Іскерлік туризм географиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 17:06, курс лекций

Описание работы

Жылына дүниежүзінде 100 млн. астам бизнес-сапарлар жасалады. Олардың территориалдық таралуы біркелкі емес. Іскерлік мақсаттағы туристік ағымдардың көп блігі Еуропаға бағыталады. Еуропалық континентке бағытталған іскерлік сапарлардың құрлымында бизнесмендердің іс сапарлары, конгресстік турлар, көрмелер мен әрменкелерге сапарлар, фирма қызеткерлеріне арналған инсентив-турлар.

Работа содержит 1 файл

ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ.doc

— 67.50 Кб (Скачать)

          ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ

 

Әдебиеттер

                  1.  Вавилова Е.В. Основы международного туризма. Москва, 2005.

                  2.  Экономика и организация  туризма: международный туризм. Под  редакцией

                      И.А.Рябовой и др. Москва, 2007.

                 3. Щербакова С.А. Международный туризм: экономика и география. М.: 2007

                 4. Филиппова И.Г. и др. География  туризма. Санкт-Петербург, 2007.

                 5. Физическая и политическая карты  мира.

 

Проблемалық сұрақтар:

1. Іскерлік туризмнің  қандай түрлері сізге таныс  және оларды ұйымдастыру 

    үшін не  қажет?

2. Этникалық туризм дегеніміз не?

3. Туризмнің экономикалық маңыздылығы неге байланысты?

4. «Көрінетін» және «көрінбейтін» сауда-саттық дегеніміз не?

 

Бизнес – сапарлардың географиясы.

Жылына дүниежүзінде 100 млн. астам бизнес-сапарлар жасалады. Олардың территориалдық таралуы біркелкі емес. Іскерлік мақсаттағы туристік ағымдардың көп блігі Еуропаға бағыталады. Еуропалық континентке бағытталған іскерлік сапарлардың құрлымында  бизнесмендердің іс сапарлары, конгресстік турлар, көрмелер мен әрменкелерге сапарлар, фирма қызеткерлеріне арналған инсентив-турлар. 

Іскерлік туризм бойынша  келушілер мен шығындар бойынша  алғашқы орынға ие болып отырған  Еуропа, біртіндеп туристік нарықтың осы сегментінде жетекші позициясын жоғалта бастады. Өсу қарқыны жағынан Еуропада іскерлік туризм   дүние жүзінің басқа аймақтарымен салыстырғанда қалып барады, олардың арасындағы айырмашылық өсіп келеді. Бұл тенденция 90-жылдары бастала бастады. Экономикалық дағдарыс кезінде көптеген фирмалар өте қатаң үнемдеу саясатына көшті. Олар бірнеше сапарды біріктіріп, іс сапарлар санын қысқартты, ешқайда шықпастан көптеген мәселелерді шешу үшін, байланыстың жетілдірілген жүйелерін енгізді, аса қымбат емес орналастыру құралдарын броньдады және жеңілдігі бар әуебилеттерін сатып алды. 

Қызмет мақсатымен саяхаттаған  кәдімгі турист – жоғары білімі бар, орта жастағы ер адам, жақсы маман немесе басқарушы жұмысшы.  Іскерлік туризм үшін басты талап ағылшын тілін меңгеру.

Еуропаға іскер туристтердің негізгі «тасымалдаушысы» - Алмания. Жылына Ежегодно 5 млн-нан астам немістер іс сапарларға шығады, олардың 3% шет елге шығады, 21% шет елге де, өз елінде де саяхаттайды, 76% Алманияға қызмет мақсатында саяхаттайды.  

Басқа континенттегі орналасқан елдерге іскерлік сапардың орташа ұзақтығы  12—13 күнге созылады, ішкі аймақта— 5—6 күн, ал өз елінде— 3—4 күн. 

Іскер адамдардың ағымдарын  қабылдайтын Еуропалық мемлекеттердің ішінде Алманиядан басқа, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария бар. Ерекше орынды –Бельгия алады, бас қаласы және ЕуроОдақтың астанасы –Брюссель.  Франция мен Бельгияда әрбір 10-ы келу, ал Ұлыбританияда әрбір  3 – ші келу іскер мақсатта жүзеге асырылады.

Бизнес-туризм нарығында  басты орынды Орталық және Шығыс Еуропа елдері алады. Қайта құру кезеңінде қоғамдық және экономикалық өмірде Батыстың іскер шеңбері оларға қызығушылық таныта бастады. Бизнес-туризм Америка континентінде де қарқынды түрде дамып келеді. Жаңа Әлемде (Новый Свет) әрбір 8-і сапар іскерлік  мақсатта жүзеге асырылады. Іскер адамдардың негізгі ағымдары АҚШ, Канада және Мексикаға бағытталады, Батыс жарты шарының барлық туристік нарығының сегменттерінде жетекші орын алады.  90-жылдардың басында осы елдерде бизнес-сапарлардың саны өсіп келді, бірақ әртүрлі қарқынмен. АҚШ – та іскерлік сапарлардың  динамикасы халықаралық туризмнің дамуының жалпы көрінісіне енді. Канадада іскерлік туризмнің көлемі, демалуға келушілерсанына  біртіндеп көбейді. Мексикада бизнес-сапарлардың өсу қарқыны туристік келудің көрсеткіштерінен асып түсті.

Іскер туристердің ағымы Латын  Америкасында күшіне ене бастады. Осы  аймақтың көптеген елдері экономиканың дамуы мен сауда байланыстарын  тұрақтандырғаннан кейін іскерлік туризм нарығында өз орнын бекітті.   Парагвай, Гватемала, Коста-Рикаға іскерлік мақсатта келушілердің саны көбейді.

90-шы жылдары іскерлік туризмдегі ірі дүріл Индонезияда болды. Бұл екінші толқынды жаңы индустриалды мемлекет, аумаққа іскер адамдар келуінің өсу қарқынының жоғары көрсеткіштерін көрсетті, және 1995 жылы бизнес-сапарлардың саны жағынан Тайвань мен Сингапурды озып кетті. «Индонезиялық ғажайыптың» құлдырауына Оңтүстік Шығыс Азияда орын алған қаржы дағдарысы әсер етті. Ол Индонезияға үлкен соққы жасады.   Ұлттық валюта курсының төмен түсуі, одан кейін экономкалық және әлеуметтік дағдарыс жағдайын күрт төмендетті. Джакартада өріс алған жаппай тәртіп бұзушылықтар, ашыққандардың көтерілуі - іскерлік байланыстардың тоқтатылуы, бизнесмендердің елден кетуіне мәжбүр болды. 2002 жылдың күзінде болған қайғылы жағдайлар туристтердің кетуіне себепші болды.

Африка мен  Таяу Шығыстағы іскерлік туризмнің дамуы біркелкі емес. Келу динамикасында өсу мен төмендеуі негізінен аймақтағы саяси жағдайға байланысты. Соңғы бірнеше жылдары Таяу Шығыстағы саяси жағдай шиеленісіп кетті.   2000 ж. күзінен бастап Израиль үлкен масштабты соғыс табалдырығында тұр. Әрине, танымдық, емдік-сауықтыру және діни туризм ғана емес іскерлік туризмнің дамуы да тоқтап қалды. 

Африкада іскерлік туризмнің дамуының жоғарғы көрсеткіштерін  Конго Республикасы Зимбабве және Эфиопия көрсетті. Келушілер саны жағынан Египет, Оңтүстік-Африка Республикаы және Марокко жетекші орын алды. Таяу Шығыста іскерлік адамдар мұнай өндіретін елдерге  (Сауд Аравиясы және т.б.) талпынды, сонымен қатар Израильге және Иорданияға.

Конгресстік-көрме туризмі

Конгресстік-көрме туризмі іскерлік сапарлар нарығының динамикалық сегменті болып табылады. Дүние жүзінде форумға, конференцияға, симпозиумға, жиналысқа, семинарға деген, сонымен қатар көрмелер мен жәрменкелерге деген қызығушылық білдіреді. Оларға қатысу мақсаттары әртүрлі. Ғалымдар, бизнесмендер, дәрігерлер мәдениет, туризм және т.б. салалардың  қайраткерлері мұндай мерекелерде жаңа ақпарат алу үшін, колегаларымен өз пікірлері мен тәжиребесімен алмасу  үшін кездесу, келіссөздер жүргізу, үйреншікті жағдайды ауыстырып мәдени бағдарламаларға қатысуға қуана-қуана қатысады.

Егер XX ғ. 30-жылдары 200-ге жуық конференциялар болса, 90-жылдары конгресстік мерекелер саны жылына 8 мыңнан асты. Олардың көп бөлігі 80%-ға жуық, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада өтеді. Халықаралық симпозиумдар мен жиналыстың саны жағынан алғашқы үш позицияны АҚШ, Франция және Ұлыбритания алады.

4-ші орынды алып отырған Алмания өзінің көрмелері мен жәрменкелерімен танымал. Алмания екінші мыңжылдықтың қорытынды дүниежүзілік «Экспо-2000» көрмесін өткізді, ол 2000 жылдың 1 маусымында Ганновер қаласында, атақты конгресстік және көрме орталықтарында ашылды. 

Еуропа мен  Американың конгресстік-көрмелік іс-әрекеттерінің ірі орталықтары: Барселона, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, сонымен қатар Париж және Страсбург. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік және іскер тұлғалар Давосқа (Швейцария) жиналады, мұнда дүниежүзілік шаруашылық дамуының актуады сұрақтарын шешетін форумдар болып тұрады. 

Соңғы жылдары  халықаралық мерекелер тарихи маңызы бар ғимараттарды жиі өткізіледі, замоктарда, және т.б. Кеме бортында ткізілетін мерекелер үкен сұранысқа ие бола бастады. Көбінесе симпозиумдар мен конференциялар жылдың жылы мезгілінде, теңіз немесе көлдер жағасында өтеді. Мұндай мерекелерге қатысушылар жұмыспен қатар, бос уақытында жағажайда демалып, шомылып және күнге қыздырыну мүмкіндігі бар. 

Арнайы мерекелер арасында ерекше орынды туристік көрмелер мен биржалар алады. Олар 30 жыл бойы өткізіліп және олардың саны жылдан – жылға өсіп келеді. Еуропаның өзінде жыл сайын 200 –ден астам халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады. Ең ірісі Халықаралық туристік биржа, наурыз айында Берлинде өткізіледі.  Сонымен қатар 22 жыл бойы жыл сайын қаңтардың аяғы мен ақпанның басында Мадридте ФИТЮР Халықаралық туристік көрме – биржасы өтеді. Оның басты ерекшелігі жаңа маусымдағы туризм нарығындағы баға және басқа да тенденцияларын анықтайды. 

Жыл сайын  қарашаның ортасында Лондонда Дүниежүзілік туристік көрме өтеді. Бұл өте қажетті профессионалды көрме, әртүрлі мемлекеттер мамандарының арасындағы тура қарым – қатынастарыды жасау үшін қажет.

Миландағы халықаралық туристік биржа  Италиядан тыс жерлерде де танымал. Экспоненттер саны жағынан Мадрид және Лондон биржаларымн бәсекеге түсе алады, ал стендтық ауданы жағынан Берлин жәрменкесінен ғана артта қалып отыр. Милан биржасына дүние жүзінің туристік бизнестің  барлық өкілдері жиналады. 

Ірі туристік жәрменкелердің бестігіне жақында «Путешествия и туризм» атты Мәскеу халықаралық көрмесі кірді Ол 2004 ж. 11-ші рет өтті. Көрмелік қозғалыс дние жүзінде өз күшіне ене бастады. Көрмелер мен жәрменкелер саны көбейді, олардың географиясы мен мүшелер айналасы кеңейді.

 

Тапсырмалар:

1. Қазіргі заманғы  туризмнің дамуына әсер ететін  негзігі факторларды атап 

    көрсетіңдер.

2. Европа мен Америкадағы  ірі конгрестік-көрмелік қызмет орталықтарын  

    анықтаңдар. Аталған қалалар шетелдік қонақтардың бос уақыттарын  

    ұйымдастыру үшін қандай мүмкіншіліктермен қамтылған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Іскерлік туризм географиясы