Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:39, реферат

Описание работы

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Работа содержит 1 файл

Іс қағаздарын қазақша жүргізу.doc

— 311.00 Кб (Скачать)

Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы   көлемді журналдар  шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал  20 жылдан кейін жарнамалық журналдың  бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.

Джон Ласкер -  жарнамамен қамтамасыз ету  агенттігінің атасы  деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып  саналады.

ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа  бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі  жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол  бес есеге ұлғайды. 

 

Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:

-    қала көшелерінде ілінетін  суретті жарнамалар;

-    қала көшелеріндегі  ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы  жарнамалар;

-    қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;

-    бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы берілетін ролик жарнамалар;

-    мерзімді басылым беттерінде  жарияланатын фото жарнамалар;

-    киімге салынатын сурет  жарнамалар;

-    шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын  сурет жарнамалар;

-    кітап, дәптер, альбомдардың  сыртқы мұқабасына салынатын   сурет жарнамалар;

-    күнтізбеде салынатын   сурет жарнамалар;

-    плакаттарға салынатын   сурет жарнамалар;

-    визит карточкаларына салынатын   жарнамалар;

 

Жарнаманың қызметі:

- тауардың өтімділігін арттыру;

-    коммерциялық мақсатта;

-    жұртшылықты белгілі  бір өніммен  таныстыру, құлағдар  ету;

-    тілдің қолданыс аясын  кеңейту;

 

Жарнаманың ерекшелігі:

-     насихаттылығы;

-    тартымдылығы;

-    дәлдігі;

-    түсініктілігі;

-    тосындылығы;

-    көркемділігі;

-    мазмұндылығы;

 

ХІV.    Кесім (Акт)

Анықтама-ақпарттық қүжаттардың  бірі – кесім Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен қүрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық қүндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.

Құжатта кесім жазушылардың аты-жөндері  міндетті түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары кесімде белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме мөрі басылады.

 

 АНЫҚТАМА

Анықтама -  мазмұны белгілі бір  фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде, түрлі мекемелерге  барып әр мазмұнда анықтамалар алуға  тура келеді.Біздің жеке басымызды  куәландыратын қүжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.

Мекеме жетекшісі өз билігі мен  өкілеттігінің шеңберіне анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды.

І.Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты  растау үшін беріледі. Мысалы, фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мөләмет, мамандығы т.б.

Анықтамада берілген мәлімет әркез  мұқият тексерілуі кажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі, өкілдік берген секретариат қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, "422/2",Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатан болса, ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:.

*құжат аты;

*негізгі мәтін;

*анықтаманың қай үйымға берілгені  туралы мәлімет;

*анықтаманың жарамдылық мерзімі  жайлы мәлімет;

*анықтаманы беріп отырған үйымның  мөрі мен анъгқ-

тама беруші адамның қолы.

Құжат аты. Қүжат аты үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады.

 Негізгі мәтін. Негізгі мәтін  анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, "Осы анықтама Бердібаева Айгул Оралбекқызына, оның Абай атындагы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті кундізгі бөлімінің III курсында оқитынын растау үшін берілді. "

Аныктаманың қай үйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,

"Анықтама Алматы қаласы Алмалы  аудандық паспорт бөліміне көрсету  ушін берілді. " Немесе "Анықтама  теміржол жәпе аэрофлот касаларына  көрсету ушін берілді. "

Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.

Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген  анықтаманың қай  мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,

"Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсаныпа  дейін жарамды " немесе ''Анықтама  берілген куннен бастап 3 аыга дейін жарамды ".

Анықтама беруші адамның қолы. Бұл  молімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей  қалдырылып барып жазылады. Аяықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және фамилиясы аты-жөні беріледі. Мысалы,

Қазақ филологыясы

факультетініц деканы                  Сагымбеков Т.С.                            (қолы)

 

Анықтама беруші жауапты адамның  қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр  қойылатын арнайы орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2 см-дей жерге басылады. Мысалы, 

№ 301 балалар бақшасының меңгерушісі ^__^^_ Сейітқазиева Қ. С.           (қолы)

 

 мөр орны  

 

Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.

Кез-келген анықтаманың тіркелген  нөмірі, жауапты адамның колы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.

 

 

 

 

Үлгі

 Анықтама

Жумагулова Өміргул Ақанқызы Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің  гылыми диссертаия залына "Қазақ  тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы" атты тақырыпта жазылган кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын авторефераттың 2 (екі) данасын 1999 жылдың 2ақпанында тапсырды.

Анықтама диссертациялық кеңеске  тапсыру үші н берілді.

 Кітапханашы:

 

ІІ. Анықтама белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылады. Ондай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойьшша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысьш тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын текесеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.

Анықтамада тексерудің мақсатына  қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.

СӨЗДІК

анықтама қағаз 

жұмыс орнынан анықтама алу

анықтама беру

анықтама бюросы

растау

қорытындылау

бағалау

жеткізу

- справка, справочный

- справка

-  принести справку с места  работы

- дать справку

-  справочное бюро

-  удостоверять, подверждать

-  сделать вывод

 

 Бұйрық. Қаулы.

Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік  іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне  байланысты жазылатын бұйрықтар  мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі  қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады.

Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер  құрамы толык болуы тиіс жоне безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген  тәртіп бойынша жүргізіледі.

Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.

Бұйрықты безендірудің ең негізгі  бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.

Орындалуы міндетті бүл өкілеттік  құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа  жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.

Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің  орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен  белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады.

Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы  көрсетілсе, онда оның аты-жөні, фамилиясы, кызметі толық жазылуы тиіс.

Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың  соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.

Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі.

Бұйрық

Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді  шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол  қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін  бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс  жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мөтіні әдетте екі бөліктен тұрады:

1) констатациялык; 2) өкімдік.

1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы,  фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте,  бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге  негіз болған факті көрсетіледі.  Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.

Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді  қажет етпесе констатациялык бөлік  жазылмайды.

2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН"  деген сөзден басталады да, бұйрық  мазмұны жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылган күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналаға тіркеліп, оган нөмір қойылады және канцелярияда сақталады.

Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар  кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.

Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан  істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.

Егер бұйрық орындаушының үнемі  атқаруга тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

Егер бұйрық бірнеше бөлімнен тұрса, оның барлыгының орындалуына бір  ғана адам жауапты болса, онда ол соңгы  бөлімде ғана корсетіледі. Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бүл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:

-    жыл    бойы    үздіксіз    атқарылатын    жұмыстарға    байланысты бұйрықтар;

-    күнделікті мәселелерге  байланысты бұйрықтар;

-    арнайы бұйрықтар;

-    төтенше жағдайға байланысты  бұйрықтар;

-    басқа да бұйрық түрлері.

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының  жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс  уақытының  ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтаға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмыска ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік (полномочие) те беріледі.

Арнайы бұйрықгар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы  бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу, т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып,          1 дана марапатталған адамға тапсырылады.

Басқа да бұйрык түрлері мекеменің  күнделікті жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша  бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б. Түрлі жағдайға байланысты бұйрыктардың да түрлі нұсқалары болады.

 

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

Информация о работе Қазақ тілі – мемлекеттік тіл