Автомобильдің қысқаша тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:30, реферат

Описание работы

Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.

Работа содержит 1 файл

Автомобиль.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

Негізгі агрегаттардың орналасуларының  жалпы сұлбасы

Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы  мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.

Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің  дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі  автомобильдің жалпы дөңгелектер  санын, екінші сандық белгі автомобильдің  жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.

Сонымен жетекші  дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер  қатары арқылы алған механикалық  энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.

Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді.

 
Кузовтардың негізгі  түрлері

Жабық

  • Седан: Төрт немесе екі есікті болады. Ерекше өзгешелігі – толық көлемді екі қатар орындықтарының болуы және артқы қабырғасында есіктің болмауы.
  • Универсал:
  • Хэтчбек:
  • Купе:
  • Лимузин:
  • Минивэн:
  • Хардтоп:
  • Таун-кар:
  • Комби:
  • Лифтбэк:

Ашық

  • Кабриолет :
  • Родстер :
  • Фаэтон :
  • Ландо :
  • Брогам :
  • Тарга :
  • Спайдер :

Жүк және жолаушы

  • Пикап :
  • Фургон :

Автомобильдердің  классификациясы

Қозғалтқыш

Қозғалтқыш автомобильдің  қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбісінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін.

Автомобиль  қозғалтқышының дамуы

Іштен жанатын  қозғалтқыштар өзінің жүз жылдан астам тарихында ізашарларымен  салыстырғанда қуаттылығы артып, салмағы  жеңілдеп және шығыны мен қоршаған ортаға зияны азайып едәуір дамыды. Осы өткен уақыт ішінде көптеген альтернативті автомобиль қошғалтқыш түрлері ұсынылсы да, бүгінгі күнде қолданылып жатқан қозғалтқыштардың орнын алар экономикалық жағынан жөнді түрі табылмады. Осы қозғалтқыштардың қолданатын жанармай түрінің жинақы түрде сақтау мүмкіншілігі мен оның қорының жеткілікті ұзақ қашықтыққа жетуді қамтамасыз ететіндігі мұның басты себептерінің бірі болып табылады.

Алғашқы автомобильдер XVIII ғ. жасалған және сырттан жанатын  қозғалтқыш түрі болып табылатын  бу қозғалтқыштарымен қозғалатын болған. Бұл қозғалтқыштарда отын қозғалтқыш цилиндрінен тыс бу қазанының пешінде жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Поршеньді қозғалтатын жоғары қысымдағы бу құбыр арқылы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп механикалық жұмыс істейді. Ең алғашқы жұмыс істей алатын бу қозғалтқышын ағылшын Джеймс Уатт жасап шығарып 1784 ж. патенттеген. Сол заманның бу қозғалтқыштары ауыр және үлкен, ал ең бастысы өте төмен пайдалы әсер ету коэффициентіне ие болған.

Жанармай қозғалтқыш цилиндрінің ішінде жанып, ұлғайған газдар поршеньді қозғалтатын тиімділеу  қозғалтқыш түрін жасап шығару талаптары тек 1860 ж. француз механигі Жан-Этьен Ленуар тарапынан жұмыс істей алатын іштен жанатын қозғалтқыш жасалып патенттелгенде жетістікке жетті. Бұл қозғалтқышта қозғалатын поршеннің сорып алған газ және ауадан тұратын жанармай қоспасы жүріс жолының ортасында электр ұшқынынан тұтанады. Іштен жанатын қозғалтқыштарды практикалық түрде қолдану мүмкіншілігі тек газдың цилиндр ішінде қысылуы қолданылғанда ғана пайда болды. 1866 ж. неміс өнертапқышы Николаус Август Отто тұтандыру алдында жанармай қоспасын қысу принципі қолданылған төрт тактілі іштен жанатын қозғалтқыштың патентін алды. Осы қозғалтқыш түрінде болатын процесс “Отто айналымы” деп атанды. Осы принциппен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқыштардың бу қозғалтқыштарына қарағанда пайдалы әсер ету коэффициентінің аса жоғары болғандығынан бүгінгі күнге дейін ең көп тараған қозғалтқыш түрі болып келеді. Кейінірек ағылшын Дуглас Кларк екі тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқышты шығарды, бірақ бұл қозғалтқыштар автомобильдерде кең қолданыс таппады.

1892 ж. Рудольф  Дизель төрт тактілі Отто айналымымен  жұмыс істейтін қозғалтқышқа  патент алды. Бұл қозғалтқыштың  ерекшелігі цилиндрге ауа мен  жанармай қоспасын емес, электр ұшқынын қолдануды керек етпейтін, цилиндрге, кейінірек енгізілген жанармайды тұтандыру үшін жеткілікті жоғары температураға дейін қатты қысылып қыздырылған, тек ауаның енгізілуі болып табылады. Бүгінгі күнде өнертапқышы атымен “дизель” аталатын осы қозғалтқыштар автомобильдердің күш қондырғысы ретінде кең қолданылады.

Құрылысы жағынан  автомобильдің іштен жанатын  қозғалтқыштарын поршеньді және роторды деп екіге бөлуге болады. Поршеньді қозғалтқыштарда жанармай жануынан ұлғайған газдардың әсерінен поршень қозғалып иінді біліктің айналуына алып келеді. Осындай қозғалтқыштарды тұтану әдісіне қарай ұшқыннан (бензинді) және қысылудан (дизель) тұтанатын деп екі топқа бөлуге болады. Роторды қозғалтқыштарда ұлғайған газдар айналатын бөлшек болып табылатын роторға әсер етеді. Роторды қозғалтқыштар газотурбиналы және ротор-поршеньді болып жіктеледі. Автомобильдерде ең кең қолданыс іштен жанатын қозғалтқыштар тапты.

Трансмиссия

Трансми́ссия (күштік беріліс) — машина жасауда көлік  құралының (автомобильдің) жетекші дөңгелектерімен немесе станоктардың жұмыстық органдарымен қозғалтқышты (моторды) жалғайтын механизмдер мен тораптардың жиынтығы, сонымен қатар трансмиссияның жұмысын қамтамасыз ететін жүйелер. Жалпы жағдайда трансмиссия дөңгелектерге (жұмыстық органға) қозғалтқыштан айналдыру моментін беруге, тарту күштерін, жылдамдықты және бағытты өзгертуге арналған. Трансмиссия күштік агрегаттар құрамына кіред.

Жүріс бөлігі

Басқару жүйесі

Электр жабдықтар

Қосымша құрылғылар

Автомобильдердің өндіріс көлемі

Информация о работе Автомобильдің қысқаша тарихы