңдейді.

       Өз  бетімен қозғалу сонымен қатар  астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланылады. Астық қоймаларының толтырылуы оның сусымалылығына байланысты: ол неғұрлым көп болса, бункер соғұрлым оңай әрі тез толтырылады.

       Әдетте  астық массасының сусымалылығын  үйкеліс және табиғи көлбеу бұрышыны өлшеу жолымен анықталатын, сыртқы және ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды.

       Астық массасының сусымалылығы үйкеліс бұрышымен  ерекшеленеді. Үйкеліс бұрышы деп - астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бұрышын айтамыз. Бұл көрсеткіштерден басқа, тағы астық массасының үйкеліс коэффициенттері бар.

       Табиғи  көлбеу бұрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен  қойма еденіне еркін түсу нәтижесінде  пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бұрышты  атайды. Астық массасының сусымалылығына көп факторлар әсер етеді: түйіршікті құрамы мен түйіршіктілік сипаттамасы, дән бетінің күйі мен сипаттамасы (пішіні, көлемі, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері және олардың құрамы, дән ағатын құбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі).

       Пішіні  шар тәрізді, жылтыр бетті дәндерден  тұратын астық топтары (тары, май бұршақ, ас бұршақ) барынша сусымалы. Бұл пішіннен ауытқығанда астықтың сусмалылығы баяулайды. Ұзынша келген, жұқа, әжімді қабықшалары немесе гүл қауыздары бар дәндердің (астық массасының) сусымалылығы шамалы. Жеңіл және ұсақ, немесе беттері кедір-бұдырлы қоспалар астық массасының артық тығыздалуы да сусымалдылықты төмендетеді және мұндай астық массасын қайта тазалаудан өткізбей қоймаларға тиеуге тыйым салады. Сонымен қатар, астық массасының көп мөлешерде ылғандануы  да оның сусымалылығын төмендетуіне әсерін тигізеді. Бұл құбылыс барлық дәнді дақылдарға тән. Астық массасының сусымалылығы белгілі бір мөлшерде тербелісте тұрады.

       1-кестеде әр түрлі астық массасының табиғи көлбеу бұрыштарының мөлшері жөніндегі деректер келтірілген       (Л.А.Трисвятский бойынша, 1991). 

       1-кесте.  Астық массаларының табиғи көлбеу бұрышы 

Дақыл Табиғи көлбеу бұрышы, град. Дақыл Табиғи көлбеу бұрышы, град.
Бидай 23-28 Арпа  28-45
Қара  бидай 23-28 Жүгері  30-40
Тары  20-27 Күнбағыс  31-45
Ас  бұршақ 24-31 Күріш 27-48
Май бұршақ 25-32 Сұлы 31-54
Сиыр  жоңышқа 28-33 Эспарцет  39-57
 

       Қозғалыста  ұшырағанда (желпігенже) астық массасының жеңіл қарауыштары (жеңіл қоспалар, ұсақ және семген дәндер ж.б.) жоғарғы, ал ауырлары төменгі қабаттарға жылжиды, басқаша айтқанда астық топтарының біркелкі құрамы бұзылады.

       Силостарды  толтырғанда өздігінен сұрыпталу  барынша көп байқалады. Бұған  қозғалыстағы бөліктерге көрсететін ауа  кедергісі мүмкіндік береді. Ірі, ауыр дәндер және жоғары тығыздықтағы басқа бөліктер жеңілдеріне қарағанда силосқа тігінен, әрі үлкен жылдамдықпен түседі. Олар силостың орта бөлігін толтырады. Ұсақ, ұрылған, семген дәндер және жеңіл қоспалар құйындатқан ауа ағынымен силос қабырғаларына қарай әкетіледі, немесе астық массасын түзілетін конус бетімен сырғиды.

       Өздігінен сорттаудың нәтижесінде силостың әр түрлі бөліктерінде астық сапасы біркелкі болмайды: силостың ортасында  шөпшармен аз ластанған, натурасы (көлемдік массасы) жоғары, құнды астық шоғырланады; силостың қабырғаларына таяу маңда  ылғалдылығы жоғары, жеңіл органикалық қоспалар, шаң, тозаң, арамшөптердің тұқымдары, семген, уаиылған дәндер жинақталады да, силостың бұл бөлігіндегі астықтың сапасы нашарлау болады. Силостан астық массасын қотару оны толтыру кезіндегі өздігінен сұрыпталудың зардаптарын жоя алмайды. Астықтың силостан ағып шығу сипаты астықтың араласуына мүмкіндік береді.

Информация о работе Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері