Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII Заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 12:18, лекция

Описание работы

1 бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен (5 - 8 баптар) басқару жүйесi
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi (9 - 14 баптар)
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк (15 - 24 баптар)
5 бөлiм. Қорытынды ережелер (25 - 26 баптар)

Работа содержит 1 файл

колик заны.doc

— 160.00 Кб (Скачать)

   - көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

   Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.

   Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.

   Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.

   Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.

   Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.

   Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.  

   14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау

   Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:

   Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен  шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.   

4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк   

   ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 15-бап өзгертілді ;  2006.29.12  № 209-III  ҚР  Заңымен   (бұр. ред .қара)  15-бап  жаңа редакцияда  

   15-бап. Көлік құралдарына қойылатын талаптар

   Көлік құралдары көлік саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген адам өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келуге, сәйкестікті растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

   Көлік құралдарының сәйкестігін растау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

   Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары әкелінбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.  

   ҚР 28.12.98 ж. N 338-1 Заңымен 16-бап өзгертілдi

   16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы

   Көлiк  құралдарын басқару құқығы тиiстi бiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы медициналық  куәландырудан өтiп, белгiленген үлгiдегi құжаттар тапсырылған адамға берiледi.

   Көлiк  құралдарын басқару жөнiндегi бiлiктiлiк  талаптары және олардың басқаруға  денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемдерi Қазақстан Республикасының  нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен анықталады.

   Көлiк  құралдарын басқаруға денсаулық  жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемiн  Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiпте  медицина қызметкерлерi жүзеге асырады.   

   ҚР 28.12.98 ж. N 338-1 Заңымен 17-бап өзгертілдi және толықтырылды

   17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

   Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен  жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.

   Тасымалдаушы  жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта  жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған  сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.

   Егер  тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.

   Тасымалдаушы  жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:

   - жүк немесе теңдеме жүк жоғалған  немесе жетiспеген жағдайда жоғалған  немесе жетiспеген жүктiң немесе  теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде; 

   - жүк немесе теңдеме жүк зақымданған  (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген  сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;

   - құндылығы жарияланып, тасымалдауға  тапсырылған жүк немесе теңдеме  жүк жоғалған жағдайда - жүктiң  немесе теңдеме жүктiң жарияланған  құны мөлшерiнде өтейдi.

   Жүктiң  немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан  Республикасы қосылған тиiстi халықаралық  конвенциялардың принциптерi негiзiнде  белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.

   Жүктiң  немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған  құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.

   Егер  тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме  жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.

   Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп  берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.

   Егер  тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса  немесе осы теңдеме жүк не жүк  жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде  тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.

   Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы  жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.

   Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.  

   ҚР 28.12.98 ж. N 338-1 Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. N 260-II Заңымен 17-1-бап өзгертілді

   17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру

   Тасымалдаушыға  тасымалға байланысты дау жөнiнде  талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.

   Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм  төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде  қойылуы мүмкiн.

   Егер  қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.

   Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан  туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.

   Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша  талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.   

   ҚР 28.12.98 ж. N 338-1 Заңымен 18-бап өзгертілдi

   18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк

   Тасымалдаушы  жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк  және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.

   Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

   Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан  аспауға тиiс.

   Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.

   Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.

   Егер  жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.

   Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.

   Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа  кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.

   Жолаушының  өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.

   Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк  және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен  белгiленедi.  

   19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi

   Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен  басқа адамдарға, тасымалдаушының  мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн  басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.

   Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.

   Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.  

   2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 20-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)

   20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi

   Тасымалдау  кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII Заңы