Кой азыктандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.

Содержание

І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2
1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау.................................9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері .....................................................................................12
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14
2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі..............................................................................................24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі...........................................27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31

Работа содержит 1 файл

Гулка кой азыктандыру.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

Мамыр айында жайылым шөбінің шығымдылығы  жоғары болып, 29,5 ц/га құрады, тоқтылардың  жедел өсуіне себепші болды.

Салмағы төмен малды  сою кезінде салмағы орташа 11,9 кг болатын қоңдылығы, төмен ұшалар алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 кесте – Биязы  жүнді тоқтылардың бақылау сойысының  нәтижелері

 

Көрсеткіштері

Тоқтылар

Өсу коэффи-циенті

жайып семіртуге  қойғанда

жайып семірту-ден  кейін

Мал басы саны 

3

3

-

Сояр алдындағы тірілей салмағы, кг 

30,6±0,9

38,9±0,6

1,27

Ұшаның салмағы, кг 

11,9±0,7

16,7±0,4

1,40

Ұшаның шығымы, % 

38,9

42,9

-

Іш майының салмағы, кг  

0,25±0,03

0,62±0,03

2,48

Іш майының шығымы, % 

0,8

1,6

-

Сойыс салмағы, кг 

12,15±0,32

17,32±0,4

1,43

Сойыс шығымы, % 

39,7

44,5

-

Барлық ет тәрздес  өнімдер, кг  

5,4±0,05

6,1±0,05

1,13

Ет тәріздес өнімдер  шығымы, %  

17,6

15,7

-


 

 

Жайып семірту кезінде  іш майы мен ұша салмағының өсуі жоғары болып тірі салмаққа (1,27 есе) және ет тәріздес өнімдерге қарағанда (1,13 есе) жедел түрде жүрді. Осыған байланысты іш майымен, ұшаның шығымы жайып семірту барысында тиісінше 38,9 және 0,8 пайыздан, 42,9 және1,6 пайызға дейін жоғарылады, ал ет тәріздес өнімдердің шығымы керісінше 17,6 пайыздан 15,7 пайызға дейін төмендеді. Ішкі ағзалардағы майдың жиналуының күшеюіне байланысты сойыс шығымы ұшаның шығымымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып, сойылғанға дейінгі салмақтың 44,5 пайызын құрады.

Ұшаның сапасы белгілі  бір мөлшерде оның морфологиялық  құрамымен анықталады. Жайып семіртуге қояр алдында биязы жүнді тоқтылардың ұшасының 74,6% пайызы жұмсақ ет, 70,4% пайызы бұлшық ет, 4,2% пайызы май, 23,4% пайызы сүйек болды.

Көктемгі жайып семірту  кезінде тоқтылар ұшасының өсуі, негізінен  сүйек бұлшық еттерінің (3,19 кг), майдың шырлануы (0,89 кг) және аз мөлшерде ұшаның қаңқа сүйектерінің өсуі (0,47 кг) есебінен жүрді. Бұл уақыттарда ұшаның еттілігін қалыптастыратын ұлпалардың өсу қарқынымен жиілігі біркелкі болмайды. 54-күндік жайып семірту кезінде майдың шырлануымен сүйек бұлшық етерінің өсу коэффициенті тиісінше 2,85 және 1,40 болса, ұшаның сүйек қаңқасындағысы тек қана 1,18 құрады, осыған байланысты еттілік, бұлшық ет-сүйектерінің ара қатынасы коэффициенті тиісінше 3,19 және 3,01 бірліктен 4,01 және жоғарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері

Тоқтыны өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес бағытталып азықтандырады. Өсіруге қалдырылатын тоқтылар жынысы бойынша отарларға жіктеліп, біріктіріледі де, шөбі шүйгін жайылымда бағылады. Жайылымда жайып семіртуге немесе бордақылауға жасы шамалас, біркелкі дамыған еркек қозылар қойылады. Оларды тәулігіне қосымша 180-200г салмақ қосып, 60 күн бордақыланғандағы 6—7 айлығындағы тірілей салмағы 40—45кг-нан кем тартпайтындай деңгейде азықтандырады. Ісек пен сақа қойды 50-60кг тірілей салмағына дейін бордақылап, семіз қой етін өндіреді.

Әр тоқтыға күніне 0,5кг аралас дақылдар пішені, 0,1-0,2кг шөп  кесіндісі, 1-2кг пішендеме, 2-3кг сүрлем, 200-300г жем қоспасын, жегенінше минералды қосындылар береді. Қойды жедел бордақылау үшін құрамы 75-80% ірі азықтардан, оның 40-45% сабаннан, 20-25% құнарлы жемнен тұратын брикеттелген не түйірленген механикаландырып үлестіруге ыңғайлы моноазық қолдануға болады.

Бордақылаудағы тоқтыны  ашытқыланған жемшөп қосындысымен бордақылау да тиімді. Алматы облысы Панфилов ауданының  қой бордақылау кешендерінде Н. Омарқожаұлы, Т. Дәулетбеков (1977) жүргізген тәжірибелерде  жалпы қоректілігі бойынша 23—25% ірі, 55—56% шырынды, 5—10% құнарлы азықтан тұратын жемшөп қосындысын алдын ала ашытқылап (дрожжевание), жергілікті жемшөпте жетіспейтін минералды элементтер (фосфор, күкірт, мыс, кобальт, йодтың) қосындыларымен байытып бергенде еркек тоқтылардың орташа тәуліктік салмақ қосымы 175-200г болып, 120 күнде 18-24кг қосымша салмақ қосып, 1кг қосымша салмағына 4,5—5,5 а.ө. шығындаған.

Жазғытұрым етке сойылатын  малды оты шүйгін жайылымда жайып  семірткен ұтымды. Ол үшін жайылым  отын жоспарланған белгілі айналым (пастбищеоборот) арқылы, қой қоректенуінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жаяды. Жайылым оты жеткіліксіз болған жағдайда олардың қалыпты өсіп-жетілуін қамтамасыз ету үшін әр басына 200-300г есебінен жем қоспасын береді. Ересек ісек отарын - 1000-1200 бастан, бракқа шығарылған саулық отарын - 800-1000 бастан, тоқты отарын 700-800 бастан құрады. Таулы-қыратты, орманды-ойпанды жерлерде және де жайылым оты нашар болса, бордақылау отарының басын 20-30% азайтады.

Жаздың ортасына дейін ісектерді, екінші жартысынан бастап бракқа шығарылған саулықтарды және еркек тоқтыларды жайып семіртуге болады. Тоқтыларда соңғы екі айында қорада бордақылап, 7-9 айлығында орта және жоғары қондылыққа жеткізеді. Бордақылаудағы отарларды ертеңгі салқынмен сағат 5-тен 10—11-ге дейін жайып, суарып, 11-12-ден бастап 16-17-ге дейін желдетілетін биіктеу жерде, мүмкіндігінше көлеңкеде күйістетіп, кешкі салқынмен 16-17-ден 21—22-ге дейін суарып жаяды.

Қой шаруашылығындағы күйек  алу, ұрықтандыру нәтижесі саулық қондылығымен қатар оларды қашыруға (вольная случка) немесе қолдан ұрықтандыруға (искусственное осеменение) қолданылатын ұрық сапасына байланысты. Ұрықтандыруды сапалы ұрықпен қамтамасыз ету үшін негізгі тұқымдық қошқар азықтандыруына жете көңіл бөлу қажет.

Күйек алу кезеңінен (случной  период) 1,5—2 ай бұрын тұқымдық қошқар азықтандыруын күшейтіп, күйек басталарда оның орташадан жоғары болып келетін  тұқымдық қоңдылығын (племенная кондиция) қамтамасыз етеді.

Азықтандыру нормасын қамтамасыз ету үшін тұқымдық қошқарларға құнарлы жемшөп беріледі.

Күйектен тыс кезеңде  қошқарлар отарын жеке оты шүйгін жайылымда жайып, орта қоңдылығын сақтау үшін қажетті жағдайда қошқар басына тәулігіне 1—1,5 кг пішен мен 0,2—0,3 г  арпа жармасы секілді құнарлы  жем беру жеткілікті болса, күйекке дайындау және оған түсу кезеңінде қошқардың тұқымдық қондылығын қамтамасыз ету үшін 1,5—2 кг биологиялық (аминқышқылдық) құнарлылығы жоғары аралас астық-бұршақ тұқымдастар пішенін, 2—3 кг жеңіл қорытылатын көмірсулар мен каротинге бай сәбіз, асқабақ, қызылша секілді шырынды азық пен аралас шөп пішендемесін, 0,5-1,5кг энергетикалық қуаттылығымен қоректілік құнарлылығы жоғары жем қосындысын береді. Қошқар азығының протеиндік құнарлылығын арттырып, биологиялық құндылығын көтеру үшін сиыр сүті, көксүт, сүт сары суы, қан ұны, ет ұны, ет-сүйек ұны, тауық жұмыртқасы секілді жануар тектес азықтарды қосады.

Ет өнімділігінің өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында, қырқымнан кейін оңтүстік қазақ  мериносы тұқымының биязы жүнді  тоқтылардан тәжірибе тобы жасақталды, оларды бақылауға қойылғандағы тірілей салмағы 36,8±0,55 кг, ал қырқылған кездегі жүннің орташа салмағы 3,4±0,06 кг болды. Тоқтыларды қырқа салысымен салмағын анықтап, 22- мамырдан бастап олардың денесінің өсуіне бақылау жүргіздік.

Тоқтыларды суару таңертең және түс ауа тау өзенінде жүргізілді. Жас қойлардың жазғы күннің ыстығына шыдамайтындығы ескеріліп таңертеңгі сағат 600-700- де жайылымға шығарылды.

Күндізгі сағат 1130 жайылым  тоқтатылып малдар сағат1500 дейін жел  тиетін дөңестеу жерде демалыста болды. Сағат 1500 кейін малдар жайылымға шығарылып онда сағат 21-2200 дейін жайылды.

3 ай мерзімге созылған  жайып семірту кезінде еркек  тоқтылардың тірілей салмағы  36,8 кг-нан 49,0 кг-ға шейін жоғарылады  болмаса 12,2 кг салмақ қосты.  Еркек тоқтылардың өсуі бұл кезеңде жедел түрде жүріп, орташа тәуліктік салмағы 136 г жетті.

Жайып семірту процесі  кезінде тірі салмағына (1,32 есе), ет тәріздес өнімдеріне (1,1 есе), қарағанда  ұшаның салмағының, әсіресе іш майларының өсуі жедел түрде (1,39 және 2,13 есе) жүрді. Осыған байланысты ұшаның шығымы, іш майлары мен сойыс шығымдары осы уақыттарда айтарлықтай тиісінше 41,7; 1,1 және 42,8 пайыздан 44,0; 1,8 және 45,8 пайызға дейін жоғарылады.

Жазғы жайып семірту  кезінде тоқтылардың салмағының артуы, тағамдық тұрғыдан қарағанда бағалы бұлшық еттер (3,09 кг), май (1,74 кг) аз мөлшерде ұшаны қаңқа сүйектерінің артуы (1,02 кг) есебінен жүрді, сондықтан жұмсақ еттің үлесі 76,8 пайыздан 80,6 пайызға дейін жоғарылады, ал ұшаның сүйектері керісінше 21,4 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеді.

Тоқтыларды тау етегіндегі және таудағы жайылымдарда жайып  семірткенде өндірілген еттің қаупсіздігі.

Қазіргі нарық экономикасында өнімдерді бағалауда оның сапасына және қауіпсіздігіне баса назар аударлады, сондықтан бұл көрсеткіштер тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіруде маңызды көз қараста болып тұр.

Етті-жүнді бағыттағы  биязы жүнді оңтүстік-қазақ мериносы тұқымына жататын қойлар өсірілетін Оңтүстік Қазақстан обылысының тау  бөктері және таулы аймақтары, ауаны  ластайтын ауыр металл тұздарын бөлетін өнеркәсіп орындарының жоқтығымен және ауа райының экологиялық тұрғыдан қарағанда тіршілікке қолайлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар тау етегіндегі және таудағы жайылымдар шамадан тыс қолданғанда жерді ластайтын, гербидцидтермен және азотты заттармен өңделмеген.

Сол сияқты таулы жерлердің  су көздері де өзінің экологиялық  тазалығымен ерекшеленеді.

Тәжірибе тобындағы  биязы жүнді тоқтылар көктемде негізінен  тауда және тау етегіндегі және тау  жайылымдарда, ал жазда тау жайылым  шөптерін пайдаланып жайып семіртілді.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстанның тау және тау етегі  аймағында жайылған тоқтылардан  өндірілген қой етінің экологиялық  тазалығы дұрыс деп болжаймыз.

Соңғы уақыттарда тұтынушылар  малдың ішіне және ет талшықтары мен  бұлшық еттері арасына біркелкі таралған майы біршама аздау етті жоғары бағалайды. Бұл талапқа жақсы бордақыланған жас малдың еті сай келеді.

2004 жылы таудағы жайылымнан  түскен салмағы төмен тоқтылар  бөлігі бордақылауға қойылды. 

Бақылау тобындағы тоқтылардың  азық мәзіріне мыналар кірді: 1,2 кг жоңышқа, 0,5 кг күздік бидай сабаны, 0,45 кг арпа дәні және 0,45 кг бидай дәнінің қалдығы. Тәжірибе тобындағы тоқтыларға жоғарыда көрсетілген азықтардан басқа мақта шроты берілді. Оның үстіне құнарлы жемнің үлесі 22% пайызға қысқартылып, мақта шротымен толықтырылды. Сонымен бірге екі топтағы тоқтыларға күн сайын 7 г ас тұзы берілді. Бақылау тобы мен тәжірибе тобындағы тоқтылардың пайдаланған азықтарының қоректілігі тиісінше 1,59 және 1,56 азықтық өлшемді құрады.

60 күндік  бордақылау  кезінде тоқтылардың тірілей салмағы 39,9 және 40,0 кг-нан 49,2 және 50,8 кг-ға шейін өсті, болмаса 9,3-10,8 кг-ға артты.

Тәжірибе тобындағылардың  орташа тәуліктік салмағы 180 г құраса, ал екінші топтағылардікі 155 г болды. Осыған байланысты тәжірибе тобындағы-лардың тірілей салмағының артуына жұмсалған азық өтемі (8,7 а.ө.), бақылау тобындағыларға қарағанда (10,3 а.ө.) жақсырақ болды. Салмағының өсімі де бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда, тәжірибе тобындағылардікінің нақтылығы (Р<0,99) жоғары болды.  Бордақылау  барысында мақта шротын пайдаланған тәжірибе тобындағы тоқтылардың орташа тәуліктік тірілей салмақ өсімінің жеделдете жүргендігі байқалды (180 г).

60 күндік  бордақылау  барысында бақылау және тәжірибе  тобындағы жас тоқтылардың ұшасының салмағының өсуі (1,29-1,35 есе) дененің таза салмағына қарағанда (1,19-1,21 есе), ет тәріздес өнімдерде (1,07-1,09 есе) жедел түрде жүрді

Сойыс алдындағы ұшаның салмағы мен шығымы 60 күндік  бордақылау  барысында тиісінше 16,7 кг-нан және 42,6 пайыздан 21,5-22,5 кг-ға және 44,3-45 пайызға шейін өсті. Бұл уақытта ағзадағы іш майдың жиналуы едәуір жедел түрде жүрді (1,5-1,9 кг), сондықтан сойыс шығымы айтарлықтай 44,9 пайыздан 48-48,3 пайызға дейін өсті. Мақта шротын пайдаланған тоқтылардың бақылау сойысы кезінде ірі салмақты ұша (22,5кг) алынды, сондықтан олардың ұшасының шығымы жоғары (45,0% қарсы 44,3%) пайыздың орнынына, сонымен бірге іш майының шығымы бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда сәл аздау (3% пайыз қарсы 3,9%) болды.

Тәжірибе тобындағылардың ұшасында жұмсақ еттің (81,7%) және бұлшық ет шығымы (62,7%), бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда (80,9 және 58,4%) жоғары болды, ал сүйегі керісінше (17,6% қарсы 16,8%) төмен болды. Тәжірибе тобындағы тоқтылардың ұша бұлшық еттерінің салмағының нақтылығы, бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда (Р<0,95) жоғары болды.

Информация о работе Кой азыктандыру