Жобаның жалпы суреттелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 12:15, реферат

Описание работы

Берілген автомобиль ВАЗ 1118 Лада Калина (1-сурет) - 2006 жылдан бастап шығарылған, автоматты беріліс қорабы, көлемі 1,6 л болатын бензинді қозғалтқыш, алдыңғы жетекті автомобиль.

Содержание

Жобаның жалпы суреттелуі
Антропометрия
Жұмыс орнында еңбек шарттарын бағалау
Ақпараттарды көрсету жабдықтарын және басқару органдарын бағалау

Работа содержит 1 файл

ЛАДА КАЛИНА Эргономика и.docx

— 1.14 Мб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

  1. Жобаның жалпы  суреттелуі
  2. Антропометрия
  3. Жұмыс орнында еңбек шарттарын бағалау
  4. Ақпараттарды көрсету жабдықтарын және басқару органдарын бағалау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Жобаның жалпы  суреттелуі
 

     Берілген  автомобиль ВАЗ 1118 Лада Калина (1-сурет) - 2006 жылдан бастап шығарылған, автоматты беріліс қорабы, көлемі  1,6 л болатын бензинді қозғалтқыш, алдыңғы  жетекті автомобиль.

      

     

 

  1. сурет. ВАЗ 1118 Лада Калина
 

     Одометр бойынша жортуы – 144 мың км. Жоғарғы  клиренс және жақсы қаптама автомобильдің  жеткілікті жүрісін және жол жағдайларында  сенімді қозғалысын қамтамасыз етеді. Автомобильдің техникалық сипаттамасы 1-кестеде көрсетілген. 

   1-кесте

            Автомобильдің техникалық сипаттамасы 

Қозғалтқыш
Тип, К 1,6 л
Қуаты, кВт/айн мин 65,5/5250
Отын  шығыны, л/100 км 10,2
Момент, Нм/ айн /мин 127/4500
Шанақ
Шанақ типі/есік саны Хэтчбек/5
Орын  саны 5
Ұзындығы, мм     4040
Ені, мм           1700
Биіктігі, мм                                                                  1500
Алдыңғы доңғалақ із аралығы, мм                                                                                  1430
Клиренс, мм 160
Жүк салғыш көлемі 350-650
Жабдықталған  масса, кг 1080
Рұқсат  етілген масса, кг 1555
Пайдаланымдық сипаттамасы
Максималды  жылдамдық, км/сағ 160
Шина R13 175 / 70
Отын  багінің көлемі 50
Трансмиссия
Доңғалақтық формаула 4Х2 / алдыңғы
Беріліс қорабы Механикалық
Беріліс саны             5
   
 

      Шанақтың  көркем қоршауы, оригиналды тиімді жарықтандыру жүйесі, жаңа интерьер автомобильге жаңа үлгілік сән береді.  Автомобиль ВАЗ 1118 экология және қауіпсіздік талаптарының барлық жаңа нормативтеріне жауап береді. Лада Калина автомобилі халықаралық және ресейлік автостандарттар бойынша құрастырылған. Шанақтың беріктілігін жоғарылату, оператор қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшектердің 12 % бөлшектер жоғарғы сапалы берік болаттан жасалынған. Шанақты коррозиядан сақтау мақсатында шанақ массасының 49 пайызы цинктелген болаттан жасалынған. Автомобильде шу мен дірілге битум негізінде  изоляция орнатылған.  Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пластмассаның негізгі мөлшері полипропиленді материалдан жасалынған. Алдыңғы модельдерге қарағанда автомобиль комплектациясына жаңа қондырғылар орнатылған:

  • автоматты және механикалы басқарымды ауаны желдету жүйесі;
  • тежеудің АБ жүйесі;
  • алдыңғы орындықтардың электрожылыту жүйесі;
  • есік құлыптарын қашықтықтан басқару;
  • рөлдік басқарудың электрокүшейткіші.
 

     Автомобиль  интерьерін құрастырғанда автомобиль жасаудағы жаңа тенденциялар және эргономика талаптары есепке алынды

     Лада  Калина автомобилі үш түрлі шанақ  типінде шығарылады – хэтчбек, әмбебап  және седан. Автомобильге отырып түсуге арналған еденнен 200 мм төменде арнайы кабырғалы ілме басқыш орналасқан, автомобильге сырт жағынан бекітілген. Сонымен қатар отырып түсу ыңғайлылығы үшін төбесінің алдыңғы жағында тұтқа жасалынған. Автомобиль салонына басқышты баспай-ақ кіруге болады. Оператор орындығы машина еденіне қатаң бекітілген, мүмкіндігінше 2 – 5 мм реттеу қадамымен алдыға – артқа және биіктігі бойынша төмен – жоғары қарай реттелінеді. Орындық арқасы жұмыс жағдайында ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін, оператордың омыртқа жотасының физиологиялық құрылымына сәйкес реттеледі. Орындық арқасының жоғарғы жағында оператор басын тіреп тұратын оператор арқасынан 0 ден 10 мм- ге дейін реттелінетін бас тірегіш орнатылған. Шынтақ тірегіш ретінде сол жағында ені 10 мм болатын бардачок орналасқан, шынтақ тірегіштің биіктігі 23 см аспайды. Орындықтың тіреу бетінің деңгейінде ені 6 мм және ұзындығы 70 мм болатын есік тұтқасы орналасқан. Орындық бетінің ені 50 см, тереңдігі 60 см. Орындық арқасы горизонталь жазықтықта жұмыс жағдайында 95° бұрышта реттеледі. Қажет болған жағдайда орындық арқасының еңкею бұрышы 110° бұрышқа дейін барады. Алдыңғы орындықтар аса ыңғайлы, барлық реттеулер қамтылған, бірақ артқы орындықтардың ыңғайлылығы төмен.  Артқы орындықтардың өлшемдік сипаттамалыр алдыңғысы тәрізді, бірақ орындықтың біктігі бойынша, орындық арқасының т.б. реттелулер жоқ.  Симметриялы түрде орналасқан артқы орындықтар жиналады, осылайша үлкен ұзындықтағы жүктерді тасымалдауға жағдай жасайды. Орындық астында арнайы құрал – саймандарға арналған кішкене қорапша бар. Есік ойықтары ластанудан екінші дәрежелі қорғаныста. Бір резеңкелі тығыздама ойыққа жапсырылған, екіншісі арнайы қысқыштармен есікке бекітілген. Тығыздама салонды герметизациялайды, ылғалдан, ластанудан, оператордың ыңғайлы жұмысы үшін шудан сақтайды.Рөл биіктігі бойынша реттеледі. Оның диаметрі ақпарат тақтасын жаппайды және  ауыр жағдайларда басқаруды жеңілдетеі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Антропометрия
 

     Жалпы антропометрия адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жан жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудң негізгі тәсілі болып табылады. Автомобиль жасау саласында да осы антропометрия ғылымының маңызы зор. Антропометриялық көрсеткіштер автомобиль құрылысында эргономика талаптарын орындаудағы негізгі көрсеткіштер болып саналады. Антропометриялық өлшемдер автомобиль салонында аса маңызды. Конструктор жүргізуші мен жолаушылар отыратын орындарды әртүрлі өлшемді адамдар бір автомобильге отыра алытындай етіп ыңғайландыруы тиіс.

     

  1. сурет. Автомобиль кабинасындағы оператордың жұмыс орны
 

     2 –суретте автомобиль салонындағы оператордың жұмыс орнына орналасу кезіндегі мүмкін жағдайлар келтірілген. Адамның антропометриясының автомобиль өлшемдеріне, және оны басқару кезіндегі адам дене мүшелерінің қозғалуының мүмкін болатын жағдайлары келтірілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Жұмыс орнында  еңбек шарттарын бағалау
 
 
 
 
    1. Ақпараттарды  көрсету жабдықтарын және басқару  органдарын бағалау
 

     Автомобиль  интерьерін құрастырғанда автомобиль жасаудағы жаңа тенденциялар және эргономика талаптары есепке алынды. Басқару  органдары біркелкі пластмасс бөлшектерден. Панель эллипсті формалы жасылынған және рөлдің арғы жағынан операторға жақсы көрінеді.  

     

 

    3– сурет. Автомобильдің ақпаратты көрсету панельі 

     Ақпараттарды  көрсету жабдықтарын бір-біріне қатысты қолданылу реті бойына дұрыс топтастыру керек. Соған байланысты ақпаратты көрсету жабдықтары қолдану реті бойынша солдан оңға немесе жоғарыдан төмен қарай орналастырылған. Кеңінен қолданылатын тез әрі нақты қабылдауды талап ететеін ақпаратты көрсету жабдықтарын вертикаль жазықтықта оператор қарасының нормальді сызығында  ±15° бұрышта орналасқан (3 – сурет).   

     

    4-сурет. Вертикаль жазықтықта көзбен бақылау аймағы
 

     Ал  аз дәлдікті және көрсеткіштерді тезесептеуді талап ететін  ақпаратты көрсету  жабдықтары оператор қарасының нормальді  сызығында  ±30° бұрышта орналасқан. Жиі колданылмайтын ақпаратты көрсету жабдықтары оператор қарасының нормальді сызығында  ±60° бұрышта орналасқан.

     Ақпараттарды  көрсету жабдықтары: спидометр 0 ден 160 км/сағ, 5 км/сағ бөлгішпен, тахометр 0 ден 6500 айн/мин – қа дейін, таңбалар ақ түсті, ал фон қара түсті. Май қысымының, салқындатқыш сұйықтың температурасы мен жанармай деңгейінің көрсеткіші орналасқан.  Құралдар панелінің астыңғы жағында автомобильдің жұмысы туралы басқа да ақпараттар жарқырайтын жазулармен көрсетілген. Сол жағында цифрлері жасыл түсті сағат орналасқан. Автомобильде акустикалық индикаторлар бар. Операторға ашық есікке беретін сигнал циклдік режимде 1 с сигнал 1с үзіліс аралығында кезекпен қосылады.

      Тахометр  мен спидометр шкалаларынынң  аралығында питограмма орналасқан, ол толық жетек пен блакировканың  қосылуын көрсетеді.  

 

5- сурет.  Автомоильдің басқару панельі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Ғламтор сайт   www.3dcar.ru
  2. www. http://auto.ironhorse.ru

Информация о работе Жобаның жалпы суреттелуі