Кой азыктандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.

Содержание

І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2
1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау.................................9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері .....................................................................................12
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14
2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі..............................................................................................24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі...........................................27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31

Работа содержит 1 файл

Гулка кой азыктандыру.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

Тоқтылардың ұшасындағы жұмсақ етте бордақылауға қойған кезде 63,5% су, 19% май, 16,6% ақуыз болды.

 Бордақылау  барысында  жұмсақ еттегі судың құрамы  айтарлықтай кемиді 63,5% пайыздан 53,2 – 56,8% пайызға дейін, ал майдың үлес салмағы керісінше 19 дан 27,6-32,3% жоғарылады.

Тоқтыларды күзгі 60 күн  бойы  бордақылау  кезінде арпа дәні, бидай дәнінің қалдығы, мақта  күнжарасы, жоңышқа пішені, күздік бидай  сабаны қолданылды.

Арпа күздік бидай және жоңышқа себілген егіс алқаптарында гербицидттер және тыңайтқыштар қолданылған жоқ. Тоқтыларды  бордақылау  кезінде суғару құбырлар жүйесі бойынша берілетін таза сумен жүргізілді. Егіс алқаптары ауыр металдар бөлетін өнеркәсіп орындарынан және ірі жол тараптарынан едәуір қашықтықта болды. Бұл жағдайлар өндірілген сапалы жас қой етінің экологиялық тазалығын жобалап, экологиялық тазалықты көрсеткенімен Оңтүстік Қазақстан обылыстық малдәрігерлік-бактериологиялық зертхана-сында осы пайымдаудың дұрыстығына толық көз жеткізу үшін тоқтыларды бордақылауда қолданылған азықтарда және өндірілген жас  қой  етінде, ауыр металдар мөлшері анықталды және ионновольттік амперметрлік талдағышпен (ХАН-2) тексерілді,

Тоқтыларды  бордақылау  кезінде арпа дәнінде 0,010 мг/кг кадмий, 0,342 мг/кг мыс, бидай дәнінің қалдықтарында 0,011 мг/кг кадмий, 0,350 мг/кг мыс, күздік бидай сабанында 0,015 мг/кг кадмий 1,296 мг/кг кадмий және 0,338 мыс мақта күнжарасында ауыр металдар кездеспеді Қорғасын тек сабанда, кадмий және мыс барлық азық түрінде, мақта күнжарасында тек кадмий ғана болы. Күздік бидай сабанында мыс мөлшері жоғары дәрежеде (1,296 мг/кг), ал басқа азықтар  түрлерінде  0,338-0,350 мг/кг аралығында болды. Күздік бидай сабаны, жоңышқа, пішенінде (0,010-0,011) және арпа дәнімен бидай дән қалдықтарында (0,015 мг/кг) кадмий бір деңгейде кездеседі. Бордақыланған тоқтыларды сойғаннан кейінгі етте 0,021 мг/кг қорғасын, 1,350 мг/кг болатыны анықталды, бұл еттің қауіпсіздік көрсеткіштері мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай шектік көрсеткіштерден едәуір төмен болды. Тоқты етінде кадмий, күшәлә және сынап болмады

Сонымен жергілікті және ақуызға бай (мақта шроты) азықтарды  пайдаланып 60 күн бойы бордақылаған биязы жүнді тоқтылардан алынған  жас  қой  еті экологиялық таза деп айтуға болады.

 

               2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы

 

Қойларды жас балауса  шөптерге жайып, суға еркін түсіру олардың  қоңдылығын көтеріп, салмағын жоғарылатады, сонымен қатар малдарды күтудің  технологиялық процесін нығайтып, ет өндірудегі шығынды айтарлық-тай қысқартады.

2004 жылы енесінен ажыратқаннан  соң жайылымда бағып семірту  кезінде және өт өнімділігінің  өзгерістерін, өсу ерекшеліктерін  зерттеу мақсатында қозылардан 2 топ құрылды.

Аз салмақпен төменгі  қоңдылықтағы қозылардан құралған бірінші топтағы қозылар енесінен ажыратылғанан соң жайып семіртуге қойылды.

Қозылардың жайып семіртуге  қойған кездегі бақылау тобының  тірілей салмағы 26,8±0,7 кг болды. Бұл  қозылар тобы тау етегіндегі табиғи жайылымдарда жайылды. Тәжірибе тобындағы қозылардың орташа салмағы 26,6±0,8 кг болды. Қозылар түскі демалыс уақытына сағат 1200-ге дейін күздік бидай аңызында, ал бұдан соң сағат 1500-тен қараңғы түскенше жоңышқа көрпесінде жайылды. Жайып семіртудің алғашқы кезінде қозылар (30 күн) тәулігіне жайылым азығымен бірге күн сайын 350 г, ал мәрелі кезінде (30 күн) 450 г бүтін арпа дәнімен үстеме азықтандырылды. Қозылардың екі тобы да суды бір мезгілде тау өзенінен ішті, суғару таң ертең және күннің екінші жартысында жүргізілді. Қозыларды жайылымға шығару таңертеңгі сағат 600-700 басталды. Күндіз сағат 1200 жайылым тоқтатылып, малдар талдың көлеңкесінде сағат 1500 дейін демалды. Сағат 1500 кейін малдарды жайылымға шығарып сағат 21-2200 дейін жайды. Қозыларға қосымша жем кешкі жайылымнан кейін берілді.

60 күнге созылған жаздық  жайылым кезінде І және ІІ  топтағы қозылардың тірі салмағы  тиісінше 26,8 және 26,6 кг-нан 31,4 және 35,5 кг-ға дейін өсті.

Жайып семірту кезіндегі  тәжірибе тобындағы қозылардың өсуі (148 г), бақылау тобындағы тетелестеріне  қарағанда (90 г) жоғары дәрежеде болды, бірінші топтағы қозылардың орташа тәуліктік салмағы 58г болмаса соңғы топтағылардан 64,4 % пайызға артық болды. Тәжірибе тобындағы қозылардың жалпы өсімі мен тірілей салмағының тәуліктік жоғарылығы бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда нақтырақ (Р<0,99 және Р<0,999) екендігі анықталды.

Жайып семірту барысында  ұшаның салмағының өсуі әсіресе іш майлары-ның өсуі (1,22-1,46 және 1,54,-2,69 есе) дененің таза салмағына (1,17-1,31 есе), қарағанда жедел түрде жүрді. Осыған байланысты ұшаның іш май шығымы және сойыс шығымы бұл кезеңде едәуір тиісінше 40,3,1; және 41,3 пайыздан 41,7-44,1; 1,3-2 және 43,1-46,1% пайызға шейін жоғарылады.

Тәжірибе тобындағы  қозылардан бақылау тобындағы жастастарына қара-ғанда (12,7 кг; 41,7 және 1,3%) тым ауырлау (15,14 кг), жоғарғы шығымды (44,1%) ұшалар, жеткілікті іш май (2%) алынды. Ұшасының шығымы жөнінен тәжірибе тобындағы қозылардікі ет өндірісінде талап етілетін мөлшерден едәуір асық болды (41,3%). Ұшаның іш майының және сойыс салмағы бойынша тәжірибе тобындағы қозылардың нақтылығы (Р<0,95) бақылау тобындағы жастастарына қарағанда басымырақ болды.

 

2.5.1. Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау 

және ет өнімділігі

Қысқы бодақылаудың тиімділігін  анықтау мақсатында әдеттен тыс және жергілікті азықтарды пайдаланып 2008 жылы қаңтар айының басында Төлеби ауданына қарасты «Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде биязы жүнді қозылардан екі топ құрылды. Қойғандағы орташа тірілей самақтары І- бақылау тобынікі 34,9 кг және ІІ- тәжірибе тобынікі 35,3 кг болды.

І- бақылау тобындағы  биязы жүнді қозылардың азық мөлшері, шаруашы-лықта қалыптасқан орташа бордақылаудың алғашқы (45 күн) кезінде  төмендегідей азық құрамы болды: 0,4 кг бидай кебегі, 0,3 кг бидай қалдығы, 0,5 кг жоңышқа сүрлемі, 0,2 мақсары тұқымын тазалағаннан кейінгі қалдық және 0,3 кг күздік бидай сабаны. Биязы жүнді қозыларды орташа бордақылаудың мәрелі кезінде азық мөлшерінің жұғымдылық құны, құрамында 120 г ақуызы бар, 0,95 азықтық өлшемді құрады. Биязы жүнді қозыларды орташа бордақы-лаудың мәрелі кезінде (45 күн), жоңышқа сүрлемі мен күздік бидайдың сабанының мөлшері 100 г-ға көбейтілді. Биязы қозыларды орташа бордақылаудың мәрелі кезінде азық мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 128 г ақуызы бар, 1,05 азықтық өлшемді құрады.

ІІ- тәжірибе тобындағы  биязы жүнді қозылардың азық мөлшеріне, үдемелі түрде бордақылаудың  алғашқы (30 күн) кезінде төмендегідей азық құрамы кірді: 0,4 кг бидай кебегі, 0,4 кг бидай қалдығы, 0,6 кг жоңышқа  сүрлемі, 0,3 мақсары тұқымын тазалағаннан кейінгі қалдық және 0,4 кг күздік бидай сабаны. Биязы қозыларды қарқынды бордақылаудың мәрелі кезінде (30 күн) азық мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 141 г ақуызы бар, 1,20 азықтық өлшемді құрады. Биязы жүнді қозыларды бір қалыпты бордақылаудың мәрелі (45 күн) кезінде, жоңышқа сүрлемі мен күздік бидайдың сабанының мөлшерін 100 г-ға көбейтілді. Биязы қозыларды қарқынды бордақылаудың мәрелі кезінде азық мәзірінің жұғымдылық құны, құрамында 157 г қорытылған протеин бар, 1,33 азықтық өлшемді құрады.

90 және 60 күндік жеделдете  бордақылау  кезінде бақылау және тәжірибе тобындағы биязы жүнді қозылардың тірілей салмағы тиісінше 34,9 және 35,1 кг-нан 45,1және 45,2 кг-ға болмаса, 10,2 және 10,1кг-ға өсті.

Тәжірибе тобындағы  биязы жүнді қозылардың  бордақылау барысындағы жеделдете өсуі (168 г), бақылау тобындағы жастастарына қарағанда (113г) біршама жоғары болды, тәжірибе тобындағы қозылардың орташа тәуліктік салмағының өсуі, бақылау тобындағыларға қарағанда 55 г болмаса 48,7% пайыз жоғары болды. Осыған байланысты тәжірибе тобындағы қозылардың азық өтемі (7,5 азық бірлігін.) бақылау тобындағыларға қарағанда (8,9 азық бірлігіне) жақсырақ болды.

Соярдан алдыңғы тірі салмаққа шаққанда, бордақылауға қояр кездегі бақылау сойысындағы  ұшаның салмағы 14,5 кг және шығымы 42,5% пайыз болды.

Бордақылаудан кейін  бақылау сойысын жүргізгенде  тәжірибе тобындағы қозылардан бақылау  тобындағы жастастарына қарағанда  ауырлау ұшалар (20,1 кг қарсы 19,2 кг) алынды, сондықтан оларда ұша шығымы (46,1%) соңғы топтағы қозыларға қарағанда жоғары (44,8%) болды. Тәжірибе тобындағы қозылардың іш май шығымы ет өнеркәсібінің мөлшерлік талаптарына (2%) сай болды, сондықтан олардың сойыс шығымы бақылау тобындағы құрдастарына қарағанда 1 бірлікке артық болды.

 

                    2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің

                                  қауіпсіздік көрсеткіштері

Қозыларды 60 күн бойы бордақылағанда жергілікті (жоңышқа  пішені, күздік бидай сабаны, бидай  дәнінің қалдықтары, арпа дәні) және дәстүрлі емес (мақсары дәнін жинағаннан кейінгі қалдықтар) қолданылды.

Күздік бидай, арпа, мақсары  және жоңышқа егілген жерлерде гербицидттер және тыңайтқыштар қолданылған жоқ. Еркек қозыларды  бордақылау  кезінде суғару құбырлар жүйесі бойынша  берілетін таза сумен жүргізілді.

Бұл жоғарыда көрсетілген жағдайлар өндірілген қозы етінің экологиялық тазалығын жобалап көрсеткенімен Оңтүстік Қазақстан обылыстық малдәрігер-лік-бактериологиялық зертханада ионоволттік амперметрлік талдағышпен (ХАН-2) бордақылауда қолданған азықтарды және өндірілген қозы етінде ауыр металдар мөлшерлері анықталды.

Қозыларды  бордақылау  кезінде жоңышқа шөбінде 0,015 мг/кг кадмий, 0,338 мг/кг мыс, сабанда – 0,015 мг/кг кадмий 0,116 мг/кг қорғасын және 1,296 мг/кг мыс, бидай дәнінің қалдықтарыда – 0,001 мг/кг кадмий және 0,350 мг/кг мыс, арпада-0,010 мг/кг кадмий және 0,342 мг/кг мыс болды

Азықтар ішінде қорғасын тек сабанда, ал кадмий және мыс барлық азықтар түрінде болды.

Кадмий мөлшері бидай  сабаны мен жоңышқа пішенінде (0,015 мг/кг) және арпа дәнімен, бидай дәнді  қалдықтарында (0,010-0,011 мг/кг) бірдеңгейде кездеседі. Мыс бидай сабанында жоғары дәрежеде (1,296мг/кг), ал басқа азықтар  түрлерінде  0,338-0,350 мг/кг аралығында болды.

Бордақыланған қозыларды  сойғаннан кейін етте 0,019 мг/кг қорғасын, 1,187 мг/кг мыс болатыны анықталды, бұл көрсеткіштер мемлекеттік стандарт талаптарына сай рұқсат етілетін шектік мөлшерден анағұрлым төмен болды. Бордақылаудан кейін сойылған қозы етінде кадмий, күшәлә, сынап болмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген  қой  етінің қауіпсіздігі

Жарамсыздыққа шығарылған саулықтардың бордақылық қасиеттерін  және олардағы ет өнімділігінің өзгерістерін, өндірілетін  қой  етінің экологиялық  тазалығын анықтау мақсатында 2006 жылы Оңтүстік-Батыс ауыл-шаруашы-лығы ғылыми өндірістік орталығының «Қарабау» тәжірибе шаруашылығында және өнімдерді жаппай талдау зертханасында зертеулер жүргізілді.

Қыркүйек айының бірінші  он күндігінде жарамсыздыққа шығарылған саулықтардан тәжірибелік топ құрылды. Саулықтардың азық мәзірінде бордақылаудың бастапқы кезінде (30 күн) төмендегідей азық құрамы болды: 1кг жоңышқа шөбі, 2кг пішендеме, 0,2 кг сабан және 0,55 кг құнарлы жем (60% бидай дәнінің қалдығы және 40% арпа дәні) болды, ал бордақылаудың мәрелі кезінде (20 күн) 1 кг жоңышқа шөбі, 2 кг пішендеме, 0,3 кг сабан және 0,60 кг құнарлы жем берілді. Азықтың қоректік құндылығы бастапқы кезде 1,49 азықтық өлшемді құрады. Тәжірибе тобындағы жарамсыздыққа шығарылған саулықтардың бір күндік азықтың құрамының үлесінен жоңышқа пішенін 300 г, азайтып (30%), ал оның орнына мақсары ұрығын тазартқанда алынған қалдықтары берілді. Азықтық өлшемі бастапқы кезде 1,47, ал мәрелі кезде 1,52 болды. 50 күндік  бордақылау  кезінде бақылау және тәжірибе тобындағы саулықтардың тірілей салмағы 39,1-39,4 кг-нан 46,1-47,2 кг-ға дейін немесе 7-8 кг салмаққа артты.

Бордақылау  кезінде  жарамсыздыққа шығарылған саулықтардың салмағының артуы қарқынды болып, тәуліктік  орташа салмақ өсімі 140 – 156г жетті. Осы кезде 1 кг салмақ өсіміне 9,6-10,4 азық өлшемі жұмсалды.  Бордақылау  кезінде тәжірибе тобындағы қозылардың бақылау тобындағы жастастарына қарағанда үдемелілеу түрде жүрді, сөйтіп оның көрсеткіші екінші топтағы қозылардан 16 г немесе 11,4 пайызға артық болды. Бақылау тобындағы қозылар 1 кг тірілей салмақ өсіміне 9,55 азық бірлігін жұмсады, яғни бақылау тобындағы жастастарынан 0,85 азық өлшемі немесе 8,2 пайыз аз жұмсады.

Бордақылаудан алдыңғы  бақылау сойысы кезінде 15,4 кг салмақтағы ұша алынды және сояр алдындағы салмағына  шаққандағы шығымы 39,4% пайыз болды. Саулықтардың іш майының шығымы небары 1,1% болып ет өнеркәсібі қоятын талаптан (2%) 0,9 бірлікке кем болды.

Тағамдық маңызы бар  ет тәріздес өнімдер шығымы жоғары болып 16,4% теңелді.

Бордақылаудан кейін  тәжірибе тобындағы саулықтардың жоғары (35%) қоңдылығы бақылау тобындағы жастастарына қарағанда (30%) жоғары болды.

Ұшаның салмағы 50 күндік  бордақылау  кезінде 15,4 кг-нан 18,4-19,5 кг-ға немесе 1,19-1,27 есе өсті.

Саулықтарды бақылау  союында тәжірибе тобындағы  қойлардан  бақылау тобындағылардікіне қарағанда салмағы ауыр (19,5 кг қарсы 18,4 кг) шығымы жоғары (43,2% қарсы 42,0%) ұшалар алынды. Алғашқы топтың сойыс шығымыда (45,4%) екінші топқа қарағанда (44,1%) 1,3 бірлікке жоғары болды.

Салыстырмалы топтар арасында ет тәріздес өнімдер бойынша айтарлықтай айырмашылықтар болмады

Бордақылануға дейін  саулықтардың ұшасында 77,3% жұмсақ ет, 20,9% сүйек 61,6% пайыз бұлшық ет болды.

Саулықтарды 50 күн бойы  бордақылау  барысында бұлшық еттердің жеделдете өсуі әсіресе майдың шырлануы (1,17-1,24 және 1,51-1,70 есе), ұшаның қаңқа сүйектеріне қарағанда (1,03-1,05 есе) жоғары болды, осыған байланысты еттілік және бұлшық ет-сүйек коэффициенті 3,70 және 2,95 бірліктен 4,47- 4,69 және 3,37-3,42 бірлікке дейін едәуір жоғарылады.

 Бордақылау  кезінде тәжірибе тобындағы саулықтардың бұлшық еттері және майы (1,24 және 1,70 есе) бақылау тобындағы жастас қойларға қарағанда (1,17 және1,51 есе) үдемелі түрде өсті, осыған байланысты бірінші топтағы  қойлардың  еттілік және бұлшық ет коэффициентерінің көрсеткіштері (4,69 және 3,42 бірлік) соңғы топтағы қойлардан (4,47 және 3,37 бірлік) жоғары болды.

Жарамсыздыққа шығарылған биязы жүнді саулықтарды бордақылағанда жергілікті азықтар қолданылды және суды бөтен зиянды заттар түспейтін  су жүйелерінен ішті. Осы және басқа жағдайларды басшылыққа ала отырып, Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі өндірілетін қой еті экологиялық тазалығымен ерекшеленеді деп айта аламыз. Бұл қорытындыларды нақтылау үшін Оңтүстік Қазақстан обылысы малдәрігелік-бактериологиялық зертханасында ХАН-2 (ионовольттік амперметрлік талдағыш) құралын пайдаланып қойлар жейтін азықтарда, қой етінде, ауыр металдар мөлшері анықталды. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылауға пайдаланған жоңышқа шөбінде 0,015 мг/кг кадмий; 1,338 мг/кг мыс, сабанда 0,015мг/кг кадмий, 0,116 мг/кг қорғасын және 1,296 мг/кг бидай дәні қалдықтарында 0,011 мг/кг кадмий және 0,350 мг/кг мыс болды.

Информация о работе Кой азыктандыру