Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:39, реферат

Описание работы

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Работа содержит 1 файл

Іс қағаздарын қазақша жүргізу.doc

— 311.00 Кб (Скачать)

5.  Ұлты ______

6.  Әлеуметтік тегі

7.  Білімі

ауыл, аудан, қала, облыс

 Азаматтығы

Диплом бойьшша мамандығы.

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.

8. Қандай тілдерді білесіз ,қандай  дәрежеде

9.  Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  ______^______

10.  Ғылыми еңбектері және  өнертабыстары_________

11.  Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары

Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.

12.  Шетелдерде болуы __^_____^__^_^___

13.  Сайланбалы орындарға қатысуы

14.  Мемлекеттік наградалары  _^___

15.  Әскери қызметке қатысы______әскери  атағы

16.  Отбасы жағдайы (отбасы  мүшелерінің аты-жөні, туған жылы  көрсетіледі)_______^^___^__^__

17.  Мекен-жайы

Толтырылған уақыты                                   Қолы __^^___^^__

 

ІІІ.

1.    Визит карточкасы

Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері  қысқаша жазылған, ресми қатынас  мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.

* Визит карточкасы іскерлік  қатынас үшін өте керек іс  қағазы, құжат.

* Визит карточкаларының мазмұны  бірдей болғанмен, безендірілуі  әр түрлі болуы мүмкін.

* Визит карточкалары негізінде  Тітез 14 -шрифтімен     жазылады.

* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы  үлкен әріппен теріледі.

-    Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан  Қайырбекүлы.

*   Қызметі.    Тек    ресми    атқаратын    кызметі    жазылады.    «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер  жазылмайды.

*    Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.

*    Жүмыс телефоны. Алдымен  хатшының телефонын көрсеткен  дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда  өзіңіздің жеке телефоныңызды  көрсетуге болады.   Егер  мобильді  жүйедегі  байланыс  болса,   жеке   кодымен көрсетіледі.

*   Визит   карточкасы   50x90   миллиметрлік   көлемдегі   қатты   қағазда жасалады.

*    Визит карточкаларының  түр-түсі әр адамның қызмет  бабына карай жасалады.

 

2.        Қазақстан  Республикасы     КЕДЕН МАҒЛҰМДАМАСЫ

Кеден мағлұмдамасы – мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған, кеден арқылы өтетін жүк туралы ақпаратты (тауар туралы, жүк туралы, құндылықтар туралы, валюта т.б. туралы) мәлімет беретін құжат. Кедендік мағлұмдама жүк беруші адаммен толтырылады да жүктің мемлекеттің шекарасынан қабылданған ережеге сай өтуін бақылайтын құзіретті кеден органдарына беріледі. Кеденге тапсырылатын жүк туралы берілген мәліметтің толықтығына , дұрыстығына жауапты болып кеден мағлұмдамасын толтырушы саналады. Мағлұмдамада көрсетілмеген және кеденнен рұқсатсыз өткізілген жүк кәмпескеленеді.

Кеден мағлұмдамасының бірнеше  түрлері болады. Олардың негізгілері: Валюталық мағлұмдама, Кедендік баға мағлұмдамасы, Жүк мағлұмдамасы, Кедендік транзит мағлұмдамасы, Халықаралық Кеден мағлұмдамасы т.б.

16 жаска толған әрбір түлғаға  толтырылады. Қажетті жауап сай  келетін рамкада  V таңбасымен  белгіленеді. Уакытша кіру/шығудын,  толық уақыты бойы сақталады.  Жоғалтылган жағдайда жаңартылмайды

 

 

2. Ө Т I Н I Ш

 Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар  төмендегідей:

-    жұмысқа қабылдау

-    жұмыстан босату

-    басқа жұмысқа ауыстыру

-    кезекті демалыс сұрау

-    кезектен тыс демалыс  сұрау

-    материалдық көмек (пәтер  бөлу), балабақшадан орын бөлу  және т.б. туралы сұрау

-    жалақыны көтеру туралы  өтініш айту жоне т.б.

 

Грамматикалық минимум

Барыс септік:                    -ға/-ге                   -қа/-ке

Шығыс септік:                 -дан/-ден              -тан/-тен

Есептік сан есім.

Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.

Жіктік жалғау

Қысқарған создер (аббревиатуры)

Лексикалық минимум

Терминдер және терминдік сөз тіркестері Номенклатуралық атаулар Жалқы есімдер Ай аттары

НЕГІЗГІ  СӨЗДІК

заявление                                   -өтініш

прошу                              -сұраймын

проживающий                -тұратын

прилағается                      -тіркелген

 

 

 

2. Арыз.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның  үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда -  азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама  жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс  — белгілі бір мемлекеттік органның, үйымның, мекеменіц жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.

Хабарламаның  барлық түрі мемлекеттік органдардың, үйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.

1.1.   Арыз (өтініш, кейде шағым).

Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі  бір ақпаратты, отінішті, мәліметті  жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде  қойылған мәселе бірден бірнеше адамның  немесе, үлкен үжымның мүддесш  көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.

Арыздың бірнеше  түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын  арыз, шағым турінде жазылатын  арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.

Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

Арыз қүрылымы:

1)  құжат  адресациясы (кімнің атына жазылғаны);

2)  қүұат  аты;

3)  негізгі мәтін;

4)  қосымша болса оған сілтеме;

5)  жазылу мерзімі;

6)  қолы;

7)  арыз мазмүнымен келісушілер  қолы,

Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық  аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын  ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек.

Мысалы,

Петропавл қаласы сут заводының  директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

Тақырыбы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ АРЫЗ

ТҮСІНІКТЕМЕ

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп  болып  отырған  негізгі  мәселе  соз  болады.   Мәтін  соңында  қүнделіқті қызмет этикасын  сақтау  сөздерін  қолдана отырып  адресаттан  қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,  "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

 Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған  күні, айы (жазбаша) және жылы  көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі  мәтіннен төмен, парактың сол  жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,

24 наурыз 2000 жыл.

Қолы.  Арыз жазушының  атқаратын  қызметінің толық ресми  аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,

Қазақ-Британ техникалық университеті

қазақ тілі кафедрасының

оқытушысы ________Бекенова А.К.

(қолы)

Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен  я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп  болатын болса онда арызға қол  қою парағы тіркелді.

Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

 

Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның  атына қатар жазылса, олардың  барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.

2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.

3. Арыз қолмен де, компьютермен  де қатесіз жазылуы тиіс.

 

IV. Мінездеме. Кепілдеме.

Мінездеме, оның түрлері.

 Мінездеме - түрлі мекеме, үйым  бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап  формасы. Қызметкерді объективті өрі  нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір  ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда  үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі  бір адамның атқарыл отырған  қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін  тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның  жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме  мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жогары жагында  мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі  көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.

Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1)  тақырыбы;

2)  мінездеме берілетін адам  туралы қысқаша мәлімет;

3)  негізгі мәтін;

4)  қорытынды;

5)   мінездемені талап етуші үйымның аты;

6)   мінездеме берілген күн,  ай, жыл;

7)  мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

8)  қосымша (егер болса).

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы  жағын ала, орта тұсына қарай үлкен  әріптермен жазылады.

 

Аттестациялық мінездеме

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша  мәліметке мыналар кіреді:

фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын  қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-

Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі  мен кемшілігі жазылады. Қысқаша  әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі  мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан  сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған  адамның перспективалық қызметіне  байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас  әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне  лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның  аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме  не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп  барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

Информация о работе Қазақ тілі – мемлекеттік тіл