Қазақстанның туристік индустриясының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:39, лекция

Описание работы

Қазақстан – Евразия материгінің кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер жол. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себепті бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік сулар, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт салатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде.

Работа содержит 1 файл

туризм.docx

— 45.97 Кб (Скачать)

    Нарық құрылымын зерттеу нәтижесінде  туристік кластерді қалыптастырып, оны дамыту үшін стратегиялар әзірлеу  кезінде Қазақстанның кіріс және шығыс туристік ағымыдарының құрылымын  зерттеу маңызды болып табылады деген қорытынды шығаруға болады (6, 7 кестелер).

    5 кестеге талдау жасап, келесі  қорытындыларды жасауға болады. Біріншіден, шығыс туризмінің барлық  түрлері бойынша жіберілген туристер  санының артқанын көруімізге  болады. Екіншіден, көбінесе сұранысқа  ие сапарлар – бұл рекреациялық  және коммерциялық (шоп-туризм) сапарлар. Олардың үлесі 2005 жылы 44,8%  және 29% құрады. Рекреациялық сапарлардың  өсу қарқыны коммерциялық сапарлармен  салыстырғанда 2 есеге артып, 11,3% құрады. Бұған қарап тұрғындардың  төлемқабілеттілігінің және табыс  деңгейінің артқанын айтуға болады. Ал  коммерциялық сапарлардың  үлес салмағы 2,5 есеге кеміді. Үшіншіден, іскерлік және кәсіби  туризм жоғарғы қарқынмен өсуде,  бұл жағдай экономиканың жаһандануымен  байланысты, сол себептен шетел  серіктестерімен іскерлік байланыс  орнату өте маңызды.  

  1. кесте – 2002-2005 жж аралығындағы Қазақстанның шығыс  туризмінің құрылымы
 
Туризм  түрі Жыл 2005 ж/ 2002 ж, %-бен, есе
2002 2003 2004 2005
адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, %
Рекреациялық сапарлар 25024 33,5 34138 36,1 53228 34,4 94346 44,8 3,8 есе
Этникалық және сафари сапарлар 12497 16,7 9283 9,8 12060 7,8 13848 6,6 1,1 есе
Іскерлік  және кәсіби сапарлар 2147 2,8 4807 5,1 10599 6,8 39577 18,8 18,4 есе
Емделумен байланысты сапарлар 507 0,02 1496 1,5 665 0,4 819 0,4 1,6 есе
Қажылыққа бару 16 0,02 770 0,8 720 0,5 799 0,3 49,9 есе
Коммерциялық спарлар 31203 41,7 40501 42,8 76717 49,5 61275 29,1 1,9 есе
Басқа сапарлар 3334 4,4 3697 3,9 896 0,6 28 0,01 0,8
Барлығы: 74728 100 94692 100 154885 100 210692 100 -
  Е с к е р т у – ҚР- ның статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша автормен жасалған
 

    Сонымен қатар шығыс туризмінде болып  жатқан өзгерістерден этникалық, сафари сапарларының және шетелге барып  емделудің үлесі біршама қысқарды.

    Мемлекет  территориясына келіп жатқан туристердің 60 %-ның негізгі мақсаты – іскерлік қарым-қатынастар орнату болып табылады. Демек, біздің мемлекетіміз шетел инвесторлары үшін минералды-шикізат ресурстарының  бар болуы себебімен тартымды аймақ болып саналады. Қазақстанға  рекреациялық мақсаттармен келуші туристердің  саны соңғы  төрт жылдың ішінде 2,8 есеге  өсті, бірақ этникалық және сафари сияқты туризм түрлері 3 есеге дейін  кеміді. Мұның басты себебі: халықаралық  терроризм, табиғи апаттар және техникалық сипаттағы факторлар. Осылайша, Қазақстандағы  туристік қызметтің тиімділігін  зерттеудің нәтижелері көрсеткендей шығыс  туризмі кіріс туризмімен салыстырғанда 5 есеге артық болып отыр. 

  1. кесте – 2002-2005 жж. аралығындағы Қазақстанның кіріс  туризмінің құрылымы
 
Туризм  түрі Жыл 2005 ж/ 2002 ж, %-бен, есе
2002 2003 2004 2005
адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, % адам. Үлес салмағы, %
Рекреациялық сапарлар 4332 14,5 8257 18,4 6459 20,6 12017 29,8 2,8 есе
Этникалық және сафари сапарлар 12424 41,7 19858 44,1 3330 10,6 4462 11,1 35,9
Іскерлік  және кәсіби сапарлар 8222 27,8 15814 35,1 19883 63,4 23272 57,8 2,8 есе
Емделумен байланысты сапарлар 240 0,8 1 10 0,03
Қажылыққа бару 4 0,01 239 0,7 15 0,04 3,8 есе
Коммерциялық спарлар 38 0,1 396 0,9 1266 4,1 499 1,26    13,1 есе
Басқа сапарлар 4511 15,1 664 1,5 180 0,57
Барлығы: 29771 100 44990 100 31367 100 39872 100 135
  Е с к е р т у – ҚР- ның статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша автормен жасалған
 

    ДСҰ-ның  және Халықаралық туризм бюросының  ұсыныстары бойынша ішкі және шығыс  туризмінің қатынасы 4:1 қатынасындай болуы  керек, яғни мемлекеттің ішіндегі серуендеуші 4 туристке, шетелде жүрген 1 турист сәйкес келуі қажет. Қазақстанда  бұл көрсеткіш 2:1-ге тең. Бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге  болады. Мысалы, дамымаған туризмнің  инфрақұрылымы, туристік объектілердің  тартымсыздығы. Қызмет көрсетудің төмен  сапасы. Сондықтан туризм көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, 2005 жылы ЖІӨ-дегі туризмнің  үлесі бар болғаны 0,07%-ды құрап  отыр.

    Туристік  бизнесті іске асыруда туристік ресурстар  маңызды орын алады. Оларға Қазақстанда  салық салынбайды, сол себептен олар бизнестің арзан құраушысы болып табылады. Бұл туризм саласындағы кәсіпкерлікте жоғары рентабельділікке жетуге көмектеседі.

    Республиканың туристік ресурстарын бағалайтын болсақ, еліміз таулы, танымдық мәдени ресурстарға  бай деп айтсақ қателеспейміз. Қазақстанда  80-ге жуық ландшафтты-рекреациялық аймақтар бар, мәдени, тарихи есерткіштердің саны 9 мыңға жуық, 18 табиғи қорғалған  мекемелер, туристік-рекреациондық  аймақтар  6-8%, қорықтар мен ұлттық парктер 0,01% құрайды. Дәл осы аймақта  Қазақстанның тарихи жағынан маңызды  қалалары орналасқан: Түркістан, Испиджаб (Сайрам), Тараз, Меркі, Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорған).

    Елдегі  бар туристік аймақтарды қолдана  отырып, ұлттық туризмді дамыту үшін табиғатты  пайдаланудың рационалды бағдарламасын  және туристік ресурстарды қорғаудың  тиімді бағдарламасын  әзірлеу қажет. Кейбір шетел мемлекеттеріне қарағанда  Қазақстанда экзотикалық және ерекше атрибуттар бар болғанымен, турқызметтердің  бағасы, сервис деңгейі және қауіпсіздік  сияқты факторлар бойынша шетелмен салыстырсақ, біршама нашарлау. Бұл  дегенміз қазақстандық ресурстар Жаһандық этикалық туризм кодекснің және туризмнің  қауіпсіздігі мен саяхат тәуекелділігін төмендетудің Эстерсундтық декларациясының  талаптарына сәйкес келмейді (1995 ж).

    Ағымдағы  туризм саласындағы еңбек нарығын  қарастырайық. 2005 жылғы көрсетілген  қызметтердің көлемін ескере отырып 846 фирманың ішінен бір фирманың бір  турагентіне шаққанда туристік жолдамалардың  саны 60-қа тең болды. Еуропалық Одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір  адамға шаққанда 250 бірлікті құрайды. Бұдан, елдегі туризм саласындағы мамандардың  біліктілігінің деңгейі мен туристік кәсіпорындардың ақпараттандырылу деңгейі  төмен деген қорытынды  шығаруға болады.

    Туризмдегі  кадрлық саясатты жақсартуда еңбекақы жүйесі де маңызды орын алады (7 кесте).

    Бұл кестеден көріп отрығанымыздай  туризм саласындағы қызметкерлерді орташа айлық жалақы ынталандыра  алмайды. Дегенмен жоғары көрсеткіштер қонақүйлер мен мейрамханаларға  тән, себебі туризм инфрақұрылымында бұл  кәсіпорындардың табысы жоғары. Кадрлық  саясаттағы мәселелердің біріне сұраныстың маусымдық ауытқуын жатқызуға болады.  

3 кесте – 2003-2005 жж. туризм саласында қызмет атқаратын жұмысшының орташа айлық жалақысы 

Кәсіпорын түрі Өлшем бірлігі
      Жыл
2003 2004 2005
Турфирмалар теңге 14178 17533 22418
Алдыңғы жылға %-бен % 121,7 123,7 127,8
Қонақүйлер  мен мейрамханалар теңге 29205 33484 37224
Алдыңғы жылға %-бен % 125,6 114,6 111,2
Денсаулық сақтау кәсіпорындары теңге 12148 15195 18043
Алдыңғы жылға %-бен % 111,4 125,1 118,7
Мәдениет  және спорт, демалу және сауықтыру бағдарламаларын  ұйымдастыратын кәсіпорындар теңге 15792 19597 24784
Алдыңғы жылға %-бен % 111,9 124,1 126,5
 

    Көптеген  кәсіпорындар маусымға байланысты қызметкерлерге жоғары жалақы төлеуі мүмкін, бірақ  маусымаралық уақытта жалақы мөлшері  төмендейді.

    Ескере  кететін жағдай туризм саласында  қызмет атқаратын қызметкрлердің жалпы  санынан 32,5% – ер адамдар, ал 67,5% –  әйел адамдар болып табылады. Қазақстандық туристік ассоциациясының (КТА) кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша 20 турфирманың ішінен жүргізген сұрауы бойынша көптеген мамандардың кәсіби білімі жоқ, бірақ туризм саласында  тәжірибесі бар екені анықталды. Әсіресе жағдай шетелдік туристерді қабылдайтын фирамлар үшін  қиын болып отыр, себебі шетелдік туристер сервиске өте жоғары талаптар қояды.

    Астана, Алматы қалаларында, Шығыс, Қарағанды, Атырау және  Ақтөбе,Алматы облыстарында  сырттан келушілер туризмнің барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда сондай ақ, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сырқа шығушылар туризмі дамыған.

     Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында байқалады.

   Тұтастай алғанда республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен барынша көп туристке Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау және  Ақтөбе,Алматы облыстарында  қызмет көрсетілген. Бұл өңірдегі туристердің келу мақсаты негізінен іскерлік және кәсәби мақсат,бос уақыт, рекрация және демалыс, сондай ақ шоп турлар болып табылады.

     2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаражаты бөләп келеді, алайда, талдау көрсеткендей, облыстардағы туритік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аудармауы болып табылады. Айтлық, туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналңан өңірлік және республикалық ,бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға 329мың теңге, Павладар облысында жыл сайын  500 мың теңгеден және  Қостанай облысында 1,5 млн.теңге шегінде бөлінді.

Информация о работе Қазақстанның туристік индустриясының қалыптасуы